Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің дамуының негізгі кезеңдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 17:52, курсовая работа

Описание работы

Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.

Содержание

Кіріспе ..................................................................................................... 3
1 Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы........................................5
1.1. Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасуы және даму....................... 5
1.2. Банктердің нарықтық экономикадағы алатын орны мен рөлі .........10
1.3. Банк қызметінің құрылуы мен тоқтатылуы .......................................15
2 Қазақстан Республикасында банк ісін ұйымдастыру және реттеу..........20
2.1 Ұлттық банктің атқаратын қызметтері..................................................20
2.2 Екінші денгейлі банктер..........................................................................25
3 Қазіргі кездегі Қ.Р банк жүйесінің дамуы және жетілдіру
жолдары.............................................................................................................30
Қорытынды.......................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер..................................................................................34

Работа содержит 1 файл

Менің курстық жұмысым.doc

— 243.50 Кб (Скачать)


 

                    Мазмұны

 

Кіріспе   ..................................................................................................... 3

1        Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы........................................5 

1.1. Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасуы және даму....................... 5

  1.2. Банктердің нарықтық экономикадағы алатын орны мен рөлі  .........10

  1.3. Банк қызметінің құрылуы мен тоқтатылуы  .......................................15

2        Қазақстан Республикасында банк ісін ұйымдастыру және реттеу..........20

  2.1 Ұлттық банктің атқаратын қызметтері..................................................20

2.2  Екінші денгейлі банктер..........................................................................25

     3 Қазіргі кездегі Қ.Р банк жүйесінің дамуы және жетілдіру

        жолдары.............................................................................................................30

         Қорытынды.......................................................................................................32

         Қолданылған әдебиеттер..................................................................................34

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

     Кез келген мемлекеттің  экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің  дамуының  негізі – банк жүйесінің  қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.

              Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық  тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар – халықтың өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар.(Осы туралы 10-шы беттегі кестеден көре аласыз) Банктің  мазмұны мен атқарылымы оның  экономикадағы маңызын көрсетеді. Банктің  маңызы оған жүктелген міндеттермен айқындалады. Банкке жүктелген міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:

- өндірістің  үздіксіздігін және оны жеделдетуін қамтамасыз етуге керекті, бос ақша капиталды, ресурстарды шоғырландыру;

- ақша айналымын тәртіпке келтіріп, оны рационализациялау болып табылады.

Банк – өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме.

Уақытша бос ақша ресурстарды шоғырландыру атқарымынан, бір жағынан банк уақытша бос ақша ресурстарын жинаушы, екінші жағынан, оларды басқа уақытша қосымша қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субъектілерге беруші. Банктердің  ақша қаражатын шоғырландыру, кейіннен оларды қайта бөлу, өндіріс пен айналымның  үздіксіздігін қатамасыз етіп қана қоймай, бүкіл ұдайы өндірістің  процессін жеделдетеді.

              Банк ісінің  ерте сатысының  өзінде банктер ақша қаржысын сақтауды, оларды, ішкі және сыртқы экономикалық, айналымдардан сауда операцияларына сәйкес аударуды қамтамасыз еткен және олар елдің  ақша белгісін, екінші елдің  валютасына айырбастаушы болып көрінген. Одан бері  банктің  ісінің  технологиясы айтарлықтай өзгерген. 

              Қазігі кезеңде нарықтық типпен дамыған елдердің  барлығында дерлік екі денгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі өрістеуде.

              Қазақстан Республикасында «Қазақстан Респубикасы банктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің  1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар жарлығында «Қазақстанның  екі денгейлі банк жүйесі бар бірінші денгейдегі мемлекеттің  Ұлттық банкі, ал басқа бактердің  барлығы екінші денгейлі яғни коммерциялық банктер» делінген.

              Банк және тауарлы, ақшалай қарым қатынастардың  даму тарихы тұрғыдан қатарлас жүреді және өзара тығыз байланыста болады. Банктік шаруашылық өмірдің  орталығы барлық эконмиканың  негізгі түйіні болып табылады.

              Соңғы жылдары Қазақстан Республкасының  экономикалық ахуалының  дамуына қарамастан, ҚР дамушы мемлекеттердің  белгілерімен сипатталады. Бұл белгілер ұлттық валютаның  әрекет етумен шектелмейді және ол мемлекет тарапынан тыс еркін конвертацияланбайды, бағалы қағаздар нарығының  төмен денгейіндегі өтімділігімен сипатталуда.

              Қазақстан Республикасы Үкіметі жалпы экономикалық тұрақтылық және инвесторлар сенімін өсіруді қамтамасыз ету үшін бірқатар шараларды қолдануда. Бірақ, Қазақстандағы болашақ экономикалық тұрақтылықтың  перспективалары мәнді түрде Үкіметпен, Қаржы Министрлігімен, Ұлттық Банкпен және басқа да мекемелердің  қабылдаған бірқатар экономикалық шараларға тікелей тәуелді.

              Курстық жұмыстың  мақсаты- банк ісінің  және банк жүйесінің  дамуына, шығу тегіне сипатама бере отырып, Қазақстаннның  банк жйесінің  дамуына және ондағы мәселелер мен оларды шешу жолдарына тоқталу болып табылады.

Банк жүйесінің өзінше ерекшеліктері бар. Бұл жұйе тек өзіне тән қасиеттерді көрсетеді. Оның ерекшелігі өзін құрайтын элементтермен және олардың арасында қалыптасқан қарым-қатынастармен анықталады, әрине банк жүйесін зерттегенде алдымен осы жүйенің басты элементі банктер көзге түседі. Өйткені, олар банк жүйесіне банктік мән береді. Дегенмен банк жүйесінің мазмұны оның элементтерінің, мазмұндарының қосындысы деп түсінбеу қажет. Банк жүйесінің мазмұны ғана емес, оны құрастыратын элементтердің өзара байланыстарына да көңіл аударады.

Банк жүйесін бір тұтас жүйе деп ұсынуымыз керек. Себебі, жеке бөліктерінің өзара байланыстары, керек болған күнде бірін-бірі ауыстыруға бейімделген. Басқаша айтқанда, егер бір банк жұмысын тоқтатса, оның клиенттері басқа банктерден бұрынғы қызметтерін, бұрынғы көлемде пайдалана алады.

Банк жүйесі әр уақытта өсу және жетілу жолында. Олай деуге себеп, ол күн сайын жаңа компоненттермен толтырылады, банк аралық және Ұлттық банкпен немесе Шетелдік банктер арасында жаңа қатынастар пайда болады.

Банк жүйесі жабық жүйе. Өйткені, банктердің кейбір ақпараттары банкілік құпия болып саналады. Мысалы, банкідегі шоттағы қаржының қозғалысы немесе қалдығы жөнінде деректерді банк тек сол шоттың иесінде болмаса, оның сенім хаты бар өкіліне ғана береді. Қазақстанның заңдары бойынша мұндай мәліметтерді тәртіп қорғау орындарының, салық органдарының өкілдеріне беріле береді, тек олардың, сол органда істейтіндігін растайтын құжаттары болса болды. Бірақ көп елдерде бұлай емес.

Банк жүйесі өзін-өзі басқара алады. Ол дегеніміз, егер елде саяси ахуал, экономикалық жағдайлар және басқа да ахуалдар өзгеріп жатса, осыған қарай, банктер өздерінің саясатын өз бетінше, аралымдылықпен өзгерте алады. Мысалы, Ұлттық банк, екінші дәрежелі банктер үшін қайта қаржыландырудың өлшемдемесін өзгертсе, екінші дәрежелі банктер өздерінің проценттік саясатын өзгертеді немесе Үкімет ұлттық валютаның бағамын анықтау тәртібін өзгертсе, екінші дәрежелі банктер, ауыстыру бекеттеріндегі валюта бағамын қайта қарайды.

Банк жүйесі басқарылатын жүйе. Дербес заңды тұлға бола тұра банктер өз қызметтерін жалпы мемлекеттік және арнайы банктік заңдардың шегінен шығармайды. Олардың қызметтерін Ұлттық банк реттеп отырады. Ол үшін Ұлттық банк екінші дәрежелі банктер үшін экономикалық мөлшерліктер белгілейді, оларды бұзғаны үшін банктер, банк операциясын жүргізуге берілген рұқсат қағазынан айырылуы мүмкін.

Банк жүйесінің маңызды элементі банктер болып табылады. Ежелгі ғасырлар тарихы кйінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.

Алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы , Италияның жекелеген қалаларында Венеция, Генуе XIV – XV ғасырларда пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының арекше институты ретінде тауар шаруышылығының ерте кезеңінде, яғни тауар-ақша қатынастарының дамуына байланыссы, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған. XVI – XVII ғасырларда Венецияда, Генуеде, Миланда саудагер-клиенттер арасында қолма – қол ақшасыз есеп айырысулардың жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жтробанктер өздерінің клйенттері арасындағы белгілі салмағы бар бағалы метелдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінң бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекеттке. қалаларға және артықшылығы бар компанияларға саудаға берді. Дегенмен де , деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мыңжылдық тарихы бар екендігін айтуға болады. Өкінішке орай , банк сөзінің өзі бізге оның мәнін ғана белгісіз етіп қоймай, алғашқы несиелік мекеме туралы біздің жорамалымыздың ақиқаттығына күмән тұғызады.

“Банк” сөзі “banco” деген ағылшын тілінен аударғанда “айырбас столы” дегенді білдіреді. Бұл айырбас столы тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған.

Менің түсінігімше, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүнйежүзілік сауда орталығы болғандықтан ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі. Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы заңның бірнші бабына сәйкес, “банк осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға”. Сонымен қазіргі түсінікте “коммерциялық банк”(толықтырулар 22 беттегі кестеде) бұл ерекшк өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып табылады. Жалпы Қазақстан Республикасының банктік жүйесін дамыту және оны жоғары дәрежеге жеткізу дұрыстап жүргізу болып табылады. Мен бұл тақырып бойынша банктің қызметін, оның атқаратын міндеттерін және банктердің түрлерін, ағымдағы жылдардағы жағдайын қарастырып өтемін. Сонымен банк бұл банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға және банк клиенттерінің шоттары мен салымдары, ол банктің жасаған операциялары туралы айтуға болмайтын ақпараттар болып табылады екен.

1        Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы

 

 

 

1.1    Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы 

 

 

 

Кеңес  үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ себебі, республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің  филиалдары мен бөлімдері қызмет етті.Осыған байланысты банктік жүйенің та-рихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз баиланысып келді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кірді.

Ресейдің мемлекеттік банкі өз қызметін 1860  жылы бастады барлық несие   жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол аиналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөитіп, 1914  жылы Ресейдің Мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік – қарыздық операциялардың 1/3  бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа елдердің орталық эмиссиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің Мемлекеттік банкі тек банктерді ғана емес, сонымен бірге өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да несиелендірді. 1914  жылыдың қарсаңында ол 10  кеңсе, 124  бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың  791  тіркелген кассасына иелік етті. Акционерлік коммерциялық банктер (47  банк 743  филиалымен) қарыз капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1924  жылы шоғырланудың жоғары дәрежесіне жетті. Орта және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадаи ұсақ несиелік мекемелер қызмет атқарды:  өзара несие беру қоғамы (11081), қалалық қоғамдық банктер (343). Ипотекалық несие жүиесі мемлекеттік дворяндардың жер банкі мен мемлекеттік жер банкі, 10  акционерлік жер банктері, 36  қалалық несиелік банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды.Несиелік мекемелердің ішінен, әсіресе деревнялардағы дәулетті адамдарға қызмет көрсететін несиелік копперация кеңінен таңылды. Ол қарыз – жинақ кассалары мен несиелік серіктестіктерден тұрды.1917  жылы Қазан революциясынан кеиін банк ісін ұйымдастыруда мемлекеттік монополия қағидасы іске асырылды. Елде мемлекеттік банк құрылды, кейінен жеке коммерциялық және басқа да банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде, бәрі бір мемлекетке жататын, салалық және аумақтық банктер құрылды. Банктік жүйесінің бір құрамдас бөлігі мемлекеттік еңбек жинақ кассалары болды. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында мемлекеттік банктер мен бірге: кооперативтік және жеке, мемлекеттік – капиталйстік, соның ішінде шетел капиталының қатысуымен де мемлекеттік емес несиелік мекемелер құрылды. 1922 жылы деревнялар мен майдагерлік өнеркәсіпті жандандыру мақсатын көздеген несиелік және қарыздық – жинақ серіктестіктері мен олардың одағы ұйымдастырыла бастады. 1924  жылы ауыл шаруашылық копперацияларына салым қабылдау, қарыз беру мен есеп айырысудағы делдалдық нысанында несиелік операцияларды жүргізу рұқсат етілд. 1926  жылы 1  сәуір қарсаңында КСРО – да 16   185  серіктестіктер құрылған еді, бұлардың ішінде 2426 – несиелік және қарыздық жинақ, сондаи – ақ 12424 – ауыл шаруашылық серіктестіктері болды. 1922  жылдан бері сауданы, өнеркәсіпті несиелендіру үшін өзара несиелендіру қоғамы, сонымен бірге, Оңтүстік – Шіғыс мемлекеттік – капиталйстік акционерлік банк және шетел капиталының қатысуымен Ресеилік коммерциялық банк құрылды. Экономикалық социалистік секторының дамуына қараи кооперативтік және жеке несиелік органдар өз маңызын жоғалтты және қызметін тоқтатты. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру несиелік кооперацияны қажет етпей, оны 1931  жылы таратты.Жеке секторды сауда және өнеркәсіп саласынан ығыстыру өзара несиелендіру қоғамы қызметінің оралуына әкеп соқты. Басқа несиелік органдар қызметтері мемлекеттік салалық банктерге:  Промбанк, Цекомбанк, Всекомбанк, Орталық ауыл шаруашылық банк жәәне 1922 – 1925  жылдары арасында құрылған басқа да банктерге көшеді. КСРО – да 1930 – 1932  жылдары жүргізілген несиелік реформаның нәтижесінде жаңа қағидаларда салалық банктер ұйымдастырылды. Капитал жұмсалымдарды қаржыландыру және несиелндіруге байланысты 4  арнайы банктер құрылды. Өнеркәсіп және электр шаруашылығының несиелендіру банкі өнеркәсіп және электр шаруашылығының күрделі құрылысын қаржыландыру банкі (Промбанк) болып қайта құрылды. Ол 1959  жылы КСРО  Құрылыс банкі болып қаита ұйымдастырылды. Социалйстік жер бөлінісін қаржыландыру банкі  (КСРО ауыл шаруашылық банкі) көптеген несиелік серіктестіктер мен республикалық ауыл шаруашылық банктердің орнына  (1959  жылы оның қызметтері КСРО Мембанкі мен Құрылыс банк арасында  үлестірілді)

ұйымдастырылған. Кооперация құрылысын күрделі қаржыландыру банкі  (Всекомбанк)  жалпы Ресеилік кооперативтік банк негізінде  (1939  жылы Всекомбанк өз жұмысын тоқтатты, ал оның активтері мен пассивтері 1959 жылы таратылған КСРО Сауда банкіне берілді)  құрылған. Коммуналдық және тұрғын үй құрылысын қаржыландыру банкі Цекомбанк 1959  жылы таратылды да оның     кызметтері КСРО Құрылыс банк пен Мембанк арасында үлестірілді. Барлық сапалық банктер саналы       қаржыландыру және ұзақ мерзімді песиелендірумен айналысты. Ал КСРО Мембанкіде халық шарушылығының барлық салаларын қысқа мерзімді несиенлендіру шоғырландырылады. КСРО Мембанкінің барлық несие жүйесінің орталық және жетекші бөлімі ретіндегі ролі одан ары арта түсті. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу мен ағымдық шоттары КСРО Мембанкінде шоғырландырылды. Одақтас республиканың барлығнда, соның ішінде, Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекмелері ұйымдастырылатын. Бұның өзінде банк ісінің ұйымдастырылған принціпі банктердің жоғары билік органдарына бағынуы, қандай да бір жергілікті ережелердің бекітілуіне жол бермеу сақталды. Сонымен қатар, тәжірибеде берілген банктерде ақша аналымын шоғырландыру қағидасы жүзеге асырылды, соның ішінді, әр бір кәсіпорын, ұйым немесе мекеме тек бір банкте ғана есеп айырысу немесе ағымды шот ұстаи алды.Осы банкте олар өз чвкерекоақшалай қаражаттарын сақтады, несие және қома – қол ақшалар алды, ол арқылы барлық қолма – қол емес есеп айырысу операцияларын жүргізді. Жалпы алғанда      банктердің мамандандырылуы банк жүесінің жұмысын шатастырып жіберді, оны монополиядан босатқан жоқ, несиелік механизмге түбегейлі өзгеріс енгізілген жоқ, керісінше, аумақтырақ және көп бөлімді, шіғынды сипатқа ие болды, алғашқы бөлімнің әлсіреу кезеңінде бюрократтық аппараттық жоғары деңгеилерінің өсуі көрініс тапты. КСРО Мембанкінің ролі әлде қайда әлсіреп кетті, ол мамндырылған банктердің жұмысына ықпал ете алмады. Осы жағдайдан шіғудің бір жолы банктік реформаны жүргізу, яғни банк жүесін батыстағы үлгідегідей екі денгейлі жүйеге көшуін жүзеге асыру болып табылады. Банктік құрылымды қата құру банк ісіндегі КСРО Мембанкі монополиясын жоюы керек еді. 1988  жылға деиін КСРО Мембанкі – Орталық , коммерциялық    және инвестициялық банктердің қызметін атқаратын әмбебап несиелік мекеме болды. КСРО Құрылыс банкінің Қазақ республикалық конторы қалады, өнеркәсіпте, көлік және басқа да шаруашылық салаларына инвестициялық қызмет көрсетуді жүзеге асырды. Акционерлік бастамаларда қызмет ететін КСРО Сыртқы сауда банкі валютадағы және валютамен жасалатын операцияларға қызмет көрсетті. 70 – жыл бойы КСРО – ның банктік жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң орталықтандыру мен шоғырландыру, несиелік банктік ықпал ету әдістемелерінде әкімшілік, өктемдік, ұсақ – түйек регламенттеу, сондай – ақ шаруашылық органдардың қызметінде де ұсақшыл  регламенттеу басым болды. Қалыптасқан ақша – несиелік қарым – қатынастар тәжірибиесі, паида болып келе жатқан нарықтық қатынастар шарттарына сай келмеиді. Тұрмысты  социалистік тұрғыдан сараптау барысында ғасырлар боиы қалыптасқан қаржы нарығының институттары мен құралдары мақсатты түрде жойылып отырды. Утопиялық идиологиялық концепция негізінде үлкен көріксіз КСРО Мембанкі түріндегі бір деиңгейлі банктік пирамида құрылды, ол өз астына несиелік жүйені түгелдеи басып алды және бәсекелестіктің элементтерін, жарыс пен тәуекелдікті толығымен жоиды. Өз тәелсіздігін алғаннан кеиін 1990  жылдың желтоқсанында Қазақстан бірден нарықтық экономика талптарына жауап беретін меншікті банктік жүйесін құруға кірісті. 1991  жылы қаңтарында, елдегі банктік реформаның бастамасы болып табылатын, “Қазақ КСР – дағы банктер және банктік қызмет туралы” заң қабылданды. Республикалық мемлекеттік банк облыстық басқармалары мен бөлімшелері бар Қазақстан Республикалық Ұлтық банкіне айналды. Республикалық Өнеркәсіп құрылыс банкі акционерлік – коммерциялық Тұран банкіне, Агроөнеркәсіп банк – Қазақстан Республикасы акционерлік – коммерциялық Агробанкіне, Республикалық Жинақ банкіне ауысты. 1993  жылы бұл банктер акционерлік банктер болып қаита өзгерді, ал Жинақ банкі Қазақстан Республикасы Халықтық банк деген атқа ие болды. 1989 жылдың басынан бастап, алғашқы коммерциялық, аралас кооперативтік, жеке банктер паида бола бастады. Осы жылы Интеринвестбанк сияқты және тағы басқа коммерциялық банктер құрылды. Мамандандырылған банктердің құрылымы әкімшілік және аумақтық принцип бойынша құрылады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                               

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің дамуының негізгі кезеңдері