Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің дамуының негізгі кезеңдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 17:52, курсовая работа

Описание работы

Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.

Содержание

Кіріспе ..................................................................................................... 3
1 Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы........................................5
1.1. Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасуы және даму....................... 5
1.2. Банктердің нарықтық экономикадағы алатын орны мен рөлі .........10
1.3. Банк қызметінің құрылуы мен тоқтатылуы .......................................15
2 Қазақстан Республикасында банк ісін ұйымдастыру және реттеу..........20
2.1 Ұлттық банктің атқаратын қызметтері..................................................20
2.2 Екінші денгейлі банктер..........................................................................25
3 Қазіргі кездегі Қ.Р банк жүйесінің дамуы және жетілдіру
жолдары.............................................................................................................30
Қорытынды.......................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер..................................................................................34

Работа содержит 1 файл

Менің курстық жұмысым.doc

— 243.50 Кб (Скачать)

      Қолма – қолсыз есеп айырысу, бұл банктік айналым ақшаларының қозғалысын , яғни шаруашылық органдарының шоттары бойынша оларға төлемдер бойынша міндеттемелерінің орындалу тәртібі жөніндегі ақшалай сомалардың жазбалар түрінде аударылуын сипаттайды. Қолма – қолсыз есеп айырысудың кең етек алуы қолма-қол ақша қозғалысы ауқымын шектеумен айналыс шығындарын азайтуға , шаруашылық мәмілелерді аяқтауға мүмкіндік береді. Есеп айырысу кезінде келесідей төлем құралдары қолданылады: төлем тапсырма, чектер, вексельдер, аккредитивтер, пластикалық карточкалар, жирочектер яғни тапсырмалар. Есеп айырысу операцияларының арасында негізгі үш тобын бөліп көрсетуге болады. Чектер мен вексельдердің көмегімен жүргізілетін инкассалық операциялар, аккредитивтер көмегімен жүргізілетін есеп айырысу, аударым операциялары.

     Жалпы біздің елімізде, Ұлттық банк қатарында, Коммерциялық банктер құрылады. Енді осыған қысқаша тоқталып өтейік. Бұл банктердің керемет мүмкіндігі мен оларды басқа қаржылық институттардан ерекшелейтін сипттама – ақшаларды құру мен жою болып табылады. Ақшаны құру несиелік жүйенің икемділігімен іске асады. Өзінің депозиттік және несиелік операцияларымен банк уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оларды несие түрінде ұсынады. Сонымен олар халық шаруашылығын ақша деген қажеттілігін қанағаттандырады , яғни жаңа жолмен қаражаттарын құрайды. Сонымен қатар, банктер өз қызметі үрдісінде ақшалардың бір бөлігін жояды. Бұл клиенттің банктегі өз шотына қолма – қол түрде ақша алғанда және несиені өзшотының ақшаны аудару арқылы өтелен кезде болады. Банктің орындайтын операцияларының экономикалық мазмұны мен көлемі – банкті ұйымдастырушылық жағынан құрудың негізгі критерийі болып табылады.банктердің ақша қаражаттарын оларды табысты орналыстыру мақсатында салымдарға тарту жұмыстары депозиттік операциялар орындайды. Экокномика мен тұрғындарды несиелендіру – банктік қызметтің ерекше облысына және банктердің активтік операцияларына жатады. Осыған байланысты банктер несиелік институттарға жатады.

      Сонымен , банк әрине несиелерді қарызға береді яғни ол қарыздың атқаратын міндеттері мен қызметтері бар. Қарыздар мерзімі бойынша: қысқа, орта және ұзақ мерзімді болады. Қарызды беру қарыз алушының есеп айырысу шотында қаражат болмаған жағдайда қарыздың мақсаттық бағытына сәйкес ашылатын жекелеген шоттар арқылы тауарлы – материалдық құндалақтар және көрсетілген қызметтер, келісім шартта белгіленген қарыздардың пайдаланылмаған қалдықтарының сомасы шегінде чектер кітапшалар ашу үшін жүзеге асырылды.

      Жалпы мен банктердің құрылымын олардың атқаратын қызметтерін қорытындылап бердім. Ең алғаш банктердің мәндерін түсіндіріп бердім және олардың даму процесі ретінде қарастырып шықтым. Жалпы осы өз көзқарасым  бойынша.

Нарықтық экономика ерекшеліктері банктік емес мекемелермен үйлестіре отырып көп деңгейлі банк жүйесінің, олардың ақша-несие және делдалдық қызметінің формалары мен түрлері бойынша көп түрлілігінің, Орталық (бірінші деңгей) және басқа банктер (екінші деңгей) арасындағы функцияларды заң жүзінде бөлудің қажеттілігін тудырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (бұдан әрі Ұлттық банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары деңгейін құрайды.

Банк ісінің әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, барлық елдердегі несиелік институттардың ішінен елдің бүкіл несиелік жүйесін басқаруда басты роль атқаратын орталық банктер бөлініп шығатын болды.Ал олардың басшылық ролі мемлекет берген кең ауқымды өкілеттіліктерге байланысты. Банктердің банк  функцияларын, ақша – несие эмиссиясын жүзеге асыруына байланысты орталық банктер коммерциялық банктердің, яғни екінші деңгейлі банктердің қызметіне әкімшілік бақылау мен нақты экономикалық ықпал ету құқығы несиелік мекемелер міндетті түрде қолдануы тиіс норма шығару құқығы бар. Коммерциялық банктер несиелік саясат жүргізуде және өз клиенттеріне толығымен дербес әртүрлі қызметтер көрсетуде.

Нарықтық экономикада арнайы банктік емес институттар құрылмаған жағдайда кез келген елдің несие жүйесі аяқталмай қалады. Халық салымдарын толығымен тарту мүддесі мен өзгеріп отырған нарықтық экономика талаптарын толық қанағаттандыру бұл институттардың құрылуын талап етеді, ал олар несие жүйесін толықтырып, байытады, экономикадағы өзгерістерді икемді және сезімтал ете түседі. Аяғына қарай мен Қазақстандағы банк жүйесінің қазіргі жағдаын қарастырып өттім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 Қолданылған әдебиеттер:

 

 

1. Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың жалпы редакциясы – Алматы: экономика , 2001 ж.

2. GOOGLE сайты

3. Международные валютно – кредитные и финансовые отношения , под    редакц , Красавиной Л.Н. 1994 г..   

4. Халықаралық экономикалық қатынастар , Мамыров Н.Қ.

Мадиярова Д. М. Қалдыбаева А.Е. , Алматы : экономика , 1998 ж. 177-бет.

5. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. Алматы , экономика 2000 жыл 328-бет.

6. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Бас редактор : Қаратаев М.Қ. , ал мүшелері Арыстанбеков Х.А. Ахмедсафин У.М. , Әбілханов Қ.С. 

Алматы: 1973 ж. 640-бет.

7.Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк туралы заңы , Алматы : 1995

жылы шыққан.

8.Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің 2002– 2004 жылға арналған ақша-несие саясаты: Экономика, Алматы.

9.Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы заңы

2 – бөлімі 1995 жылы Алматыда шыққан.

10. «AFN» сайты

11. Мақыш С.Б. , Коммерциялық банктердің операциялары – Алматы : Қазақ  университеті , 2002 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ  МИНИСТІРЛІГІ

                         

                     Қарағанды «Болашақ» университеті

                                    

                                    «Қаржы» кафедрасы

 

 

                                                                                            

 

 

 

 

  

                                  КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

пәні: Ақша, несие, банктер

        тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің дамуының      

                     негізгі кезеңдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                            Орындаған: Ф-08-2 студенті  

                                                                                                 Тусупова А

                                                                            Тексерген: аға оқытушы                      

                                                                                               Усувалиева З. К

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  Қарағанды 2009

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің дамуының негізгі кезеңдері