Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 20:41, курсовая работа
Соңғы онжылдық біздің еліміз үшін «өзгерістер дәуірі» болды. Елімізде көпукладты нарықтық экономиканы қалыптастыруға бағытталған толық ауқымды реформалар жүзеге асырылады. Мұнда күшті де серпінді дамыған банк секторын жасау маңызды рөл атқарады. Бұл кезең тарихта банк секторы ішіндегі бүкіл қарым – қатынас жүйесін, яғни Ұлттық банк тарапынан басқару және бақылау саясатын түбегейлі өзгерткен монобанктік жүйеден наріықтық экономика талаптарына жауап беретін қазіргі заманғы жаңа банк секторына көшу, әмбебап банктер жүйесін қалыптастыру кезеңі болды. Бірақ мұның барлығы банкир психологиясын өзгертпейінше жемісін бермек емес.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
ТАРАУ 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ....................................................................................5
Банк жүйесінің мәні, белгілері мен типтері....................................................5
Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасуы..............................................11
ТАРАУ 2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ МЕН БАҒАЛАУ..........................15
2.1 Коммерциялық банктердің депозиттік нарығын талдау..........................15
2.2 Банк секторындағы несиелік көрсеткіштерді талдау................................17
ТАРАУ 3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ДАМУЫ...............................................................20
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................27
ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................................28
Халықаралық банк
тәжірибесі тарихы банк
жүйесінің бірнеше түрін
біледі: - орталықтандырылған бөлуші
банк жүйесі; - нарықтық банк жүйесі; - өтпелі кезең
жүйесі.
Банк нарығындағы ахуалды өзгертудің шетел банктерін Қазақстан нарығына жіберу, қаржы жағдайы мүшкіл қазақстандық банктерді олардың сатып алуына жағдай жасау болып табылады.
Банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін депозиттерді ұжымдық сақтандыры қоры құрылды. Екінші деңгейдегі барлық депозиттік банктер оған мүше болып табылады.
Банк реформасы ауқымында банктердің бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына көшуі жөніндегі Орта мерзімді бағдарламасы жасалды. Қазақстан Республикасының банктерінде және өзге де несие мекемелеріндегі бухгалтерлік есеп пен епептілік саласындағы бірыңғай әдістемелік саясатты қамтамасыз ететін банк жүйесінің бухгалтерлік есебін реформалау аяқталды деуге болады.
Банк реформасы барысында толығымен орындалады. Қазіргі таңда 34 банк қалды. Олардың барлығы халықаралық стандарттарға көшті және бұларда бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігі халықаралық стандарттар бойынша жүргізіледі. Екінші деңгейдегі банктерде бухгалтерлік есепті автоматтандыруды жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасын табуда.
Қазіргі таңда Қазақстанның барлық банктері, соның ішінде Ұлттық банк қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізіп, қаржы септілігін түзуде.
Қазақстан Республикасының егемен мемлекет ретінде дамуы, оның экономикалық қауіпсіздігі, мемлекеттік билік органдары мен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің үзбей және тиімді жұмыс істеуі елдің стратегиялық маңызы бар банк жүйесінің жай – күйі мен тұрақтылығына әрі орнықтылығын қамтамасыз етуі мәселелеріне тікелей байланысты болады.
Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейден жоғарғы және төменгі деңгейден тұрады.
Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы ( бірінші ) деңгейі егемен Қазақстанның орталық банк болып табылатын Қазақстан Ұлттық Банкінен тұрады.
Мемлекеттің монетарлық билігінің және мемлекеттік банктік менеджменттің басты органы Қазақстан Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық – қаржылық мүддесін тиісінше қамтамасыз етуге ат салысады.
Қоғам мен мемлекеттің мүддесіне сай инвестициялық – қаржылық және несиелік құзыреті бар Қазақстанның Даму Банкі өзінің ерекше құқықтық мәртебесіне орай деңгей аралық мемлекеттік банк ретінде көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасы банк жүйесінің төменгі ( екінші ) деңгейін:
1. мемлекетаралық банктер;
2. Қазақстан Республикасының резидент банктері ( заңды
тұлғалары – коммерциялық ұйымдары);
3. Қазақстан Республикасындағы
4. шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының резидент банкі – аралық капиталы бар банктер құрайды;
Қазақстан Республикасының осындай нарықтық үлгідегі банк жүйесінің құрылуы және оның нормативтік құқықтық негіздерінің айтарлықтай қалыптасуы елімізде үзбей жүргізіп жатқан экономикалық және құқықтық реформаның жемісті нәтижесінде жатады.
Қазақстан Республикасы банк жүйесінің нормативтік құқықтық негізін құрайтын банктік заңнамалық актілердің, сондай – ақ банк секторына қатысты бар өзге де заңнамалық актілердің нормаларының өзара генетикалық, функционалдық және құрылымдық байланыстары банктік заңнаманың банк жүйесі ауқымында жүзеге асырылатын банктік қызмет барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды жан – жақты реттей алатынын көрсетеді.
Банк жүйесінде жүргізілетін әр алуан банктік ( операциялық ) қызметтің ұйымдастырылу ерекшелігі және ресурстық – ұйымдастыру негізі банк жүйесінің экономикалық, сондай – ақ заңнамалық негізін құру процесінде айқындалады.
Сонымен Қазақстан Республикасының бүгінгі банк жүйесінің сипаттамалық белгілері мынадай көрініс табады:
сондай – ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен регламенттелінеді;
8. Банк жүйесі мемлекеттің экономикалық саясатын іске асыруға
айтарлықтай септігін тигізеді және дүниежүзілік экономика аясындағы халықаралық банк жүйесімен өзара тиімді қарым қатынас механизмін құрады:
9. Банк жүйесі мемлекеттік меншікті реформалауға, баға
тұрақтылығын және ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз
етуге септігін тигізеді, сондай – ақ инфляцияны төмендетуді
нәтижелейді;
10.Банк жүйесінің жұмыс істеуі несиелік – қаржылық қызметтер
көрсетуді тиісінше ұйымдастыру барысында экономикалық, салалық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен тығыз байланыс арнасында көрініс табады;
11.Жоғарғы және төменгі деңгейлі банк жүйесі Қазақстан Ұлттық
Банкінен, Қазақстанның Даму Банкінен, Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ банкінен, коммерциялық банктерден, мемлекетаралық банктерден, банктік инфрақұрылымнан және банктік рыноктан тұрады.
Бүгінде нарықтық талаптарға және халықаралық банктік стандарт
ережелеріне сай жетілдірілген Қазақстан Республикасынын банк жүйесіндегі барлық банктер бірыңғай несиелік – қаржылық механизм ауқымында өзара іс - әрекеттері мен өздеріне тиесілі кәсіби қызметін, экономикалық – қаржылық банктік операцияларын жүзеге асыруда.
1.2 Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасуы
Кеңес үкіметі тұсында Қазақстан одақтас республикалардың бірі болғандықтан оның дербес банк – несие жүйесі болған жоқ. Қазақстан территориясында КСРО –ның орталықтанған банк –несие жүйесінің филиалдары мен бөлімшелері қызмет көрсетті. Сондықтан Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерісіне дейінгі патшалық Ресейдегі және КСРО – ның банк жүйесінің тарихымен тығыз байланысты.
Ресейдегі банк жүйесі батыс елдердің банк жүйесіне қарағанда әлқайда кеш қалыптаса бастап, өз даму жолында бірнеше кезеңдерден өтті. Алғашқы банктер XVIII ғ. екінші жартысында мемлекеттік ( қазыналық ) банк түрінде пайда болып, XIX ғ. аяғы және XX ғ. басында Ресейдің банк жүйесі негізінде мынадай банк – несие мекемелерінен құрылды:
Бұлардан басқа банктік операциялардың көпшілігін жүргізіп, сонымен қатар жоғары қауіпті операциялар жүргізу үшін клиенттердің қаражатын тартумен шұғылданатын банктік кеңселер, сауда үйлері, айырбастау дүкендері болды.
1917 жылы қазан төңкерісінен кейін банк ісін ұйыдастыруды мемлекет монополиялы түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктірілді. Сонымен қатар Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында кооперативтік жеке, мемлекеттік – капиталистік, шетел капиталының қатыуымен мемлекеттік және басқа банктер құрыла бастады. 1922 жылы Тұтыну кооперациясының банктері және Өнеркәсіп банкі құрылды.
1924 жылы акционерлік қоғам үлгісіндегі Сыртқы сауда банкі құрылып, оның акционерлері мемлекет, кооперативтік және қоғамдық ұйымдар болды. Ол КСРО – ның Мемлекеттік банкісінің құрамында болып, сыртқы сауда операцияларын және халықаралық есеп айырысу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп 1925 жылы КСРО –да Мемлекеттік банк, Өнеркәсіп банкі, Сауда банкі және Ауыл шаруашылық банкі болды. Сондай – ақ Орталық коммуналды банкі
( Цекомбанк ), Кооперативтік банк ( Всекобанк ) және акционерлік, салалық, аймақтық ( Қиыр Шығыс, Орта Азия ) банктер құрылды. Ұзақ тауарлы өндірістің дамуына байланысты өзара несиелеу қоғамдары ауыл шаруашылығын несиелейтін қоғамдар, жинақ кассалары, несиелік кооперативтер пайда болды.
1927 жылы КСРО Орталық атқару комитеті мен Халық комиссариаты Кеңесінің « Несие жүйесін құру принциптері
туралы » қаулысына сәйкес бүкіл банк жүйесін тікелей басқару Мемлекеттік банкке тапсырылды. Сол қаулыға сай маманданған банктер және банктердің проценттік саясат жүргізудегі дербестік құқығы жойылды. Банктер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несие түрлері бойынша да ажыратылды. 1928 жылы Өнеркәсіп банкі мен Электробанкі бірыңғай өнеркәсіп пен Электр шаруашылығын ұзақ мерзімді несиелеу Банкіне біріктірілді. Қысқа мерзімді несиені басқа шаруашылық салаларының бәріне олардың тоқсандық жоспарларына сай Мемлекеттік банк беруі тиіс болды. Жалпы 1927 – 1929 жылдары банктердің өзіне тән мемлзекеттік жоспарлы қаржыландырудың түріне айналды.
Информация о работе Банк жуйесінің құрылымы мен қызметіне талдау жасалған