Ақша-несие саясатының негізгі құралдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 12:56, курсовая работа

Описание работы

Осы бөлімде мемлекеттің ақша – несие саясатының қажеттілігінің мәні, мазмұны ашылады. Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Сонымен бірге, ақша – несие саясатының субъектілері мен объектілері анықталады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1-тарау. Ақша-несие саясатының мәні .................................................................5
1. 1. Ақша-несие саясатының мазмұны................................................................5
1. 2. Ақша-несие саясатының мақсаты.................................................................7
1. 3. Ақша-несие саясатының түрлері мен құралдары........................................8
2-тарау. Ақша-несие саясатының негізгі құралдары.........................................11
2. 1. Пайыз саясаты. Міндетті резервтер. Несиелік операциялар. Ашық нарықтағы операциялар........................................................................................11
2. 2. Ақша – несие саясатының табыстау механизмі және оның салық- бюджет, валюта саясаттарымен байланысы.......................................................15
3-тарау. ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты.............................................18
3. 1. ҚР ҰБ ақша-несие саясатының қалыптасу кезеңдері...............................18
3. 2. Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты......................................23
3. 3. Экономиканы ақша-несиелік реттеудің кейбір аспектілері......................27
Қорытынды............................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................34

Работа содержит 1 файл

Ақша-несие.doc

— 204.00 Кб (Скачать)

     Сонымен бірге, вексельдерді қайта есепке алу  экономиканың нақты секторына қаржылық қолдау көрсету құралы ретінде де көрінетінің атап өткен жөн. Бірақ, ҚРҰБ-де барлық вексельдер қайта есепке алына бермейді, тек вексельдік несиелерді алуға құқығы бар бірінші сыныпты эмитенттер тізіміне енгізілген кәсіпорындардың ғана вексельдері қайта есепке алынады. Мысалы, соңғы екі жылда Қазақстанда тек екі кәсіпорын ғана "Казатомпром" және "Қазақстан Темір Жолы" вексельді қайта қаржыландыру жүйесі бойынша несиелер алған. Осыған байланысты, ҚРҰБ-ң есептік ставкасы ақша-несие саясатының оперативті құралы және ақша-несие саясатының индикаторы ретіндеті езінің қызметтерін толық орындамай отыр.

     Сонымен қатар, вексельдік қайта қаржыландыру жүйесінің дамымауы ҚРҰБ-ң 2002-2004 жылдар аралығындағы өзінің дамуында приоритет ретінде анықталған инфляциялық реттеу саясатына өту кезінде қиыншылықтар тудыруда. Соның әсерінен ақша-несиелік трансмиссияның адекватты механизмі жоқ болуда.

     Өнеркәсіптің  қайта өңдеу салаларындағы ірі  және орта кәсіпорындарда қайта қаржыландыру қаражаттарының ерекше тапшылығы байқалуда. Бұл ҚРҰБ-де осындай кәсіпорындардың  қаржылық тұрақтылығы және несиелік қабілеттілігі туралы ақпараттардың  жоқтылығымен байланысты.

       Біздің көзқарасымыз бойынша, қайта қаржыландыру жүйесінің жақсы дамуының кепілі Орталық банк жүйесінде экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындар мониторингін тиімді ұйымдастыру болып табылады. Себебі, бұл тәжірибе басқа елдердің Орталык, банктерінің қызметтерінің негізгі бағыттарының бірі болып танылған. ҚРҰБ-де нақты сектордағы кәсіпорындардың қаржылық жағдайының мониторинг жүйесін жасау кезінде Франция Банкісінің және Ресей Орталық Банкісінің тәжірибелері ескерілді.

          Орталық банктің есептік ставкаларының өзгеруі ақша нарығындағы жағдайларды ғана өзгертіп қоймай, сонымен қатар құнды қағаздар нарығына да әсер етеді. Орталық банктің есептік ставкасының өсуі ақша нарығындағы несиелер мен депозиттер бойынша ставкалардың жоғарылауына негізделеді.

     Бұл құнды қағаздарға деген сұранысты  азайтады және олардың ұсынысын көбгайтеді. Құнды қағаздарға деген сұраныс  банктер жағынан да азаяды, себебі олар үшін депозиттер неғұрлым тиімді болып саналады.

     Сөйтіп, Орталық банктің есептік және қайта қаржыландыру ставкаларының өсуі құнды қағаздардың нарықтық құнын төмендетеді. Ал Орталық банктің есептік ставкаларының төмендеуі, керісінше, несиелер мен депозиттер құнының арзандауына әкеледі. Яғни, бұрын қарастырылған жағдайларға кері процестерді тудырады. Құнды қағаздарға сұраныс әседі, ұсыныс азаяды, соған байланысты олардың нарықтық құны жоғарлайды. 
 

Қорытынды 

          Қорытындылай келе, курстық жұмыстың тақырыбын ашуда қарастырылған сұрақтардың негізінде қысқаша қорытындыламалар жасайтын болсақ:

          1. Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

          2.       Шаруашылық жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі түрі болады: 1) рестрикциялық ақша-несие саясаты; 2) экспансиялық ақша-несие саясаты.

          3.     Ақша-несие саясатының негізгі құралдарын мынадай етіп топтастыруға болады:

  • несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;
  • міндетті резервтер нормасының өзгеруі;
  • есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі; 
  • ашық нарықтағы операциялар.

          4. Монетарлық саясат өте күрделі табыстау механизмінен тұрады. Ақша-несие саясатының 4 түрлі табыстау механизмін қарастыруға болады:

1) Орталық банк саясатының салдарынан нақты ақша ұсынысының мәнінің өзгеруі;

2) Ақша нарығындағы пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі;

3) Пайыз мөлшерлемесінің динамикасына байланысты жиынтық шығындардың (әсіресе инвестициялық шығындардың) реакциясы;

4) Жиынтық  сұраныстың   өзгеруіне   байланысты өнім көлемінің өзгерісі.

     Ақша-несие  саясаты салық-бюджет және сыртқы экономикалық саясатпен тығыз байланысты.

          5. ҚҰБ ақша-несие саясатының қалыптасу уақытын 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады:

         1) 1993 жылғы қараша – 1995 жыл гиперинфляцияны ауыздықтау кезеңі.

         2) 1996 жыл – 1999 жыл –  макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу кезеңі.

         3) 2000 жыл – 2007 жыл қаржылық тұрақтылық және экономиканың жаппай даму кезеңі.

        6. Ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі мынадай операция түрлерін жүзеге асырады:

1) қарыздар беру;

2) депозиттер қабылдау;

3) валюталық интервенциялар;

4) Қазақстан  Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару;

5) мемлекеттік және басқа да бағалы кағаздарды сатып алу және сату;

6) коммерциялык вексельдерді қайта есепке алу;

7) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасынын шешімі бойынша басқа да операциялар.

         7. Ақша-несие саясаты елден макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі болып табылады.

          Біздің көзқарасымыз бойынша, қайта қаржыландыру жүйесінің жақсы дамуының кепілі Орталық банк жүйесінде экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындар мониторингін тиімді ұйымдастыру болып табылады. Себебі, бұл тәжірибе басқа елдердің Орталык, банктерінің қызметтерінің негізгі бағыттарының бірі болып танылған. ҚРҰБ-де нақты сектордағы кәсіпорындардың қаржылық жағдайының мониторинг жүйесін жасау кезінде Франция Банкісінің және Ресей Орталық Банкісінің тәжірибелері ескерілді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі 
 

  1. Ивашковский С. И. Макроэкономика. Мәскеу: «Дело» баспасы, 2000.
  2. e-mail: http://www.nationalbank.kz/mailthq@nationalbank.kz
  3. hq@nbrk.kz
  4. http://www.aikyn.kz/
  5. Көшенова Б. А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. Алматы: «Экономика» баспасы, 2000.
  6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 146 қаулысы
  7. «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңы. 30. 08. 1995.
  8. «ҚР Ұлттық Банкі туралы» Заңы .  13. 04. 1993.
  9. Мамыров Н. Қ., Тілеужанова М. Ә. Макроэкономика. Оқулық. «Экономика» баспасы,2003.
  10. Микро-макроэкономика. Практикум / Под общ. ред. Ю. А. Огибина.  -  СПб., 1994.
  11. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. Алматы: «Экономика» баспасы, 2006.

    12. Экономикалық теория негіздері / Осипова Г.М. – Алматы Каз. ГЭУ. 2002. 

    13. Курс  экономической  теории: Общие   основы  экономической  теории.

    Микроэкономика. Макроэкономика. Основы  национальнй экономики: 

    Учебное пособие / Под ред. д.э.н. А.В. Сидоровича; МГУ им. М.В.   

    Ломоносова.- М: Изд-во «Дело и  сервис», 2001. 

    14. Макконнел  К., Брю С. Экономикс. –М. Республика, 1992г. Т.1., Т.2. 

    15. Носова  С.С. Экономическая теория: Краткий  курс: Учеб. пособие для студ. 

    высш. учеб. заведений. – М.: Гуманит. изд. Центр ВЛАДОС, 2003. 

    16. Мамырова  Н. Макроэкономика. Алматы, 2000.

    

      17. Фикс Д.Ж. Стоимость и капитал  М. Прогресс 1999 

    18.Р.С. Каренов. «Қазақстан экономикасы дамуының нарыққа көшу мәселелері» Қарағанды:     2004 жыл 
     
     

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Ақша-несие саясатының негізгі құралдары