Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 20:41, курсовая работа
Соңғы онжылдық біздің еліміз үшін «өзгерістер дәуірі» болды. Елімізде көпукладты нарықтық экономиканы қалыптастыруға бағытталған толық ауқымды реформалар жүзеге асырылады. Мұнда күшті де серпінді дамыған банк секторын жасау маңызды рөл атқарады. Бұл кезең тарихта банк секторы ішіндегі бүкіл қарым – қатынас жүйесін, яғни Ұлттық банк тарапынан басқару және бақылау саясатын түбегейлі өзгерткен монобанктік жүйеден наріықтық экономика талаптарына жауап беретін қазіргі заманғы жаңа банк секторына көшу, әмбебап банктер жүйесін қалыптастыру кезеңі болды. Бірақ мұның барлығы банкир психологиясын өзгертпейінше жемісін бермек емес.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
ТАРАУ 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ....................................................................................5
Банк жүйесінің мәні, белгілері мен типтері....................................................5
Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасуы..............................................11
ТАРАУ 2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ МЕН БАҒАЛАУ..........................15
2.1 Коммерциялық банктердің депозиттік нарығын талдау..........................15
2.2 Банк секторындағы несиелік көрсеткіштерді талдау................................17
ТАРАУ 3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ДАМУЫ...............................................................20
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................27
ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................................28
Биыл “Миноритарлық
инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері
бойынша Қазақстан Республикасы
Мұндай талаптардың кеңес кеңістігінен кейін пайда болған елдердің ішінде Қазақстан бірінші енгізгенін атап өту керек, және оларды енгізу процесінде банктер ұсынған кредиттік және депозиттік өнімдердің ерекшеліктерін ескеру мәселелерінде көптеген сұрақтар туындады. Банктердің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының ұсыныстары мен сұрауларын қарау нәтижесінде өткен жылдың қыркүйек айында Ереже жаңа редакцияда қабылданды.
Сыйақының жылдық тиімді мөлшері ереженің бірінші редакциясында әр кезеңде төленетін сыйақы сомасы мен негізгі берешектің қалдығын, ал жаңа редакцияда – қызметтің (несие/депозит) бүкіл қолданыс кезеңіндегі кіріс және шығыс ақша тасқындарын есепке ала отырып саналған.
Алайда, бұл мөлшерде Банктен басқа ұйымдарға – нотариус, сақтандыру компанияларына және басқаларға қызметттері үшін өзге төлем шығыстары кірмеген.
Ереже Еуропалық одақтың Нұсқамаларына сәйкес келеді, түрлі елдердің (Ұлыбритания, Ирландия, Сербия) тәжірибесін ескереді.
Белгіленген жылдық тиімді мөлшерін есептеу тәртібінен басқа Ережеде оны шарттарда, клиенттердің сұратуы бойынша, мөлшерлемелер туралы ақпараттарды таратудың басқа тәсілдері кезінде (жарнамалық буклеттер, жол бойындағы билбордтар, стендтер, парақшалар және т.б.), оның ішінде БАҚ, веб-сайт, электрондық пошта, телефон бойынша, клиенттерге ауызша консультация беруді ашуды талап етеді.
Жылдық тиімді мөлшерін есептеу және ашу туралы талаптарды енгізу өте маңызды, өйткені ол тұтынушыларға елеулі пайда келтіруі мүмкін. Бұл оларға біріншіден – сыйақы мөлшерін шынайы көрсеткіштерін алуға, екіншіден – түрлі банктердің заем және депозиттер сыйақы мөлшерін салыстыруға және бағалауға мүмкіндік береді.
Мұнан басқа, заңның талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ алдын ала заң немесе адамгершілік негіздеріне қарсы жасалған мәмілелер Азаматтық кодекстің 158-бабына сәйкес жарамсыз деп танылады. Ереже талаптарын сақтамау осы аталған және жоғарыда еске салынған Азаматтық кодекс нормаларының қолданылуын оңайға түсіреді.
Клиент өз тәжірибесінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерін пайдалану үшін шартты жасасқанға дейін бірнеше банктің немесе банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың ұқсас өнімдерінің шарттарымен танысуға тиіс. Консультация алу кезінде банктерден және банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан Ережеге сәйкес сыйақының жылдық тиімді сыйақы мөлшерін сұратуы және оларды салыстыруы қажет. Шарттары тең болған жағдайда: ең аз бағалы кредит – жылдық тиімді сыйақысы барынша төмені, ал депозит – жылдық тиімді сыйақысы барынша биігі болады.
Осы шарттарды және өз мүмкіндіктерін мұқият зерделегеннен кейін ғана банкті, банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымды таңдау және шарт жасасуға шешім қабылдау қажет.
Қабылданған шешімдер қаржы рыногын мемлекеттік реттеу мен қадағалауда барлық негізгі мақсаттарға жетуге – қаржы қызметтерінің сапасын, шын пейілді баға бәсекелестігін арттыру және уақыт өте қызметтердің бағасын төмендету, тұтынушылардың құқығын қорғауды, отандық қаржы рыногының ашықтығы мен тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Еліміздегі банкі жүйесі жақсы дамып келе жатқаны, ТМД елдері ішіндегі қарқыны жоғары екені анық. Қазақстанның банк жүйесін қалыптастыру кезінде Еуропалық тәжірибені, атап айтқанда, Германияның банк жүйесін енгізген-ді. Бірақ ол көп аймақтық банктерден тұратын. Ол кезде елдегі банктер саны 200-дің үстінде болатын. Қазір 35-і ғана қалды. Дегенмен еліміз соңғы жылдары ірі банк жүйелерін қалыптастырды. Бұл америкалық жүйеге ұқсастау. Бірақ қазір көп ауылдық мекендерде банкінің филиалдары кетіп қалды. Халқымыздың 45 пайыздайы ауылдық жерлерде тұрады. Осыған орай қазір кіші кредиттік институттар құрылып жатыр. Шағын кредиттік мекемелер мен кредиттік серіктестіктер пайда болды. Олар банк жүйесін дамыту мен байытуға орасан зор үлес қосады.
Банк жүйелерінің несие беру көлемі қарқынды өсіп келе жатыр. Банкінің несие бергендегі қосылатын пайыздық үстеме ақысы да азайып келе жатыр.
Банк жүйесі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының белсенді тұтқасына айналып қоймай, бұқара халықтың да өмір-тұрмысына батыл еніп отыр. Банктер азаматтардың қаржы және тұрмыс мәселесі жөніндегі кез келген мұқтажын толығымен өтеуде. Банк қызметі түрлерінің көбеюі, олардың тұтынушылардың төлем қабілетіне сәйкестендірілуі, өзара бәсекелестік банк қызметінің жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді.
Енді бір көңіл аударатын мәселе, банкі секторының активтері жақсы дамуда. Бірақ активтер депозит базасының өсу жылдамдығынан көбірек болып кетті. Бұл дұрыс жағдай емес. Керісінше, депозиттік базасы жылдамырақ өсуі керек. Ал банкіге салынатын салымының өсу жылдамдығы активтің өсуінен артта қалып тұр. Негізінде керісінше болуы тиіс. Сонда банкі жүйесі орнықты болады. Бұл мәселелерді еліміздің банкі жүйелерін бақылайтын агенттік бар, сондықтан да осы бағыттарға байланысты тиісті шаралар жасалынуы қажет.
Қазақстанның алдында Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мақсаты тұр. Соған орай еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы мақұлданды. Толықтырулар бірнеше заңдарды қамтиды. Өзгерістердің мәні – банк жүйесіне инвесторларды көбірек тарту. Ол банкілерді әлі де ірілендіруді көздейді. ҚР банк жүйесі ең жақсы дамыған сала деп айтуға болады, алайда, одан әрі дамытуымыз қажет. Оған мынадай мысал келтіруге болады. Қазақстан банк жүйесінің барлық жиынтық активі Еуропаның бір ғана АБН АМРО банкінің сегіз-ақ пайызындай! Ал ТМД елдерінің барлық банкілерінің жиынтық активтері АБН АМРО банкінің сексен-ақ пайызын құрайды. Сонда есептей беріңіз, Еуропаның бір ірі банкісіне түгел ТМД елдері болып әлі жете алмай отырмыз. Сондықтан банкі қызметінде бұрын көптеген шектеулер, тежейтін тетіктер болған, жаңа қабылданған заң бойынша ондай кедергілер алынып тасталған.
Сонымен қатар көптеген қадағалау жасаудың көлемі қысқарды. Атап айтқанда, кредиттік серіктестіктер одан мүлде босатылды. Оларға мемлекет тарапынан қадағалау жасалмайтын болды. Бірақ ірі банкілердің жұмысына қадағалау бәсеңсімейді.
Банкі дегеніңіз үлкен корпоративтік құрылым, оның негізгі акционерлері болып табылатын бірнеше иелері болады. Бұрын кімнің қанша үлесі бар екенін таба алмайтын, енді жаңа заңға байланысты ол анықталатын болды. Мысалы, ірі банкілер қор биржасына өздерінің құнды қағаздарын шығарып сатқан кезде оларға қойылатын талаптар бар. Кімнің қолында қанша акциялар бар екені анық көрсетіледі. Қадағалау орындарына да керегі сол банкілерге билігін жүргізетін үлкен акционерлер, солар белгілі болуы керек. Сол кезде акционерлер де көбейеді. Осындай жолмен банкі жүйесін нығайту көзделіп отыр. Сонда банк жүйесі локомотив сияқты экономиканы алға тартатын болады.
Қазір ақша саясаты да, банкі жүйесі де бұрынғыдай емес, кәсіби жолға түсті. Бұл жүйеге білімді, жігерлі жас мамандар келді. Соған байланысты теңге де, ақша саясаты да тұрақты даму жолына түсті деп айтуға болады.
Сарапшылармен айтуы бойынша Қазақстан банк секторы ТМД-да ең дұрысы деп айтылады. Құрылымдық және тағы басқа жағы дұрыс болар, бірақ ол халыққа тиімді жұмыс істеп жатыр деп айту қиын. Мәселен, тұтынушыларға ұсынып отырған несие пайызы тым жоғары, қызметтері үшін алатын ақша көлемі де көп дегендей. Өйткені, біріншіден, банк туралы қолданыстағы заңдар сын көтермейді. Екіншіден, бұл сала тек коммерциялық банктердің пайдасына қолайлы. Негізі, Қазақстанның Ұлттық банк жүйесі еліміздің ұлттық экономикасына тән, қолайлы болуы қажет.
Ал оны ел экономикасына тиімді ету үшін қазіргі қолданыстағы қаржы саласы туралы заңдарды қайта қарастырып, оны жетілдіру қажет. Ұлттық банктің ең үлкен мақсаты – ақша-несие саясатын дұрыс жолға қою. Сондықтан банк секторындағы бірінші келеңсіздік — заңдардың сын көтермейтіндігі.
Соңғы кездері коммерциялық банктер қаржы кәсіпкерлігінің дәстүрлі емес салаларына еніп, клиенттерге көрсетілетін қызметтердің шеңберін тұрақты түрде кеңейте және сапаны арттыра отырып, операцияларды барған сайын белсендірек жүзеге асыруда. Мұндай өзгерістер банк қызметінің сипатына қағидалы түрде әсер етеді, активтер мен пассивтердің қалыптасуын, клиенттермен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША №1
1-сурет. ҚР нарығының институционалдық құрылымы
ҚР Ұлттық банкі |
ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агеттігі |
Депозиттерді сақтандыру жүйесі (ДСЖ) (33 банк) |
ДСЖ-ның құрамына кірмейтін депозит жинақтаушы мекемелер |
Жүйенің қатысушылары Коммерциялық банктер |
2-сурет. Қазақстандық депозит нарығының сегменті
Мерзімді депозиттер |
нарығы
Талап етілгенге дейінгі депозиттер |
Депозит нарығы |
1. Ағымдағы шот 2. Есеп айырысу шоты 3. Валюталық шот 4. Карточкалық шот 5. Чек шоты |
Жинақтаушы депозиттер шоты |
1. Депозиттік сертификаттар 2. Қысқа мерзімді депозиттер 3. Орта мерзімді депозиттер 4. Ұзақ мерзімді депозиттер |
1.Жинақ кітапшасы 2.Жинақтың үзінді көшірмесі 3.ЖЗҚ-ның ерікті салымдар 4.Жинақ сертификаттар |
ҚОСЫМША №2
3-сурет. Қазақстан
несие нарығының
ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі |
Коммерция- лық банктер |
Ипотекалық несиенің кепілдендіру жүйесі |
Мамандан- дырылған несие мекемелері |
Әмбебап банктер |
Ломбардтар |
«Тұрғын үй құрылыс банкі» |
Несие қоғамы |
Несие серіктестігі |
4-сурет. ҚР-ға
тән несие нарығының
Тұтыну несиенің нарығы |
Ипотекалық несие нарығы |
Құрылыс несиесінің нарығы |
Банкаралық несие нарығы |
Өнеркәсіп несиесінің нарығы |
Несие нарығы |
Сауда-саттық несиесінің нарығы |
Ауыл шаруашылығы несиесінің нарығы |
Информация о работе Банк жуйесінің құрылымы мен қызметіне талдау жасалған