Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің дамуының негізгі кезеңдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 17:52, курсовая работа

Описание работы

Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.

Содержание

Кіріспе ..................................................................................................... 3
1 Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы........................................5
1.1. Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасуы және даму....................... 5
1.2. Банктердің нарықтық экономикадағы алатын орны мен рөлі .........10
1.3. Банк қызметінің құрылуы мен тоқтатылуы .......................................15
2 Қазақстан Республикасында банк ісін ұйымдастыру және реттеу..........20
2.1 Ұлттық банктің атқаратын қызметтері..................................................20
2.2 Екінші денгейлі банктер..........................................................................25
3 Қазіргі кездегі Қ.Р банк жүйесінің дамуы және жетілдіру
жолдары.............................................................................................................30
Қорытынды.......................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер..................................................................................34

Работа содержит 1 файл

Менің курстық жұмысым.doc

— 243.50 Кб (Скачать)

1.2   Банктердің нарықтық экономикадағы алатын орны мен                                                         рөлі

 

 

 

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең мңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктердің және таурлы ақшалаи, қарым – қатынастардың дамуы тарихы тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір – бірімен өзара тығыз баиланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгеиіндегі басқарумен тікелей баиланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалы мүдделерін қанғаттандыру жүзеге асырылды. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уқытша паидалануына береді, ақшалаи есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің аналысына тікелей ықпал етеді. Қаржылық делдалдар осылаи қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру механизімін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады. Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісіне, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндетттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талп қойды. Нарықтық экономикада банктер монополистерге аиналады және барлық қаржылық капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шіғып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді. Несиелік жүие “ертегідеи күшке” ие бола отырып “нақты өндіріске ең қауіпті түрде араласуы” мүмкін. Карл Маркс келесіде “ағылшын банкісі сияқты мекеменің сауда мен өнеркәсіпке билік етуіне” назар аударады. Банктершаруашылық өмірдің орталығы, барлық экономиканың негізгі түйіні екені ескеріледі.

Банктік жүйенің мақсаты мне міндеттері негізінен эономиканы жалпы басқарудың мақсаттары және міндеттерімен бірдеи, әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің рөлі оның өзінің қызметтерін орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принціптерді сақтауда көрініс табады. Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады. Мүддені осылай деп түсінуден келесі туындаиды, яғни олраға қажеттіліктерді қкнғаттандыру арқылы әсер етуге баиланысты. Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен немесе қолма – қолсыз есеп аиырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді. Банктер есеп айырысу операцияларын жургізудің тәртібін бұзғаны үшін айыппұл, төлем төлеу күнін созғаны үшін өсім, несиені өз уақытында қаитармағандығы үшін жоғары паиыздарды алумен өзінің мүддесін ғана емес, сонымен қатар бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесін қорғаиды.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сызба 1. Қаржылық – несиелік институттардың қаржылық делдалдар ретіндегі рөлі.

 

Дамыған елдердің экономикасында ертеде танылған екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасқан. Ал Қазақстанда мұндай жүйені құру тек 1987 жылы СОКП ОК және КСРО Министрлер Кеңесінің  № 821 қаулысымен бекітілді (орталық эмиссиялық банктің және мемлекеттік мамандандырылған банктердің). Республикалық банктерге кеңестік республикалардың министрліктерінің құқықтары берілді. Несие жүйесін жетілдіру бойынша жүзеге асырылған іс – шараларға қарамастан, ол кертартпа болып қала берді. 1987-1988 ж.ж. жүргізілген банктік реформа нәтижесінде Мемлекеттік және Құрылыс банкісінің мекемелері негізінде Өнеркәсіп құрылыс банкі, Агроөнеркәсіпбанкі және Тұрғын әлеуметтік банкі құрылды. Жинақ кассалары жүйесінің негізінде Жинақ банкісі, ал Сыртқы сауда банкі негізінде Сыртқы экономикалық банк құрылды. КСРО-ң Мемлекеттік банкі мемлекеттің Орталық банкі болып жарияланды. Құрылған мемлекеттік мамандандырылған банктер – Өнеркәсіп құрылыс банкі, Агроөнеркәсіп банкі, Тұрғынәлеуметтікбанкі, Жинақ банкі – бұрынғы кезеңнің жүйесіне қатысты көптеген негативті белгілерге ие болды. Ол кезде үш банк: Мемлекеттік банк, Құрылыс банкі және Сыртқы сауда банкі іс-әрекет етті. Бұл банктер халық шаруашылығында несиелік ресурстардың еркін ағылуын қамтамасыз ете алмады, сондықтан борышқорлармен партнерлік қарым – қатынастар орнатылмады, Мемлекеттік банктің жалпы ақша айналымын басқарудың тиімді әдістері болмады. Несиелік саясатта проценттік ставкалар төмен небәрі 5-8 пайыз болып, олар тиімсіз, төмен рентабельді жобаларды жүзеге асыру үшін пайдаланатын несиелерге қосымша сұранысты қалыптастырды.

1988 жылы «Кооперация туралы» Заң қабылданғаннан кейін алғашқы кооперативтік банктер құрыла бастап, олар банктік қызмет сферасында нарықтық қатынастардың қалыптасуына негіз салды. Осы кезден Қазақстанның банк жүйесінің дамуының бірінші кезеңі басталды. Кеңес Одағында мұндай банктің алғашқысы Шымкенттегі «Союзбанк» болды. Кооперативті статус банктерге мақсаттарды анықтауда, несиелеу шарттары мен мерзімдерін, проценттік ставкалар деңгейін белгілеуге еркіндік берді. Ол банк қызметінің әртүрлі формаларының дамуына алынған пайданы пайдалануға, материалды – техникалық базаның нығайтылуына және басқа да проблемалардың шешілуіне мүмкіндік берді.

Мамандандырылған банктер өз қарекетін әкімшілік территориялық принцип бойынша жүзеге асыру барысында кеңестік республикалардың облыстарында банктердің басқармалары ұйымдастырылды. Аудан немесе қала деңгейінде банктердің өз мекемелері құрылды. Жетпіс жыл бойы КСРО-ң банк жүйесінде, оның ішінде, Қазақстанның банк жүйесінде қатаң орталықтандыру және шоғырландыру орын алып, әкімшілік басқару басым болды. Қалыптасқан ақша – несие қатынастарының жүйесі және тәжірибесі туындаған нарықтық қатынастардың жағдайларына сәйкес келмеді. Бұдан кейінгі жылдары банк жүйесі елдегі саяси және экономикалық жағдайдың динамикалық дамуымен ерекшеленеді.

Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалаи қорларды шоғырландырған: мемлекеттік шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни оларды паидалану боынша бақылау жүргізеді, ақша аиналымын реттейді және сол арқылы ұдайы өндірістік үрдіске әсер етті. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшумен банктердің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Меншікті жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру нәтижесінде жеке меншік, меншіктің ұжымдық және акционерлік түрлері, кооперативтік қозғалыс кең етек алуда. Меншіктің аралас түрінің негізінде кәсіпорындар құрылуда, шаруа қожалықтары санының есебі, олардың бірлесуі, жалға беруші ( арендатор ) және жеке еңбек қызметімен аиналысатын тұлғалар да осыған жатады. Қазақстан Республикасы 1993  жылы 15  қараша айынан бастап өзіміздің ұлттық валютамыз – төл теңгемізді еңгізді. Бірақ инфляция тоқтамады. Оның шіны 1994  жылы шілде айында 46 %-ға жетті. Ұлттық банк пен үкіметтің монетарлық шараларды қабылдауының нәтижесінде шілде айында инфляция 25 %-ға, төмендеді, ал 1994  жылы тамызда 13,5 %-ға, қыркүйекте 10,9%-ға тең болды. 

Инфляцияның төмендеуінің нәтижесі қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 300-ден 250%-ға дейін төмендеуі мен несиелік ресурстар аукциондағы 460-тан 280%-ға төмендеуі, яғни несие үшін төлем, сұраныс пен ұсыныс негізінде анықтаған, нарыққа айналды.

  Банктік реформа кәсіпорындарды жекшелендіру қайта құруға және көп шығын шығаратын кәсіпорындарды тарату немесе қайта құруда өз үлесін алуы керек. Бұл шіғынды және төлем қабілетсіз кәсіпорындарды несиелеуді шектеумен қатар өміршең кәсіпорындарды несиелеу мүмкіндігін кеңейтеді. Көп шіғынды кәсіпорындардың өміршең кәсіпорындардан бөлініп және олардың жаңадан құрылған даму банкіне берілүі арқылы қызмет көрсетілүі қалған банктердегі нашар, әрекетсіз несиелердің шоғырлануын брлдырмауы тиіс. Банктік жүенің реформасы инвестициялық қорлардың рөлін жоғарылату және сауықтыру банктерін құру жолымен жекешелеген кәсіпорындарды қайта құруға қолғабыс етеді. сауықтыру банкінің рөлі жекешелендіру бағдарламасының негізгі мақсаты болып табылатын, тиісінше жекешеленген және көп шіғынды кәсіпорындарға корпоративті жетекшілікті күшейтуге қатысты арта түседі. Инвестициялық қорлар жекешелендірілетін кәсіпорындардың саудасына қатысып, олардың қарыздарын акционерлік капиталға алмастыруы мүмкін, яғни жеке меншік құқық жеке тұлғаларға көшеді деген сөз. Банктік жүйенің рформасы жеке кәсіпорындардың банктен несие алуларын қамтамасыз етеді, жеке сектордың дамуына жәрдемін тигізеді. Осы мерзімде ол шіғынды мемлекеттік кәсіпорындарды қата құруды жасаиды. Жекешелендіруші кәсіпорындарға ресбубликада банктік реформаны құрудың барысында Қажетті ипотекалық банктер маңызды көмек көрсетеді, яғни бұл жерде әңгіме жекшелендірүші кәсіпорындарға, оған тиісті мүлікті кепілге ала отырып, ипотекалық банктің ұзақ мезімді несиесін беру мүмкіндігі туралы болып табылады. Бірақ ол үшін ең алдымен заң базасын жасау керек.

 

 

 

 

 

 

1.3        Банк қызметінің құрылуы мен тоқтатылуы

 

 

 

Банкті ұиымдастыру қиын процедураны білдіреді және ол елдің арнйы заңдарымен реттеліп отырады. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының аумағында банктерді құруға рұқсат береді және банктермен, олардың филиалдарын тіркеуге алу кітабын жүргізеді.

Рұқсат Ұлттық банк белгілеген мөлшердегі төлем негізінде беріледі.Рұқсат берген кезде Ұлттық банк атқарылатын банктік операциялардың шеңберін анықтаиды. Банктік заңдар мен заң актілерінде банктердің қызметінің ашылуы мен тоқтатылуы реттеліп отырады.

Банкті құруға рұқсат алу үшін келесі құжаттар қажет: 

-  рұқсат беруге арыз;

-  экономикалық негіздем;

-  алдағы 2 – 3 жылдағы толықақпараттарды қамтитын іскерлік

болжалды жоспар;

-  құрылтаишылар ұсынатын банк жетекшілерінің (төраға мен бас

бухгалтердің) кәсіби жарамсыздығы жайлы мәліметтер;

-  құрылтайшылардың қаржылық тұрақтылығы жайлы аудиторлық

қорытынды;

-  жарғылық қор шотына қаражат салғанын растаитын құжат.

Сонымен қатар, бірлескен немесе шетелдік банк және де олардың еншілік банктерін құруға рұқсат алу үшін келесідей құжаттар қажет:

-  құрылтаишы заңды тұлғалар үшін олардың заңды мәртебесін растайтын, жарғы немесе басқа да құжат және алдыңғы екі жылдың жарияланған брлнсы, Қазақстан аумағында шетелдік банк құруға немсе қатысу жөніндегі шетел құрылтаишыларының сәйкес органдарының рұқсаты, шетел құрылтайшысы келген елдің бақылау органының Қазақстан аумағында шетелдік бірлескен банкке қатысуына қарсы еместігі жайлы жазбаша анықтама;

-  құрылтаишы жеке тұлғалар үшін: шетелдік беделді банктің осы тұлғаның төлем қабілеттілігін куәландыруықажет.     

Заңды және жеке тұлғалар банктің құрылтайшылары ретінде бола бастады. Мемлекет тек Үкімет тұлғасында ғана банктің құрылтайшысы және қатысушы бола алады. Кез келген құрылтайшылардың, қатысушылардың, қатысу үлесі мемлекеттен және еншілес банктерден басқалары үшін жарғылық қордың 35%-ан аспауы тиіс. Банкті ашуға рұқсат беру жайлы арыз – құжатты алған мерзімнен бастап, 3 аидан аспайтын уқыт ішінде Ұлттық банкте қарастырылады.

Рұқсат беруден бас тартудың себептері мынада: құрылтаишы құжатының жұмыс істеп тұрған заңдарға сай келмеуі, құрылтаишылардың қаржылық жағдайының тұрақсыздығы, банктің құрылтайшысының, басқарма және жетекші мүшелерінің алдағы қызметтеріндегі заңға қаишы әректтердің болуы, алғашқы екі жыл ішіндегі банктің меншікті қаражаттар есебінен активтік операциялар жүргізе алмауы. Қазақстан Республикасының банктерін тіркейтін кітапта тіркелгеннен бастап, банк заңды тұлға мәртебесін алады. Оған тіркеу номері және банктік операцияларын жүргізуге лицензия беріледі.Көптеген елдерде бнкті ашуға арнайы рұқсатты талап етеді, бірақ кей жағдайларда олар құрылтаишыларды тіркеүмен ғана шектелуі мүмкін.

АҚШ – та жаңа банк құру қатал тәртіппен реттеледі. өз қызметтерін бастау үшін банк, штаттың билік органдарынан чартер – лицензия алуы қажет немесе ақша аналысын федыралды чартер тексерушісі алуы керек. Сонымен бірге, банктің капйталының мөлшері ( кіші және орта қалаларда 100-200  мың доллар аралығында, ал ірі қалаларда әлде қаида жоғары) заңмен белгіленген минималды нормаға сайкес болуы қажет. Сондаи-ақ , жергілікті тұрғындардың жаңа банкке деген қажеттілігі, болашақта табыс алу мүмкіндігі , жетекшілер құрамының өкілеттілігі, тағы басқа факторлар ескеріледі. Банкті ашудың осған ұқсас тәртібі  Германия, АНглия, Швейцария, Жапония және басқа да елдерге тән. Банктер және банктік қызметтер туралы заңға сәйкес банкті ашуға рұқсат беруде бас тартуды санамағанда, банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензия келесідей жағдайларда қайта қайтарылып алынуы мүмкін:

-  рұқсат күннен бастап, 6 айдан аса уақыт ішінде банк өз қызметін 

бастамаса;

-  Ұлттық банк белгілеген пруденциялақ нормативтерді, Қазақстан

Республикасының жұмыс істеп отырған банктік заңдарды жүйелі түрде бұзу, Ұлттық банк белгілеген нормативтік актілерді бұзу жағдайлары анықталған кезде;

-  заңмен белгілеген мәліметтер мен есеп берулерді жүелі түрде бұрмалау;

-  осы заңмен және банк жарғысы, қарастырылған тыс операцияларды жүргізукезінде.                                                                                                                             

Банкті ашуға берілетін рұқсатты қайта қайтарып алу, оның таратылуы туралы шешімге саи келеді. Банк өз қызметін банк құрылтайшыларының шешімі бойынша осы заңның 68, 69, 70,71  баптарына сәйкес тоқтатады. Банк акционерлі құрылтаишылары бекіткен жарғы негізінде қызмет істейді.

Банк жарғысында төмендегідей мәліметтер болуы қажет:

-  банк аты және оның орналасқан жері;

-  банкпен жүргізілетін банктік операциялар тізімі;

-  жарғы қорының мөлшері және банкпен құрылатын басқа да қорлардың

тізімі;

-  банктің басқарма органдары, оны бақылау органы, олардың құрылымы,

құрылуы және қызмет ату тәртібі жайлы ереже;

-  банкті тарату тәртібі.      

Банктің қалыпты жұмыс істеуі үшін жарғылық, резервтік, сақтандыру және басқа да қорлар құрылады.

Жарғылық қор  банктің міндеттемесін қамтамасыз етуінің негізі болып табылады да, ол акция шіғару немесе құрылтайшылардың салымдары есебінен құрылады.

Алдын ала белгіленбеген шіғындар мен залалдарды жабу үшін банкте резервтік қор құрылады.Ол банктің табысынан жыл сайынғы аударымдар есебінен жарғылық капиталының сомасының 25%  көлеміне дейінгі мөлшерде құрылады және банктің басқкрмасының шешімі бойынша жұмсалады.      

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің дамуының негізгі кезеңдері