Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 17:52, курсовая работа
Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Кіріспе ..................................................................................................... 3
1 Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы........................................5
1.1. Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасуы және даму....................... 5
1.2. Банктердің нарықтық экономикадағы алатын орны мен рөлі .........10
1.3. Банк қызметінің құрылуы мен тоқтатылуы .......................................15
2 Қазақстан Республикасында банк ісін ұйымдастыру және реттеу..........20
2.1 Ұлттық банктің атқаратын қызметтері..................................................20
2.2 Екінші денгейлі банктер..........................................................................25
3 Қазіргі кездегі Қ.Р банк жүйесінің дамуы және жетілдіру
жолдары.............................................................................................................30
Қорытынды.......................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер..................................................................................34
Сонымен қатар бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Олар: брокерлік, дилерлік, кастодиандық. Бұл банктік операциялар бойынша қызметтерді көрсету,клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету.
Осыған орай, банктік заңдарына сәйкес, банк – уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтауға, клиенттердің тапсырысы бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізуге құқылы несие ұйымы.
Екінші деңгейлі банктер заңнаманың барлық құқықтық жағынан қамтылған кең көлемде операциялар түрлерін ұсынады. Коммерциялық банктің операцияларын 3 топқа бөліп қарастырамыз:
Сурет 3. Коммерциялық банк операцияларының негізгі құрылымы
Коммерциялық банктің кіріс алу және өтімділікті қамтамасыз ету мақсатымен банктің шоғырландырылған ресурстарын орналастыру оның активті операцияларының мазмұнын анықтайды. Яғни, банктік активті операциялар – табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында иелігінде бар ресурстардың орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.
Шынында да, банктер мұндай операциялардан пайда көреді. Олар салымдарға төлейтіндеріне қарағанда, қарыздарға біршама жоғары пайыз мөлшерлемесін белгілеп табыс табады.
Жалпы қоғамға көмек, олар банктен алған қарыздары есебінен өздерінің өнімдерін өндіріп, алға қойған мақсатына жеткенде ғана пайданы сезінеді (мысалға жалпы пайда нормасын 4-тен 5%-ға ұлғайтқанда). Болашақ қарыз алушыларды дұрыс таңдай отырып, олардың ішінде берілетін қарыз бойынша жоғары пайызды төлеуге кімнің жағдайы келсе, соларға банктер ақшалай қаражаттарын бере алады.
Осы уақытқа дейін Қазақстанда несиелер үкіметтің қажеттілігіне
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің сақтауға қолайлы әр түрлі депозиттерді ұсыныды, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады. Қазіргі комммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде.
Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.
Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде ақша деп, тек қолма – қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің жетіспеушілігі және өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес. Халық шаруашылығындағы осы сияқты іс – тәжірибелер тиімсіз, себебі бір жағынан, мынадай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші жағынан, мұндай ақшалар қажетті емес.
Қазіргі көрсеткіштері:
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің жиынтық активтері жыл басынан 46,5 миллиард теңгеге немесе 0,4 пайызға өсіп, сәуірдің 1-індегі жағдай бойынша 11 73,1 миллиард теңгені құрады. Сәуірдің 1-іне дейін банк секторында 35 екінші деңгейлі банк жұмыс жасаған. Бұл мәліметтерді бүгін жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысын жариялаған ҚР Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарды реттеу мен қадағалау агенттігінің төрайымы Елена Бахмутова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Банктердің меншік капиталы 2,6 пайызға өсіп, 1 827,3 млрд.теңгеге жетсе, несие қоржыны 6,8 млрд. теңгеге немесе 0,1 пайызға азайып, 8 861, 5 млрд. теңгені құраған. Банктердің негізгі борышы мен есептелген сыйақы мөлшері бойынша мерзімі өткен берешек 190, 5 миллиард теңгені құраған.
1990 жылы құрылған Қазкоммерцбанк қазіргі уақытта активі, несие қоржыны және пайда мөлшері бойынша ірі жекеменшік қаржы институты болып табылады.
Банктің негізгі қызметі дәстүрлі депозиттер қабылдау, теңге мен шетел валютасында қарыз бен несие беру болып табылады. Банк сонымен бірге клиенттердің дебеттік және кредиттік карточка, инкассация сияқты төлемдерін, сондай-ақ, бөлшек сауда банкингі сияқты ағымдағы шоттарына қызмет көрсету бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынады. 2006 ж. 1 шілдедегі жай-күйі бойынша, Банк бас офистен басқа, Қазақстандағы 22 әмбебап филиалға және 69 операциялық бөлімшеге иелік етеді (ОБ ұғымы бұрынғы КЕБ пен БҚО-ны біріктірді).
Сондай-ақ, Банктің Қырғызстанда («Казкоммерцбанк Қырғызстан») және Ресейде («Москоммерцбанк») еншілес банктері бар.
Банктік депозиттер қаражат тартудың елеулі көзі болып қала береді. Олар жалпы қорландыру көлемінің шамамен үштен бір бөлігін құрайды. 2005 жылдың қорытындысы бойынша клиенттер шотындағы қалдықтар көлемі бір жарым есеге өсіп, 303,4 миллиард теңгеге (2,3 млрд. $) жетті. Тұрғындардың шұғыл депозиттерінің көлемі 652 млн. $-дан асып түсті. Депозиттік шоттар саны 2005 жылдың өзінде ғана 65,6 мыңнан 73 мыңға дейін артты.
Банк VISA және Europay/MasterCard (Cirrus/Maestro карточкаларын қосқанда) халықаралық жүйенің кредиттік және дебеттік карточкаларын шығарады.
Сонымен қатар, Банктің тармақталған банкоматтар торабы бар. 2006 жылдың 1 наурызында банкоматтар саны - 399, сауда/қызмет көрсету кәсіпорындарында орнатылған POS-терминалдар саны – 2364-і құрады, ал қолма-қол ақша беруге арналған POS-терминалдар саны – 162. Банк, сондай-ақ, Қазақстанда өз клиенттеріне қаржылық порталдар арқылы оқшауланған банктік қызметтер көрсету бойынша жетекші банк болып табылады: Homebank.kz – жеке тұлғалар үшін, Onlinebank.kz – заңды тұлғалар үшін.
Банк орташа және ірі қазақстандық және Қазақстанда өз қызметін жүзеге асыратын халықаралық бірлестіктерге түрлі өнім мен қызметтер ұсынады; сауда, жобалық қаржыландыру, инвестжобаларды қаржыландыру, активтерді басқару, сондай-ақ, қысқа мерзімді несиелеу мен басқа да жалпы банктік қызметтерді қосқанда. Банк өз саясатына сәйкес, жоғары өтімділік деңгейін қолдау мақсатында, әдетте, корпоративтік клиенттер үшін 18 айға дейінгі орташа мерзімге несие, сондай-ақ, қазіргі уақытта ресурстарына байланысты ұзақ мерзімді қаржыландыру ұсынады. Банк Қазақстандағы өзінің негізгі клиенттері үшін шетелдік банктермен бірлестірілген несиелер ұйымдастырады және Ресей мен Қырғызстанның ірі корпоративтік клиенттерін қаржыландырады.
Банктік қызметтен басқа, Банк өзге де қаржылық қызметтер көрсетеді. Қазақстанның құнды қағаздар мен валюта нарығының негізгі қатысушысы бола отырып, ол компанияларға валюталық-конверсиялау операцияларын, ақша нарығындағы операцияларды, құнды қағаздар операцияларын қосқанда, компанияларға ақша ресурстарын басқару жөніндегі қызметін ұсынады. Банктің бас лицензиясына сәйкес, Банктің бағалы металдармен, алтын және күмісті қосқанда, мәміле (сату, сатып алу және сақтау) жасауға құқы бар. 2001 жылдан Банк өзінің корпоративтік және бөлшек сауда клиенттеріне ақша қаражаты мен активтерді басқаратын сенімгерлік қызметтерін ұсынады.
3 Қазіргі кездегі Қ.Р-ң банк жүйесінің дамуы және жетілдіру жолдары
Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасын жүзеге асырудағы маңызды жетістіктерінің бірі – банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету
АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат. Кеше, ақпанның 25-де Елбасы Н. Назарбаев қатысқан дағдарысқа қарсы бағдарламаның ағымдағы қол жеткізген қорытындылары жөнінде жиын болды. «Бес ауқымды іс» бағдарламасы аясындағы төрт бағыт «Самұрық-Қазына» қоры арқылы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алғашқы бағыт - қаржы секторының орнықтылығын қамтамасыз ету, деді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов жиында сөйлеген сөзінде. - Өздеріңіз де білесіздер, төрт банкті қосымша қаржыландыру бойынша шешім қабылданған. Анығырақ айтсақ, банктердің акционері болатындығымыз туралы алғашқы шешім былтыр қарашада қабылданған еді. Қаңтардың 15-де біз Қазкоммерцбанк пен Халық банкінің әрқайсысына 120 млрд.теңгеден бөлсек, ақпанның 2-де БТА банкі мен Альянс банктің акционерлік капиталына кіру жөніндегі шешімге сай, БТА банкке 212 млрд.теңге, Альянс банкке 24 млрд.теңге бөлінді.
Соңғы күндері бұл банктердің орнықтылығы жайлы көп әңгімелер болды. Кеше Елбасы мемлекеттің төрт банкті қолдайтындығын, сондықтан да салымшылар мен клиенттердің ешнәрсеге алаң болмауын, өйткені, мемлекеттің банк жүйесін қолдайтындығын және осы жүйенің тұрақтылығын сақтайтындығын нақтылап айтты. Бұл дегеніміз-дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында бөлінген ақша түрінде ғана емес, сонымен қатар, мемлекет қолдауы мына жайттардан орын алады: ұлттық компаниялар мен даму институттарының депозиті күйінде, Үкіметтің шешімі түрінде болатын іс-шаралар банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жұмсалады.
Үкіметтің 2007, 2008, 2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы бағдарламасын жүзеге асырудағы маңызды жетістіктердің бірі-банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету. Өздеріңіз де көріп отырғандарыңыздай, бүкіл әлемде банктер мемлекет меншігіне түбегейлі өтіп жатыр, ал кейбір банктер тіпті, жабылып жатыр. Ал Қазақстанда, банк жүйесінің тұрақтылығы бар. Бұл банк қауымдастығы мен мемлекеттіңбіріккенжетістігі. Осылайша, төрт жүйе құраушы банктер төңірегіндегі қауесеттерге нақты жауап бар. Мемлекет басшысы, жоқ жерден жік іздейтін арандатушыларға тоқтау қажеттігін, ал халық банк жүйесіне сенім артуы керектігін айтты.
Банктердің кей клиенттері бізге банк шарулары жайлы сауалдар қойған еді. Біздің айтарымыз мынау: БТА банкі мен Альянс банкінде жұмыс істеп жатқан жаңа басшылық және Қазкоммерцбанк пен Халық банкінде істеп жатқан басшылық-барынша жауапты адамдар. Олар бар қиындықты жеңе алады
Қазақстанның банк жүйесінің ағымдағы жағдайы мен әрі қарай
Бастапқы есеңгіреу мен оның салдарын аман-есен жеңдік. Бірақ бұл, барлық проблема шешілді деген сөз емес. Ағымдағы жағдай дамыған сай, сол рейтингілік агенттіктер кеңес жүргізетін жаңа міндеттер туындап отырады. Реттеуші органдардың превентивті шараларының нәтижесі бойынша ликвидтіліктің әлемдік дағдарыс проблемасы банк жүйесінің негізгі көрсеткіштеріне қатты әсер ете қойған жоқ. Атап айтқанда, 2007 жылдың тамыз-желтоқсан айларында банк секторының активтері 4,3 пайызға, ал жыл бойынша – 31,7 пайызға өсті. 2008 жылдың қаңтар-мамыр айларында активтердің өсімі 2,2 пайызды құрап, 11 938,0 миллиард теңгеге дейін жетті. Екінші деңгейлі банктердің өз капиталдары бойынша да осындай жағдай қалыптасып отыр. 2007 жылдың тамыз-желтоқсан айларында банк жүйесінің өз капиталының көлемі 11,7 пайызға дейін, ал жыл бойына – 52,5 пайызға дейін өссе, ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында 6,4 пайызды құрап, 2008 жылғы маусымның 1-індегі жағдай бойынша 1893,5 миллиард теңгеге жетіп отыр. Ликвидтіліктің әлемдік дағдарысы жағдайында банктерге депозиттердің қомақты ағымы тоқтады, әсіресе алғашқы айларда. Дегенмен, «ес жиналғаннан» кейін, 2007 жылдың қараша айынан бастап депозиттер көлемінің өсуі жанданды. 2007 жылдың соңғы 5 айында депозиттердің өсімі 2 пайызды құраса, жылдық өсім 26 пайызды құрады. Ал 2008 жылдың қаңтар-мамыр айларында депозиттер тағы 12,2 пайызға өсіп, маусымның 1-індегі жағдай бойынша 4366,7 миллиард теңгеге жетті. Банк жүйесіндегі қиын жағдай басталғалы бері рейтингілік агенттіктер негізгі назарларын сыртқы төлемдерге аудара бастады. Төлемдердің кестесіне «үңіліп қарап», біздің банктердің төлемдерді қайтару көрсеткішіне және ликвидтілікпен байланысты ахуалға назар аударды. Ликвидтілікпен байланысты жағдайдың бақылауда екендігі және сыртқы төлемдермен ешқандай проблеманың болмайтындығы айқындалып отырғандықтан, рейтингілік агенттіктер енді назарларын несиелік қоржынның сапасына аударып отыр. Бұл - заемшылардың несиенің уақытын өткізіп алумен байланысты үмітсіз несиелер. Мұндай проблемалар бар және Қаржылық бақылау агенттігі айтып отырған тренд - айқын: ешқандай проблема жоқ стандартты несиелердің үлесі төмендеп, күдікті, үмітсіз несиелердің үлесі артып келеді. Бірақ мұның барлығы ақылға сыятын аралық шегінде орын алуда. Мысалы, мамыр айының соңындағы жағдай бойынша үмітсіз несиелердің пайызы жалпы несие қоржынының 2 пайыздан сәл ғана астамын құрап отыр. Бірақ та Қаржылық бақылау агенттігі банктерден жұмыссыз тұрған несиелердің есебінен резервтер құруды талап етуде және біздің банктердегі қор осы мақсат үшін тиімді. Бұл мәселенің Қаржылық бақылау агенттігінің және басқа да мемлекеттік органдардың назарында екенін ескере отырып, белгілі бір шаралардың жүзеге асырылу ықтималдығын жоққа шығармаймын. Рейтингілік агенттіктер бұл саладағы жағдайдың да қалыпты екенін көргеннен кейін, өз назарларын басқа проблемаларға аударатын болар. Мысалы, ликвидтілік жағдайы жақсы бірқатар банктер, рейтингілік агенттіктер мен инвесторлардың олардан кіріс туралы сұрай бастағанын айтып отыр. Сондықтан да, банктер шешуі керек мәселелер әрқашан болады, бірақ банк жүйесі бойынша кіріс мәселесі біз үшін оңтайлы мәселе. Өткен жылдың тамыз айында қалыптасқан жағдаймен салыстырғанда, қазіргі жағдайдың оң жақтары неде? Ол кездегі жағдай кенеттен орын алды, АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыс аяқ асты пайда болып, біздің банк жүйемізге қатты соққы берді. Енді ондай «күтпеген теріс жағдайларды» күтуге негіз жоқ. Менің айтпағым, отандық қаржы жүйесіне теріс ықпалын тигізуі мүмкін бағыттарды біздің білетіндігіміз - олар ликвидтілік, несиелік қоржынның сапасы, кіріс мәселесі. Осынау теріс құбылыстарды жеңу үшін, банкирлер мен акционерлердің қандай бағытта жұмыс істеу керектерін біз біліп отырмыз. Және реттеуші органдардың да қай мәселеге назар аудару керектігін білеміз. Осы тұрғыдан алғанда, жағдай оңай емес, бірақ айқын, белгісіздіктен гөрі осы дұрыс.
Қорытынды:
Жалпы мен бұл тақырып бойынша, банктердің атқаратын қызметін, олардың түрлерін сипатын анықтап шықтым. Мен бірінші тарау бойынша: Қазақстанның банктік жүйесін, олардың алғашқы пайда болғанын және алатын орны мен ролі туралы атап шықтым. Екінші тарауда, Қ.Р-ң банк ісінің қалай ұйымдасқаны туралы атап өттім. Үшінші тарауда ,қазіргі кездегі еліміздегі банк жүйесінің дамуы туралы қарастырып шықтым.
Енді өзімнің қысқаша түсінігімді сипаттап берейін, жалпы ақша қаржылары мен қорлардың жинақтау, кредит беру, ақшалай есеп айырысу, ақшаның белгілі бір түрін айналысқа жіберу, бағалы қағаздар шығару және олармен операция жасау сияқты тағы басқа қызмет атқаратын экономикалық арнаулы институттардың бірі банк болып келеді. Товар ақша қатынастары негізінде паида болады да, оның әлеуметтік – экономикалық ролі қоғамдық формацияның сипатымен анықталады. Банк ісінің кейбір белгілері құл иеленушілік және феодалдық қоғамдарда бой көрсетті. Орта ғасырда банк ісі ең алдымен сауда - өнеркәсіпті қалаларында дами бастаған. Ал ақша айырбастаушылар мен өсімқорлар операцияларды стол басында отырып жүргізген. Басты мақсаты пайда табуды көздеген және банк өнеркәсіп пен сауда капиталистерінің мол ақша қаржыларын өзіне тарта бастады. Олар қарызға металл ақша беруден, борышқорлық міндеттемелер арқылы кредит беруге және клиенттің ағымдағы счетына ақша аударып, қарыз беруге талаптаптанды. Банктің көпшілігі акционерлік қоғамға айналды. Банктер дамыған сайын кредит беру мен төлемдерді төлеуде делдалдық жүргізетін мекемелердің қажеттіліг өсе түсті. Банктер бос ақша қаржыларын жинап, оны әртүрлі мерзімге қарызға беруді ұсынды.
Сонымен , алғашқы банктік операцияларды орындаған кімдер? деген сұрақ туады. Менің пікірімше, олар жекелеген тұлғалар және қолында шоғырланған ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері болып табылған. Сол уақыттағы белгілі гректің шіркеулері яғни белгілі ақша сақтаумен айналысқан. Алғашқы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз жатуға болмайтынын, оларды уақытша пайдалануға беріп, паида табу қажеттігін деп түсінеміз.
Енді өзіміздің еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым болып, заңға сәйкес Ұлттық орталық банк экономикамызда басты орын алады. Ол орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша – несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша – несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесінде жетекшілік етуге бағытталады. Әлемдік тәжірбиеде көрсеткндей , Орталық банктің мемлекетпен біріктірілген кең көлемдегі өкілеттілігі екі деңгейдегі банктік жүйенің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Орталық банктің тарапынан ақша несилік реттеудің негізгі обьектісіне экономикамыздағы жалпы қолма – қол және қолма – қолсыз ақша массасы болып табылады екен.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің дамуының негізгі кезеңдері