Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 11:57, курсовая работа
Қазақстан нарықтық экономикаға өткеннен кейін елімізде бірқатар өзгерістер орын алды. Соның ішінде банктік секторды дамыту жөніндегі шараларды жүзеге асырды. Біртіндеп жаңа заңдар, нормативтік актілер қабылданып банк жүйесінің дамуына жол ашып берді.
1991-1994 жылдары қаржы нарығы, оның құрамында бағалы қағаздар нарығы қалыптаса бастады. Қалыптастыру саясаты ұлттық кәсіпкерлікті қолдау, ішкі және сыртқы инвестицияларды өндіріске тарту экономика салаларын әлсіз шаруашылық құрылымынан тазарту, экономиканы төлем дағдарысынан шығару және басқа да экономикалық, ұйымдастыру, хұқылық іс-шаралар жүйесінде жүргізіледі.
I тарау. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы орны мен рөлі.
1.1. Комерциялық банк бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушы ретінде.
1.2. Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктің жүргізетін қызметтері.
1.2.1.Андеррайтингалық қызмет
1.2.2.Брокер, дилерлік қызмет
1.2.3.Кастодиандық қызмет
1.2.4.Репо операциясы
II Тарау.Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің дамуы мен проблемалары.
2.1. Қазақстандық коммерциялық банктің эмитент ретіндегі қызметіне талдау.
2.1.1.Коммерциялық банктің акция шығару мен тіркеу тәртібі.
2.1.2.Облигацияларды шығару тәртібі.
2.1.3.Сертификаттар мен вексельді шығару және айналысқа ендіру тәртібі.
2.2. Банк – кастодиан проблемалары мен перспективасы.
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі.
Ресурстарды тарту (пассивтер) келесіден құралады:
Инвестициялық компанияның басқа инвестициялық институттардан ерекшелігі – олар халықпен жұмыс жасауға құқығы жоқ; жеке тұлғалар қаржы делдалының клиенттері; акционерлері және құрылтайшылары бола алмайды.
Андеррайтер – бағалы қағаздардың алғашқы орналастыруын және қызмет көрсететін инвестициялық институт, не топ. Мұнда ол бағалы қағазды орналастыра алмауына тәуекел алады. Сондықтан, бағалы қағаздардың ардеррайтингі инвестициялық компанияның негізгі қызметі мен мақсаты болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2 Андеррайтингалық қызмет – эмитентпен келісім шарт негізінде бағалы қағаздардың жаңа шығарылымын орналастыру бойынша брокер-дилердің мақсатты қызметі болып табылады. Андеррайтер – брокер-дтлерлік қызметті жүзеге асыратын лицензиясы бар және андеррайтингалық қызметті сыйақыға жасайтын тұлға. Андеррайтингалық келісім – эмитент пен басқарушы андеррайтер арасында бағалы қағаздарды орналастыру тәртібін және жағдайларын ескеретін келісім болып табылады.
Андеррайтерлер тобы өз қызметін жүргізуде алынатын пайданың қағидалары негізінде эмиссионды синдикат құрады. Эмиссионды синдикат заңды тұлға болып табылмайды, өйткені, ол бағалы қағаздардың нақты шығарылымына негізделетін бірегей міндеттемелерді шешу үшін инвестициялық компаниялардың уақытша құрылатын ұйым болады.
Синдикат құрудың мақсаты – андеррайтерлер арасында бағалы қағаздарды бөлу жолымен жүргізілетін жаңа эмиссияның тәуекелін басқару. Андеррайтингтік бірнеше түрлерін ажыратады:
Бағалы қағаздарды ашық орналастыруы андеррайтерлерден эмитентте бизнес жағдайы мен қаржылық жағдайлар талдауын жүргізуге міндеттейді. Андеррайтерлер инвесторлар үшін қажет шешім қабылдауда эмиссия проспектісінде болатын барлық ақпараттар көлемін беруі керек.
Барлық андеррайтерлер үшін жаңа эмиссия процесінің жетістікті аяқталуын тиімді басқару болып табылады. Бұл процесс мәміленің әрбір
cатысында
жоғары стандарттарды қолдайтын үлкен
қажеттілікті талап етеді. Ол келісім
бастамасынан басталып және клиент жағынан
мәміленің жасалуымен аяқталады.
1.2.2.
Брокерлік және
дилерлік қызмет.
Банктер бағалы қағаздар нарығында қаржылық брокер ретінде клиент атынан және оның шотынан бағалы қағаздар бойынша сату, сатып-алу функциясын атқаратын делдалдар (агенттер). Банктер, комиссионерлер ретінде бағалы қағаздарды сату-сатып алу мәмілелерін өз атынан клиент шотынан жүзеге асырады. Осы жағдайда банк комиссия келісім шартына негізделеді және клиент талабы бойынша өз атынан бір немесе бірнеше мәмілелерді жасауды ұйғарады және сыйақы алады. Комиссия шарты белгілі-бір мерзімнің көрсетілуімен немесе көрсетілмей-ақ жасалуы мүмкін.
Банктер өз клиенттері үшін бағалы қағаздарды сату-сатып алу бойынша мәмілелерді тапсырыс берушінің келісім-шарты негізінде жасайды. Сонымен қатар, банктер клиенттердің бағалы қағаздарын сату-сатып алу мәмілелерін биржалық және биржалық емес нарықта да жасай алады. Банк клиент өтінішін қанағаттандыру үшін өзінің портфелінен сатуға немесе клиент үшін бағалы қағаздарды ұсынатын портфельге сатып алуды жүзеге асырады.
Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер бойынша операциялыр жүргізген кезде банк дилер ретінде шығады. Дилер облигациялар мен мәмілелерді өз атынан және өз шотынан жасайды. Кейін бұл облигацияларды инвесторға, яғни дилер болып табылмайтын жеке немесе заңды тұлға, меншік құқығы негізінде сатады.
Банкке номиналды ұстаушы ретінде клиент шоттарымен брокер-дилерлік қызметті бағалы қағаздар нарығында іске асыру құқы туралы лицензия берілгеннен соң брокер-дилер мен клиент арасында келісім шарт, яғни клиенттік тапсырыс ретінде құжат толтырылады. Бұл құжар, Брокер-дилер Ішкі Ережесі мен Қазақстан Республикасының құқықтық-нормативтік актілерімен сәйкес хатталады.
Екі жақ келісімге сәйкес өз мүдделерін сақтау үшін барлық құжаттық өзгерістер туындағанда ақпарат беру керек. Клиент сенімхат негізінде өзінің жеке шоттарына өкілді тағайындауы мүмкін, ол оның клиенттік тапсырыстарына қол қоюға және олар бойынша толық жауап береді.
Клиент өзінің тапсырмасы орындалғаны туралы брокер-дилердің ішкі ережесіне сәйкес құжат түрінде есеп беруі керек. Сонымен қатар, клиент өз шотындағы бағалы қағаздардың сандық мәліметтерін алуға құқылы және брокер-дилерге бағалы қағаздар портфелі туралы инвестициялық шешімдерді өткізуге беруі мүмкін:
1.2.3.
Кастодиандық қызмет.
«Кастодиандық бизнес» және «
Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар туралы» заңына сәйкес кастодиандық қызмет – банктер мен банктік емес қаржы мекемелерінің өздеріне клиенттер сеніп тапсырған бағалы қағаздар мен ақша қаражатын сақтауды және есепке алуды қамтамасыз ету жөнінде бағалы қағаздар рыногында атқаратын қызметі.
Кастодиандық институттардың қызмет көрсетуде екі тобы бар:
Бірінші топқа мыналар жатады:
Екінші қызмет көрсету тобына мынаны қамтиды:
Қазақстан
Республикасының «Бағалы
Кастодиондық келісім шарт жасасу кезінде бағалы қағаздар иемденуші өз шотында тек бағалы қағаздарды ғана емес сонымен бірге оларды сатудан дивидент түрінде түскен ақшаны да сақтай алады. Мәмілелерді жасауда кепілді беретін және нарықта тиімді қызмет атқару мақсатында кастодиандар депозиттік жүйенің қатысушылары болып табылады.
Сондықтан, бағалы қағаздар нарығында кастодианның қажеттілігі мыналармен сипатталады:
Қазақстанда кастодиандық қызметтті жүзеге асыруға лицензия алған 12 банк қызмет етеді, оның 7 жинақтық зейнетақы қорларында кастодиандық қызмет көрсетеді.
Банктердің кастодиандық қызметті брокерлік қызметпен қос атқаруын заңсыз пайдалануын шектеу мақсатында және Ұлттық комиссияның 26ақпан 2000жылғы №66, «Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қосарлана атқару туралы» қаулысына сәйкес, 2000жыл соңынан кастодиандық қызметт брокер-дилерлік қызменпен және клирингтік қызметпен қосарлана атқаруға келесі шектеулерді орындағанда ғана рұқсат етілген:
Кастодианды нарықта контрагент, яғни субкастодиан ретінде таңдауды шетел кастодиандық институттар, соның ішінде әлемдік және аймақтық шетелде еншілес құрылымдары бар кастодиандар жүргізеді. Олардың елде субкастодианды таңдау процедурасы өте қиын және көп уақытты талап етеді. Субкастодианға кандидат іздеуде мына параметрлерге көңіл бөлінеді:
Информация о работе Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктер