Банкаралық кредит рыногы

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 16:20, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыс мақсаты – банкаралық несие нарығы түсінігі және қызмет етуін, біздің еліміздегі банкаралық несие нарығын реттеу жолдарын түсіндіру.

Курстық жұмыс міндеті:

1) Банкаралық несие нарығы туралы түсінік қалыптастыру;

2) Банкаралық несие нарығындағы келісімдердің жүргізілуін түсіндіру;

3) Банкаралық несие нарығын жетілдіру жолдарын көрсету

Содержание

Кіріспе



I. Банкаралық кредит рыногы.

Кредит мазмұны мен атқарымдары

Банкаралық кредит ұғымы және даму тарихы





II. Қазіргі кезеңдегі несие нарығының қызметін талдау.

Банкаралық несие нарығындағы келісімдер

Банк қызметіндегі ұйымдастырылған банкаралық несие нарығының рөлі мен мағынасының нығаю перспективалары





III. Банкаралық несиелеуді жетілдіру

Банкаралық несиелердің тиімділігін талдау

Банкаралық несиелердің шетелдік тәжірибесі





Қорытынды



Қосымшалар



Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Курстық жұмыс.doc

— 259.00 Кб (Скачать)

Банк статистикасының бюллетені мәліметтері бойынша есептелген:, 2005,

№ 6, 78б.

   Банкаралық несиелеу корреспонденттік шоттарды өзара несиелеу түрінде де жүзеге асырылуы мүмкін. Корреспондент-банктің «ЛОРО» есеп айырысу шотында қаражаттардың уақытша жетіспеуі кезінде оған корреспонденттік келісімде шарттары ескерілген овердрафт несиесі ұсынылады. Егер күнішілік овердрафт ұсынылса, онда несие үшін сыйақы несиені пайдалану мерзіміне қатысты минут бойынша есептеледі. Сонымен қатар, ақша қаражаттарын бір күн бойы пайдаланғаны үшінтұрақты сома есептелуі мүмкін. Қарыз алушы-банк овердрафтты пайдаланғаны үшін сыйақы бойынша қарызын «НОСТРО» корреспонденттік шотынан алынған көшірме негізінде өтейді.

   ҚР Ұлттық банкі «банктердің банкісі» болып табылады және коммерциялық банктерге несиелерді ұсынып, коммерциялық банктердің депозиттерін тартады. 2004ж. 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша ҚР ҰБ резидент-несиелік ұйымдарға 9 347 млн. теңге немесе ҰБ активтер сомасының 1,67 %, 2004ж. 1 мамырында сәйкесінше 13 277 млн. теңге немесе 1,97 % несие берді.

   Қайта құрылған коммерциялық банк қызметінің алғашқы бір жылы ішінде ҚР Ұлттық банкі несиелерін тартуға құқығы жоқ. Келесі жылдары ол төменде көрсетілген несие түрлерін ала алады:

– біркүндік несиелер;

– мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге қою арқылы несие алу (күнішілік, овернайт, ломбардтық).

   Біркүнді есептік несиелер «ҚР ҰБ банктерге біркүнді есептік несие беру ережесіне» сәйкес ұсынылады. Есептік несие біртұтас мемлекеттік ақша-несие саясаты шегінде ҰБ беретін жалпы несие көлемінде ҚР валютасында  бір операциялық күнге ұсынылады. Банкке біркүнді есептік несие ұсыну шоттағы ақша қаражаттарының уақытша жоқ болуына немесе жетіспеуіне қарамастан, банктің корреспонденттік шотынан жүзеге асырылады. Банктің коршотын несиелеу келісімде қарастырылған лимит шегінде орын алады. Есептік несие бойынша пайыздық қойылымның мөлшері ҚР Ұлттық банкі директорлар Кеңесімен тағайындалады және келісімде көрсетіледі.

   Біркүнді есептік несиені пайдаланғаны үшін банктер ай сайын айдың 15 дейін несиелеу лимиті көлемінің 0,1% міндетті төлеуі керек. Есептік несие ағымдағы операциялық күн соңында ұсынылады және пролонгацияға жатпайды. Есептік несиені қатарынан екі жұмыс күніне алуға тиым салынады. Есептік несиені қайтару мен сыйақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындамау (толық емес орындау) кезінде банктен негізгі қарызды толығымен қайтаруға дейін әр кешіктірген күн үшін қайта есепке алу қойылымының 0,5 мөлшерінде айыппұл алынады. Несиені қайтару мерзімін кешіктіргені үшін банк біркүнді есептік несиені 3 айға дейін алуға құқығын жоғалтады, сонымен қатар, байланыс арналары бойынша есеп беру құжаттарын жіберу желісіне қатыса алмайды.

   Біркүнді есептік несие алу үшін коммерциялық банк келесі талаптарға сай болуы керек:

– міндетті резервтік талаптарды уақытымен және толық көлемде орындауы;

– ҚР Ұлттық банкі несиелері мен сыйақы бойынша және заңмен бекітілген міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен қарыздардың жоқ болуы;

– ағымдағы күн соңында төленуі тиіс барлық есеп беру құжаттарын төлеу үшін қосымша қаражаттарға деген жалпы қажеттілік банкке орнатылған несие лимитінен  1,5 есе аспауы;

– біркүнді есептік несие алу құқығын пайдалану үшін төлемді уақытымен және толық көлемде өтеуі.

   ҚР Ұлттық банкімен есептік несие бергенін куәландыратын құжаттарға: банк коршотынан және сәйкесінше баланстық шоттан алынған көшірмелер; ҚР ҰБ-пен рәсімделген және қол қойылған хабарлама-міндеттеме. Коммерциялық банк өз кезегінде, хабарлама-міндеттемені рәсімдейді де, оны өзінің коршотынан қарыз бен сыйақыны өтеуге қаражатты аудару туралы төлем тапсырмасымен бірге ҚР ҰБ жібереді. 

   Біркүнді есептік несиені пайдаланғаны үшін сыйақы негізгі қарызбен бірге өтеледі. Егер несие мерзімі кешіктірілсе, бірінші кезекте сыйақы, одан кейін негізгі қарыздың сомасы, соңғы кезекте есептелген айыппұл сомасы өндіріп алынады.

   Бағалы қағаздарды кепілге алу арқылы берілетін несие «Мемлекеттік бағалы қағаздардың кепілі негізінде банктерге ҚР ҰБ несиесін беру тәртібі туралы» ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Бұл несие ҚР резидент-банктерге мемлекеттің ақша-несие саясатының бағытына сәйкес ҚР Ұлттық банкі белгілейтін несие көлемінің шегінде банк жүйесін қолдау және өтімділігін реттеу мақсатымен ҚР валютасында беріледі.

   Несиені қамтамасыз ету құралына ҚР ҰБ ломбардтық тізіміне енгізілген мемлекеттік бағалы қағаздарының кепілі жатады. Ломбардтық тізімге мемлекеттік мерзімсіз облигациялар (ММО), ауыспалы купондық табысты мемлекеттік несие облигациялары (МНО-АК), тұрақты купондық табысты мемлекеттік несие облигациялары (МНО-ТК) кіреді.

   Коммерциялық банк мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге қоя отырып несие алған кезде келесі талаптарға сай болуы керек:

а) несие бойынша жеткілікті қамтамасыз ету құралының болуы;

ә) міндетті резервтік талаптарды толығымен орындау;

б) ҚР ҰБ ұсынған несие және сыйақы бойынша мерзімі өткен қарыздардың және ҰБ алдындағы басқа да мерзімі өткен міндеттемелердің жоқ болуы.

   ҚР ҰБ мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала отырып, коммеррциялық банктерге келесі несие түрлерін ұсынады:

– күнішілік несиелер;

– біркүнді есептік несиелер ( овернайт несиесі);

– ломбардтық несиелер (мерзімі 3-тен 30 қоса дейінгі күнтізбелік күн аралығында). Қарыз алушы-банктердің ҚР ҰБ несиесін қайтару және ол бойынша сыйақы төлеу белгіленген мерзімде жүзеге асырылады және қайтару мерзімін ұзартуға тиым салынады.

   ҚР Ұлттық банкі берілетін несие түріне қатысты пайыздық қойылымдарды несие беру мерзімі мен жиілігін ескере отырып, әртүрлі етіп орната алады.

   Егер банк несиені толығымен қамтамасыз ете отырып, барлық қойылатын талаптарды орындайтын болса, несиенің бірнеше түрін, соның ішінде бір немесе әртүрлі мерзімге бірнеше ломбардтық несиені және/немесе бірнеше күнішілік несиені бір күн ішінде ала алады.

   Банк пайдаланатын несие түрлерін таңдайды да, ҚР Ұлттық банкімен бас несиелік келісімшартқа отырады. Коммерциялық банктің корреспонденттік шоты жөніндегі келісімшартқа қосымша келісім рәсімделеді, онда ҚР ҰБ ұсынған несие бойынша мерзімінде өтелмеген қарыз көлемінде ақша қаражаттарын аудару құқығы және күнішілік несиені банк-коршот иесінің келісімінсіз пайдалану құқығы үшін төлемдер белгіленеді.

   Коммерциялық банктің өз депо шотында «ҚР Ұлттық банкімен блоктау» бөлімін ашу туралы қосымша келісімі бар өкілетті депозитарийде депо шоты болуы керек.

   ҚР ҰБ несиелері банкке иелік ету құқына байланысты мемлекеттік бағалы қағаздарды алдын-ала блоктау шарты негізінде беріледі. Бұл бағалы қағаздардың өтелу мерзімі ҚР Ұлттық банкі ұсынған несиені өтеу мерзімінен 10 күнтізбелік күннен бұрын емес аяқталуы керек. Банк алдын-ала блокталған мемлекеттік бағалы қағаздардың шығарылымы мен санын өз бетінше анықтайды.

2.2          Банк қызметіндегі ұйымдастырылған банкаралық несие нарығының  рөлі мен мағынасының нығаю перспективалары.

  Банкаралық несие нарығын ұйымдастыру мәселесіне оралсақ, несиелік мәмілелердің зор үлесі, әдетте, банк басшылығы деңгейінде телефондық келісулер арқылы жасасады.

   Яғни нарық бар, бірақ ұйымдаспаған түрде, бұл ресурстардың жылжымалылығын қиындатады және валюталық, несиелік тәуекелдерді ұлғайтады. БВБ бұл нарықтың дамуы бойынша бірнеше жыл жұмыс жүргізіп отыр: қаржы нарығын талдау, коммерциялық банктерді олардың банкаралық несие қойылымдары бойынша сұрастыру және тарту мен орналастыру бойынша орташа қойылымдарды есептеу жүргізіледі.

   Банктер арасындағы өздерінің қойылымдары бойынша ашық бағалауда белгілі бір психологиялық кедергіні жеңуге бағытталған ұзақ жұмыстың нәтижесі болғаны назар аударарлық. Осы себептен, Қазақстанда несие нарығын ұйымдастыруға қажетті алғышарттар қалыптасқанына қарамастан қаржы нарығының бұл сегменті әлі ұйымдаспаған түрде болып отыр.

   Аукцион арқылы сатылатын (78 аукцион өткізіліп, 5,3 млрд. тг. соммасына несиелер берілді) ресурстар көлемі ұлғайғанын, оларға қатысуға жіберу шартының өзгеруі мен сырт аймақтағы банктердің оларға қосылуы банкаралық несие нарығының қалыптасуына қажетті жағдай жасауына көмектескенін атап өту қажет.

   2006 жылдың қаңтарында 2005 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда банкаралық ақша нарығында өтімді қаражаттарды банкаралық теңге депозиттеріне орналастыру бойынша банктердің белсенділігі төмендеуі байқалды.

   Желтоқсанмен салыстырғанда қаңтарда орналастырылған банкаралық депозиттердің көлемі 7,4%-ға төмендеп, 296,0 млрд. теңгені құрады. Орналастырылған банкаралық депозиттер бойынша сыйақының орташа қойылымы желтоқсанмен салыстырғанда 3,46%-дан 3,68%-ға дейін артты.

   Валюталық қарыз алудың банкаралық нарығында банкаралық депозиттерге АҚШ долларымен орналастыру бойынша да банк белсенділігінің төмендеуі байқалды. Ағымдағы жылдың қаңтарында долларлық депозиттер 12,7 млрд. АҚШ долларына орналастырылды, бұл желтоқсандағы операциялар көлемінен 0,5%-ға төмен.

   Орналастырылған долларлық депозиттер бойынша сыйақының орташа қойылымы желтоқсандағы 4,23%-нан 2006 жылдың қаңтарында 4,3%-на дейін өсті. Банкаралық қарыз алудың басқа түрлері бойынша операциялар елеусіз көлемдерде асырылды.

   Бұл орайда, Ұйымдасқан Банкаралық несие нарығы (ҰБНН) технологиясын енгізу бойынша жоба банктік және іскерлік қоғам үшін қызықты әрі өзекті болып табылады. Бұл жоба Биржалық Кеңеспен бекітіліп, банк қоғамы жағынан сәйкес ескертулер мен ұсыныстарды жасауы үшін Қазақстан Коммерциялық Банктер Ассоциациясының қарастырылуына берілді.

   Ұйымдасқан Банкаралық несие нарығы желілік архитектурасы үш негізгі құраушыны қамтиды: БМВБ сервер орталығы, коммуникациялық орталық және клиенттің (банктің) қашықтағы жұмыс орындары. Барлық үш компонент арасындағы байланыс нақты уақыт тәртібінде белгіленген сызықтар бойынша жүзеге асады. Серверлік орталық мәліметтер ағынын шифрлейді және олардың бағытталуын және дешифрлеу жүргізілетін қашықтағы жұмыс орындарына дейін коммуникациялық орталық арқылы жіберуді атқарады. Клиент өзінің жұмыс орнынан жүйеге бірнеше деңгейлі құпия сөздері көмегімен кіреді, содан кейін жұмыс тәртібіне көшу жүзеге асырылады. Бұл технология жүйеге рұқсатсыз кіруді немесе оны бұзуды болдырмауға арналған.

   Қарапайым сөзбен айтқанда, банктер өздерінің кеңселерінде отырып, қашықтағы жұмыс орындары арқылы банкаралық несие сауда жүйесіне қосыла алады және өздерінің контрагенттерімен тікелелей мәмілелер жасаса алады. Яғни банкаралық несие нарық қатысушыларына, банкаралық несие электронды сауда жүйесі арқылы бірегей сауда алаңшасын ұйымдастыру үшін өзі құрып қойған нарық инфрақұрылымын пайдалануға ұсынады.

   Бүгінгі күнде екінші деңгейлі бір банктерде өтімділіктің жетіспеушілігіне байланысты, басқаларында бос қаражаттар болуына байланысты қындықтар туып отыр. Банктің өтімділігін дұрыс басқару банкке өзінің клиентіне уақытымен ақшасын төлеуге көмектеседі немесе қаражаттардың асып кетуін, яғни ақшалар тартылып, бірақ олардың жұмыс істемеу мәселесін шешеді.

   Сонда жоғары тәуекелдер (валюталық тәуекел, несиелік тәуекел және т.б.) банктерге бұл мүмкіндіктерді ұйымдаспаған нарықта пайдалануға болмайды. Жобаның мақсаты коммерциялық банктердің кең аумағына өздерінің активтерін «кеңседен шықпай» оперативті және тиімді басқаруға қажетті жағдайларды ұсыну. Бұған келесі мүмкіндіктер жатады:

      өздерінің шарттарын (қойылымдарын, мерзімдерін және т.б. параметрлерін) жариялау;

      электронды жүйеде келіссөздерді жүргізу мен мәмілелер жасасу;

      банк шығындарын (ақпаратты жинауға, барлық мәмілелерді және келіссөздерді архивтендіруге кететін уақыт шығын және т.б.) азайту;

      өтімділік балансына жету және банк жүйесінің басқарылуын ұлғайту, қаржы нарығын дамыту;

      жалпы банк жүйесінде табыстылықты ұлғайту;

      банктер туралы уақытылы және дұрыс ақпарат (баланстар, нормативтер бойынша ортақ мәлімет базасы) алу;

      нарықтық «ақша бағасын» анықтау;

      мәмілелер архивін жүргізу және т.б.

   Берілген нарықтың мүмкін қатысушылары ретінде Қазақстанның барлық банктері бола алады. АМВБ Сауда Жүйесіне қосылған банктер бірінші клиенттері болады. Қашық жұмыс орындары жоқ банктер АМВБ Сауда залында жұмыс орындарын пайдалану мүмкіндігі болады.

   ҰБНН жұмысынан болатын мүмкін тікелей және жанама әсерлері ретінде болады:

      уақытша бос ақша қаражаттарының бір келкі және тиімді бөлінуі;

      несиелік және басқа тәуекелдерді орташа банктерден ірірек банктерге ауысуын;

      капитал жылжымалылығын ұлғайту арқылы банк бизнесінің табыстылығын жоғарлату;

      қаржы билік органдарының әрекеттеріне сезімталдығын жоғарлату;

      ақшаның, әсіресе теңгелік ресурстарының, нарықтық құнын қалыптастыру;

      басқа қаржылық, соның ішінде ұзақ мерзімді құралдардың дамуына қажетті алғышарттарды құру;

      банктердің ірі ақпараттық ашықтылығына ұмтылу;

      банктік қызмет көрсетулер санын ұлғайту және шоттардағы қалдықтар бойынша күнделікті есептелуі арқасында клиенттік базаның ұлғаю мүмкіндігі.

Информация о работе Банкаралық кредит рыногы