Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 16:20, курсовая работа
Курстық жұмыс мақсаты – банкаралық несие нарығы түсінігі және қызмет етуін, біздің еліміздегі банкаралық несие нарығын реттеу жолдарын түсіндіру.
Курстық жұмыс міндеті:
1) Банкаралық несие нарығы туралы түсінік қалыптастыру;
2) Банкаралық несие нарығындағы келісімдердің жүргізілуін түсіндіру;
3) Банкаралық несие нарығын жетілдіру жолдарын көрсету
Кіріспе
I. Банкаралық кредит рыногы.
Кредит мазмұны мен атқарымдары
Банкаралық кредит ұғымы және даму тарихы
II. Қазіргі кезеңдегі несие нарығының қызметін талдау.
Банкаралық несие нарығындағы келісімдер
Банк қызметіндегі ұйымдастырылған банкаралық несие нарығының рөлі мен мағынасының нығаю перспективалары
III. Банкаралық несиелеуді жетілдіру
Банкаралық несиелердің тиімділігін талдау
Банкаралық несиелердің шетелдік тәжірибесі
Қорытынды
Қосымшалар
Пайдаланған әдебиеттер
Банкаралық несиелер тәжірибесіндегі есеп айырысу механизмін реформалауды өзгерткеннен кейін де Ұлттық банктің облыстық басқармаларында жаңылыстар мен төлемдердің кешігуі байқалады.
Бір себебі болып шаруашылықтар арасындағы есеп айырысулардың ескішіл қағаздық технологиясы табылады. Есеп айырысу кезіндегі негізгі төлем құжаттары ретінде, жалпы алғанда төлем айналысының 90% аса құрайтын төлем тапсырмасы болады.
Осындай есеп айырысулардың жоғары еңбек сыйымдылығымен қатар оларды орындау кезінде түрлі қателіктердің болуы мүмкін. Бұл қателіктер аралық буын – Ұлттық банктің облыстық басқармасы арқылы есеп айырысу кезінде жиіледі. Белгілі бір кедергілер есеп айырысу тәжірибесінде келісімдік, қаржылық, төлемдік тәртіптің төмендеуімен сыйыспайтын төлем тапсырмаларының кейінгі акцептісінің болуымен байланысты пайда болды.
Банкаралық несиелердегі жоғарыда аталған бұзушылықтар негізінен Ұлттық Банктің Облыстық Басқармаларының жаман жұмысына қатысты. Бірақ кейбір жағдайларда олар банктердің өздерінен болады.
Банкаралық қарыз бен құжат айналымын ұйымдастыруды жақсарту мақсатында есеп айырысудың бекітілген ережелерін бұзғаны үшін жазалау шараларының шеңберін кеңейту керек. Әсіресе, зардап шеккен жақтың пайдасына қазір қолданып жүрген уақытылы емес аударымдар кезіндегі әрбір кешігу күніне төленетін айыппұл ғана емес, соған қоса осы уақытта жоғалған кірістің соммасын сот тәртібімен өндіріп алынуы керек.
Қолданылып жүрген банкаралық несиелер жүйесінің сипаттамасына қысқаша резюме жасайық. Клиенттер арасындағы есеп айырысу қатынастары, сонымен қатар банкаралық несиелер бойынша операцияларды есептеуде кемінде банктердің бес ішкі жүйелерді өзіне жатқызады.
Банктің осы аймақтың банктерімен орналасу аймағындағы тікелей есеп айырысулары аймақтық (аймақаралық) ақпарат орталығы арқылы. Ұлттық Банктің Облыстық Басқармалары арқылы банктің орналасу аймағынан тыс орналасқан немесе осы аймақта орналасқан бірақ тура есеп айырысудың қатысушысы болып табылмайтын банктермен есеп айырысулар жақын шетелдің Ұлттық Банктерінің Облыстық басқармалары арқылы.
Бас банк арқылы оның филиалдарын бас банктің өзімен басқа филиалдардағы ресурстарды қайта бөлу корреспонденттік шоттарды пайдаланумен несиелеу жүргізіледі:
а) жақын шетелде;
б) алыс шетелде.
Осылай, банктердің қажетті несиелерді артығымен төлеп тастаудың мүмкіндіктері жетерліктей кең. Басқа жағынан, алуан түрлі корреспонденттік қатынастар кезінде пайдаланатын әр қилы шоттарды басқару банк үшін үлкен мәселеге айналады.
Жалпы алғанда, жүйе әсіресе есеп айырысуды жүргізудің алғашқы кезеңінде күрделілігімен, көп буындылығымен, үлкен еңбек сыйымдылығымен жеткіліксіз сенімсіздігімен ерекшеленеді. Бүгінде ҚР банкаралық несие нарығындағы несиелердің осы сипаттары ел экономикасындағы төлемдер жүргізуде елеулі кемшіліктерге себеп болды.
Қазіргі кезде Қазақстанда банкаралық несие жетерліктей кең қолданылады. Ол банк арасында несиелік ресурстарды сату-сатып алу туралы келісімшартты жасау кезінде пайда болады.
Банкаралық несие нарығы дамуының алғашқы кезеңінде 90 жылдардың басында ҚР-да несиелік ресурстардың аукцион арқылы жұмылдырылды. Аукцион арқылы сатылатын ресуртар көлемінің өсуі (2003 жылдан 2005 жылға дейін 78 аукцион өткізіліп, 5,3млрд. тг. соммаға несиелер ұсынылды), оларға коммерциялық банктердің қатысуына жіберу шарттарын өзгерту және сырт аймақтағы банктерді қосу банкаралық несие нарығының қалыптасуына қажетті шарттарды құруға көмектесті.
Қысқа банкаралық несиелерінің ұйымдасқан нарығы, орталықтандырылған несиелеу Қазақстандағы несиелік саясатының басты құралы болудан қалған кезде, 1995 жылда іске қосылып, Ұлттық Банктің бағалауы бойынша 1996 жылдың басына дейін қарқынды өсті. Банкаралық несиелік операциялардың ұйымдастырылуымен және жүргізілуімен Қазақстанның орталық клирингтік палатасы айналысты, мұндағы саудалар күн сайын қашықтан қатысу тәртібімен классикалық аукцион ретінде жүргізілді. [5]
Бірақ та, несиелер нарығы жетерліктей тұрақсыз дамыды. Берілген несиелерді төлеуді ескергенде, 2005 жылдың басына қарай орталықтанған несиелер бойынша қарыз 31,1 млрд. тенгені құрады.
Бюджет депозиттерін ескерсек, орталықтанған несилер бойынша қарыздар 26,0 млрд. тенгеде анықталды немесе 2004 жыл ішінде 4,3 есе өсті, ал ақша массасы кезінде 8,5 есе өсті.
Осыдан басқа, банктердің несиелік операцияларының табыстылығының валюталы-алып сатарлық операцияларының табыстылығынан жоғарлауы қамтамасыз етілді. Нәтижесінде, шетел валютасына сұраныстың тұрақтылығы мен теңге бағамының тұрақтылығы пайда болды.
Банктердің қаржылық орнықтылығын, ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және депозиторлардың мүдделерін қорғау мақсатында банктердің минималды жарғылық капиталына талаптар жоғарлатылды.
2005 жылы істеп тұрған банктерден 31-інің (17%) жарғылық қоры 50-ден 200 млн. теңгеге дейінгі көлемде болды, 43-інде (23%) 5-тен 50 млн. теңгеге дейін, ал банктердің жалпы санының 60%-ында жарғылық қор 1 млн. теңгеден аспады. [28]
Мұның бәрі банкаралық несие ұйымдасқан нарығының көлемдері былтырғы жылдың соңында үлкен тәуекелдерге байланысты нөлге дейін төмендеп, дилерлердің сол кезде айтқанындай, банктердің бір-біріне сенімсіздігін көрсетті. 2003 жылда банкаралық несиелеу негізінен ұйымдаспаған ақша нарығында іске асырылды. «Қысқа» ақшалардың (30 күнге дейін) ұлттық валютадағы несиелер көлемі 5,9 млрд. теңгені, ал олар бойынша сыйақы мөлшерінің орташа қойылымының мәні 11,3%-ды құрады. Нарықтың бұл сегментінде шетелдік валютада несиелер де ұсынылды. АҚШ долларымен берілетін қысқа несиелер жылына сыйақы мөлшерінің орташа қойылымы 8,9% болатын, 45,9 млн. АҚШ долларын құрады.
Қазақ ұлттық клирингтік палатасының директоры Марат Ефесов сол кезде Reuters агенттігіне хабарлағанындай, банкаралық несие нарығының 10-12 белсенді қатысушыларынан өткен жылдың соңына қарай 5-6 қалды, 2002 жылдың басынан мәмілелер болған жоқ. «Бұл нарық бір-біріне жүз пайыздық сенімділікті талап етеді»,– деді Марат Ефесов.
Ұлттық Банктің сол кездегі төрағасы Ораз Жандосов айтқанындай, банкаралық несие нарығы өзінің дамуының ең төменгі нүктесіне жетті, ал нарықтағы көлемдердің нөлге дейін төмендеуі, банктердің сенімділік мәселесіне қатысты. «Нарық банк секторында алғашқы қиындықтар туғанға шейін жұмыс істеді, банктердің белгілі бір бөлігі қиыншылықтарды бастарынан кешіріп, алған несиелерін қайтармауы салдарынан бұл нарықтың артықшылықтары жоғала бастады», - деп белгіледі сол кездегі ҚР ҰБ төрағасы.
Банкаралық несие нарығы ең төменгі нүктеге жетіп, осыдан серіппенің жаңа шеңберімен даму басталады деп есептеді сол кезде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы. Банкаралық несие нарығының дамуы, «банктер өздерінің сенімділігіне, бір-біріне газеттерде басылған емес, аудитпен бекітілген өз баланстарын ұсыну арқылы көзі жеткенде» басталуы керек еді. [28]
Банктер арасындағы сенімді саясатын үлкейту үшін Ұлттық Банк ең алдымен, барлық коммерциялық банктерге бірінші сәуірге дейін өздерінің баланстық есеп беруді, сонымен қатар аудиторлық келісімі бар пайда мен шығын шоттарын екі республикалық газеттерде жариялауын міндет етті. Сонымен қатар, Ұлттық Банктің нұсқауы бойынша барлық коммерциялық банктер ақпан соңына дейін, өздерінің қайта капиталдандыру жобаларын ұсынуы тиіс, бұл банктерді халықаралық стандарттарға сай екі деңгейге мүмкіндік береді. «Банкаралық несие ұйымдасқан нарығының бар формасын пайдалана алатын, бірақ бір-біріне толық сеніммен қарайтын банктер тобы қайта дамуы керек және бұл топтан толық сенімге ие емес банктерді шығарып отыру керек»,-деді сол кездегі банкаралық нарығының дамуы бойынша ҚР ҰБ стратегиялық бағдарламасы. [5]
Мемлекеттік бағалы қағаздардағы қаражаттарды тоқтату, халық салымдарының сыртқа кетуі және басқа бірқатар себептерге орай көптеген банктер алған банкаралық несиелерін қайтаруға шамасы жетпеді. Психологиялық фактор да өз рөлін атқарды. Қауіпсіздік шараларын орындап, нарық операторлары өзара несиелеу лимиттерін жауып, нарықтан кетті. Сонымен, 90-шы жылдардың соңында Ұлттық Банк өзінің банк жүйесін қалпына келтіруге кірісті. Сонымен қатар, банкаралық несие нарығының қайта даму кезеңі ұзаққа созылуы мүмкін. Дилерлердің айтуы бойынша, банкаралық несие нарығының функцияларын РЕПО операциялары (Мемлекеттік қазынашылық облигацияларды кепілге ала отырып несиелеу) алмастырды, ал бірін-бірі тікелей несиелеу бір-бірінде лимиттері бар банктермен асырылады. Казкоммерцбанктің дилинг басқармасының бастығы С. Васильев сөзіне қарағанда «сауда алаңы» жоқ кезде қысқа несиелер (28 күнге дейін) бойынша қойылымдар бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар бойынша қойылымдарға тәуелді. Нарықтық жылдық қойылымдардың деңгейі несие мерзіміне байланысты 20-дан 30 пайызға дейін ауытқиды, overnight несиелері бойынша мәмілелер 20-25 жылдық пайыздар шегінде жасалады. Банкаралық несие ұйымдасқан нарығы тек банктің ағымдағы өтімділігіне қажетті қысқа мерзімді операциялар үшін керек, деген қорытынды жасауға болады. Бұл орайда, Батыс елдеріндеріне ұқсас «сауда алаңшасын» құру керек.
Сонымен, ҚР Ұлттық Банкісі 90-шы жылдардың соңына қарай біріншілік нарықта қысқа мерзімді ноталар көлемін РЕПО нарығында белсендірек қатысу жолымен жоспарлы төмендету банкаралық нарықтағы сыйақы мөлшері бойынша күрт жоғарылауын болдырмау және банк жүйесіндегі қысқа мерзімді өтімділігін реттеу мақсатында көзделді. [5]
Банк өтімділігінің мәселесі, дәлірек айтқанда, өтімділік пен пайдалылықтың тиімді үйлесуі – әрбір ҚР банкі үшін, бұл жүйе қалыптастыратын ірі банк болсын немесе корпоративті клиенттерге қызмет ететін ұсақ банк болсын, өте маңызды мәселенің бірі. Бұл мәселе банкаралық несиелеу бойынша мәмілелер жасасатын банктерді де мазалайды. [19]
Әрине, несие беретін банкке одан ақша қаражаттарын алатын банктің өтімділігін білу қажет. Бұл орайда, банкаралық несие нарығының құрылымын банк өтімділігінің анықтамасы береді және оның сипаттамасын қарастырады (сәттік өтімділіктің, ұзақ мерзімді өтімділіктің нормативі және т.б.). [21]
Банк жүйесі Қазақстанда бүгінгі күнде негізінен коммерциялық банктермен – барлық несиелік жүйенің шешуші буыны. Коммерциялық банктер қаржылық қызметтердің кең диапазонын ұсына отырып, өзінше қаржылық делдалдар болып табылады. Шаруашылық қызмет кезінде босайтын халықтың қаржыларын, жинақтарын және басқа бос ақша қаражаттарын тарта отырып, олар қосымша капитал қажеттілерге уақытша пайдалануға береді.
Басқа сөзбен айтқанда, олар ақша қаражаттарын жинау және жұмылдыру функцияларын атқарады. Несиелік ұйымдардың бұл қызметі барлық мүдделі жақтарға нақты пайда әкеледі. Салымшалар салынған ақша қаражаттарына шоттар қалдығындағы пайыздар ретінде табыс алады. Халық салымдары (соның ішінде, шетел валютасында да) соңғы жылда 40%-ға өскенін атап өтейік.
Қарыз алушылар (компаниялар, өнеркәсіпті кәсіпорындар, яғни нақты сектор және т.б.) түрлі мерзімдерге ақша қаражаттарын алып, табыс әкелетін іскерлік операцияларды жүргізе алады. Бірақ мұнда нақты сектоордың ұзақ мерзімде дамуының және өсуінің қуатты тежеуіш факторы – «ұзақ» ақшаның болмауы. Ал өндіріс болса, осындай қаржылық құралдарды қажет етеді.
Банк секторының нақты секторды несиелеу құрылымын қарастырсақ, берілген несиелердің 90%-ын 1 жылға дейінгі қысқа мерзімді несиелер құрайды. Банктердің экономикалық пайдасы банкілік табысты тарту мен орналастыру қойылымдарының арасындағы спрэды (айырмашылығы) арқылы ұлғайтумен байланысты.
Бұл орайда, несиелік жүйеде қаржы-инвестициялық компаниялар, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары және т.б. секілді банкілік емес несие-қаржылық институттар бар екенін ескеру керек, банкілік емес институттар капиталды жинайтын және жұмылдыратын қаржылық «бассейні» болып табылады.
Банкаралық несие нарығындағы келісімдер көбінесе ұзақ мерзімді болады және ішкі валюталық және несиелік мәмілелер ақша нарығындағы операцияларды жүзеге асыратын ортақ шарттар жайлы бас келісім негізінде жасалады. Қазақстан тәжірибесінде банктер банкаралық несиені банктік несие сияқты қамтамасыз етусіз-ақ береді, қайтарымдылықтың бірегей кепілі болып несиелік келісім табылады.
Мәмілелер қолма-қолсыз шетел валютасын сату/сатып алу операциялары (конверсиондық мәмілелер) бойынша мәміле - валюталық дилингпен айналысатын REUTERS DEALING-2000 жүйесі арқылы жасалады. Бүгінгі байланыс құралдарын пайдалана отырып, мәмілелерді тез арада жасауды және бос несие ресурстарын банктер арасында жедел қайта бөлуді қамтамасыз етеді.
Кредитор банк пен қарыз алушы банктің өкілетті қызметкерлері (дилерлер) келіссөздер жүргізеді, сонымен қатар, телефон, телефакс, REUTERS DEALING-2000 жүйесі арқылы мәмілелер жасайды. Қаражаттар есеп айырысу жүргізілетін есеп айырысу-касса орталығының біріндегі, клирингтік орталықтағы немесе банктегі теңгені алатын тұлғаның корреспонденттік шотына түскенде несие алынды деп есептеледі.
Қызметті рәсімдеу мен жүзеге асыру үшін екі жақ бір-біріне келесі құжаттарды ұсынады:
– құрылтай құжаттарының нотариалды кепілдендірілген көшірмесі (құрылтай келісім-шарты, жарғы);
– банктік операцияларды жүзеге асыру лицензияларының нотариалды кепілдендірілген көшірмесі;
– банк өкілетті қызметкерлерінің қолтаңбалары қойылған карточканың нотариалды кепілдендірілген көшірмесі;
– банк өкілетті қызметкерлерінің қолтаңбасы қойылған және мөр соғылған 2-ші тізім шоттары бойынша кеңейтілген баланс және соңғы есеп беру мерзіміндегі нормативтердің есебі;
– банктің мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәліктің нотариалды кепілдендірілген көшірмесі.
Әрі қарай, келісімнің жүзеге асырылу мерзімі бойында екі жақ біріне-бірі баланстар мен экономикалық нормативтер ұсынады. Банкаралық несие алу туралы ұсынысты (офертаны) қарастырған кезде кредитор қарыз алушыдан қолтаңба қойылған және мөр соғылған соңғы есеп беру мерзіміндегі балансты талап етуге құқығы бар.
Екі жақ мәмілелерге қатысты ақпараттарды құпияда ұстауға міндеттеледі және электронды түрде берілген құжаттардың түпнұсқаға сай заң күшін мойындайды.
Уақытша бос қаржы ресурстары немесе несие қаражаттарын тарту қажеттілігі болған жағдайда екі жақ дилерлері байланыс жүйесі арқылы мәміле жасау туралы келесі талаптар көрсетілген ұсыныс (аферта) жібереді: