Ақшаның мәні мен қажеттілігі

Автор: k***********@mail.ru, 25 Ноября 2011 в 08:53, доклад

Описание работы

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау ушін жас-алынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуа болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну кұнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. "Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша".

Работа содержит 1 файл

Ақшаның мәні және қажеттілігі.docx

— 62.83 Кб (Скачать)

-қосарлы валюта. жүйесі, бұл қатынасты мемлекет анықтайды;

-"ақсақ" валюта жүйесі, күміс монеталар алтын белгісі больш қалыптасты.

Монометаллизм- бұл ақша жүйесінде жалпы құндық эквивалент ролін занды түрде тек бір металл атқарады. Ол алтын ақша.

Инфляция.

Инфляция - қоғамдык ұдайы өндіріс процесіндегі сөйкессіздіктен туындайтын баганың  өсуі ретінде анықталады. Ұзақ мерзімді болашақта, сондай-ақ ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде, инфляцияның  басты факторы ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.

"Инфляция" термині АҚШ-та 1861-1865 жж. азамат соғысы  тұсында, екі жыл ішінде доллардын  60 %-ға сатып алу қабілетінің  төмендеуі кезінде колданыла  бастады.

Өнімнің көтерме бағасы, оларды дайындауга кететін шығындардың өсуімен  байланысты өсіп отырды. Экономиканың әр түрлі секторларындағы табыстарды мемлекет тарапынан қайта бөлу есебінен кейбір тауарлар шеңберіне бөлшек сауда  бағасы тұрақты болып отырды. Сонымен  қатар тауарлардың тапшылығына  байланысты арзан тауарларды шығару орын алды. Кейбір тауарлардын бөлшек саудада болмағанына қарамай, төменгі  бағалары сақталып қалды. Мұның барлығы  жабық инфляцияның болғандығы туралы айтуға мүмкіндік берері сөзсіз.

Шартты  түрде инфляцияны мынадай түрлерге бөлуге болады: глобалдығына қарай - локальдық., яғни жекелеген елдерде ғана орын алатын және дүниежүзілік; даму қар-қынына қарай - төмен, бәсен, гиперинфляция  және супер-гнперинфляция, яғии бағаның  өсуі 5о%-дан асқан болса; циклдігіне қарай -жылжымалы ( бағаның біртіндеп  өсуі), тұрақты, сатылы.

Егерде  инфляция экономикадағы өндірістің құлдырауымен бірге байланыста болса, онда бұл стагфляцяя деп аталады.

Көп уақыттар бойы айналыстағы ақша массасы  мен инфляция арасындағы тәуелділік экономист-монетаристердің назарында  болды, солардың ішінде танымал Милтон Фрид-ман де бар. Монетаристер ақша массасындағы өзгеріс -инфляцияның  негізгі факторы болады деп санайды.

Инфляция  процесінің Қазақстандағы дамуы  да осы көзқарасты куәлаңдырады, Айналыстағы ақша масса-сының өсу қарқыны бағаның үнемі өсуін ынталандырды. Осылайша, 1993 жылы акша массасы 6,3 есе, ал баға 21,7 есе; 1994 жылы ақша массасы мен инфляцияның өсу қарқыны соған сәйкес 845% және 125%; 1995 жылы - 216% және 160% кұрады. 1996 жылы ақша массасының өсуі баяулап, инфляциянын біршама төмендеуіне қол жетті.

Ақша  реформасы.

1922 - 1924 ЖЖ. АҚША РЕФОРМАЛАРЫ

Революцияға дейінгі Қазакстанда жүргізілген  1895-1897 жж. ақша реформалары нәтижесінде алтын монета айналысы бар алтын монометаллизм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын, күміс және мыс монеталар жүрді. Негізгі ақша белгілеріне 92% алтынмен қамтамасыз етілген Мемлекеттік банктің несиелік билеттері жатты, Ақша массасының басты бөлігін алтын монеталарға ауыстырылатын айналыс құралдары құрады, сондықтан да оларға деген халыктың сенімі болды.

1917 ж. жазда Уақытша  үкімет 20 және 40 рубльдік  ақша белгілерін  шығарды, олар шынының бетіне жабыстырылган этикеткаларға ұқсас, бұны халық арасында "керенки" деп атады. Несиелік ақшалар мен "керенкилерден" басқа Уақытша үкімет айналысқа суррогаттың әр түрін енгізді; мемлекеттІк қазынаның қысқа мерзімді міндеттемесі, займ купондары т.с.с.

Мемлекеттік шығыстарды жабу мақсатында үкімет ірі  купюрада қағаз ақшаларды шығарды. ¥сақ ақшалар ролін чектер, бондар, маркалар және басқа да ақшалай суррогаттар  атқарды. Ресейде ақша жүйесінің  жалпы құлдырауы басталып, оның Қазақстанға  да өзіндік ыкпалы болды. Қазан революциясынан кейін ақша айналасының жағдайы  біршама нашарлай түсті. Үш жыл ішінде (1913-1920) айналыстағы қағаз ақшаларының массасы 48 есеге дейін өсіп кетті. Ақша 10 мың есеге құнсызданды. 1919 ж. алғаш рет кеңестік мемлекетгік билеттер, кейіннен РСФСР-дің есеп айырысу белгілері айналысқа шығарылды. Түркістанда, Солтүстік Кавказда, Кавказда, Қиыр Шығыста және басқа жерлерде жергілікті ақша белгілерін шығаруға рұқсат берілді, Ақша массасы сан алуан түрлі болды. Жергілікті ақша белгілері Жетісуда, Верный қаласында (қазіргі Алматы) шығарылды. Жетісулық несиелік билеттер Мемлекеттік банкте алтынмен сақталған және Жетісу облысының барлық байлығы-мен қамтамасыз етіл-ді. Бұл туралы несиелік билеттің бет жағында көрсетілген жазу куәлан-дырады. Дүние жүзілік тәжірибеде мұндай жағдайлар болған емес. Бірақ бұлар қаржылық жағдайды нығайта аламады. "Верненск рублі" күн сайын құнсыздана бастады. Азамат соғысы мен шетел интервенциясы жағдайында интервенттер, шетелдіктер және ақ гвардия "үкіметі" өзде-рінін ақшаларын басып шығарды. Олардың бағамдары әр түрлі болды, және олар тезірек құнсызданды.

Ақшаның қатты құнсыздануының нәтижесі: шаруашылық қатынастардың натуралдануы мен ақшаның айналыстан шығарылуы болып табылды. 1920 ж. соңынан бастап "еңбек паегін" ақысыз беру басталды. Келесі жылдары пәтерақы және коммуналдық қызметгер үшін төлем төлеу алынып тасталды. Оқушыларға тегін киім берді. Базарлардын өзінде азық-түліктермен алмасу ақшасыз, яғни кездейсоқ айырбас эквивалент (мысалы, етік жұбы 30 фунт крупаға, немесе 1 пуд қара ұнға, немесе 3 фунт махоркаға және т.б.) түріңде жүзеге асырылды.

1921 ж. наурызда болған РКП(б)-ның  X съезінде жаңа экономикалық  саясат (ЖЭС) қабылданды. Шаруалар  өнім салықтарын мемлекетке төлегеннен  кейін, артық өнімдерін базарга  сатуға мұмкіндік туды. Қала мен  ауыл арасында нарықтық қатынас  дами бастады. Жеке меншік капиталдың  саудаға және ұсақ өнеркәсіпке  араласуына жол берілді.

Червонец  тарихқа "алтын" деген атпен кірді, бұл жерде оның мазмұны патшалық он рубльдің алтын мазмұнына сәйкес келуінің катысы болғандықтан емес.

Мембанк валюталық бағамды өзгеріссіз (1 червонец тең 1 фунт стерлинке) қалыпта  ұстау мақсатында "еркін нарықта" алтынды және шетел валютасын  сатып және сатып алып отырды. Мемлекеттің  нарықтағы алтын және шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс қатынасына араласуын валюталық интервенция  деп атай отырып, ол өз кезегінде  червонец позициясын нығайтуға, оның бағамын  арттыруға мүмкіндік берді.

1922-1924 жж. ақша реформасында көптеген адамдар құнсыз қағаз ақшалардың орнына мыс монеталардың келуі таңғажайып нәрсе деп бага берді.

Ақша  айналысын реттеуді, ақша белгілерін эмиссиялауды қатаң орталыктандырып  ¥лы Отан соғысына тұрақты ақша жүйесімен  қадам басуға мүмкіндік жасады.

1947 ЖЫЛҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ

Ұлы Отан соғысы елге 679 млрд рубльге шығын  әкелді, оның ішінде әскери шығындар 551,1 млрд рубльді құрады (соғысқа дейінгі  бағамен есептегенде).

Өндіріс пен халық тұтынатын тауарлардың  сатылу көлемінің аяқ асты қысқаруы мемлекеттік бюджеттің табыстарын азайтты. Осы уақыт ішінде әскери шығыстар есе бастады. Оларды жабу мақсатында халықтан алынатын табыс салығына қоса әскери салық, баласыз адамдарға  салық, шағын жанұялыларға салық  және жалғыз басты азаматтарға салыиатын  салықтар енгізілді. Халық арасында мемлекеггік займдарга ерікті түрде  жазылу және әскери техникаларды құрауға  ерікті жарналар беру жұмыстары ұйымдастырылды. Соғыс уақытында халықтан барлығы 270 млрд рубль немесе мемлекетгік  табыстардың 25,4% шамасында қаражаттар түсті.

Бюджет  тапшылығы эмиссия-лау есебінен жабылды. Өндіріс көлемінің қысқаруы-мен айналыста ақша массасы жоғарылады.Бұл ұйымдас-тырылмаған (колхоз) нарықта баға-ның көтерілуіне әкелді, Мемлекеттік сауданың тұтыну заттарына соғысқа дейінгі бағалар сақталды. Бұған халық тұтынатын тауарларды сатуда карточкалық жүйе арқылы қол жеткізді. Рубльдің сатып алу қабілеттігі төмендей берді.

Соғыстың  зардаптарын жою үшін экономика  облысында рубльдің тұрақтылығын және оның сатып алу қабілеттігін көтеру қажет болды. Өнеркәсіпте және ауыл шаруашылы-ғында өндіріс көлемінің  ұлғаюы, тауар айналысының, мемлекеттік  кірістердің көбеюі ақша реформасын жүргізуге (КСРО Кеңес министрлігімен БКП(б) ОК қаулысына сәйкес 1947ж. 14 желтоқсанда "Ақша реформасын жүргізу туралы және азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларына карточкаларды алып тастау туралы") мүмкіндік берді. Айналысқа жаңа ақша бірліктері 1, 3, 5, 10, 25, 50, 100 номиналдық купюралар шығарылды. Қолма-қол ақшалар ескі ақшаларга 1:10 қатынаста айырбасталынды. Бұндай жолмен айналыста ақша массасы 10 есеге азайды. Мемлекет жасанды ақшалар-дан құтылды. Халықтың жинақ кассадарындағы 3000 рубльге дейінгі ақшалары қайта бағалауға үшыраған жоқ, 3000-нан 10000 рубльге дейін 3:2 жеңілдік арақатысымен, 10000 жоғары 2:1 арақатынаспен қайта бағалан-ды. Мемлекеттік кәсіпорын-дар мен ұйымдардағы ақша қаражаты қайта бағаланбады, Колхоздардың, кооперативтік кәсіпорындардың және несие-лік мекемелердің шоттарын-дағы ақша қаражаты жеңілдік қатынаспен 5:4 есебінде айырбасталды. Ақшаның айырбасталуы қысқа мерзімде 15-20 желтоқсан аралығында жүзеге асырылды. Ол арнайы ұйымдастырылған айырбас пункттерінде жүрді. Бұры-нырақ кезде шығарылғаы металдық монета айырбас-талуга жатпады және ай-налыста номиналы бойынша қала берді. Желтоқсанның бірінші жартысы үшін жалақы бұрынғы мелшерде жаңа ақшамен төленді.

1961 ЖЫЛҒЫ АҚША  РЕФОРМАСЫ

Рубль бағамын алтын базасына өткізгеннен  кейінгі он жылдың ішінде (1950-1960жж.) елдің ақша айналымы, мемлекеттік  бюджеттің мөлшері, сондай-ақ өндіріс, ұлттық табыс көлемі және т.б. шамадан  тыс өсті. Экономикалық қызметтердің көптеген көрсеткіштері жүздеген миллиардтармен және триллиондармен бейнеленді. Осындай  үлкен сомалардағы шоттармен  жұмыс жасау іс жүзінде қаржы-банктік  және шаруа-шылық органдардың жұ-мысын қиындатып жіберді. Баға масштабы өте ұсақ болып қалды. Сондықтан да үкімет баға масштабын 10 есеге ірілеңдіру, рубльдің алтындық құрамын көтеру және айналыстағы ақшаларды жаңаға айырбастау туралы шешім қабылдады.

1961 ж. қаңтарынан бастап, айналысқа  жаңа үлгідегі мынадай ақша  бірліктері шығарылды: 1, 3, 5 қазыналық  билеттер мен 10, 25, 50 және 100 рубльдёгі  мемлекеттік банк (банкнот) билетгері,  сондай-ақ 1, 2, 3, 5, 10, 15, 20 және 50 тиындық  монеталар. Ескі үлгідегі ақша  билеттері және монеталар жаңа  үлгіге 1:10 арақатынасымен ауы-стырылды. 1, 2, 3, 5 тиындық монеталар айырбастауға жатпағандық-тан, айналыста номинал бойынша қала берді. Айырбас 3 ай ішінде 1961ж. 1 қаңтарынан бастап 1 сәуір аралығында ешкандайда шек-теусіз жүргізілді. Сондықтан да 1961ж. I тоқсаныныда айна-лыста ескі және жаңа ақшалар қатар жүрді. Барлық ақшалай операциялар 1:10 ара-қатынасымен жүргізілді. Сонымен бірге осындай арақатынаста тауарлар мен қызметгер бағасы, жалақы тарифтері, зейнетақы мәлшері, степендия, барлық төлемдік міндеттемелер, келісім-шарттар және т.б. жүргізілді.

Баға  масштабын ірілендіру ақша есебін және олардын техникалық қызмет көрсетуін  жеңілдетті. Ақща билеттерінің пішіндері  шағын болып келуі,

оларды  айналыста қолайлы етті.

1961 ж. 1 қаңтарынан бастап, рубльдің  алтындық құрамы 0,222168 г орнына 0,987412 г етіліп қайта белгіленді.

Рубльдін  жаңа алтын құрамы рубльде бейнеленген  алтынның ресми дүниежүзіліқ бағасын  тауарлар бағасымен теңестіріп, мемлекеттік  бюджетпен сыртқы сауда арасындағы күрделі қайта есептеулерді қалыпка  келтірді.

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ-НЫҢ 1993 ЖЫЛҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ

1993 ж. 23 шілдесінде Ресейдің Орталық  банкі 1961-1991 жж. кеңес ақшаларының  белгілерін, сондай-ақ 1992 ж. 5000 және 10000 рубльдерді айналыстан алу туралы  хабар-лады. Бастапқыда олардың айырбасына  бір апта берілді. Айырбастауға 35 мың рубльден аспайтын сомалар  жатты.

Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлығымен екі күн өткен соң айырбас  мерзімі 1993 ж. 1 қыркүйек айына дейін  ұзартылып, айырбас шегі бір адамға 100 мыңға дейін ұлғайтылды.

1993  ж,  12 қарашада Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан  Республикасына Үлттық валютаны  енгізу туралы" Жарғыға қол  қойды.  Осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада  сағат 8-ден бастап  ұлтгық валюта - теңге енгізілді.

КСРО  Мембанкінің және 1992-1993 жж, Ресей  үлгісіндегі қазыналық және банктік  билеттерді айырбастау 20 қарашада сағат 18-де –аяқталды. Қолма-қол ақша-лардың, рубльдік шоттардың, салымдар мен міндеттеме-лердің теңгеге айырбасы 1 теңге үшін 500 рубль айырбас бағамы бойынша жүргізілді.

Қазакстан Республикасының 16 жастан асқан барлық азаматтары 100 мың рубль шегінде  ақша айырбастай алды. Айырбас бір  рет қана жүргізіліп, ол туралы төлқұжатқа белгі соғылды. 100 мыңнан асатын рубльдер арнайы жеке бет шотына аударылып, оны 6 ай мерзім ішінде пайдалануға құқысыз  болды. Лимитген асқан қаражатгардың  шығу тегін-нің заңдылығын арнайы құрылған комиссия тексерді. Комиссия-ның шешімі бо-йынша бұл қаражаттар мерзімнен бұрын босатылды.

15 қарашадан 18 қарашаға дейінгі  аралықта халық теңгемен және  рубльмен де есеп айырыса алды. Сондықтан заңды тұлғалар-мен, сол сияқты бөлшек сауданы жүзеге асыру-шы және халыққа ақылы қызмет көрсетеіін тұлға-лардың ақшалай түсім-дері күнделікті қабылданды: теңгеде - шексіз, І961-1993жж. 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500 рубльдегі ақшаларды 1993 ж. шілдедегі ақшалай түсімдер-дің орташа шамасынан аспайтын сомада, 1,3 коэффициентке түзетілген шамада қабылдады.

Информация о работе Ақшаның мәні мен қажеттілігі