Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің дамуының негізгі кезеңдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 17:52, курсовая работа

Описание работы

Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.

Содержание

Кіріспе ..................................................................................................... 3
1 Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы........................................5
1.1. Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасуы және даму....................... 5
1.2. Банктердің нарықтық экономикадағы алатын орны мен рөлі .........10
1.3. Банк қызметінің құрылуы мен тоқтатылуы .......................................15
2 Қазақстан Республикасында банк ісін ұйымдастыру және реттеу..........20
2.1 Ұлттық банктің атқаратын қызметтері..................................................20
2.2 Екінші денгейлі банктер..........................................................................25
3 Қазіргі кездегі Қ.Р банк жүйесінің дамуы және жетілдіру
жолдары.............................................................................................................30
Қорытынды.......................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер..................................................................................34

Работа содержит 1 файл

Менің курстық жұмысым.doc

— 243.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Қазақстан Республикасында банк ісін ұйымдастыру және реттеу

 

 

 

2.1 Ұлттық банктің атқаратын қызметтерінің бағыттары

 

 

 

Банкті ұйымдастыру қиын процедураны білдіреді және ол елдің арнайы заңдарымен реттеліп отырады. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының аумағында банктерді құруға рұқсат береді және банктермен, олардың филиалдарын тіркеуге алу кітабын жүргізеді.

Рұқсат Ұлттық банкбелгілеген мөлшердегі төлем негізінде беріледі. Рұқсат берген кезде Ұлттық банк атқарылатын банктік операциялардың шеңберін анықтаиды. Банктік заңдар мен заң актілерінде банктердің қызметінің ашылуы мен тоқтатылуы реттеліп отырады.

Банкті құруға рұқсат алу үшін келесі құжаттар қажет: 

-  рұқсат беруге арыз;

-  экономикалық негіздем;

-  алдағы 2 – 3 жылдағы толықақпараттарды қамтитын іскерлік болжалды жоспар;

-  құрылтаишылар ұсынатын банк жетекшілерінің (төраға мен бас бухгалтердің) кәсіби жарамсыздығы жайлы мәліметтер;

-  құрылтайшылардың қаржылық тұрақтылығы жайлы аудиторлық қорытынды;

-  жарғылық қор шотына қаражат салғанын растаитын құжат;

Сонымен қатар, бірлескен немесе шетелдік банк және де олардың еншілік банктерін құруға рұқсат алу үшін келесідей құжаттар қажет:

-  құрылтаишы заңды тұлғалар үшін олардың заңды мәртебесін растайтын,

жарғы немесе басқа да құжат және алдыңғы екі жылдың жарияланған брлнсы, Қазақстан аумағында шетелдік банк құруға немсе қатысу жөніндегі шетел құрылтаишыларының сәйкес органдарының рұқсаты, шетел құрылтайшысы келген елдің бақылау органының Қазақстан аумағында шетелдік бірлескен банкке қатысуына қарсы еместігі жайлы жазбаша анықтама.

-  құрылтаишы жеке тұлғалар үшін: шетелдік беделді банктің осы тұлғаның

төлем қабілеттілігін куәландыруы қажет.     

Заңды және жеке тұлғалар банктің құрылтайшылары ретінде бола бастады. Мемлекет тек Үкімет тұлғасында ғана банктің құрылтайшысы және қатысушы бола алады. Кез келген құрылтайшылардың, қатысушылардың, қатысу үлесі мемлекеттен және еншілес банктерден басқалары үшін жарғылық қордың 35%-ан аспауы тиіс. Банкті ашуға рұқсат беру жайлы арыз – құжатты алған мерзімнен бастап, 3 аидан аспайтын уқыт ішінде Ұлттық банкте қарастырылады.

Рұқсат беруден бас тартудың себептері мынада: құрылтаишы құжатының жұмыс істеп тұрған заңдарға сай келмеуі, құрылтаишылардың қаржылық жағдайының тұрақсыздығы, банктің құрылтайшысының, басқарма және жетекші мүшелерінің алдағы қызметтеріндегі заңға қаишы әректтердің болуы, алғашқы екі жыл ішіндегі банктің меншікті қаражаттар есебінен активтік операциялар жүргізе алмауы. Қазақстан Республикасының банктерін тіркейтін кітапта тіркелгеннен бастап, банк заңды тұлға мәртебесін алады. Оған тіркеу номері және банктік операцияларын жүргізуге лицензия беріледі.Көптеген елдерде бнкті ашуға арнайы рұқсатты талап етеді, бірақ кей жағдайларда олар құрылтаишыларды тіркеүмен ғана шектелуі мүмкін.

АҚШ – та жаңа банк құру қатал тәртіппен реттеледі. өз қызметтерін бастау үшін банк, штаттың билік органдарынан чартер – лицензия алуы қажет немесе ақша аналысын федыралды чартер тексерушісі алуы керек. Сонымен бірге, банктің капйталының мөлшері ( кіші және орта қалаларда 100-200  мың доллар аралығында , ал ірі қалаларда әлде қаида жоғары ) заңмен белгіленген минималды нормаға сайкес болуы қажет. Сондаи-ақ, жергілікті тұрғындардың жаңа банкке деген қажеттілігі, болашақта табыс алу мүмкіндігі, жетекшілер құрамының өкілеттілігі, тағы басқа факторлар ескеріледі. Банкті ашудың осған ұқсас тәртібі  Германия, АНглия, Швейцария, Жапония және басқа да елдерге тән. Банктер және банктік қызметтер туралы заңға сәйкес банкті ашуға рұқсат беруде бас тартуды санамағанда, банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензия келесідей жағдайларда қайта қайтарылып алынуы мүмкін:

-         рұқсат күннен бастап, 6 айдан аса уақыт ішінде банк өз қызметін  бастамаса;

-         Ұлттық банк белгілеген пруденциялақ нормативтерді , Қазақстан

Республикасының жұмыс істеп отырған банктік заңдарды жүйелі түрде бұзу, Ұлттық банк белгілеген нормативтік актілерді бұзу жағдайлары анықталған кезде;

-     заңмен белгілеген мәліметтер мен есеп берулерді жүелі түрде бұрмалау

-     осы заңмен және банк жарғысы, қарастырылған тыс операцияларды жүргізукезінде.                                                                                                                             

      Банкті ашуға берілетін рұқсатты қайта қайтарып алу, оның таратылуы туралы шешімге саи келеді. Банк өз қызметін банк құрылтайшыларының шешімі бойынша осы заңның 68, 69, 70,71  баптарына сәйкес тоқтатады. Банк акционерлі құрылтаишылары бекіткен жарғы негізінде қызмет істейді.

      Банк жарғысында төмендегідей мәліметтер болуы қажет:

-  банк аты және оның орналасқан жері;

-  банкпен жүргізілетін банктік операциялар тізімі;

-  жарғы қорының мөлшері және банкпен құрылатын басқа да қорлардың тізімі;

-  банктің басқарма органдары, оны бақылау органы, олардың құрылымы, құрылуы және қызмет ату тәртібі жайлы ереже;

-  банкті тарату тәртібі.      

      Банктің қалыпты жұмыс істеуі үшін жарғылық, резервтік, сақтандыру және басқа да қорлар құрылады.

      Жарғылық қор  банктің міндеттемесін қамтамасыз етуінің негізі болып табылады да, ол акция шіғару немесе құрылтайшылардың салымдары есебінен құрылады.

      Алдын ала белгіленбеген шіғындар мен залалдарды жабу үшін банкте резервтік қор құрылады. Ол банктің табысынан жыл сайынғы аударымдар есебінен жарғылық капиталының сомасының 25%  көлеміне дейінгі мөлшерде құрылады және банктің басқкрмасының шешімі бойынша жұмсалады.      

 

      Қазақстан Ұлттық  банкі ― Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы мекемелерінің  міндетті түрде орындауы үшін нормативтік  актілер шығарады. 

        Ұлттық банктің атқаратын қызметтері:

                       Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша ― несие саясатын

жүргізу, яғни Ұлттық Банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады.  Егер ақша ― несиелік  реттеу әдісімен инфляция  деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары бойынша проценттік  мөлшерді өзгертуге құұығы бар. Сондай ― ақ алты айға дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай  және айналмалы вексельдерді, чектерді сатып алып және  қайта сатады.  Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды, дисконттық және өтеу мерзімі 1 жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды сатып алу  және сатумен шұғылданады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының түрлерін анықтайды.

                       Қазақстан Республикасында қолданылатын  банкнота және

монетаны эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық Банк номиналдардың құрылымын, теңге мен тиындардың пішінін, олардың қажет мөлшерін анықтап, дайындығын қамтамасыз етеді. Ұлттық  Банктің  қолма  ―  қол      ақша     қаражатын шығаратын, тиын мен теңгенің қолма ― қол  ақшасыз эквивалентін  алып сату арқылы айналысқа түсіруді ұйымдастыратын айрықша құқығы бар. Сондай ― ақ, қолданылған ақша белгілерін айналымнан шығарып, оларды жаңасымен айырбастап,  тозығы жеткендерін жоюмен шұғылданады.

                       Банктердің банк  ісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық Банк

республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін  ұйымдастырып, бірінші класты бағалы қағаздармен  және басқа активтермен қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді. Ұлттық банк ― екінші  деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші. Несиені ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де, сондай ― ақ қамтамасыз етілген, ия болмаса қамтамасыз етілмеген  несиені Ұлттық банктің  басқармасы белгілеген тәртіппен және мерзімге береді. Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу формалары мен тәртібін анықтап, қазақстандық теңгемен  жүргізілетін банкаралық есептесуді өз  уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырады.

                       Үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі  және агенті қызметін атқарады.  Бұл қызметті атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың ішкі және сыртқы қарызын өтеуге қатысады. Қаржы министрлігінің шоттары бойынша дебеттік қалдықты болдырмау үшін қажетті іс― шараларды қабылдайды. Қаржы министрлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырып, олардың депозитаралық ісін жүзеге асырады.

                       Банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі.  Ол үшін Қазақстан террииориясында, сондай  ― ақ  одан шет жерлерде банктермен, олардың филиалдарын ашуға рұқсат және банктік  операциялар жүргізуге лицензия береді. Барлық банктер, банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, еспте, есептес, валюта операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып, олардың  орындалуын қадағалайды. Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың, бухгалтерлік, банктік және басқа есептің мерзімін, формасын, тізімін, тәртібімін  және әдісін бекітіп, сондай ― ақ олардың  орындалуын бақылайды. Банктер мен олардың филиалдарының қызметін жергілікті жерде немесе аудиторлық ұйымдарды шақырып бақылайды.  Ұлттық банк өзінің бақылау қызметін атқару үшін банктердің балансының есебін жіәне басқа құжаттарын тексереді.

                       Валюталық реттеу және валюталық бақылау қызметі.  Оныатқару үшін Ұлттық Банк шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздардың айналым аясын және тәртібін белгілеп, шетел валютасымен жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның ішінде проценттік мөлшерін деңгейіне шектеу қояды.Резиденттер үшін шетелвалютасын және  шетел валютасындағы бағалы қағаздарды Қазақстанға аудару, әкелу, әкету және салып жіберу тәртібін белгілеп, сондайақ Қазақстан Республикасының резиденттерінің  республикадан тыс шетел валютасында шот ашуның  мақсатын, тәртібін және жағдайын  анықтап, шот  ашуға рұқсат береді. Ұлттық     валютаның шетел  валютасымен  салыстырып, курсын  реттейді. Халықаралық есеп  айырысуды ұйымдастырып,  шетелдермен валюта ― қаржылық және  несие ― есеп қатынастарын жетілдіреді. Шетелден алынған   банктік   несиенің есебін жүргізеді;

                       Елдің алтын валюта қорларын басқару қызметі.  Оны атқару үшін

Ұлттық банк мемлекеттің алтын валюта қорларын қалыптастырып, олармн операциялар жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президенттінің “Бағалы металдарға және асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу”   туралы Заң күші бар жарлығына сай бағалы металдардың алғашқы саудасына бірінші сатып алушы құқымен қатынасып, қазақстандық және басқа өндірушілерден Ұлттық Банктің алтын валюта қорын толтыру үшін бағалы металдарды сатып алады. Оларды сақтауға қабылдап, қажет жағдайда заңға сәйкес сатады. Президенттің немесе үкіметтің тапсырысы бойынша Ұлттық Банктің  қоймасында сақтау үшін үкіметтік резервке алынған құндылықтарды қабылдайды. Алтын және басқа да бағалы металл құймаларын, монеталарды, өңдеген және өңделмеген табиғи асыл тастарды ішкі және сыртқы нарықта сатып алу және сату операцияларын жүргізеді.

           

        Атқаратын қызметтердің негізгілері:

 

                       Айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен республикада

мемлекеттік ақша ― несие саясатын жүргізеді және бағалы қағаздарды эмииссиялайды;

                       Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қағаздарына қызмет етуге қатынасады;

                       Қазақстан аумағында банктердің, еліміздегі банктердің  ашылуына

және филиалдары мен өкілеттіліктің ашылуына, сол сияқты банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға рұқсат қағазын береді;

                       Белгіленген тәртіпте банктердің бағалы қағаздарының эмисиялау

проспектісіне мемлекеттік бағалы қағаздардың мемлекеттік тіркеуге  міндетті сараптама жүргізеді;

                       Банктердің қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және пруденциялық нормативтер белгілейді;

                       Қазақстан Республикасында несиелер бойынша сыйақы пайыз

матерлемесін реттеуді жүзеге асырады;

 

              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                

 

 

 

2.2  Екінші денгейлі банктер

 

 

 

Көптеген елдерде  қос дәрежелі банк жүйесі жұмыс істейді. Бірінші деңгейде – Орталық банк тұрады. Орталық банк Қазақстанда – Ұлттық банк, АҚШ-та – Федералды резерв жүйесі, Ұлыбританияда – Англия банкі, Ресейде – Орталық банк деп аталады. Орталық банктің қызметі – валюта айырбасы бағамын реттеу,  есеп ставкалары арқылы  ақша нарығына, инфляцияға ықпал ету кіреді. Орталық банктер жеке тұлғаларға несие берумен айналыспайды  және пайда табуды мақсат етпейді. Есесіне, ұлттық валюта бағамын  экономикаға тиімді деңгейде ұстау үшін миллиардтаған доллар сатып, валюталық интервенциялар жасауы мүмкін. 

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің дамуының негізгі кезеңдері