Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 20:41, курсовая работа
Соңғы онжылдық біздің еліміз үшін «өзгерістер дәуірі» болды. Елімізде көпукладты нарықтық экономиканы қалыптастыруға бағытталған толық ауқымды реформалар жүзеге асырылады. Мұнда күшті де серпінді дамыған банк секторын жасау маңызды рөл атқарады. Бұл кезең тарихта банк секторы ішіндегі бүкіл қарым – қатынас жүйесін, яғни Ұлттық банк тарапынан басқару және бақылау саясатын түбегейлі өзгерткен монобанктік жүйеден наріықтық экономика талаптарына жауап беретін қазіргі заманғы жаңа банк секторына көшу, әмбебап банктер жүйесін қалыптастыру кезеңі болды. Бірақ мұның барлығы банкир психологиясын өзгертпейінше жемісін бермек емес.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
ТАРАУ 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ....................................................................................5
Банк жүйесінің мәні, белгілері мен типтері....................................................5
Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасуы..............................................11
ТАРАУ 2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ МЕН БАҒАЛАУ..........................15
2.1 Коммерциялық банктердің депозиттік нарығын талдау..........................15
2.2 Банк секторындағы несиелік көрсеткіштерді талдау................................17
ТАРАУ 3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ДАМУЫ...............................................................20
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................27
ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................................28
Ақпарат көзі: Банки Казахстана//Финансовый сектор 2007 года.№2, 2008.
Сонымен бірге жылдың басында балансы бойынша екінші деңгейлік банктердегі жеке капитал 870, 4 млрд. теңгеден 530,2 млрд теңгеге өсіп, (60,9%) есеп беретін мерзім кезінде 1 400,6 млрд теңгені құрады.
Ағымдағы жылдың басында банктердегі сәйкес активтер 2 672,5 млрд. теңгеге өсіп (30,1%), есеп беретін күні 11 544,5 млрд теңгені құрады.
Банктегі активтер құрылымында
үлкен бөлікті клиенттерге
Баланс бойынша жылдың басынан бастап, мерзімі өтіп кеткен борыш 75,5 млрд. теңгеден 30,2 млрд. теңге (40,0%) көбейіп, (18,3%) есеп беру мерзімінде 105,8 млрд теңгені құрады.
Жылдың басында
Стандартты активтер мен уақытша міндеттердің үлес салмағы 59,2% құраса, күмәндісі 26,9%дан 39,8%ға көбейді, ал уақытша міндеттер мен үмітсіз активтер 1,0% құрады.
Кесте 2 - Уақытша активтер мен активтер сапасының динамикасы
Уақытша активтер мен активтер сапасының динамикасы |
01.01.07 |
01.12.07 | ||
Нег.борыш сомасы млд тенге |
%қорытынды |
Нег. борыш сомасы млд тенге |
%қорытынды | |
Барлық активтер мен уақытша міндеттер |
11 242,5 |
100 |
13 230,1 |
100 |
Стандартты түрлері |
8 117.7 |
72.2 |
7 826,1 |
59,2 |
Сенімсіз |
3 026,9 |
26.9 |
5 272,8 |
39,8 |
1-категориялы сенімсіздік-төле |
2 587,9 |
23.0 |
4 048,3 |
30,6 |
2-категориялы сенімсіздік- |
112,7 |
1.0 |
582,8 |
4,4 |
3-категориялы сенімсіздік- |
236.1 |
2.1 |
406,0 |
3,0 |
4-категориялы сенімсіздік- төлемдерді мерзімінде төлемеу және толық өтемеу |
39,0 |
0.3 |
130,9 |
1,0 |
5-категориялы сенімсіздік |
51,2 |
0.5 |
104,8 |
0,8 |
Үмітсіз |
97.9 |
0,9 |
131,3 |
1,0 |
Ақпарат көзі: Банки Казахстана // Финансовый сектор 2007г. №2, 2008
Банктердің несие портфелі құрылымында қарастырылып отырған мерзімде стандартты несиелер бөлігі 52,7%дан 42,6%-ға азайды, күмәнді несиелер бөлігі 45,7% дан 56,0%ға дейін көбейді, үмітсіз несиелер бөлігі 1,4%ды құрады.
Кесте 3 - Несиелік портфель сапасының динамикасы
Несиелік портфель сапасының динамикасы |
01.01.07 |
01.12.07 | ||
Нег.борыш сомасы млд тенге |
% қорытынды |
Нег.борыш сомасы млд тенге |
%қорытынды | |
Барлық несиелік портфель |
5 991.8 |
100 |
8 806.0 |
100 |
Стандартты |
3 154,4 |
52.7 |
3 750,6 |
42,6 |
Сенімсіз |
2 743.4 |
45.7 |
4 932,8 |
56,0 |
1 категориялы күмәнді - төлемдерді толық және мерзімінде төлеу |
2 332,0 |
38.9 |
3 730,4 |
42,4 |
2-категориялы күмәнді – уақытын өткізу және төлемді толық өтемеу |
109.8 |
1.8 |
579,7 |
6,6 |
3-категориялы күмәнді - төлемдерді мерзімінде, толық өтеуі |
214.7 |
3,6 |
395,9 |
4,5 |
4-категориялы күмәнді - төлемдерді мерзімінде төлемеу және толық өтемеу |
38.1 |
0,6 |
127,7 |
1,4 |
5-категориялы күмәнді |
48.8 |
0.8 |
99,1 |
1,1 |
Үмітсіз |
94.0 |
1.6 |
122,7 |
1,4 |
Ақпарат көзі: Банки Казахстана // Финансовый сектор 2007г. №2, 2008
2007жылдың басында екінші деңгейлі банктердің міндеттемелерінің жалпы соммасы 2 142,3 млрд теңгеге көбейіп (26,8%), есеп беру кезеңінің аяғында 10 143,9 млрд теңгені құрады.
Банк міндеттемелерінің айтарлықтай ұлғаюына клиенттер алдындағы міндеттердің көбеюі үлкен ықпал жасады, сөйтіп ол 6 372,2 млрд теңгеден 1 642,8 млрд теңгеге дейін көбейді.
Заңды және жеке тұлғалардың алдындағы міндеттемелер 2007 жылдың басында 1 664,2 млрд теңгеге немесе 35,3%ға көбейіп, 2007 жылдың 1 желтоқсанында 6 379,1 млрд теңгені құрады.
ТАРАУ 3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ДАМУЫ
Банктік қызметтер, оның ішінде несие беру мен салымдарды тарту халық арасында әрқашан жоғары сұраныста, ал қазіргі қаржы рыногының барлық бағыттары сапалы дамып және оның активтері өсіп отырған кезде бұл үрдіс бұрынғыдан да өсе түсуде.
Несиелер пайызы төмен,
депозиттер бойынша – жоғары, ресімдеудің
қарапайымдылығы, сондай-ақ түрлі сыйақылар
мен бонустар алу мүмкіндігі сияқты
маркетинг шешімдермен
Ірі банктер офистерінде несие алуды және сәтті депозит орналастыруды қалағандар кезегі тізілуде. Жалпы қарағанда, несиелер ақысы төмендеп, клиент банктің кредиттік саясаты талабына сәйкес келсе оның сұранысын заем қаражаты есебінен қанағаттандыру әбден мүмкін, ал сақталған ақшаны банкке салу одан да оңай сияқты.
Алайда Қаржы қадағалау агенттігіне түсіп жатқан өтініштерді қарау тәжірибесі, жекелеген қазақстандық банктердің шарттарын зерделеуі несие алу, өтеу және қайтару, сондай-ақ депозиттер бойынша сыйақы алу процесінде көпшілік осы қызметтердің нақты бағасына риза бола бермейтінін көрсетуде. Қатардағы клиенттердің көбісі шартқа қол қояр сәтте банк қызметінің нақты бағасы қандай екенін білмейді.
Сондай-ақ Агенттікке соңғы жылдарды келіп түскен, оның ішінде Президент Әкімшілігі, Парламент, Үкімет, Прокуратура және басқа мемлекеттік органдардан қайта жолданған шағымдар мен өтініштердің статистикасы бойынша, жылына олардың 31 %-дан 42 %-ға дейін банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын банктік емес ұйымдардың қызметіне байланысты болып келеді. Ал соңғылардың ішінде 45 %-дан 63 %-ға дейін несиелер мен депозиттер ұсыну немесе соған сәйкес қызмет көрсетуге байланысты.
Шағымдар көрсеткендей, клиенттер шарт жасасып болғаннан көп уақыт кейін төлемдердің қаншасы банктің сыйақысына, қаншасы негізгі берешекті төлеуге жұмсалатынын, берешек өте баяу азаятынын түсіне бастайды. Бұл ретте клиенттер берешектерін дер кезінде төлеуге қиналып, бағалардың өсіп, жалақы берешекті төлеу түгіл күнделікті шығыстарға да жетпейді деп шағымданады. Депозиторлар негізінен банк сыйақысының төмендігіне шағым жасайды.
Банк несиесі немесе салымы (шоты) туралы шарттарына қол қоярда клиенттердің шатасуына бірнеше себеп бар.
Оның бірі — банктер өз тәжірибесінде есептеу тетігі түрлі сыйақы мөлшерлерін қолданған: жылдық қарапайым сыйақы мөлшері, “жылына” сыйақы мөлшері, капиталдаумен және капиталдаусыз. Бұл мөлшерлердің мән-мағанасы арнайы есептер жүргізбей, таза күйінде салыстыруға келмейді және клиенттерге банктердің түрлі сәйкес өнімдерінің құнын салыстыруға мүмкіндік бермейді.
Мысалыға, қатардағы клиентке
басқа жағдайы тең кезде: “жылдық
сыйақысы 9%” және “жылына 9% сыйақымен”
деген несиелердің қайсысы
Басқа себеп – банктер клиенттерден түрлі жанама қызметтерге төлемдер алады. Мысалға, кеңес беру, өтініштерді (құжаттарды) қарау, несие беру, кепілге қоятын мүлікті бағалау, түрлі шоттарды ашу және жүргізу, несиені қолма-қол ақшаға айналдыру және т.б. үшін. Немесе бірнеше “байланысты” қызметтер көрсетеді, мысалы, банкте депозит болған жағдайда ғана несие береді. Бұл төлемдер мен “байланысты” қызметтер сыйақы мөлшерін есептеу кезінде есепке алынбаған, осыдан келіп клиентті қызметтің шынайы құны жайында шатастырған.
Мысалыға, банк несиенің
жылдық мөлшері 30% деп жариялайды, бірақ
шарт мерзімінде барлық төлемдер мен
комиссияларды есептегенде
Себептің тағы бірі, банктер
жиі тұтынушыларға олар төлейтін
қосымша комиссиялар мен
Банк бизнесінің ерекшеліктерін
қарайтын болсақ, әрбір несие, оның
ішінде бірінші кезекте кепілсіз
және кірістері растаусыз, қайтарылу
тәртібі қарастырылмаған
Бәсекелестік өсіп отырған кезде банктер клиенттерді барынша көп “жаулап” алуға тырысуы таңқаларлық емес. Өкінішке орай, бұл ретте шектен тыс қатаң, кіріптарлық (кабалдық) тәсілдер де қолданылады: несиелер бойынша шектен тыс биік және депозиттер бойынша төмендетілген пайыздар, негізделмеген комиссиялар енгізіледі.
Қорытындысында клиент толық ақпараттарды ала отырып қабылдағысы келмейтін жағдайлармен шарт жасасады. Осылайша бірқатар тұтынушылардың үлесіне шектен тыс берешектік қам-қаракет ауырлығы түседі.
Бұл жағдайда маңызды екінші жағы бар – төлеуге мүмкіндігі жоқ заемшылар санының өсуі, жекелеген жағдайларда кредиттерді қайтармау банктердің қаржылық тұрақсыздығына және жалпы алғанда қаржы рыногының іріктелуіне себеп болуы мүмкін.
Жаңылу нәтижесінде және/немесе кабалдық жағдайларда жасалған мәмілелер бойынша ҚР Азаматтық кодексі (159-бап) бұл жағдайларды жасалған мәмілелердің заң күші жоқ деп тануға негіз болуы мүмкін деп таниды.
Тараптар мәміленің заңсыздығы туралы келісімге келмеген жағдайда, мәміле мүдделі тұлғалардың, тиісті мемлекеттік органдардың немесе прокурордың (Азаматтық кодекстің 157-бабы) талап-шағымдары негізінде сот арқылы заңсыз деп табылуы мүмкін.
Жасалған мәмілелердің заңсыздық туралы талап-шағым мерзімі осыған сәйкес күштеу/қауіп тыйылған немесе талапкердің білген немесе білуі тиісті күннен бастап бір жыл ғана құрайтынын есепке алу керек (Азаматтық кодекстің 162-бабы).
Бірақ анық, заңға сәйкес шартқа қол қойылғаннан кейін тараптардың өзара келісімісіз өзгерту немесе мәмілені жарамсыз деп тану өте қиын, кейде мүмкін емес. Дегенмен, клиенттердің жоғалтатын ештеңесі қалмаған кезде барлық мүмкіндікті пайдалану керек.
Бұдан шығудың жолы: тұтынушыларға банктік пайыздар мәнін әділ бағалап және оларды салыстыруға мүмкіндік беру қажет. Осы мақсатта барлық шығындар (комиссиялар мен төлемдер) мен кірістерді есепке алатын пайыздық теориясының ерекше маңызы бар. Соның арқасында банктік пайыздарды нақты, әділ бағалау мүмкін.
Әлемдік тәжірибеде пайыздарды салыстыру, немесе салыстыра отырып қарау тиімді пайыздық мөлшерін жылдық түрде көрсету арқылы қамтамасыз етіледі, экономикалық әдебиетте – APR (annual percentag rate of іnterest) деп аталады. APR ссудалар мен кредиттер бойынша банктік пайыздарды бірыңғай әдіспен білдіруге және олардың көлемін салыстыруға мүмкіндік береді.
APR-ды жария ету,
немесе “жеке кредиттеу”
Қазақстанда осы тектес талаптар Агенттікке түскен шағымдар мен өтініштерді зерделеу нәтижесі бойынша және банк секторын одан әрі реформалау шеңберінде халықарлық стандарттарға сәйкес “Банктер және банк қызметі туралы” Заңмен бекітілген. Аталған заңға 2005 жылдың 23 желтоқсанында енгізілген өзгерістерде банктердің таратылатын ақпараттарында сыйақы мөлшері аталған жағдайда оны шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы (Жылдық тиімді мөлшері) саналған түрде көрсету міндеттері бекітілген.
Заңның осы нормасын орындау үшін 2006 жылдың 1 сәуірінен бастап Қаржы қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы №2 қаулысымен бекітілген қаржы қызметтері бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы ақпараттарды тарату кезінде сыйақы мөлшерлемесін екінші деңгейдегі банктердің санауы туралы ережесі (Ереже) қолданды.
Информация о работе Банк жуйесінің құрылымы мен қызметіне талдау жасалған