Бағалы қағаздар

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Июня 2012 в 19:52, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты ретінде Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының теориялық-әдістемелік және тәжірибелік жақтарын зерттей отырып, бағалы қағаздар нарығының даму бағыттарын анықтау болып табылады. Аталған мақсатқа жету барысында зерттеудің алдында келесідей міндеттер анықталған:
- бағалы қағаздар нарығының теориялық пен тәжірибелік мазмұнын қарастыру;
- әлемдік және ұлттық бағалы қағаздар нарықтарының үлгілерін, оны құрушы факторларды зерттеу;
- бағалы қағаздар нарығының дамуы жағдайында Қазақстанда мемлекеттік реттеудің сипатын айқындау;
- ҚР эмиссиялық бағалы қағаздар нарығының жағдайына талдау жүргізу;
- ҚР бағалы қағаздар нарығындағы қатысушылардың өзара байланысының механизмін және олардың қызметіне бағалау жүргізу;
- бағалы қағаздар нарығының даму бағыттары бойынша ұсыныстар беру.

Работа содержит 1 файл

Багалы кагаздар.doc

— 589.50 Кб (Скачать)
       Р

    0,12 

    0,10 

   0,08 

   0,06 

   0,04 

   0,02

   

          0      5     10     15     20     25     30     35     40     45     50                Табыстылық (%)  

   Сурет 13 – Асимметриялық  бөлу

      Ескерту – автормен құрастырылған 

     Бөлу  тығыздығының максимум нүктесі 14%-ды табыстылыққа сәйкес келеді. Мұндай жағдайда талдауда екі параметрді (орта шаманы және стандарттық ауытқуды) қолдану дұрыс емес қорытындыға әкелуі мүмкін. Стандарттық ауытқу ығыстырылған бөлу кезінде тәуекелді нақты сипаттамайды және көп жағдайда күтілетін табыстылықтың оң немесе теріс жақтарының өзгерісін есепке алмайды.

     Орта  шама және стандарттық ауытқудан  басқа асимметриялық бөлу көбінесе қосымша параметрлерді білуін талап  етеді. 

ҚОРЫТЫНДЫ 

    Жүргізілген зерттеулер келесі негізгі қорытындылар мен ұсыныстарды жасауға мүмкіндік  береді:

     1. Қазіргі уақытта бағалы қағаздар нарығының түсініктерін нақтылау қажеттілігі туды. Оларға себеп ретінде мемлекеттің даму қарқынын анықтауда, қаржылық стратегия мен тактиканы белгілеуде бірқатар көрсеткіштердің даму серпініне тәуелділігін қарастыру болып табылады. Осы көрсеткіштердің бірі – бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Сондай-ақ, республикамыздың бағалы қағаздар нарығы мәнінің ғылым бекіткен жіктелімге сай еместігін көрсетеді.

     2. Бағалы қағаздар нарығын талдау нәтижесінде келесідей қорытындыға келеміз. Қор нарығының құралдарының ішінен акциялар шығарылымы жоғары. Бірақ, акциялардың айналысы төмен. Екінші орында облигация шығарылымын жатқызамыз, бірақ эмитенттері ретінде негізінен екінші деңгейлі банктер болып табылады. Үшінші орында – пайлар. Акция мен облигациға қарағанда тәуекелділігі төмен болса да, оларға деген сұраныс төмен.

     3. Республикада бірқатар кәсіби қызмет түрлері қабылданған. Әйтсе де, кәсіби қатысушылар саны жағынан талдау жүргізу нәтижесінде, кейбір қатысушылар санының даму серпіні байқалмайды. Бұл осы кәсіби қызмет түріне деген қызығушылықтың және олардың қызметіне деген сұраныстың төмен болуы деп анықтаймыз.

     4. ҚР-да бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді негізінен 4 кезеңге жіктейміз. Бұл жіктеу бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік реттеуді жүргізетін және қадағалайтын органдарға байланысты. Бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік реттеуді жүргізу кезінде келесідей қағидаларға сүйенуін ұсынамыз.

    - заңнаманы шығару мен оған толықтыру жүргізу кезінде құқықтық негіздің басыңқы дәрежесіне сүйенуі;

    - заңнаманы шығару мен оған толықтыру жүргізу кезінде құқықтық негіздің бір-біріне үйлестіруі және бірігей бағыттарды ұстануы;

    - бағалы қағаздар нарығындағы стратегия мен тактиканы анықтау кезінде нақты қажеттіліктерді және мүмкіндіктерді  ескеруі;

    - бағалы қағаздар нарығының қатысушылар тізімін бекітуде, тек техникалық талаптарды ғана емес, сондай-ақ тиімділік факторын ескеруі.

      5. Эмитенттер бағалы қағаздарды  шығару кезінде белгілі бір  артықшылықтардың және кемшіліктердің  болуын қарастырады. Алайда, келтірілген  талдау нәтижесінде эмитенттердің бәсеңділігін көреміз. Осыған байланысты эмитенттерді ынталандыру факторларын анықтауға қажеттілігі бар. Оларға: рейтингтік шығындарды азайту, листингтік шығындарды азайту және өзара міндетті қатысушылар байланысының шығындарын қысқарту.

           6. Эмитенттер немесе инвесторлардың міндетті өзара байланысы бар қатысушылар санының көп болуы, осы негізгі қатысушылардың бағалы қағаздарды шығару немесе сатып алу ынтасын түсіреді. Осы орайда, бағалы қағаздар ұстаушылар тізімін жүргізу бойынша ұйыммен міндетті шартқа отырудан бас тартуды ұсынамыз. Бағалы қағаздар нарығының листингтік компаниялар ұйымдастырылған нарықта төмен белсенділігінің негізгі факторы ретінде – біз, қатысушылар санына байланысты қаржылық ресурстардың қымбаттығы, яғни бағалы қағаздар бойынша шығындардың жоғарлығын тұжырымдаймыз. Осыған сәйкес, бағалы қағаздар эмитенттері, әсіресе листингтік компаниялардың өз бағалы қағаздарын ұйымдастырылған нарыққа айналысқа енгізу мәселесі бойынша  ұсыныс қарастырамыз.

      Осы бағытты жүзеге асыру мақсатында, листингтік компания үшін жеңілдік ретінде – бағалы қағаздар ұстау тізімін жүргізуді өздеріне беру құқығын анықтаймыз. Сонымен қатар, инвесторлардың қызығушылықтарын қорғау мақсатында бағалы қағаз ұстау тізімін Орталық депозитариймен бірге жүргізуін қарастырамыз. Бұл фактор бағалы қағаздары ұйымдасқан нарықта айналысы жоқ эмитенттерге қарағанда бәсекелестік  артықшылық береді.

     Осы, қадамдарды жүзеге асыруда листингтік компаниялардың биржада немесе басқа  сауда алаңдарында белсенділік танытады деп болжаймыз.

     7. АҚ «Астана-Финанс» және  АҚ «NOMAD» акциялары бойынша әр түрлі деңгейдегі табыстылықты алу үшін ықтималдылықты бөлу нәтижесі келесідей қорытынды береді. Барлық деңгейдегі табыстылық ықтималдылығы нөлден (яғни осы деңгейге жету ықтималдылығы толығымен жоқ) бірлікке (табыстылық алуы) дейін сәйкес келеді. Талдау өзгерістіліктің акция табыстылығының мүмкін болатын мөлшерлеме диапазонымен және табыстылықтың алу ықтималдылығымен  байланыстылығын көрсетеді. Табыстылықтың мүмкін болатын көрсеткіштерінің арасындағы диапазон жоғары болған сайын, соғұрлым акция өзгерістілік көрсеткіші жоғары болады. 

    Диссертация тақырыбы бойыншы  жарияланған еңбектер тізімі 

    1. Система государственного регулирования  рынка ценных бумаг в Казахстане // Конкурентоспособность национальной экономики в условиях глобализации: Материалы международной научно-практической конференции: проблемы и пути ее повышения. – Алматы: Университет Международного Бизнеса, 2004. – с. 137-139., 0,25 п.л.

    2. Зейнетақы жүйесі: отандық және шетелдік тәжірибелер // ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми - сараптамалық журналы "Қоғам және Дәуір», -2006.- №2 (10). -25-28  бб.,  0,5 б.т.

    3. Қаржы саясатын жүргізу бағыттары  және оны іске асырудың шетелдік тәжірибелері // ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми - сараптамалық журналы «Қоғам және Дәуір», -2006,- № 3 (11). - 23-26 бб., 0,5 б.т.

    4. Отандық бағалы қағаздар нарығының  өзекті сұрақтары: опцион және астық қолхаттары // Мемлекет және қоғам: өзара байланыстың жаңа аспектілері: Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Алматы: Тұран Университеті, 2006. – 328-333 бб., 0,3 б.т.

      5. Бағалы қағаздар нарығындағы  сандық-сапалық көрсеткіштердің рөлі және олардың Қазақстан Республикасында сипаты // Бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканың мәселелері және келешегі: Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Алматы:  Халықаралық бизнес университеті,   2006. - 1 бөлім. -118-122 бб., 0,3 б.т.

     6. Бағалы қағаздар нарығындағы  тәуекелдер. Мемлекет тарапынан  бағалы қағаздар нарығындағы  тәуекелдерді реттеу жолдары  // Екінші Рысқұлов оқулары: Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. - Алматы: Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, 2007. – 2 бөлім. - 266-267 бб.,  0,25 б.т.

     7. ҚР бағалы қағаздар нарығындағы пайлық инвестициялық қорлар және олардың қызметін мемлекеттік реттеу ерекшелігі // Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекелестік қабілеттілігінің жағдайы мен  болашағы: өнеркәсіптік маркетингтің, қаржыландырудың және басқарудың қазіргі әдістемесі: Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Алматы: Қ.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2007. - 1 бөлім. - 331-334 бб., 0,3 б.т.

     8. Қазақстан Республикасы бағалы  қағаздар нарығы және оның  үлгілері  // АльПари экономикалық  журналы, 2007, -№ 3-4. - 136-137 бб., 0,2 б.т.

    9. "Қаржы, ақша айналысы және несие" оқу құралы (Р.О. Смағұлова, К.А. Мадыханова, Ж.Ш.Сатыбалдиева авторларымен бірлесіп), Алматы: Экономика, 2008. 28,9 б.т. (өз үлесі 3,75 б.т.)

     10. Қазақстан Республикасы бағалы  қағаздар нарығын мемлекеттік  реттеу: қажеттілігі, алғышарттары  және мәселелері // Қаржы-қаражат  журналы, 2008,  -№5. - 67-72 бб., 0,44 б.т.

     11. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының үлгісі: теориясы және  мемлекеттік реттеуді қолданудың тәжірибесі // ҚазЭУ Хабаршысы, 2008,  -№5. - 72-76 бб., 0,44 б.т.

    12. Бағалы қағаздар нарығының халықаралық үлгілері және Қазақстан нарығында мемлекеттік реттеуді жетілдірудің бағыттары // Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі: ұлттық экономиканы жеделдетілген жаңғырту және корпоративтік құрылымдардың дамуы: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Алматы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 2008. - 2 бөлім. – 208-211 бб., 0,3 б.т. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Тусаева Алия Куанышовна 

Рынок ценных бумаг Республики Казахстан: теория, практика и финансовые аспекты  государственного регулирования 

08.00.10. – Финансы, денежное  обращение и кредит

     Цели  и задачи исследовательской  работы.  Целью  диссертационной работы является исследование теоретическо-методологических и практических сторон рынка ценных бумаг Республики Казахстан и разработка выводов и предложений по его совершенствованию.

     Реализация  поставленной цели предполагает решение  следующих задач:

     - комплексное изучение теоретических  и практических аспектов рынка  ценных бумаг;

     - исследование мирового и казахстанского  моделей рынка ценных бумаг;

     - проведение комплексной оценки  государственного регулирования на рынке ценных бумаг Казахстана;

     - анализ рынка эмиссионных ценных  бумаг Республики Казахстан;

     - рассмотрение механизма взаимодействия  и оценка деятельности участников  рынка ценных бумаг в Республике  Казахстан;

     - разработка практических рекомендаций по совершенствованию рынка ценных бумаг.  

     Предметом исследования является совокупность экономических отношений между государством и участниками рынка ценных бумаг в Республике Казахстан.

     Объектом  исследования является рынок ценных бумаг Республики Казахстан.

      Научная новизна исследовательской  работы.

    Научная новизна результатов исследования заключается в следующем:

    • уточнены подходы рынка ценных бумаг на основе теоретическо-методологического и правового исследований;
    • обоснованы принципы государственного регулирования на основе анализа государственного регулирования рынка ценных бумаг Республики Казахстан;    
    • обосновано значимость стимулирующих факторов для эмитентов рынка ценных бумаг;
    • на основе анализа профессиональных участников рынка ценных бумаг разработана и предложена система реестродержателей ценных бумаг; 
    • предложена методика вероятностной оценки доходности акций.  

      Научно-практическая значимость результатов исследования заключается в том, что полученные теоретические, методические и практические результаты могут быть использованы: при совершенствовании стратегии развития рынка ценных бумаг; при подготовке финансово-кредитных специалистов в высших учебных заведениях.

    Апробация и внедрение научных  результатов. Результаты исследования докладывались и обсуждались в международных научно-практических конференциях: «Конкурентоспособность национальной экономики в условиях глобализации: проблемы и пути ее повышения» (Университет Международного Бизнеса, Алматы, 2004); "Государство и общество: новые аспекты взаимоотношений"  (Университет «Туран», Алматы, 2006); «Проблемы и перспективы конкурентоспособной национальной экономики» (Университет Международного Бизнеса, Алматы, 2006); «Вторые Рыскуловские чтения» (Казахский экономический университет имени Т.Рыскулова, Алматы, 2007); «Состояние и перспективы конкурентоспособности экономики Республики Казахстан: современная методология промышленного маркетинга, финансирования и управления» (Казахский национальный технический университет имени К.Сатпаева, Алматы, 2007); «Конкурентоспособность экономики Казахстана: ускоренная модернизация национальной экономики и развитие корпоративных структур» (Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Алматы, 2008). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Бағалы қағаздар