Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Июня 2012 в 19:52, курсовая работа
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты ретінде Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының теориялық-әдістемелік және тәжірибелік жақтарын зерттей отырып, бағалы қағаздар нарығының даму бағыттарын анықтау болып табылады. Аталған мақсатқа жету барысында зерттеудің алдында келесідей міндеттер анықталған:
- бағалы қағаздар нарығының теориялық пен тәжірибелік мазмұнын қарастыру;
- әлемдік және ұлттық бағалы қағаздар нарықтарының үлгілерін, оны құрушы факторларды зерттеу;
- бағалы қағаздар нарығының дамуы жағдайында Қазақстанда мемлекеттік реттеудің сипатын айқындау;
- ҚР эмиссиялық бағалы қағаздар нарығының жағдайына талдау жүргізу;
- ҚР бағалы қағаздар нарығындағы қатысушылардың өзара байланысының механизмін және олардың қызметіне бағалау жүргізу;
- бағалы қағаздар нарығының даму бағыттары бойынша ұсыныстар беру.
Сурет 7 – KASE жалпы капиталдануында ЖІӨ-нің қатынасы
Ескерту
– ҚҚА-нің есебі негізінде
жасалған
Есепті жылдың мәліметіне сәйкес, «А» және «В» санаты бойынша ресми тізімге енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар бойынша нарықты капиталдандыру 8005664 млн. теңге және тиісінше 258732 млн. теңге болды. Сонымен қатар, облигациялар бойынша нарығын капиталдандыру 9,23 %-ға өсті, акциялар бойынша 9,93 %-ға кеміді.
Сурет 8 – Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын құрайтын қатысушылардың даму серпіні
Ескерту
– ҚҚА-нің есебі негізінде
жасалған
2005-2008
жылдар аралығындағы кәсіби
Қарастырылған кезеңдерде бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімінің жүйесін жүргізу ұйымдар санының біршама төмендегенін көреміз. 2005-2006 жылдар аралығында тіркеушілердің саны – 18 болса, келесі жылдары серпіні төмендеп отыр – 2007 жылы 11%-ға, 2008 жылы (базистік жылмен салыстырғанда) 5% төмендеп отыр. Аталған қатысушылар санының төмендеуі уәкілетті органның талаптарына сай болмауы себеп болып отыр.
Листингтік компания, яғни өз бағалы қағаздарын ұйымдастырылған нарыққа енгізетін ұйым, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы бірнеше қатысушылармен өзара байланысы болады. Мұнда, листингтік компанияның ерікті шешімі емес, ал мемлекет бекіткен міндетті талаптарға сай болуы негізге алынады.
9-шы
суреттен көріп отырғанымыздай, листингтік
компания кем дегенде төрт қатысушымен
өзара байланыста болуы шарт. Ал, әр қатысушыға
қызмет көрсеткіні үшін сыйақы, алым төлеуі
керек. Қорыта айтқанда, бағалы қағаздар
нарығының листингтік компаниялар ұйымдастырылған
нарықта төмен белсенділігінің негізгі
факторы ретінде – біз қатысушылар санына
байланысты қаржылық ресурстардың қымбаттығы,
яғни бағалы қағаздар бойынша шығындардың
жоғарлығын тұжырымдаймыз.
Сурет 9 – Листингтік компанияның ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында қызмет етуде қатысушылармен өзара байланысы
Ескерту
– Автормен құрастырылған
Осыған сәйкес, бағалы қағаздар эмитенттері, әсіресе листингтік компаниялардың өз бағалы қағаздарын ұйымдастырылған нарықтың айналысында тіркеу мәселесі бойынша ұсыныс қарастырамыз. Бастапқы кезеңде бағалы қағаздар ұстаушылар тізімін жүргізетін ұйымдардың пайда болуына мемлекет септігін тигізді. Себебі, 1997 жылдың заңнамасына сәйкес, акционерлер саны 500 ден жоғары акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздар ұстаушылар тізімін жүргізу тек тәуелсіз тіркеушімен жүргізілуі бекітілді. Кейіннен, 2001 жылы «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР заңына сәйкес, барлық акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздар ұстаушылар тізімін жүргізу уәкілетті органнан лицензиясы бар ұйым ғана қызмет атқаруға құқығын анықтады. Сөйтіп, акционерлік қоғамдарды эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару кезінде тіркеушімен өзара келісім-шарт жасасуға міндеттеді.
Осы бағытты жүзеге асыру мақсатында, листингтік компания үшін жеңілдік ретінде – бағалы қағаздар ұстау тізімін жүргізуді өздеріне беру құқығын анықтаймыз. Бұл фактор бағалы қағаздары ұйымдасқан нарықта айналысы жоқ эмитенттерге қарағанда бәсекелестік артықшылық береді. Аталған шартты жүзеге асыру үшін келесідей қадамдарды қарастырамыз.
Сурет 10 – Бағалы қағаздар ұстау тізімін жүргізу жүйесін жетілдірудің қадамдары
Ескерту
– автормен құрастырылған
ҚР қаржылық саясат бір-біріне байланысты 2 элементтен тұрады – бұл стратегия мен тактика. Осыған сәйкес, бағалы қағаздардың заңнамасында өзгертулер мен толықтырулар енгізген кезде, олардың бір-бірінен шығуы сипат алуы қажет.
Сондықтан да, бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік реттеуді жүргізу кезінде келесідей қағидаларға сүйенуін ұсынамыз.
- заңнаманы шығару мен оған толықтыру жүргізу кезінде құқықтық негіздің басыңқы дәрежесіне сүйенуі;
- заңнаманы шығару мен оған толықтыру жүргізу кезінде құқықтық негіздің бір-біріне үйлестіруі және бірігей бағыттарды ұстануы;
- бағалы қағаздар нарығындағы стратегия мен тактиканы анықтау кезінде нақты қажеттіліктерді және мүмкіндіктерді ескеруі;
- бағалы қағаздар нарығының қатысушылар тізімін бекітуде, тек техникалық талаптарды ғана емес, сондай-ақ тиімділік факторын ескеруі.
Бірінші қағидаға сәйкес, бағалы қағаздар нарығы дербес сектор ғана емес, сонымен қатар қаржы нарығының және экономикалық жүйенің элементі екені есте сақтау қажет. Яғни, экономика немесе экономикалық жүйенің басқа секторларына бағытталған заңнамалардың өзгерісі міндетті түрде бағалы қағаздар нарығына әсер етеді. Сондықтан да, ҚР заңдарына толықтырулар мен өзгертулер енгізу барысында одан жоғары мәртебесі бар құжаттардың мазмұнын ескеру керек. Бұл жағдайда, бағалы қағаздар нарығы және бағалы қағаздар нарығының қатынастарын реттейтін заңнамаларды, стратегияларды дайындайтын мемлекеттік органдардың өзара байланысын жетілдіру керек деп тұжырымдаймыз.
Екінші қағида бірінші қағидаға сүйенеді. Бағалы қағаздар туралы, олардың қатысушылары туралы жағдайлар әр түрлі заңнамада сипат алады. Ал, ҚР Президентінің Жолдауында халықтың инвестициялық біліктілігін жоғарлату негізгі міндеттердің бірі ретінде бекітілген. Бірақ, реттеуші заңнамалар мазмұнының әр түрлі сипат алуы, бағалы қағаздар түсінігін ашуға кері әсерін тигізеді. Осыған сәйкес, ҚР Азаматтық кодексіне, «ҚР бағалы қағаздар нарығы туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңдарына толықтырулар мен өзгертулер енгізу керек.
Азаматтық
кодекске депозиттік серификатты бағалы
қағаз мәртебесі бар
Келесі қағида – бұл нақты қажеттіліктерді және мүмкіндіктерді ескеру. Бағалы қағаздардың сан алуан түрлері бар. Акция, облигациядан басқа опциондар, фьючерстер, своптар, депозитарлық қолхаттар, варранттар бар. ҚР-да тек акция, облигация және пайлар даму серпіні бар. Облигацияның ішінде мемлекеттік бағалы қағаздардың үлес салмағы жоғары. Дамыған мемлекеттерде негізгі бағалы қағаздармен қатар, туынды бағалы қағаздар даму үстінде. Алайда, олардың дамуын келесідей факторлармен түсіндіреміз:
Келесі қағида – бұл экономикалық тиімділікті ескере отырып, бағалы қағаздар нарығын дамыту. Мемлекет инвесторлардың және қатысушылардың құқықтарын қорғау мақсатында көптеген шаралар жиынтығын атқарады. Бірақ, олардың құқықтарын қорғау кезінде бірнеше балама нұсқаларды дайындау керек. Агенттіктер міндетті өзара қатынастарды бекіткен кезде, олардың бағалы қағаздар нарығына әсер ету мүмкіндігін жан-жақты қарастыруы керек. Бағалы қағаздар нарығында негізгі қатысушы – бұл эмитент пен инвестор екенін ұмытпау қажет. Ал, олардың арасындағы институттар мен ұйымдар бағалы қағаздар нарығының тиімділігін арттыру мақсатында енгізіледі.
Эмитенттер немесе инвесторлардың міндетті өзара байланысы бар қатысушылардың санының көп болуы, осы негізгі қатысушылардың бағалы қағаздарды шығару немесе сатып алу ынтасын түсіреді. Осы орайда, бағалы қағаздар ұстаушылар тізімін жүргізу бойынша ұйыммен міндетті шартқа отырудан бас тартуды ұсынамыз. Бағалы қағаздар ұстаушылар тізімін жүргізуге эмитенттің өз құқығында болуы керек. Ал, бағалы қағаздар ұстаушының тіркелімі екі жақта, яғни эмитент пен Орталық депозитарийде жүргізілуін анықтаймыз. Сонымен қатар, брокер-дилерлердің 2 санаты сипат алады. Оның арасындағы негізгі айырмашылығы – 1-ші санатты ұйым номиналды ұстаушы ретінде қызмет атқарып, бағалы қағаздармен мәмілені тіркеу құқығы бар. Ал, 2-ші санатты брокер-дилер тек бағалы қағаздардың сатып алу мен сату мәмілесін жүргізуге ғана құқығы бар. Осыған орай, 2-ші санатты брокер-дилерлер санының жыл сайын қысқарылуы байқалады. Мемлекет тарапынан санаттарға бөлмей, бірдей талаптарды бекіту арқылы бағалы қағаздар нарығының тиімді механизмге әкелуіне мүмкіндігі болады.
Қаржылық тәжірибеде тәуекел мен белгісіздік түсініктерін айырмайды. Көбінесе, тәуекелді кездейсоқ жағымсыз оқиғалардың болуы салдарынан жоғалту ретінде анықтайды. Жоғалту объективтік, яғни сыртқы факторлардың әсерінен болуы мүмкін. Мысалға, ақшаның сатып алу қабілеттілігінің жоғалуы иеленушінің іс-әрекетіне байланыссыз. Бірақ, шығындар шешімді таңдау кезінде болады, сондықтан да тиімді шешімді қабылдау қажет. Қаржылық қызметтің бірқатар аяларында тәуекел белгілі бір келеңсіз жағдайдың болу ықтималдылығы деп түсінеді. Ықтималдылық жоғары болған сайын, тәуекел де жоғары болады.
Тәуекел деңгейі мен көлеміне қаржылық механизм арқылы әсер етуге болады. Мұндай әсер қаржылық менеджмент әдістері және ерекше стратегия арқылы жүргізіледі.
Тәуекел тосуға сәйкессіздік ретінде қарастырылады. Әр түрлі баламалар бола отырып, инвестор оларды бағалайды және салыстырады. Мұнда, болжамдалатын нәтижелер бақылай алмайтын факторлар әсерінен сай болмайтынын ескеру керек. Күтілетін шамадан әр түрлі мәндердің ауытқуы кездейсоқ шамаларға және амплитудалық сипаттамаларға тәуелді. Сондықтан да әрбір балама екі критерий бойынша өлшенеді. Біріншісі – нұсқаның болжамдалатын бағасын (мысалға, мүмкін болатын нұсқаның орта шамасы), ал екіншісі – мүмкін ауытқу шамасын, яғни тәуекел деңгейін. Нұсқа тәуекелділігінің өсуі күтілетін нәтижелікпен бірге өседі. Инвестор қандай баламаны таңдайтыны оның тәуекелге баруына, сондай-ақ тәуекел мен табыс қатынасының қандай пропорциясын алатынына тәуелді.
Қаржылық математика қаржы нарығына, соның ішінде бағалы қағаздар нарығына талдау мен болжау жүргізеді.
Жиынтық табыстылық екі компоненттің қосындысы ретінде анықталады.
төленген акцияның акцияның
дивидендтер соңғы бағасы – бастапқы бағасы
r = ----------------
+ ------------------------------
бастапқы
баға
r = табыстылықтың дивидендтік компоненті + табыстылықтың бағалық компоненті
Акция
активінің тәуекелділігін өлшеудің
бірлігі ретінде өзгерістілік, волатильдік
(volatility) кеңінен қолданылады. Өзгерістілік,
волатильділік акция
Табыстылықтың күтілетін мөлшерлемесі (табыстылықтың орта шамасы) табыстылықты алу бойынша сәйкес ықтималдылыққа көбейту арқылы табыстылықтың барлық мүмкін болар мөлшерлемелерінің жиынтығы ретінде анықталады:
E
(r) = P1r1 +
P2r2 +
…+ Pnrn = Σ
Piri