Автор: k***********@mail.ru, 25 Ноября 2011 в 08:53, доклад
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау ушін жас-алынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуа болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну кұнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. "Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша".
Қарыз капиталы, пайыз және несие.
Несиелік қатынастардың пайда болуы және дамуы.
Өндіріс,
ұдайы өндіріс процесінің бастапқы
пункті, шешуші жағдайы бола отырып,
басқа фазалармен тығыз байланыста.
Ұдайы өндіріс процесі
Ұдайы өндіріс фазаларының бірлігі мен өзара әсері тауар-ақша қатынастарының, құн-ның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен қамтамасыз етіледі.
Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы несиенің орнын айқындауда және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте несиелік қатынас жұргізілмейді. Өндірістік процеске несиелік қатынастардың тек бірінші жағы - алынған несиені өндірістік мақсатқа пайда-ланушы қарыз алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ -кредитор өндірістік процестің сыртында қалады. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процесінің субъектілері ара-сындағы экономикалық бай-ланысты білдіреді. Сондықган несиенің мәнін ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.
Өндірілген өнім мен оның бөліктері индивидумдардың қолдарына тиместен бұрын айырбасты бастауға бол-майды. Сондықтан айыр-бас өндіріске кіретін акт, өндірісте тікелей бар болады немесе онымен анықталады.
Өз
кезегінде, улестіру және яйырбас біртұтас
алғанда өндіріспен және бір-бірімен
өзара әрекетте болады; өндіріс осы
бөліктермен анықтала алады, Мысалы,
нарық ұлғайған кезде, яғни айырбас
сферасы, өндіріс көлемі өседі және
онын дифференциациясы тереңдей түседі.
Үлестірудің өзгерісімен
Айырбастың үлестіруден айырмашылығы, біріншіден, ол индивидуумға үлестіру кезінде алған бөлігін айырбастағысы келетің белгілі бір өнімдерге қол жеткізеді, екіншіден, айырбас жекелеген қажеттіліктерге сәйкес бөлініп қойғанды Қайта бөледі, сонымен бірге индивидумнан шығатын кез ретінде аңық-талады. Үлестіру фазалары және айырбас арасьіндағы айтылган айырмашылықтар ұдайы өндіріс қатысушьілары арасындағы айырбас проце-сінде қалыптасатын қатынас-тарды негіз деп есептеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және мемлекеттің өзі де қарыз алушылар ретінде болады. Қарыз алушының кре-дитордан айырмашылығы ол несиелік мәміледе төмендегі-дей ерекшеліктерге ие. Біріншіден, ол қарызға бе-рілетін қаражаттарың меншік иесі болып табылмайды, олардың уақытша иесі ретінде болады; өзіне тиісті емес, бөтен біреудің ресурстарымен жұмыс істейді. Екіншіден, қарыз алушы карызға алынған қаражатгарды айналыс сфера-сында да, өндіріс сферасында да пайдаланады. Кредитор өндіріске тікелей қатыспай-ақ айырбас фазасы кезінде де қа-рызды ұсына алады.
Үшіншіден, қарыз алушы өзінің шаруашылығында шең-бер айналымын аяқтаған қарызға алынған қаражат-тарды қайтарады. Қарыз алушы кредитормен жеткілікті түрде есеп айырысумен қоса қайтарымды толық өтеу үшін ұдайы өндіріс процесін .өркендете түсу керек. Төртіншіден, қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған құнды ғана қайтарып қоймай, сонымен қатар карыз пайызын да төлейді. Бесіншіден, қарыз алушы өзінің кредиторы қойған талаптарын орындға тәуелді болады.
Қарыз капиталының сипаттамасы
Қарыз алушының кредитор-дан экономикалық тәуелді болуы қарызға алын-ған қаражаттарды ұтым-ды пай-далануға, қарыз алушы ретінде өз міндеттемеле-рін орындауга мәжбүр етеді.
Кредитор және қарыз алушы несиелік қатынас жасай отырып, өз мақсаттары мен мүдделерінің бірлігін көр--сетеді. Несиелік қатынастар шеңберінде кредитор және қарыз алушының орындары ауысуы мұмкін: кредитор қарыз алушыга, қарыз алушы кредиторга айналады.
Кредитор мен қарыз алушының өзара әрекеті қарама-қарсылықтардың бір-лігі сипатында болады. Несиелік қатынастың қатысу-шылары ретінде кредитор және қарыз алушы оның қарама-қарсы жағында тұ-рады. Кредитор - қарызды беруші жақ, қарыз алушы - берілген қарызды алушы жақ; олардың әрқайсысыиың өздерінің ұдайы өндірістегі ерекше жагдай ларына байланысты өз мүдделері болады. Кредитор анағұрлым жоғары қарыз пайызына мүдделі болса, қарыз алушы - анағүрлым арзан несиеге мүдделі. Сондай-ак, несиелік қатынастар құрылымының элементі, яғни кредитордан қарыз алушыға берілетін және қарыз алушыдан кредиторға қарай кері қозғаатын объекті болып табылады. Беру объектісіне қарыздық құн жатады. Ол құнның ерекше бөлігі ретінде болады. Несиелік қатынас ішіндегі құн ерекше қосымша тұтыну құнына ие. Шынында, ақшаға немесе тауарға тән тұтыну құнынан басқа құн кредитор мен қарыз алушы арасында қозғалыс жасай отырып, ұдайы өндіріс процесін жылдамдатудың ерекше қасиетін алады.
Қарызға берілген құнның өте маңызды жағы - оның авансылану сипаты. Несие, қағида бойынша, құнның құрылуына мүмкіндік туғызып, қарыз алушының иелігіне түсуі керек. Осы мағынада несие қарыз алушының шаруа-шылығында қарызға алынған кұнның жұмыс істеуі кезенінде онда жасалуы тиіс табыстарды болжап біледі. Іс жүзінде қарыз алушы кредиторга несие беру жөнінде өтініш жасағанда; сол сәтте қолында .еркін ақшалай қаражаттың болмауынан ғана емес, сонымен қатар ол табыс алуға мүдделі екендігі және сол табысты алдағы толемдер үшін пайдалану мүмкіндігін ескереді. Сонымен бірге қаражаттарды авансылаудың кез келгені несие болып табылмайды.
Несиенің мәні оның қозғалысының заңдылық-тарымен тағы толығырақ ашылады. Төмендегідей түрде несиенің қозғалысын көр-сетуге болады: несиені орналастыру -қарыз алушылардың несиені алуы - несиені пайдалану - ресурстардың босауы - уақытша алынған құнның қайтарылуы - несие формасында орналас-тырылған қаражатгарды кредитордың алуы .
НЕСИЕ ТҮРЛЕРІ Несие экономикалық категория ретінде формаларға ис. Форма әруақытта қандай да бір объектілерге тән тұракты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қа-тысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен карыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді.
Экономикалық
әдебиетге, әдетте, несиенің негізгі
екі формасы қарастырылады: коммерциялық
және банктік. Сонымен катар көптеген
жарияланымдарда несие
Коммерциялык иесие - бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялык несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты - тауарларды өткізуді жылдамдату.
Банктік несие - бұл банктердің, арнайы несие-қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды.
Тұтыну несиесі - бұл тұрғындарға тұтыну тауаларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық (бөлшек сауда орындары арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарды сату) және банктік (тұтыну мақсатына қарыздар) формада берілетін несие. Тұтыну несиесінің негізгі міндеті - тұрғындарга тауарларды сатуға қолдау көрсету.
Ипотекалық иесие -жылжымайтын мүліктерді: жерді, тұрғын үй және өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін карыз.
Мемлекеттік иесие - азаматтарға және заңды тұлғаларға катысты қарыз алушы немесе кредитор ретінде мемлекет және жергілікті билік органдары болатын несиелік қатынас-тар жиынтығы. Мемлекеттік несиенің негізгі формасы -мемлекеттік займдар, сонымен қатар кысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер, тұрғындардың жинақ кассасындағы салымдар болып табылады.
Халыкаралық несие - валюталык және тауарлық ресурстарды қайтарылы-мдылық және пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капи-талының қозғалыс формасы. Кредиторлар және қарыз алушылар ретінде банктер, жеке тұлғалар, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, сонымен қатар халыкаралық және аймақтық ұйымдар қатынасады.
Несиелік және банктік жүйелер. Несие мекеме-лерінің түрлері.
Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдар-дың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, дел-далдық, инвестициялық, се-нім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.
Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді.
Несие жүйінің ролі мен маңызы келесідей біқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардң жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б. Бірақ, несиелік қатынастар мазмұны тек қана ақшалай капиталды жинақтап, оны заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға берумен ғана тұрмайды. Несиелеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік айналымы үшін төлем құралдарының қосымша массасы құралады. Төлем айналымының аса ауқымды ағыны төлем төлеушілер мен мекемелер және сатушылар мен алушылар арасында экономкалық қатынастарды қалыптастырумен қатар, несиелік қатынастар маз-мұнын толықтыра отырып , несие жүйесі арқылы өтеді.
Неиселік мекемелердің түрлері.
Несие
ісі - ақшамен сауда-саттық негізінде
несиелік операцияларды орындауға
бағытталған кәсіпкерлік
Инвестициялық және инновациялық банктер ұзақ мерзімге ақшалай қаражаттар тартуға, соның ішінде облигациялық займдар, акциялар мен басқа да бағалы қағаздар шығару арқылы ұзақ мерзімді қарыздар беруге маманданады. Инвестициялык банктер ұзақ мерзімді қаражаттарға деген мұқтаждықты басынан кешкен кәсіпкерлер мен ұзақ мерзімге қаражат салушылар арасындағы делдал болып келеді. Инновациялық банктер де инвестициялык болып табылады, бірақ олар технологиялық жаңалықтарды жасау және игеру үшін ғана несие береді.
Банктік жүйе.
Ипотекалық
банктер жерді және жылжымайтын
мүлікті кепілге ала отырып, ұзақ
мерзімге несиелік операцияларды жүзеге
асырады. Бұл банктер пассивтерінін
басым бөлігін, ипотекалық облигациялар,
акциялар және басқа да бағалы
қағаздардан кұрайды. Салалық және
аймақтық банктердің мамандану дәрежесі
олардың активтері мен