Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктер

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 11:57, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан нарықтық экономикаға өткеннен кейін елімізде бірқатар өзгерістер орын алды. Соның ішінде банктік секторды дамыту жөніндегі шараларды жүзеге асырды. Біртіндеп жаңа заңдар, нормативтік актілер қабылданып банк жүйесінің дамуына жол ашып берді.

1991-1994 жылдары қаржы нарығы, оның құрамында бағалы қағаздар нарығы қалыптаса бастады. Қалыптастыру саясаты ұлттық кәсіпкерлікті қолдау, ішкі және сыртқы инвестицияларды өндіріске тарту экономика салаларын әлсіз шаруашылық құрылымынан тазарту, экономиканы төлем дағдарысынан шығару және басқа да экономикалық, ұйымдастыру, хұқылық іс-шаралар жүйесінде жүргізіледі.

Содержание

I тарау. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы орны мен рөлі.

1.1. Комерциялық банк бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушы ретінде.

1.2. Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктің жүргізетін қызметтері.

1.2.1.Андеррайтингалық қызмет

1.2.2.Брокер, дилерлік қызмет

1.2.3.Кастодиандық қызмет

1.2.4.Репо операциясы

II Тарау.Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің дамуы мен проблемалары.

2.1. Қазақстандық коммерциялық банктің эмитент ретіндегі қызметіне талдау.

2.1.1.Коммерциялық банктің акция шығару мен тіркеу тәртібі.

2.1.2.Облигацияларды шығару тәртібі.

2.1.3.Сертификаттар мен вексельді шығару және айналысқа ендіру тәртібі.

2.2. Банк – кастодиан проблемалары мен перспективасы.



Қорытынды

Әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктер.doc

— 188.50 Кб (Скачать)

    Бағалы  қағаздар нарығындағы  коммерциялық банктер 

Кіріспе

 

I тарау. Коммерциялық  банктердің бағалы қағаздар нарығындағы орны мен рөлі.

1.1. Комерциялық банк бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушы ретінде.

1.2. Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктің жүргізетін қызметтері.

1.2.1.Андеррайтингалық қызмет

1.2.2.Брокер, дилерлік қызмет

1.2.3.Кастодиандық қызмет

1.2.4.Репо операциясы 

II Тарау.Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің дамуы мен проблемалары.

2.1. Қазақстандық коммерциялық банктің эмитент ретіндегі қызметіне талдау.

2.1.1.Коммерциялық банктің акция шығару мен тіркеу тәртібі.

2.1.2.Облигацияларды шығару тәртібі.

2.1.3.Сертификаттар мен вексельді шығару және айналысқа ендіру тәртібі.

2.2. Банк – кастодиан проблемалары мен перспективасы.

 

Қорытынды 

Әдебиеттер  тізімі.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                  

Кіріспе 

     Қазақстан нарықтық экономикаға  өткеннен кейін елімізде бірқатар өзгерістер орын алды. Соның ішінде банктік секторды дамыту жөніндегі шараларды жүзеге асырды. Біртіндеп жаңа заңдар, нормативтік актілер қабылданып банк жүйесінің дамуына жол ашып берді.

   1991-1994 жылдары қаржы нарығы, оның құрамында  бағалы қағаздар нарығы қалыптаса  бастады. Қалыптастыру саясаты  ұлттық кәсіпкерлікті қолдау, ішкі және сыртқы инвестицияларды өндіріске тарту  экономика салаларын әлсіз шаруашылық құрылымынан тазарту, экономиканы төлем дағдарысынан шығару және басқа да экономикалық, ұйымдастыру, хұқылық іс-шаралар жүйесінде жүргізіледі.

   Бағалы  қағаздар нарығындағы банктердің  рөлі күшейе түсті, олар өз қызметінің маңызды бағыты ретінде бағалы қағаздар нарығындағы қызметін қарастырды. Коммерциялық банктер қаржы-несие институттар ретінде  бағалы қағаздар нарығының қатысушысы болып қоймай, сонымен  қатар пайданы қалыптастыру  мақсатында бағалы қағаздар мен  операциялар, инвестициялық қызметпен операциялар жүргізеді.

   Банктер бағалы қағаздар нарығында инвестор, эмитент және делдал ретінде қызмет атқарады. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздары жеке  және корпоративті инвесторларды тартуда көп назар аударады.

   Қазақстанда коммерциялық банктер эмитент ретінде  өзінің жарғылық капиталын, меншіктік қарыздық міндеттемелері – облигациялар және басқа  бағалы қағаздар шығару және құру  мақсатында қызметін жүргізеді. Ереже бойынша жұмыс істеу үшін үнемі бәсекелеседі, соның нәтижесінде өзінің қызмет көрсету аспектісін кеңейтіп, құнын түсіруі мүмкін.

   Әлемдік тәжірибеде қор нарығында екі  түрлі жүйе қызмет етеді: банктік  жүйе, банктік емес жүйе.

   Тақырыптың  актуалдылығы мынада, күннен күнге коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығында үстемдік етеді.Оның көрінісін қарастырсақ, қазіргі таңда қазақстандық коммерциялық банктер саны, соның ішінде қор нарығындағы  жұмыс атқаратын компания мүшелері ішінде банктер  алып отыр.

   Шетелдерде кастодиандық қызметті жеке банктерге тәуелсіз орган немесе ұйым жүзеге асырса, біздің елде кастодиандық қызмет банктер тарапынан жүзеге асырылады.Сонымен қатар, қор нарығында кастодиандық қызметті тек 10 банк-кастодиандар ғана атқарады.Ал брокерлік, диллерлік қызметті жүзеге асыруда банктер өзінің еншілес  компаниялары, ұйымдары арқылы жүргізеді. Олардың саны 51-ге жетті. Осыдан коммерциялық банктердің біздің елімізде бағалы  қағаздар нарығында банктік жүйенің үстем етуі көрінеді.

   Банктер – қазіргі уақытқа  сәйкес пайдалы және тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорын. оның стратегиялық мақсаты – қаржы нарығында тұрақты позиция ұстайтын клиенттерге Қазақстан территориясында жоғары деңгейлі банктік қызмет көрсету және халықаралық   нарықта банктік операциялардың  кең аспектісін  жүзеге асырып, жеке және корпоративті клиент тобымен жұмыс істеуде рационалды  пропорцияларды қолдау.

   Осы мақсатты жүзеге асыру халыққа қызмет көрсетіп отырған операциялардың сақтығын, жинақтық ісін және шағын және орта бизнесті қаржыландыруын халықаралық деңгейде жоғарылауын ұйғарады.

   Болашақта екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздар нарығында қызметі ұлғая түседі деген болжам бар.Алайда, банктер  осы нарықта жеке кәсіби  қатысушылардың қызметін жүргізе отырып бірқатар проблемалар  тудырады. Кеңірек бұл мәселелер  курстық жұмыста қарастырылған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   I Тарау.Коммерциялық  банктердің бағалы  қағаздар нарығындағы  орны мен рөлі. 

   1.1.Коммерциялық  банк бағалы қағаздар  нарығының кәсіби  қатысушысы ретінде.

   Коммерциялық  банктер әмбебап қаржылық несиелік институт ретінде бағалы қағаздар нарығының қатысушысы болып табылады. Қазіргі кезде коммерциялық банктердің бағалы қағаздар операциясынан және инвестициялық қызметтен түскен табыс пайданың қалыптасуында маңызды рөл атқарады.

   Бағалы  қағаздар нарығында коммерциялық банктердің қатысу формасының кеңеюі мен диверсификациялануы  ірі қаржы-банктік топтардың ұйымдастырылуына алып келді.олар коммерциялық банк тарапындағы  өзіндік құрылымдық бөлімшелер –  инвестициялық қорлар, брокерлік  фирмалар,трасталық компаниялар, консультациялық фирмалар т.б.

   Коммерциялық  банктер қор биржасында еншілес  қаржылық компаниялар құру және брокерлік  фирма қызметінде тікелей қатысу арқылы белсенделеді.Банктердің бағалы қағаздармен операцияларының кеңеуі олардың жоғары табыстылығымен  және тікелей банктік несиелерді тиімаді қолдану сферасының қысқаруымен ынталандырылады.

   Инвестициялы  – банктік филиалдар  мен еншілес  компаниялардың  жүйесін құру арқылы коммерциялық банктер халықаралық  бағалы қағаздар нарығына шығады.

   Қазақстан Республикасының 1995 ж тамыздың №2444 «Банктер және банктік қызмет туралы» заңы (толықтырулар мен өзгерістерді қоса алғанда )1сәйкес коммерциялық банк бағалы қағаздар нарығында келесі операция  түрлерін іске асыруға хұқығы бар 

  • есептік операциялар: заңды және жеке тұлғалардың дисконт вексельдері мен басқа да қарыздық міндеттемелерді есептеу жүргізу
  • сейфтік операциялар: құжат формасында шығарылған бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын, сейфтік жәшіктер, бөлімшелерді қосқандағы сақтау бойынша қызмет көрсетулер
  • ломбардтық  операциялар: жылжымалы мүлік және бағалы қағаздардың  кепіліне қысқа меррзімді несиелерді беру
  • бағалы қағаздар нарығындағы  клирингтік қызмет.
 

   Сонымен қатар осы заң мына кәсіби  қызмет түрлерін реттеуге араласады:

   -брокерлік,  мемлекеттік бағалы қағаздармен

   -дилерлік

   -кастодиандық

   -клирингтік

   Банктердің  осы аталған қызмет түрін, клирингтен басқа, бірігіп атқаруға лицензия Ұлттық Банкпен беріледі.Үкімет және Ұлттық Банктің нормативтік хұқықтық  актілерімен осы Заңға сәйкес ұйымдардың жарғылық капиталына қатысушы банктерге қосымша талаптар қойылған.

   Коммерциялық  банктер өзінің акция, облигация, депозиттік қолхаттар және т.б. бағалы қағаздарддың эмитенті ретінде, бағалы қағаздарды өз шотынан алатын инвестор рөлінде және бағалы қағаздар операциясынан  комиссиондық сыйақы алатын делдалдық оперрацияларды жүргізеді.

   Коммерциялық  банктер акционерлік қоғам формасында құрылатындықтан бағалы қағаздар нарығында  эмитент ретінде  шығады.Бағалы қағаздарды  шығару және олар бойынша  қызмет көрсету арқылы коммерциялық  банк  өзінің басты міндетін – ақшаны  аккумуляциялау және төлем құралдарын  құруды жүзеге асырады.

   Биржаның, банктердің, өнеркәсіп ұйымдардың, түрлі акционерлік қоғамдардың  акцияларын сатып алу арқылы банктер инвестор  ретінде шығады,бұдан бағалы қағаздар портфелін құррайды.Мұндағы банктерддің мүддесі болашақта дивиденд алу емес, компанияның қызметін басқару мүшесі ретінде болу.

   Делдалдар рөлінде банктер кәсіпорындардың  талабы бойынша шығарған акцияны  сату, қайта сату, сақтау және олар бойынша дивидендтер мен комиссиондық сыйақы алады.Мемлекет тарапынан банктердің бағалы қағаздар нарығында делдалдық қызметін тиімді реттеу жүргізілмегендіктен, олар клиенттерге қызмет көрсету  сферасын кеңейтіп отырады.Банктер қаржылық супермаркетке  айналып бағалы қағаздар нарығында брокерлік  фирмалардың  қатысуымен банктік холдингтер құрып, өзінің саясатын осы құрылымдар арқылы жүргізеді.

   Бағалы  қағаздар нарығында коммерциялық банктер  қызметінің схемасы төмендегідей: 

                    Бағалы     қағаздар      нарығы

                     

   Методикалық тұрғыда коммерциялық банктердің өзіндік  бағалы қағаздар бойынша эмиссия  операциясы кеңірек регламенттелген. Ал инвестициялық және делдалдық  қызметі шамалы регламенттелген, бірақ  осыған қарамастан банктер бұл бағыттар бойынша бірдей белсенділік білдіреді. 
 
 
 
 
 

                    
     
     
     

   1.2. Бағалы қағаздар  нарығындағы коммерциялық  банктердің жүргізетін  қызметтері.

1.2.1. Андеррайтингалық  қызмет. 

        Алғашқы орналастыру – бағалы қағаздардың өмірлік циклда ең қиын кезеңдердің бірі, өйткені мұнда олардың инвестициялық сапалапы бағаланып эмитент инвесторлардың мүдделерін қанағаттандыратын ұзақ мерзімді табыс төлей алатынын дәлелдейді. Алғашқы орналастырудың варианттары мен әдістері нарықтағы эмитент пен инвесторлардың жағдайына тікелей байланысты.

        Қор нарығының қызмет етуінде маңызды рөлді андеррайтер алады, олар – алғашқы шығарылымды орналыстыруда қаржылық жауапкершілікті алатын ( брокер, диллерлер, инвестициялық компаниялар) агенттер. Эмитенттер андеррайтерлерді бағалы қағаздарды алғашқы орналастыруда болатын қиыншылықтарды олармен байланысты процедураларды шешу үшін пайдаланады. Сондықтан, андеррайтерлер – алғашқы нарықта негізгі делдалдар болып табылады.

      Андеррайтинг – эмитенттерден жаңа бағалы қағаздарды сатып алу немесе кепілді орналастыру және оларды басқа сатып алушыларға пайда табу мақсатында қайта сату табылады. Ашық нарықты андеррайтер жаңа баға бойынша бағалы қағаздарды келесі сипатта сатуды ұйғарады:  

Эмитентке төлеген       андеррайтер        күтілетін       Сатып алушының

 алғашқы  баға        +     шығындары   +   пайда        =   жаңа бағасы 

        Жаңа баға жоғарырақ болады, өйткені ол тек алғашқы құнды ғана емес, барлық операциондық шығындар мен күтілетін пайданы қосады.

        Бағалы қағаздары орналастыру және олармен оперциялар жүргізу үшін инвестициялық банктерн мен компаниялар құрылады.

        Инвестициялық компаниялар келесілерге маманданған ұйымдар:

  • бағалы қағаздар шығарылымын ұйымдастыру және кепілдендіру;
  • Бағалы қағаздарға қаражаттар салу;
  • Дилер ретінде бағалы қағаздарды сату-сатып алу.

       Инвестициялық компанияның қаражаттар айналымы ресурстарды орналастыру мен таратуда тұрады:

  • Бағалы қағаздарға олардың алғашқы орналастырумен байланысты қаражаттар салу;
  • Бағалы қағаздарға (олардың екінші нарықта қолдау үшін) басқа да салымдар;
  • Банктік шоттар.

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктер