Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Июня 2012 в 19:52, курсовая работа
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты ретінде Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының теориялық-әдістемелік және тәжірибелік жақтарын зерттей отырып, бағалы қағаздар нарығының даму бағыттарын анықтау болып табылады. Аталған мақсатқа жету барысында зерттеудің алдында келесідей міндеттер анықталған:
- бағалы қағаздар нарығының теориялық пен тәжірибелік мазмұнын қарастыру;
- әлемдік және ұлттық бағалы қағаздар нарықтарының үлгілерін, оны құрушы факторларды зерттеу;
- бағалы қағаздар нарығының дамуы жағдайында Қазақстанда мемлекеттік реттеудің сипатын айқындау;
- ҚР эмиссиялық бағалы қағаздар нарығының жағдайына талдау жүргізу;
- ҚР бағалы қағаздар нарығындағы қатысушылардың өзара байланысының механизмін және олардың қызметіне бағалау жүргізу;
- бағалы қағаздар нарығының даму бағыттары бойынша ұсыныстар беру.
ӘОЖ 336.763.001/.002(574)
ТУСАЕВА
АЛИЯ КУАНЫШОВНА
Қазақстан
Республикасы бағалы
қағаздар нарығы: теориясы,
тәжірибесі және мемлекеттік
реттеудің қаржылық
негіздері
08.00.10 –
Қаржы, ақша айналымы және несие
Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін
дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы,
2009
Диссертациялық
жұмыс Халықаралық бизнес университетінде
орындалды
Ғылыми
жетекші Ресми
оппоненттер Жетекші ұйым
|
экономика ғылымдарының
докторы Ж.М. Елубаева экономика ғылымдарының
докторы С.Ш. Әуелбаев экономика ғылымдарының
кандидаты С.Б. Мақыш «Тұран» университеті |
Қорғау 2009 жылдың «19» наурызында сағат 14.30 Халықаралық бизнес университетінің экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне іздену бойынша Д 20.01.07 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді.
Мекен
жайы: 050010, Алматы қ., Абай даңғылы, 8А, 208-бөлме.
Диссертациямен
Халықаралық бизнес университетінің
кітапханасында танысуға болады.
Автореферат
«___» ақпанда 2009 жылы таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғылыми хатшысы, э.ғ.д.,
профессор
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бағалы қағаз нарығы қаржы нарығының негізгі құрамдас бөлігіне жатқызылады. Бағалы қағаз нарығын дамыту елдің басыңқы бағыттарының бірі ретінде тануы қазіргі уақытта осы нарыққа деген ғалымдардың, экономистердің аса көңіл аударуына септігін тигізді.
Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылық ресурстардың жедел, әрі арзан құралды қолдануы негізгі мақсаттарына айналды.
ҚР қаржы нарығы негізінен банктік саладан тұрады. Банктік мекемелер өнімдері мен қызметтерінің жыл сайын дамуы бағалы қағаздар нарығының бәсекелеске түсуіне кедергі келтіреді. Ал, қаржылық ресурстардың тек банктік салада шоғырлануы, нарықтың барлық қатысушыларына кері әсерін тигізеді. Еліміз егемендігін алғаннан бастап бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Бағалы қағаздар нарығының, соның ішінде қор нарығының қалыптасу уақыты аз емес. Осы аралықта ұлттық бағалы қағаздар нарығының қалыптасу ерекшелігі, дамыған мемлекеттердің қолданған тәжірибесін енгізуімен сипат алады. Алайда, соған қарамастан ұлттық нарықтағы біршама қайшылықтардың салдарынан бағалы қағаздар нарығының жете дамымауы көрініс алады.
ҚР Президентінің кезекті жолдауында ұлттық бағалы қағаздар нарығын дамыту бағыттары мен міндеттері айқындалды. Соған қарамастан, бағалы қағаздар нарығының дамуын тежейтін факторлардың болуы тұтастай қаржы нарығының даму серпініне әсер ете алмайды.
Жоғарыдағы факторларды ескере отырып, бағалы қағаздар нарығы, оның мәселелері жөніндегі зерттеулердің қажеттілігі, таңдалған тақырыптың өзектілігін сипаттайды.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Бағалы қағаздар нарығы бойынша шетелдік, ресейлік, қазақстандық ғалымдардың көптеген ғылыми еңбектері бар. Бағалы қағаздар нарығы, оның қатысушылары, бағалы қағаздар нарығының қызмет ету механизмі ресейлік ғалымдар А.А. Галанов, Я. Миркин, Е.Ф. Жуков, М.В. Романовский, Т.С.Селеванова, Б.Б. Рубцов еңбектерінде көрініс тапты. Шетелдік экономистер Д. Кидуэлл, Э. Найман бағалы қағаздар нарығы және шетелдік бағалы қағаздар нарығының даму сипатын көрсетті.
Шетелдік және ресейлік экономистермен қатар, көптеген қазақстандық ғалымдардың да бағалы қағаздар нарығы бойынша ғылыми еңбектері аз емес. Бағалы қағаздар нарығының негізгі теориялық және тәжірибелік тұстарын зерттеуде Г.Т. Абдрахманова, У.М. Искаков, Д.Т. Бохаев, Э. Рузиева, Б.А. Көшенова, А.А. Ильясов, А.А. Адамбекова, А.А. Арыстанов, Г.Н. Шалгимбаева, Г.С. Сейтқасымов ғалымдардың еңбектері қарастырылды.
Бағалы қағаздар нарығы тұтастай механизмнен тұратындықтан, оның элементтері, қаржы саясатының және мемлекеттік қаржылық реттеудің жағдайларына көңіл аудару қажеттілігі туындады. Қаржылық жүйе, қаржылық механизм, мемлекеттік қаржылық реттеудің негіздері, қаржы бойынша мәселелер және оларды шешу жолдары көптеген қазақстандық ғалымдардың зерттеу жұмыстарында көрініс тапқан. Атап айтқанда, В.Д. Ли, М.Х. Түсеева, С.Ш. Әуелбаев, К.Ж. Бертаева, В.Д. Мельников, С. Құлпыбаев, Д.А. Шыныбеков, Ж.М. Елубаева, Р.О. Смагулова ғылыми еңбектері жатқызылады.
Аталған мәселелердің маңыздылығы мен тақырыптың осы күнге дейін толыққанды зерттелмегендігі диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға, оның мақсаты мен міндеттерін айқындауға мүмкіндік берді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты ретінде Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының теориялық-әдістемелік және тәжірибелік жақтарын зерттей отырып, бағалы қағаздар нарығының даму бағыттарын анықтау болып табылады. Аталған мақсатқа жету барысында зерттеудің алдында келесідей міндеттер анықталған:
-
бағалы қағаздар нарығының
- әлемдік және ұлттық бағалы қағаздар нарықтарының үлгілерін, оны құрушы факторларды зерттеу;
- бағалы қағаздар нарығының дамуы жағдайында Қазақстанда мемлекеттік реттеудің сипатын айқындау;
-
ҚР эмиссиялық бағалы қағаздар
нарығының жағдайына талдау
- ҚР бағалы қағаздар нарығындағы қатысушылардың өзара байланысының механизмін және олардың қызметіне бағалау жүргізу;
-
бағалы қағаздар нарығының
Зерттеу жұмысының пәні мен объектілері. Зерттеу жұмысының пәні ретінде ҚР бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттік органдар мен бағалы қағаздар нарығы қатысушылардың арасындағы экономикалық қатынастары алынады.
Зерттеу
объектісі болып Қазақстан
Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде әлемдік экономикалық ғалымдардың еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдар монографиялары мен мақалалары, бағалы қағаздар нарық қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттар алынды.
Ақпараттық база ретінде ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, басқа да нормативтік құжаттар, ҚР Қаржылық қадағалау Агенттігінің, ҚР Алматы өңірлік қаржылық орталықтың, ҚР Алматы өңірлік қаржылық орталықтың қызметін реттейтін Агенттіктің, Қазақстан қор биржаның материалдары пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазіргі уақытта бағалы қағаздар нарығының жағдайын зерттей отырып, тиімді бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың қажеттілігін және бағыттарын анықтау басты шарт болып табылады.
Негізгі ғылыми жаңалықтардан тұратын зерттеу жұмысының маңызды нәтижелері болып келесілер жатады:
Қорғауға шығарылған негізгі ұсыныстар:
- «Бағалы қағаздар нарығы», «бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымы» және «бағалы қағаздар нарығының үлгісі» атты түсініктерге авторлық анықтама;
- ҚР бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттік реттеуді жүргізудің қағидалары;
- Мемлекеттің стратегияларын жүзеге асыру және бірігей жүйеде қалыптасу мақсатында бағалы қағаздар нарығы құрылымының ынталандыру факторлары;
- Бағалы қағаздар ұстаушылар тізімін жүргізу жүйесін өзгертудің қадамдары;
- Қор нарығында акция табыстылығының ықтималдылығын бағалау әдістемесі.
Зерттеу жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Диссертацияда берілген ұсыныстар мен қорытындылар ҚР бағалы қағаздар нарығын жетілдіру бойынша теориялық-тәжірибелік міндеттерді шешуге бағытталған.
Зерттеу нәтижелерiн бағалы қағздар нарығын жетілдіруде пайдалана алады, сондай-ақ қаржы және несие мамандарын дайындайтын жоғары оқу орындарында пайдалануға болады.
Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы. Диссертациялық зерттеудің жекелеген негізгі теориялық тұжырымдары мен практикалық түйіндері келесі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда: «Жаһандану жағдайында ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеті және оны жоғарлату жолдары» (Халықаралық Бизнес Университеті, 17 маусым, Алматы, 2004); «Мемлекет және қоғам: өзара байланыстың жаңа аспектілері» (Тұран Университеті, 17-18 қараша, Алматы, 2006); «Бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканың мәселелері және келешегі» (Халықаралық бизнес университеті, 10 қараша, Алматы, 2006); «Екінші Рысқұлов оқулары» (Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, 21-26 мамыр, Алматы, 2007); "Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекелестік қабілеттілігінің жағдайы мен болашағы: өнеркәсіптік маркетингтің, қаржыландырудың және басқарудың қазіргі әдістемесі" (Қ.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, 10-13 қазан, Алматы, 2007); «Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі: ұлттық экономиканы жеделдете жаңғырту және корпоративтік құрылымдардың дамуы» (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 13-14 қараша, Алматы, 2008), сондай-ақ Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ хабаршысында, Аль-Пари, Қаржы-қаражат, Қоғам және дәуір мерзімдік басылым беттерінде және «Қаржы, ақша айналысы және несие» оқу құралында (өзге авторлармен бірге) баяндалып жарық көрді.
Зерттеу бойынша жарияланған еңбектер. Диссертациялық зерттеу жұмысы бойынша жалпы көлемі 7,53 баспа табақ 1 оқу құралы және 11 ғылыми мақала ресми басылымдарда жарияланды.
Жұмыстың
құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден,
үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан
тұрады.
НЕГІЗГІ
БӨЛІМ
Бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздардың шығарылымы, айналысы және өтеуі бойынша нарық қатысушылары арасындағы экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығы, қор нарығы түсініктері әр түрлі және Қазақстанда оларды теориялық, құқықтық жағынан ажырату қажеттілігі бар. Қор нарығы эмиссиялық бағалы қағаздардан тұрады, ал бағалы қағаздар нарығы одан кең – эмиссиялық және туынды бағалы қағаздар нарығынан құралады. Бағалы қағаздар нарығының дамуы бірінші сатысынан немесе қалыптасу сатысынан өтті деп тұжырымдауға болмайды, мұны тек қор нарығының үлесіне тиеді. Өкінішке орай, бағалы қағаздар нарығының басқа элементтері, яғни туынды бағалы қағаздардың даму сипаты жоқ.