Банк жуйесінің құрылымы мен қызметіне талдау жасалған

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 20:41, курсовая работа

Описание работы

Соңғы онжылдық біздің еліміз үшін «өзгерістер дәуірі» болды. Елімізде көпукладты нарықтық экономиканы қалыптастыруға бағытталған толық ауқымды реформалар жүзеге асырылады. Мұнда күшті де серпінді дамыған банк секторын жасау маңызды рөл атқарады. Бұл кезең тарихта банк секторы ішіндегі бүкіл қарым – қатынас жүйесін, яғни Ұлттық банк тарапынан басқару және бақылау саясатын түбегейлі өзгерткен монобанктік жүйеден наріықтық экономика талаптарына жауап беретін қазіргі заманғы жаңа банк секторына көшу, әмбебап банктер жүйесін қалыптастыру кезеңі болды. Бірақ мұның барлығы банкир психологиясын өзгертпейінше жемісін бермек емес.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

ТАРАУ 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ....................................................................................5

Банк жүйесінің мәні, белгілері мен типтері....................................................5
Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасуы..............................................11


ТАРАУ 2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ МЕН БАҒАЛАУ..........................15

2.1 Коммерциялық банктердің депозиттік нарығын талдау..........................15
2.2 Банк секторындағы несиелік көрсеткіштерді талдау................................17

ТАРАУ 3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ДАМУЫ...............................................................20



ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................27

ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................................28

Работа содержит 1 файл

КР БАНК ЖУЙЕСИ.doc

— 246.00 Кб (Скачать)

Қазақстан     Республикасының     банк   жүйесінің       қалыптасуы    мен   даму     жолдарын   1 –кестеде    өрнектелгендей     шартты  түрде бірнеше    кезеңге   бөлуге   болады.

Бірінші   кезең.  1917 – 1930   жылдар    аралығы – патшалық       Ресейден     қалған   банк    жүйесін     жаңадан   қалыптастыру    бұл   кезде       әр  түрлі      меншіктегі    банктер    мен   несие    мекемелері     қатар    қызмет    істеді.

Екінші   кезең.   1930 – 1987   жылдар    аралығы – елде   КСРО    Мемлекеттік     банкі    әмбебап    қызмет    атқарды,    яғни    ол  мемлекеттің    Орталық    банкі     ретінде    эмиссиялау   және   несие     беру    қызметімен    қоса     клиенттерге    де   қызмет    көрсетті.

Үшінші   кезең.  1988 – 1991    жылдар   аралығы – елде    мемлекеттік   маманданған     банктердің     құрылуы,   яғни   КСРО    Мемлекеттік     банкі 

« банктердің     банкісі  »   ретінде     эмиссиялық,  ереже,  нұсқау   және   т.б.    нормативтік    актілер     шығарушылық,   бақылау   және    басқа   қызметтермен   шұғылданып, ал    маманданған    банктер   экономиканың    әр  түрлі   салаларына     қызмет     көрсетті.  Сонымен   бірге  1990   жылдың   басында    кооперативтік    және   коммерциялық    банктер   де    құрыла   бастады.

Төртінші   кезең.  1991  жылдан    қазіргі    уақытқа     дейін – нарықтық    банк   жүйесінің    қалыптасу    кезеңі,  яғни    тәуелсіз     республиканың     нарықтық    қатынастарға    өту     жағдайында    екі   деңгейлі    банк   жүйесінің    пайда   болуы    және    дамуы.

Қазіргі      уақытта    экономикасы     нарықтық     типпен    дамыған       мемлекеттердің      барлығында      дерлік    екі   деңгейлі    банк    жүйесі    құрылып,  белсенді     түрде   одан    әрі    өрістеуде.  Оның   бірінші     деңгейінде    эмиссиялық,  қадағалау,    нұсқау   ереже     шығару,  рұқсат  

ету   және    сол      сияқты     басқа    қызметтермен      шұғылданатын,  ал   екінші     деңгейінде     клиенттерге    қызмет     көрсететін     коммерциялық    банктер   орналасқан.  Бұл    елдердің   тәжірибесі     дәлелдегеніндей   

олардың    банк   жүйесі    ақша    айналымын      ұйымдастыратын    орталық    банкпен,  ал    кәсіпорындарды,   ұйымдарды    және    халықты     несиелейтін    коммерциялық    банктерден   құрылған.

Банктерді     эмиссиялық     және    іскерлік   (  коммерциялық  ) деп    бөлу   Қазақстан    мемлекетінің     жаңа    экономикалық       механизмін    құруға    септігін    тигізуде.    

Маманданырылған банктер  құрылымы әкімшілік – аумақтық принцип    бойынша  түзілді.   Одақтас  республикаларда республикалық    банктер,   өлкелер мен облыстарда  басқармалар  ұйымдастырылды.   Аудан  немесе  қала  деңгейінде  банктердің  өз   мекемелері      болды.   Олар  әуелгіде мынадай    принцип бойынша   құрылды:   ауданда    клиенттері  осы ауданда    басым    болатын   мамандандырылған    банктердің    бірінің   бір    мекемесі    болды.  КСРО Сбербанкінің мекемелері ауданда, колхоз бен совхозда    орналасқандықтан,  бұл ережеден тыс болды.  Мамандандырылған    банктердің    ( Сбербанктен    басқалары  ) төменгі     буыны      мамандануына    қарамастан     аталған    ауданның    барлық    клиенттеріне   қызмет    көрсетті.  Шын   мәнінде    банктердің    мамандандырылуы    басқару    деңгейінде    ғана     көрінді,   ал   төменгі     буындар    әмбебап   несие    мекемелеріне    айналды.   Оларға    ауданның    барлық   клиенттеріне,  яғни   барлық    саладағы    кәсіпорындарға     қызмет   көрсетуге    тура   келді.

Ресей     мемлекеттік    банкі   ( өз   қызметін  1860   жылы   бастаған )  бүкіл    несие   жүйесінің   Орталық    банкі   болды. Оған   қағаз   ақшаларды   айналымға   шығарудың    монополиялық    құқығы    берілді.  Ресейдің    Мемлекеттік    банк  1914  жылы    барлық    акционерлік    коммерциялық   банктердің    салымдары   мен   ағымдағы    есептерінің    жартысынан   астамын, есеп – ссуда   операцияларының  1/3 –ке жуығын   өзіне    тартқан   еді. Өзге   елдердің   эмиссиялық     банктерінен    бір   өзгешелігі,  Ресейдің    Мемлекеттік   банкі    банктерді    ғана   емес,   сондай – ақ    өнеркәсіпті,  тсауданы,   дайындауды   да   несиеледі.  1914  жылға    таман   оның   10  кеңсесі,  124   бөлімшесі   мен    мемлекеттік   қазынашылықтың   791   тіркеме     кассасы     болды.

Қазақстан    банк  жүйесінің   қалыптасу   процесінің    тарихы    әріде   жатыр.  Қазақстан   банк   жүйесінің     тарихы    революцияға    дейінгі   Ресей   мен   КСРО    тарихымен   тығыз    байланыста. Патшалық   Ресейдің    банк  жүйесіне   мыналар   кіреді:   Мемлекеттік   банк,  акционерлік   банктер,  өзара кредит    қоғамдары,   қалалық   банктер,  ипотекалық   кредиті   банктері   және   басқа   кредит    мекемелері.           Ресей     мемлекеттік    банкі ( өз   қызметін  1860   жылы   бастаған ) бүкіл  кредит     жүйесінің  Орталық   банкі   болды. Оған   қағаз    ақшаларды   айналымға     шығарудың   монополиялық     құқығы    беріледі.  Ресейдің   Мемлекетттік   банкі 1914 жылы барлық акционерлік   коммерциялық    банктердің    салымдары    мен   ағымдағы    есептерінің жартысынан  астамын, есеп  -  ссуда   операцияларының 1/3 –ке   жуығын   өзіне   тартқан   еді. Өзге  елдің эмиссиялық банктерінен бір өзгешелігі, Ресейдің    Мемлекеттік    банкі банктерді ғана  емес,  сондай  -  ақ   өнеркәсіпті,  сауданы,  дайындауды да несиеледі. 1914 жылға таман оның 10 кеңсесі, 124 бөлімшесі және мемлекеттік қазынашылықтың  791 тіркеме   кассасы   болды.                

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТАРАУ 2.  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ МЕН БАҒАЛАУ

 

2.1 Коммерциялық банктердің депозиттік нарығын талдау

 

Шаруашылық жүргізуші  субъект ретінде   кез  келген    қаржы  институты    өзінің  жарғылық  қызметін  жүзеге  асыру    үшін   қаржы   ресурстарын,  яғни    ғимараттары, техника мен технологияны сатып алу, айналыс  капиталын     қалыптастыру, резервтер   құру,   еңбекақы  төлеу,  бюджетке  аударымдарды   аудару    және  т.б.   үшін   қаражат көздерін  қажет   етеді.   Мұндай   шығындар    өз   қаражат есебінен де  негізгі   бөлігін   әр  үрлі    жеке  және   заңды     тұлғаларды салым   ақшалары  немесе   депозиттері    құрайтын   қарыз   есебінен  де   қаржыландырылады. Депозиттік операциялар   алғашқыда   алтын   тиынды сақтаудың  формалары   түрінде, яғни   оларды   ақша   сарайларында,   менялдарда (айырбастауларда)  және  т.б.  көбірек   жинақтау   мақсаттарында   пайда  болды.  Сақталғаны  үшін   иесі   белгілі   бір  сыйақы    төлеуі  қажет  болатын. Клиенттің тілегі  бойынша  менялдарда    өзіне    сеніп   тапсырылған   тиынның   нақ   өзін   сақтауға    кепілдік   беретін. Мұндай    жағдайда   олар   алынған   тиындармен   ссудалық   операцияларды    жүзеге  асыра    алмайтын,

олар   иелеріне    ақша   пайызын   төлетіндей   пайда   ала  алмайтын. Уақыт   өте   келе    олардан   нақ   сол   тиындарды   қайтару   талап  етілмей,   орналастырылған     ақшаның   сомасы    ғана  қайтарылатын.  Сақтау  мерзімі

де   ұзартылатын.  Егер   осыған   дейін   менялдар    несиені   тек  өз   капиталына   қарай   беріп   келген  болса,  ендігі  жерде несие   ұсыну,   ссудаға   пайыз   алу   және  ақша   иелеріне   өз   сомасының    бір бөлігін   төлеу    үшін   қарыз   қаражатын    пайдаланудың    мүмкіндіктеріне   ие   болды.

Бүгінгі   таңда     депозиттік    операциялардың  сан   алуан    түрлері мен   формалары    бар.  Олар    елдер бойынша   айтарлықтай   сараланған.   Алайда,   әрбір   қаржы    институттарының    артықшылықты    міндеттерінің   біріне – бұрынғыша     несиелік    ресурстардың   негізгі   көзі   ретіндегі    депозиттік   базаларды    кеңейтіп,   салымшыларды    көптеп     тарту   жатады.

          2008 жылы депозит нарығы жақсы  көрсеткіштермен ерекшеленді. 2008 жылы  екінші деңгейлі банктердің резиденттерінің  депозиттерінің жалпы көлемі 88,4%-дан 3115 млрд. теңгеге дейін өсті. Оған қоса заңды тұлғалардың депозиттері 2007 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 94,4 %-дан 2073 млрд. теңгеге өсті, ал жеке тұлғалардың депозиттері 77,4%-дан 1042 млрд. теңгеге өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттер 2008 жылы екі есеге, 2028 млрд. теңгеге дейін өсті, ал шетел валютасында 57,0 %-ға жоғарылап, 1087 млрд, теңгені құрады.

Халықтың салымдары  банктерде 2008 жылы 12 ай ішінде 76,8%-дан 1055 млрд. теңгеге дейін өсті. Халықтың салымдары құрылымында теңгелік депозиттер 2 есе, 706,4 млрд. теңгеге өсті, ал шетел валютасындағы депозиттер 22,6 %-дан 348,8 млрд. теңгеге өсті. Нәтижесінде теңгелік депозиттер желтоқсан айымен салыстырғанда 2007 жылы 52,3%-дан 66,9%-ға дейін өсті.

Бүгінгі  таңда  коммерциялық банк  депозиттерінің  құрылуы  ең  бір  жан – жақты  қарастырылатын  мәселелердің  бірі  болып  табылады. 2008  жылдың  1 наурызына  берілген  мәліметтер  бойынша  екінші  деңгейлі  банктердің 38-і Ұлттық банк операцияларының лицензиясын алып отыр.  Соның  ішінде мемлекет аралық 1 банк, мелекеттік 1 банк және шетел қатысушыларымен  15 банк.

Сонымен банктер даму стратегиясын халықаралық  көрсеткіштерге  сай жүргізеді. Бұл жайт ішкі ресурстарды  тарту саясатын  жүргізуге  көмектеседі. Себебі банктердің қорларының көбі халық  және өнеркәсіптердің  депозиттерге ақша салуымен құралады. Банк  жүйесі  кез-келген  нарық  экономикасында  4 негізгі  функция  орындайды:

Біріншіден,  банк қысқа  мерзімді  депозиттерді  құра  отырып  салымды  ұстаушылар  мен  инвесторлар арасында орта және ұзақ  мерзімді  несие  беру  арқылы  байланыс  жасап  отырады.

Екіншіден, қолма-қол  ақшаларды тарту арқылы,  яғни несие қоры  жүйесін құрады, сол  арқылы айналымдағы ақша массасын көбейтіп  отырады.

Үшіншіден, депозиттік және несие саясаты экономикадағы  ақша  ұсынымына  әсер етеді.

Төртіншіден, Орталық  банктің бекіткен талабымен жұмыс  істеу  арқылы  банктер  оған  ақша  несие  саясатын  жүргізуге  көмектеседі.

          Банктер халық алдында кез-келген функцияларды  орындай алады  мысалы, клиенттің 1-ші сұранымы бойынша талап етілгенге дейінгі  депозиттерді қолма қол  ақшаға айналдырады, ал мерзімді депозиттерді  жинақ  салымына  айналдыра  алады.

          Банктер сонымен қатар өз қорының  бір бөлігін қолма-қол ақша  түрінде  ұстайды. Себебі кез-келген уақытта депозиттердің клиент сұранымы  бойынша  ақшаны  айырбастайды.

Банктердің сонымен  қатар өз қорының бір бөлігін  қолма-қол ақша  түрінде ұстайды. Себебі кез-келген уақытта депозиттердің  клиент сұранымы  бойынша ақшаны айырбастайды.

          Банктердің негізгі тартылатын  депозиттерінің көлемі  мына  4 факторға  байланысты:

  1. халықтың  ақша  кірісінің  көлеміне
  2. банк  жүйесіне  халықтың  сенімділігіне
  3. салым  бойынша  нақты  пайыз  мөлшеріне

4) банктің мемлекетте даму жүйесіне және қаржы жағдайына.

Халықтың ақшалай пайдасы  жоғары болса, халық  оны  тек  жұмсамай  сонымен  қатар  жинақ  қорына  салуға  да  мүмкіндігі  бар. Сонымен  халық  пайдасының  өмір  сүру  деңгейі  минимумынан  асуы  оларды  жинақтауға итермелейді. Халықтың банкке деген сенімділігін арттыру негізгі бір факторлардың бірі. Себебі олар банктің төлем қабілеттілігі жоғары  болуында  өте  сенімді  болу қажет.

2008 жылы қаңтар айында  банк жүйесіндегі резиденттердің  депозиттерінің жалпы көлемі, 2007 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 3,4 %-дан 3008,7 млрд. теңгеге төмендеді. Заңды тұлғалардың депозиттері 5,5 %-дан 1959,4 млрд. теңгегетөмендеді, ал жеке тұлғалардың депозиттері 0,7 %-дан 1049,4 млрд. теңгеге өсті.

 

2.2 Банк секторындағы несиелік көрсеткіштерді талдау

 

Банк секторының дамуы көбінесе ел экономикасының жағдайымен белгіленеді. Экономиканың шапшаң өсуі жағдайында банк секторы, әдетте, неғұрлым жоғары қарқынмен дамиды. Сондай-ақ банк секторының мөлшері мен қызметтік мүмкіндіктері, негізінен, өңірдің экономикалық жай-күйімен белгіленеді.

2007 жылдың 1 желтоқсанындағы  жағдайға байланысты Қазақстанда  екінші деңгейдегі 33 банк жұмыс  істейді, соның ішінде Алматы  қаласында 31 банк, 34 филиал және  банктің 336 есеп-касса бөлімдері  орналасқан.

Екінші деңгейлік банктердегі 1есептік, меншіктік жиынтық капиталдың  мөлшері ағымдағы жылдың басында  591,7 млрд. теңгеге (50,6%) көбейіп, 2007 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 1 760,3 млрд. теңгені құрады. Бірінші деңгейдегі капитал 56%-ға дейін көтеріліп, 1 273,5 млрд. теңгені құраса, екінші деңгейлік капитал 41,6% ға көтеріліп, 545,7 млрд. теңгені құрады

2007 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша жеке капиталдың көрсеткіштері өзгерген жоқ және k1-0,11-ды құрады. (қалыпты жағдайда ол- 0,06) (банктік холдинг қатысушысы болып есептелетін банк үшін норматив-0,05), k2 -0,14 (норматив кезінде-0,12), (банктік холдинг қатысушысы болып есептелетін банк үшін норматив- 0, 10).

Кесте 1- Жеке капиталдың сәйкестік көрсеткіштері

Жеке  капиталдың сәйкестік көрсеткіштері

01.01.07

01.12.07

Бірінші деңгейлік жеке капиталдың сәйкес активтерге қатысы (k1)

0,09

0,11

Жеке капиталдың активтерге және қауіп дәрежесі бойынша есептелген баланстық емес міндеттерге қатысы (k2)

0,15

0,14

Несие құжатына жеке капиталдың қатысы

0,20

0,20

Жеке капиталдың қалыптасқан  азық-түлікке қатысы

3,91

3,59

Жеке капиталдың күмәнді несиеге қатысы

0,43

0,36

Жеке капиталдың үмітсіз  несиеге қатысы

12,43

14,35

Информация о работе Банк жуйесінің құрылымы мен қызметіне талдау жасалған