Банкаралық кредит рыногы

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 16:20, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыс мақсаты – банкаралық несие нарығы түсінігі және қызмет етуін, біздің еліміздегі банкаралық несие нарығын реттеу жолдарын түсіндіру.

Курстық жұмыс міндеті:

1) Банкаралық несие нарығы туралы түсінік қалыптастыру;

2) Банкаралық несие нарығындағы келісімдердің жүргізілуін түсіндіру;

3) Банкаралық несие нарығын жетілдіру жолдарын көрсету

Содержание

Кіріспе



I. Банкаралық кредит рыногы.

Кредит мазмұны мен атқарымдары

Банкаралық кредит ұғымы және даму тарихы





II. Қазіргі кезеңдегі несие нарығының қызметін талдау.

Банкаралық несие нарығындағы келісімдер

Банк қызметіндегі ұйымдастырылған банкаралық несие нарығының рөлі мен мағынасының нығаю перспективалары





III. Банкаралық несиелеуді жетілдіру

Банкаралық несиелердің тиімділігін талдау

Банкаралық несиелердің шетелдік тәжірибесі





Қорытынды



Қосымшалар



Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Курстық жұмыс.doc

— 259.00 Кб (Скачать)

   ЛИБОР негіздік қойылымы – бұл банкаралық нарықтағы депозиттер үшін әлемдік валютамен (доллармен, евромен, швейцарлық франкпен) берілген ұсыныс қойылымы, пайыз есептеудің әрбір кезеңі үшін есептеу Кезеңінің бірінші күнінде (немесе бастапқы есептеу кезеңі кезіндегі пайыздық төлем күніне не пайыз есептеудің осындай кезеңінің күнінде, не болмаса пайыздық есептеудің бірінші күнінің алдында болатын келесі күнінде) бағаланады және банкпен негізді анықталынып, жылдық пайыздар ретінде көрсетіледі.

   Банк қарыз алушыны, пайыз есептеудің әрбір кезеңі үшін анықталынатын ЛИБОР негіздік қойылымы және ЛИБОР жиынтық спрэды туралы хабардар етеді.

   ЛИБОР" жиынтық спрэды – пайыздарды есептеудің әрбір кезеңі үшін: (а) бір пайыздың жартысы (%-дан 1/2); (b) теріс (немесе оң) пайыздарды есептеу кезеңі үшін орташа маржасы, Банктің төленбеген қарыз қаражаттарына немесе бірвалюталы несиелерді, Банкпен негізді анықталатын және жылдық пайыздар ретінде көрсетілетін несие бөліктерін қаржыландыруға Банкпен бөлінген қарыз қаражаттарының бөлігіне қатысты алты айлық депозиттері бойынша қойылымдарынан немесе Лондондық банкаралық ұсыныс қойылымынынан төмен (немесе жоғары).

   Қысқа мерзімді ресурстардың банкаралық нарығындағы тұрақтылық пайыздық қойылымдар шегін ұстап тұруымен анықталынады. Іс жүзінде бұл Ұлттық банктің белгілі бір шарттармен немесе белгілі бір қойылымдармен «overnight» несиелерін береді немесе қабылдауымен асырылады. Шектің жоғарғы жағы репо мәмілелерімен қамтамасыз етіліп, ал төменгі шекарасы біркүнгі депозиттер бойынша Ұлттық банк қойылымдарымен қамтамасыз етіледі.

   Банкаралық несие нарығының қатысушыларының құрамына қаржылық жағдайдың өзгеруіне байланысты өзінің операцияларын үнемі жүргізбейтін банктер кіреді. Банкаралық несие нарығының ең белсенді операторлары – өз атынан және өз есебінен әрекет ететін дилер-банктер, олар қарыз алушы немесе кредитор ретінде болуы мүмкін. Олардың табысы – пайыздық маржа, яғни қаражаттарды орналастыру мен тарту қойылымдарының арасындағы айырмашылық. Оперативті жүйелерді, мысалы REUTERS DEALING 2000, қолдану мәмілелерді оперативті жасаудың техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етеді: банктер стандартты ақпаратты (ағымдағы бағамдар, шарттар, басқа да анықтамалық деректер), сонымен қатар мәмілелерді жасаудың белгілі бір құралдарды алады. Оперативті жүйелерді пайдаланудан түскен табыс есептеуге қатысушылардың абоненттік және коммисиондық төлемдерден құралады.

   Банкаралық несие нарығы – коммерциялық банктердің несие ресурстарын толықтыру көздерінің бірі және өзінің өтімділігін реттеудің оперативті құралы. [26]

   Коммерциялық банк басқа банктің несиесін тікелей немесе делдал (басқа банк, қор биржасы, брокерлік кеңсе) арқылы алуы мүмкін. Банкаралық несие – қымбат несиелік ресурс, бірақ депозиттерге қарағанда, оларға резервті талаптар қойылмайды, сондықтан банкке алынған банкаралық несиенің соммасын толығымен табысты салымдар үшін қолдануға болады. Несиелік ресурстардың бағасы – NIBK нарығындағы несие бойынша пайыздық қойылым – ұсыныс пен сұраныс әсерінен қалыптасады. ТМД -дағы Банкаралық несие жағдайы туралы төменде көрсетілген арнайы көрсеткіштер ақпарат береді:

   MIBOR (Moscow Interbank Offered Rate) – сату бойынша ұсыныстың орташа қойылымы, MIBID (Moscow Interbank Bid) – сатып алу бойынша ұсыныстың орташа қойылымы.

   MIACR (Moscow Interbank Actual Credit Rate) – банкаралық несие бойынша орташа нақты пайыздық қойылым. Жоғарыда аталған көрсеткіштер Қазақстанның ірі банктері – банкаралық несие нарығының қатысушылары бойынша есептеледі.

1.2 Банкаралық несие нарығының даму тарихы.

  Банкаралық несие нарығының пайда болу тарихын қарастырғанда банкаралық корреспонденттік қатынастардың бастау көзіне назар аудару керек. Банкаралық есептер, қаражатты төлеуші мен алушы әр түрлі банктермен пайдаланған жағдайда, сонымен қатар қолма-қол ақшаны өзара несиелегенде және орын ауыстыру кезінде, пайда болады. Өндіруші мен тұтынушы арасындағы шаруашылықта қолма-қолсыз есеп айырысу банктер арасындағы өзара есеп айырысуларды тудырады.

«Төлемдік механизм» – нарықтық экономика мен банкаралық несие нарығының негізгі құрылымдарының бірі. Ол шаруашылық жүйедегі заттар алмасуын қамтамасыз етеді және оның үздіксіз жұмысынан экономикалық институттар істеуінің жалпы тиімділігі тәуелді болады.

   Көбінесе банктермен жүргізілетін ақшалық операцияларда қоғамдағы экономикалық қатынастардың барлық түрі дерлік орын алады. Бұл өз кезегінде банктер арасындағы – банкаралық есеп айырысуларынсыз мүмкін емес, шаруашылық байланыстардың кең таралуына, үлкен территориялық алшақтыққа және басқа да бір қатар алғышарттарға тәуелді.   

   Жоғарыда айтылған төлемдік механизм Қазақстан Республикасында да осы жолмен дамып, кейінен банкаралық несие нарығының негізіне айналды. КСРО-да және Қазақстанда банкаралық есеп айырысулар клиринг негізінде болды, олар Мемлекеттік банктің есептік бөлімшелермен жүзеге асырылып, қатысушылары ретінде Мемлекеттік банктің бірқалалық мекемелері мен басқа несиелік мекемелер болды.

   КСРО кезінде есептік бөлімшелер маманданған банктердің құрылуына 1922 – 1923 жылдарда байланысты құрыла бастады. Сол кезде олар КСРО Мемлекеттік банкінің, маманданған банктер мен жинақтаушы кассалардың өзара талаптарын есептеуді жүзеге асырды, төлемдік құжаттардың күнделікті алмасуын жүргізді, есептеуге қатысушыларға ағымдағы, өзара есеп айырысудың қорытынды сальдосы көрсетілетін, шоттарды ашты. Есептеу бөлімшелерінің операциялары дамудың жоғарғы шегіне 1926 – 1928 жылдарда жетті.

   1930 – 1932 жылдарда жүргізілген несие реформасы нәтижесінде несие жүйесінің құрылымында және оның буындарының кейбір функцияларының сипатында өзгерістер енді. КСРО Мемлекеттік банкіндегі кассалық операцияларды, қысқа мерзімді несиелеу мен шаруашылық нысандар арасындағы есеп айырысулар бойынша операциялардың түгел дерлігін, төрт маманданған банктерде (Өндіріс-құрылыстық банкісінде, Ауыл шаруашылық банкісінде, Сауда банкісінде) ұзақ мерзімді салымдар операцияларын, қапиталды салымдарды және мердігерлік ұйымдарды несиелеу және қаржыландыру бойынша операцияларды орталықтандыру – осының бәрі бұл банктер арасындағы есеп айырысу кезіндегі клиринг (оның әдеттегі мағынасында) әдісін қолдануды керексіз етті.

   1933 жылы КСРО Мемлекеттік банк жүйесінде филиаларалық айналымының шоттары негізінде есептеулер енгізіліп, «қайта құруға» дейін әрекет етті. Мемлекеттік банктегі төлемдік айналымның көп бөлігі өтетін мекемелері арасындағы банкішілік есептеулер 1933 жылы енгізілген, филиаларалық айналымдардың шоттар жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылды. Филиаларалық айналымдар жүйесіне КСРО Сыртқы сауда банкісінің мекемелері де енгізілді. Жыл сайын Мемлекеттік банктің филиаларалық есептеулері бойынша 200 млн. жететін ақша аударулары жүргізілді. 01.08.1934 жылдан бастап есетеудің бұл түрі тарала басталып, 1935 жылдың наурызында толығымен енгізілді.

   Елде іс жүзінде бірегей мемлекеттік банк болғандықтан, бұл клиринг жалпы мемлекеттік сипатта болды. Банктік мекемелер арасындағы филиаларалық айналымдар шоттары арқылы өзара есептеулер шаруашылықтағы өзара есептеулермен қоса жүргізілмеді. Отандық банкілік тәжірибеде шаруашылық нысандар арасында есеп айырысудың өзара талаптар мен міндеттерге негізделген түрлері қолданылды: тұрақты әрекет ететіндер – өзара есеп бюросы, орталықтандырылған өзара есеп бюросы арқылы, орталықтанбаған тәртіпте қарсы талаптарды есепке алу жолымен салааралық және салаішілік есептеулер, бір реттік – жыл соңындағы салаішілік, әсіресе салааралық есепке алулар.

   Бұл есептеулер жүйесі банкішілік өзгеше клиринг ретінде болып табылды. Филиаларалық айналымдар бойынша филиаларалық есептеулердің қорытынды сальдосы КСРО Мемлекеттік банк Басқармасында анықталды және көрсетілді. КСРО-дағы банк жүйесінің дамуы кезінде үйлескен банкаралық және банкішілік есептеулер жүйесі құрылды. Оның мәні келесіде болды: КСРО Мемлекеттік банкісі елдің эмиссиялық-кассалық және несиелік-есептік орталығы ретінде басқа несиелік институттармен (КСРО Құрылыс банкісімен және КСРО Мемлекеттік еңбек жинақ кассаларымен) өзінің корреспонденттік қатынастарын, Мемлекеттік банк басқармасында КСРО Мемлекеттік еңбек жинақ кассаларына және КСРО Құрылыс банкісінің басқармасына ашылған корреспонденттік шоттар көмегімен қалыптастырды. Көрсетілген несиелік институттардың бөлімшелеріне Мемлекеттік банк мекемелерінде корреспонденттік субшоттар ашылып, бұлар бойынша төлемдер ондағы қаражат болуына тәуелсіз жүргізілетін. Жалпылама, Құрылыс банкінің және Мемлекеттік еңбек жинақ кассалардың корреспонденттік шоттары бойынша есептеулер несиелік сальдо шегінде жүргізілді.

   Филиаларалық айналымдар типті шоттарды қолдануы бар мұндай схема Құрылыс банктің мекемелері арасындағы, сонымен қатар жинақтаушы кассалар жүйесінің ішіндегі өзара төлемдерде де пайдаланылды. Шоттары басқа қалалардың филиалдарында орналасқан жағдайда, филиаларалық айналымдар банктік мекемелердің өз клиенттерінің Қаражаттарын, аудару кезінде қолданылды. Филиаларалық айналымдар негізгі бөлігі шаруашылық нысандардың тауар жеткізу, қызмет көрсеу, мемлекеттік бюджеттің кассалық орындау, банктердің эмиссия-кассалық операцияларан және бюджеттік емес қаражаттарды қалыптастырды және пайдалану бойынша қолма-қолсыз есеп айырысуларымен байланысты болды.

   Филиаларалық айналымдар арқылы есеп айырысулардың жақсы жағы – олар жақсы ұйымдасқан және белгілі дәрежеде банктердің бухгалтерлік аппаратын тәртіпке келтірді, өйткені ол ерекше дәл ұйымдастыруды және қатаң бақылауды талап етті. Әрине, филиаларалық айналымдар бойынша құжаттарды қолмен өңдеу кезінде Филиаларалық айналымдар есепке алу және бақылау бойынша операциялар банктердің есептік-операциялық жұмыстар көлеміндегі үлесі салмақты.

   Болашақта, банктердің экономикалық дербестігін қамтамасыз ету, қызмет нәтижесіне олардың нақты ынталылығын және жауаптылығын көтеру, шаруашылық (коммерциялық) есеп айырысудың принциптерін банк бөлімшелеріне дейін жеткізу көзделді.

   Берілген есеп айырысулар жағдайында маманданған банктер мекемелері іс жүзінде Мемлекеттік банктің ресурстарын автоматты түрде жұмылдырды, сонымен қатар бір-біріне ресурстарды несие ретінде, бар-жоғына қарамастан автоматты түрде беріп отырды. Берілген несиелер иесіз, мерзімсіз және ақысыз болды. Нәтижесінде, Мемлекеттік банк ақша айналымын реттеу және банктер қызметін бақылау мүмкіндігінен, әсіресе пайыздық қойылымдар мен міндетті резервтер нормасын өзгерту, активті және пассивті операциялар сияқты экономикалық әдістерден айырылды. Мұның барлығы өз кезегінде қайта-құрудың (1988-1990 жж.) алғашқы жылдарында жүргізілген ақша-несие саясатының нәтижелілігін жоққа шығарды.

   Сондықтан сол уақытта банк жүйесінің, халық шаруашылығын ақша-несиелі реттеудің қазіргі заманғы әдістерін жұмылдыруға болатын түрлендірулер қажеттілігі туды. Елде банктердің шетелде кең таралған екі деңгейде ұйымдасқан құрылымы құрыла бастады.

   Көптеген коммерциялық банктердің құрылуымен, КСРО ыдырауымен, Қазақстан Республикасының егемендік алуымен бірге жүрген нарықтық экономикаға өтуіміз банкаралық есеп айырысу жүйесіне, әр түрлі банктердің ресурстарын айқын шектеуін қамтамасыз ете алмайтын жүйеге ретінде көптеген өзгерістерді енгізді. Бұл өзгерістер банктер арасындағы корреспонденттік қатынастардың ашылуына өтуге және банкаралық несие нарығының дамуына сайды.

   Қазіргі уақытта қазақстандық банктер несие бойынша, басқа банктерде ашылатын корреспонденттік шоттар қолданылатын есеп айырысуларды кең пайдаланбайды. Банкаралық несие нарығындағы несие операцияларын өткізуде банктер тәжірибесінің жетіспеуі, техникалық жабдықталуының төмен деңгейі, ақпарат беру арнайы арналарының болмауы банкілік есеп айырысулар үшін үлкен мәселе болып табылады.

   Екі немесе бірнеше несиелік мекемелер арасындағы төлемдерді жүзеге асыру және біріншісі басқаның нұсқауы немесе есебінен несиелеу, сонымен қатар несие беру, инвестициялық және басқа да қызметтер көрсету туралы келісімдік қатынастар банкаралық қарыздар бойынша қатынастарға жатады.

   Бұл қатынастар ел ішінде және басқа елдерде орналасқан несиелік институттар арасында болуы мүмкін. Қазіргі күнгі жағдайда әрбір банк бір емес, ондаған, кей кезде мыңдаған банктермен корреспонденттік тораптар арқылы байланысқан. Корреспонденттік қатынастар алуан түрлі несиелік мекемелер арасында, соның ішінде әр түрлі елдердің банктері арасында; әр түрлі тәуелсіз коммерциялық банктер арасында; орталық және коммерциялық банктер арасында; егеменді елдерді орталық банктері арасында болуы мүмкін. [16]

   Бұл тектес қатынастар банктер мен клирингтік палата типті арнайы банкаралық ұйымдар арасында болуы мүмін. Корреспондеттік қатынастардың бір түрі болып әр түрлі банктер арасындағы қатынастар табылады.

   Бүгінгі күнгі банкаралық есеп айырысудың механизмі жағдайында банктер өзара есеп айырысуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің мекемелеріндегі корреспонденттік шоттар арқылы жүргізуді қалайды.

   Әдетте, ұсақ банктер өзінің корреспонденттік шоттарын ірілеу банк мекемелеінде ашады. Соңғылары өздерінде кішірек банктердің банкаралық депозиттер ашуы үшін өзара бәсекелесте болады. Ірі банктер де бір-бірінде депозттік шоттар ашу арқылы өзара осындай қатынаста болуы мүмкін. Корреспонденттік қатынастардың дамуы банкке жаңа банк бөлімшесінің ашылуына ұқсас бір қатар артықшылықтар береді. Сонымен бірге банк өзінің заңды дербестігін және жүргізілетін операцияларды бақылауын сақтайды.

   Корреспонденттік қатынастарды, әсіресе шетелдік банктермен орнату шегінде екі жақ та әріптес-банктің ауқаттылығына және сенімділігіне назар аударады. Қарыз алу туралы өтініш хатымен бірге барлық керекті құжаттар қосылады: банк қызметі туралы есеп беру, оның жарғысы мен белгілі бір операцияларды жүгізуге лицензиялар. Корреспонденттік қатынастар алмастыру хаттары немесе сәйкес банкілік операциялардың атқарылу тәртібі мен шарты қарастырылатын арнайы корреспонденттік келісім қорытындысы ретінде рәсімделеді. Корреспондентік келісімшартар мерзімді және мерзімсіз болып бөлінеді.

   Қазақстан Республикасының банкілік жүйесіндегі банкаралық несиелер банктер арасындағы есеп айырысудың екінші (орталықтандырылған) нұсқасына бағытталады. Мұндай есеп айырысуларды осы мақсатта арнайы құрылған нысандар Ұлттық Банктің Оперативті Басқармасы орындайды.

   Банкаралық несиелер бойынша есеп айырысудың төмен сапасының негізгі себебі есеп айырысуға қатысушылардың (кәсіпорындар, банктер, Ұлттық Банктің облыстық басқармалары) техникалық жабдықталу деңгейінде артта қалушылық болып табылады. Банкілік ақпаратты беру мен өңдеу жүйесін ЭЕМ негізінде жүргізу мәліметтерді байланыс арналары арқылы жіберу мүмкіндігінен айырады, сенімділігі төмен және эксплуатациясы көп шығын келтіреді.

Информация о работе Банкаралық кредит рыногы