Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Июня 2012 в 19:52, курсовая работа
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты ретінде Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының теориялық-әдістемелік және тәжірибелік жақтарын зерттей отырып, бағалы қағаздар нарығының даму бағыттарын анықтау болып табылады. Аталған мақсатқа жету барысында зерттеудің алдында келесідей міндеттер анықталған:
- бағалы қағаздар нарығының теориялық пен тәжірибелік мазмұнын қарастыру;
- әлемдік және ұлттық бағалы қағаздар нарықтарының үлгілерін, оны құрушы факторларды зерттеу;
- бағалы қағаздар нарығының дамуы жағдайында Қазақстанда мемлекеттік реттеудің сипатын айқындау;
- ҚР эмиссиялық бағалы қағаздар нарығының жағдайына талдау жүргізу;
- ҚР бағалы қағаздар нарығындағы қатысушылардың өзара байланысының механизмін және олардың қызметіне бағалау жүргізу;
- бағалы қағаздар нарығының даму бағыттары бойынша ұсыныстар беру.
Сөйтіп, бағалы қағаздар нарығы екі үлкен топтан тұрады, атап айтсақ қор нарығы және туынды бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар нарығы экономикалық және әлеуметтік сұрақтарды шешуге көмектеседі. ҚР-да бағалы қағаздар нарығының қалыптасуына мемлекеттік меншіктің жеке меншікке көшуі негіз болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығына келесідей анықтама береміз. Бағалы қағаздар нарығы – бұл мемлекеттің, нарық субъектілерінің қаржылық ресурстарын шоғырландыруы мен бөлінуі сипат алатын қандай да болмасын мерзімдегі бағалы қағаздардың айналысы қарастырылатын жүйе. Қор нарығы бағалы қағаздар нарығының құрылымына жатқызылады. Оның негізгі айырмашылығы ретінде – капиталдың айналысын қамтитын бағалы қағаздардың жүйесі.
Бағалы қағаздар келесідей ерекшеліктермен сипатталады: ақша қаражатқа айырбастау мүмкіндігі, сату-сатып алуға, эмитентке қайта сатуға, құқықты басқа тұлғаға беру мүмкіндігіне ие. Олар есеп айырысу кезінде қолдануға, кепіл ретінде пайдалануға болады.
ҚР заңнамада бағалы қағаздар түсінігі және «бағалы қағаз» мәртебесіне ие құралдар қарастырылған.
ҚР
Азаматтық кодексіне сәйкес, бағалы
қағаз - мүлiктiк құқықты
«Инфрақұрылым» термині – экономикалық жүйе негізі, фундаменті, ішкі
құрылымын білдіреді. Осыған сәйкес, біз «бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымына» келесідей анықтама береміз. Бағалы қағаздардың инфрақұрылымы – бұл бағалы қағаздарды шығаратын, сататын және сатып алатын субъектілер арасындағы қатынастарда қызмет атқаратын қатысушылар жиынтығы. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары әр мемлекетте әр түрлі жиынтықтардан тұрады. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын кәсіби қатысушылар және сауданы ұйымдастырушылар ретінде қарастырмыз.
Әлемдік және ұлттық бағалы қағаздар нарығының сипатын зерделей келе келесі тұжырымдама жасауға болады:
- «бағалы қағаздар нарық үлгі» түсінігінің жеткілікті деңгейде қарастырылмауы;
- бағалы қағаз нарығын дамытуда нақты үлгіге сүйенбеуі;
- ұлттық бағалы қағаз нарығын қалыптастыруда үлгіні құрастырушы факторлардың ескерілмеуі.
Біздің пікірімізше, бағалы қағаз нарығының үлгісі – бұл елдің өндірістік, экономикалық, дәстүрлік факторларды ескере отырып, қоғам субъектілеріне бағалы қағаз арқылы тиімді жүйесін құру болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығының үлгісін тек қатысушы институттарға ғана байланысты емес, сондай-ақ корпоративтік басқару, қаржы нарығының құрылымына байланысты анықтау қажет. Осыған байланысты, қаржы нарығының құрылымына байланысты республиканың бағалы қағаздар үлгісі – жапон-немістік үлгі деп танысақ, ал корпоративтік басқару жағынан – немістік үлгі деп анықтаймыз.
Ішкі инвестициялық ресурстарды тарту стратегиялық маңызы бар мәселеге айналды. Экономиканың нақты секторларына инвестицияны тартуды қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар, қаржы дағдарысын алдын-алу үшін келесідей шаралар жиынтығы жүргізілуі тиіс:
Осыған орай, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеудің маңыздылығын, қажеттілігін байқауға болады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік реттеу органдары республиканың даму сатысына қарай өзгерді.
Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы мемлекеттік реттеуді жүргізуіне байланысты. Бағалы қағаздар нарығын реттеудің құралдарын, әдістерін және бағыттарын таңдау нарыққа ғана емес, мемлекеттің бүкіл экономикалық жүйесіне әсер етеді. Бағалы қағаздар нарығын реттеу – бұл өкілетті қатысушылардың қызмет процесінде пайда болатын қарым-қатынастар жиынтығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығын реттеу нарықтың барлық қатысушылары, ресурстары, қызметтері мен операциялары қамтылады. Реттеудің 2 негізгі үлгісі бар: мемлекеттік және өзін-өзі реттеу.
Қаржы нарығын мемлекеттік реттеу тікелей және жанама түрде жүзеге асырылады. Тікелей мемлекеттік реттеуге келесілер жатады: нарық субъектілерінің қызметтеріне қатысты заңнамаларды шығару, нарық субъектілерін лицензиялау, инвесторларды қорғау шараларын жасау және т.б. жатады. Ал, жанама мемлекеттік реттеу мемлекеттің экономикалық тұтқалары және капиталдары арқылы жүзеге асырылады. Мұндай тұтқалар мен капиталдарға салық, ақша саясаты, мемлекеттік сатып алулар, мемлекеттік меншік, сыртқы экономикалық байланыстар жатқызылады.
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы еліміздің егемендігін алғаннан басталды. ҚР-да бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді негізінен 4 кезеңге жіктейміз. Бұл жіктеу бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік реттеуді жүргізетін және қадағалайтын органдарға байланысты.
1-ші
суреттен көріп отырғанымыздай, қазіргі
уақытта ҚР бағалы қағаздар нарығын реттеудің
негізгі 4 мемлекеттік органдары бар. ҚР
Қаржы министрлігінің бағалы қағаздар
нарығындағы негізгі рөлі – бұл мемлекеттік
бағалы қағаздарды шығару және мемлекеттегі
қаржылық институттардың өтімділігін
ұстап тұру. ҚР Ұлттық банк ЕДБ-дің актив
бөлігіндегі өтімділікті сақтау арқылы
өзінің бағалы қағаздарын шығару қызметін
атқарады.
Сурет 1 – ҚР бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеудің қазіргі үлгісі
Ескерту – автормен
құрастырылған
Ал, Қаржылық қадағалау және АӨҚО қызметін реттеу Агенттіктері жоғарыдағы мемлекеттік органдарға қарағанда кеш құрылуына қарамастан, қаржы нарығындағы, соның ішінде бағалы қағаздар нарығындағы беделі төмен емес. Олардың ҚР-да бағалы қағаздар нарығындағы негізгі қызметтері – бұл қатысушылардың қызметтерін лицензиялау мен олардың қызметтерін тәртіпке келтіру, қаржылық құралдардың шығаруын ынталандыру мен олардың талаптарға сай келуін сақтау және бағалы қағаздар нарығындағы қаржылық механизмнің арасындағы қатысушылардың қызметтерін үйлестіру.
Бағалы қағаздардың даму үдерісі, қатысушылар саны бірқалыпты жағдайда дамыды. Осыған байланысты, бағалы қағаздар нарығының қалыптасу мен даму кезеңдерін негізінен нарықта реттеу жүргізетін органдарға байланыстыруын ұсынамыз.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың өсім қарқыны 71,76%-ын 2006 жылы, 165%-ға 2007 жылы жоғарлануын және 2008 жылы 41,02% төмендеуін байқаймыз. МБҚ төмендеу немесе жоғарлау жағдайы мемлекеттің қаржы саясатының мазмұнына, республикалық бюджеттің ағымдық жағдайы және институттардың өтімділігін сақтау үшін жүргізілген саясатқа тәуелді.
МБҚ құрылымында ең үлкен бөлігін ҚР Қаржы министрлігі шығарған бағалы қағаздар алады. 2005 жылы және 2007 жылы олардың үлесі 38,73% және 31,8%-ы құраса, қалған екі жылда МБҚ құрылымында қомақты бөлігін, яғни 2006 және есепті кезеңде 67,33%-ы және 73,37%-ы сипат алды.
ҚР
Ұлттық банктің ноттары мемлекеттің
ақша-несие саясатының құралы бола
отырып, ЕДБ-дің өтімді активтеріне
жатқызылады. Сонымен қатар, қор биржа
мәмілесінде пайда табудың ең қолайлы
құралына жатқызады. Олардың үлесі 2005
жылы және 2007 жылы өскенін байқаймыз. Сәйкесінше,
олардың үлесі 59,83%-ды және 67,82%-ды құрайды.
Сурет 2 – 2005-2008 жылдар аралығындағы МБҚ құрылымы
Ескерту
– ҚҚА-нің есебі негізінде
жасалған
Мемлекеттік бағалы қағаздардың құрылымы жағынан талдау жүргізсек, ҚР Қаржы министрлігі және Ұлттық банк шығарған бағалы қағаздардың арасындағы құрылымдық өзгерісті байқауға болады. 2005 жылдың 1-ші қаңтарына және 2007 жылдың 1-ші қаңтарына көрсетілген мәліметтерге сүйенсек, осы мерзімді ҚР Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарына қарағанда ҚР Ұлттық банктің ноттарының шығару көлемі жоғары. Яғни, ҚР Ұлттық банкі мемлекетте қымбат-ақша несие саясатын жүргізу мақсатында, өзінің ноттарын шығару белсенді жүргізгенін куәландырады. Алайда, 2005 және 2007 жылдың қорытындысы бойынша, республикалық бюджет ресурстардың жеткіліксіздігі және жинақтаушы зейнетақы қорлардың өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Қаржы министрлігінің бағалы қағаздар көлемін жоғарлатқаны байқалады.
ҚР
бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік
бағалы қағаздар нарығы ғана емес,
сонымен қатар корпоративтік
бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Оның
көлемі мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы
сияқты болмаса да, жыл сайын біртіндеп
дамуы байқалады. Ең алдымен, бағалы қағаздар
нарығының акция нарығына тоқталайық.
Сурет 3 – Акция нарығының негізгі көрсеткіштері
Ескерту
– ҚҚА-нің есебі негізінде жасалған
Суретте
акционерлік қоғамдар санының және
олардың акция шығарылымының
санының серпіні қарастырылған.
Мұнда, жыл сайын акционерлік
қоғамдардың жабылуы және олардың
санының қысқарылуы байқалады. Тек,
соңғы жылда акционерлік
Акция нарығынан басқа, корпоративтік бағалы қағаздарға облигациялар да жатады. ҚР-да акция нарығына қарағанда облигация шығарылымы аз көлемде шығарылады.
Сурет 4 – Акция және облигация шығарылымдарын салыстыру
Ескерту
– ҚҚА-нің есебі негізінде
жасалған
Акцияға қарағанда облигация шығарылымы 5 есе төмен. Облигацияны шығару эмитентке акцияны шығаруға қарағанда тиімсіз. Оның себептеріне – облигацияның өтелуін, міндетті түрде сыйақыны төлеуін жатқызамыз.
Сурет 5 – Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын салыстыру
Ескерту
– ҚҚА-нің есебі негізінде
жасалған
Бекітілген
мерзімде эмиссиялық бағалы қағаздардың
ішінен тек акция нарығы салыстырмалы
түрде дамыған деп айтуға болады.
Олардың даму үрдісі 7 есе сипат алады.
Акцияларды шығару негізінен акционерлік
қоғамдар тіркеу кезіндегі негізгі шарт
екенін атап өтуге болады. Сонымен қатар,
акция инвестицияның бір түрі – оның өтеуін
қайтару немесе сыйақыны төлеу бойынша
акционерлік қоғамда міндет туындамайды.
Сурет 6 – Қор биржаның ресми листингісіндегі шығарылымдар серпіні
Ескерту
– ҚҚА-нің есебі негізінде
жасалған
Қор
биржаның листинг «В» тобына
қарағанда листинг «А»
6-шы суреттен байқағанымыздай, листинг «А» тобындағы шығарылымдар саны листинг «В» қарағанда 3 есе артық. Сондай-ақ, листинг «А» тобында бағалы қағаздардың шығарылымы қарқынды өсуі байқалса, листинг «В» тобында бағалы қағаздардың шығарылымының өсуі онша байқалмайды.
KASE
жалпы капиталдануы ЖІӨ-нің