Ақша-несие саясатының негізгі құралдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 12:56, курсовая работа

Описание работы

Осы бөлімде мемлекеттің ақша – несие саясатының қажеттілігінің мәні, мазмұны ашылады. Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Сонымен бірге, ақша – несие саясатының субъектілері мен объектілері анықталады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1-тарау. Ақша-несие саясатының мәні .................................................................5
1. 1. Ақша-несие саясатының мазмұны................................................................5
1. 2. Ақша-несие саясатының мақсаты.................................................................7
1. 3. Ақша-несие саясатының түрлері мен құралдары........................................8
2-тарау. Ақша-несие саясатының негізгі құралдары.........................................11
2. 1. Пайыз саясаты. Міндетті резервтер. Несиелік операциялар. Ашық нарықтағы операциялар........................................................................................11
2. 2. Ақша – несие саясатының табыстау механизмі және оның салық- бюджет, валюта саясаттарымен байланысы.......................................................15
3-тарау. ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты.............................................18
3. 1. ҚР ҰБ ақша-несие саясатының қалыптасу кезеңдері...............................18
3. 2. Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты......................................23
3. 3. Экономиканы ақша-несиелік реттеудің кейбір аспектілері......................27
Қорытынды............................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................34

Работа содержит 1 файл

Ақша-несие.doc

— 204.00 Кб (Скачать)

 

     Ақша    ұсынысының   тұрақты жағдайында пайыз мөлшерлемесі өседі, демек  ақша ұсынысын бұрынғы қалыпты жағдайда ұстау үшін, Орталық банк ақша ұсынысын өсіруі қажет. Мұндай жағдай ЖҮӨ өсуін қосымша ынталандырады және инфляцияның пайда болуына әкеледі.

     Экономикадағы құлдырау және ақшаға сұраныстың азаюы  жағдайында Орталық банк пайыз мөлшерлемесінің төмендеуін болдырмау үшін, ақша ұсынысын азайтуы қажет. Бірақ мүндай жағдай жиынтық сұранысты төмендетіп, экономикадағы құлдырауды шиеленістіре түседі.

     Ақша-несие  саясатының жанама әсерлерін де ескерген жөн. Мысалы, егерде Орталық банк ақша ұсынысын өсіру қажет деп есептесе, онда ол құнды қағаздар нарығынан облигация сатып алу арқылы ақша базасын кеңейте алады. Бірақ ақша ұсынысының өсуімен қатар пайыз мөлшерлемесі төмендей бастайды. Бұл жағдай екі коэффициентке әсер етуі мүмкін (сг және гг.). Халық депозиттегі қаржыларының бір бөлігін нақты ақшаға айналдыра алады, онда өседі, банктер артық резервтерін өсіреді, ол   мәнін өсіреді.

     Мұндай  шаралардан кейін ақша мультипликаторы төмендейді, бұл жағдай ақша жиынын кеңейту тенденциясының төмендеуіне әсер етеді.

     Ақша-несие саясаты келемді сыртқы кешеуілдеуге ие бола алады (шешім қабылданғаннан бастап, нәтижеге дейін), өйткені экономикадағы инвестициялық белсенділік өзгерісіне байланысты пайыз мөлшерлемесі тербелістері ЖҰӨ көлеміне әсер етеді, мұндай құбылыстар ұзаққа созылады.

     Ақша-несие  саясатының қазіргі кезеңдегі тиімділігі Орталық банктің саясатына деген  сенімділікпен тығыз байланысты.

     Ақша-несие  саясаты салық-бюджет және сыртқы экономикалық саясатпен тығыз байланысты.

     Егерде  Орталық банк тұрақты айналым бағамын ұстап тұруды көздесе, онда дербес, тәуелсіз ішкі ақша саясаты болуы мүмкін емес, өйткені айнымалы бағамды ұстау мақсатындағы әрекеттер, валюталық резервтердің көбеюі және азаюы экономикадағы ақша жиынының өзгеруіне әкеледі. (Мысалы валюта сатып алғанда экономикадағы ақша ұсынысы өседі.) Салық-бюджет және ақша-несие саясаттарын бір-біріне сәйкес келтіру белгілі қиындықтарды тудырады. Егер мемлекет экономиканы мемлекеттік шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мұндай іс-әрекеттердің нәтижесі ақша саясатымен байланысты болады.

     Қазыналық саясаттың нәтижесінде бюджетте тапшылық болса, онда мұндай жағдайда тиімді, тұрақты монетарлық саясат болмайды. 
 

                 3-тарау. ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты 

3. 1.  ҚР ҰБ ақша-несие  саясатының қалыптасу  кезеңдері 

           Қазақстан 1990 жылғы желтоқсанда республиканың егемендігі жарияланғаннан кейін нарықтық экономика талаптарына жауап беретін өзінің банк жүйесін құруға кірісті.  1990 жылғы желтоқсанда «Қазақ КСР банктер және банк қызметі туралы» заң, ал 1993 жылғы 13 сәуірде КСРО Мембанкінің Қазақ Республикалық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып қайта құрылды. Банк жүйесін реттейтін ұлттық нормативтік және құқықтық базаны түбегейлі қалыптастыру үрдісі басталды. 

           Республиканың Ұлттық Банкін құру туралы шешім келешекті көздейтін шешім ретінде бағаланады, себебі Ұлттық Банкті жоғары деңгейге шығара отырып, экономиканы несиелеудің өркениетті нысанын қамтамасыз ететін екі деңгейдегі банк жүйесін енгізбейінше, банк жүйесі нарық экономикасының қалыптасуына қолдау көрсете алмас еді. Нәтижесінде республика қазіргі даму деңгейіне қол жеткізбеген болар еді.

            1993 жылы 13 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін құру туралы заңды қабылдау ел экономикасының даму барысына жақсы ықпал етті, себебі банк жүйесін реттеудің ұлттық нормативтік және құқықтық базасын түбегейлі қалыптастыру үрдісін бастауға және меншікті валютаны ендіруге дайындалуға мүмкіндік берді. 

           Банк жүйесі өткен 15 жылда бүкіл экономикамен қатар дамыды, және оның даму уақытын 3 кезеңге бөлуге болады:

           1) 1993 жылғы қараша – 1995 жыл гиперинфляцияны ауыздықтау кезеңі. Теңгені енгізу сәтінде Қазақстанның экономикасы өте ауыр жағдайда болды.  1993 жылы инфляция 2165% құрады, ал 1991-1995 жылдары тұтастай алғанда өндіріс 50% жуық құлдырады.

           Осындай жағдайларда Ұлттық Банк үшін бірінші кезектегі міндет инфляцияны төмендету болып табылды.

         Ұлттық валютаны ендіру сәтіндегі тарихи қалыптасқан ахуал нәтижесінде Ұлттық Банк іс жүзінде  коммерциялық банктердің қызметін орындады: кәсіпорындарға тікелей несиелер берді, мемлекеттік бюджет тапшылығын тікелей қаржыландыруды жүзеге асырды, бұл орталық банктің мәртебесіне қайшы келді. Сондықтан Ұлттық Банк бірінші кезекте банк жүйесін реформалауды жүзеге асырды.

          1995 жылы Үкіметтің шешімі бойынша Ұлттық Банктің экономикаға несиелер беруі тоқтатылды. Банктерді қайта қаржыландыру тетігі айтарлықтай өзгерді:  несиелік ресурстарды Ұлттық Банк несиелік аукциондар арқылы және ломбардтық негізде орналастыра бастады. 1995 жылы Ұлттық Банк туралы заң қабылданды, оған сәйкес Ұлттық Банктің тәуелсіздігі заң жүзінде айқындалды, ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын  қамтамасыз ету мақсаты алға қойылды.

          Нәтижесінде экономиканы несиелеу қызметі банктерге өтті, олар несие ресурстарын қалыптастыру үшін халықтың жинақ ақшасын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражатын және сыртқы заемдарды тарта бастады.

         Ұлттық Банк экономиканы несиелеу қызметтерін екінші деңгейдегі банктерге бере отырып, бар күшті инфляцияны төмендету және ақша-несие саясатының әдістерін және  құралдарын дамыту арқылы ұлттық валютаның тұрақтылығына қол жеткізу міндетіне шоғырландырды. 1998 жылы Ұлттық Банктің республикалық бюджет тапшылығын тікелей несиелеу тәжірибесі тоқтатылды. Осы іс-әрекеттің нәтижесі 1993-1995 жылдары инфляцияны 60% дейін төмендету болды.

          2) 1996 жыл – 1999 жыл –  макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу кезеңі. Осы кезеңде инфляция қарқынды төмендей бастады және 1995 жылғы 60,3%-дан 1998 жылғы 10,9%-ға дейін төмендеді.

          Банк жүйесін бұдан әрі дамыту  халықаралық стандарттарға қол жеткізу бағытында жүзеге асырылды. Банк жүйесін реформалаудың бірінші Бағдарламасы  1996 жылы қабылданды. Онда банк жүйесінің нарықтық экономиканың маңызды бөлігі ретінде экономиканың неғұрлым қарқынды дамитын секторларының бірі болуы тиіс екендігі атап көрсетілді. 1996 жылы желтоқсанда Ұлттық Банк елдің барлық банктерінің  капиталдың жеткіліктілігіне, активтердің сапасына, менеджмент деңгейіне, бухгалтерлік есепке, банктік телекоммуникациялық байланыс жүйесін автоматтандыруға қатысты халықаралық банк практикасында қалыптастырылған стандарттарға сәйкес келуін көздейтін халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережені бекітті.

          Банк жүйесін дамытумен қатар Ұлттық Банк осы жылдары халықаралық қағидаттар мен стандарттарға негізделген тиімді банктік қадағалау жүйесін құру бойынша  жұмыс жүргізді. Ұлттық Банк Қазақстандағы банк қадағалауының жалпыға ортақ қабылданған стандарттарға, ең алдымен Базель банк қадағалауы жөніндегі комитетінің тиімді банктік қадағалау бойынша негізгі қағидаттарына сәйкес келтіруге қол жеткізуге бағытталған жұмысты тұрақты түрде жүргізді.

          1998-1999 жылдары Ресей қаржы дағдарысы және мұнайдың әлемдік бағасының құлдырауы жас ұлттық валютаның мықтылық деңгейіне жасалған  өзгеше сынақ болды. Теңге 1998-1999 жылдары күшті құнсыздану қысымына ұшырады, бұл ретте инфляция 1999 жылы 17,8% дейін өсті. Мұның өзі ақша-несие саясаты үшін төтенше ахуал тудырды.

          Теңгенің бәсеке қабілеттілігін қалпына келтіру үшін  1999 жылғы сәуірде теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамы режимі енгізілді. Бұл Қазақстан тауар өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін қалпына келтіруге мүмкіндік жасады, сонымен қатар Қазақстан экономикасы өсуінің жаппай дамуына «түрткі» болды.

          3) 2000 жыл – 2007 жылқаржылық тұрақтылық және экономиканың жаппай даму кезеңі.

          2000 жылдан бастап әлемдік қаржы нарықтарының тұрақтануы, әлемдік тауар нарықтарындағы қолайлы баға конъюнктурасы, әлемдік экономиканың жандануы Қазақстандағы макроэкономикалық ахуалға оң ықпал етті. Айтарлықтай капитал ағыны байқалуда, халықтың банктерге салымдары мен банктердің экономикаға несиелері қарқындап өсті. Бүкіл кезең бойына инфляция бір қатарлы санмен өлшенетін деңгейде сақтаулы (6,4%-8,4%), ал ЖІӨ орташа жылдық өсуі 10,3% құрады.

          Баға тұрақтылығына қол жеткізу өндіріске қолайлы әсер етті. 2000 жылдан бастап елде тұрақты өсу байқалды, ал соңғы 8 жылда (2000-2007 аралығында) ЖІӨ орташа жылдық өсуі 10% астам болды.

          Осы кезеңде Қазақстанда қаржы институттарының қызметін мемлекеттік реттеудің жаңа жүйесін қалыптастыру бойынша үлкен жұмыс атқарылды, оған сәйкес барлық қадағалау және  реттеу қызметтері бір мамандандырылған органның шеңберіне біріктірілді.

          7 жылдың ішінде елімізде қаржы жүйесі жаппай дамыды. Халықтың депозиттеріне кепілдік беру қоры, тұрғын үй құрылысы саласындағы ипотекалық несиелеу жүйесі құрылды, сақтандыру және қор нарықтары дамуда.

          2004 жылға қарай Ұлттық Банк елдің қаржы нарығын реттеуде басты позицияны алды. Реттеу және қадағалау қызметтерін Ұлттық Банкте осылайша шоғырландыру осындай өкілеттіктері бар дербес органды бөліп шығаруда жасалған аралық қадам болды. 2004 жылдың басынан бері осы барлық қызмет арнайы құрылған, Қазақстан Президентіне бағынатын Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне берілді.

          2004 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық Банктің негізгі мақсаты ретінде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі мақсаты заңды түрде жарияланды. Ұлттық Банктің алға қойылған мақсатты іске асыратын міндеттері  жарияланды: мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу, төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал жасау.

         2007-2008 жылдардың өткен жылдарға қарағанда қаржы тұрақтылығының кейбір өсуімен айырмашылығы бар.

          2007 жылы Қазақстанның экономикалық дамуын екі кезеңге бөлуге болады. Жылдың бірінші жартысында өткен жылдары байқалған оң үрдістер (өнеркәсіптің, жылжымайтын мүлік нарығының, құрылыстың, сауданың, банк қызметі нарығының жоғары даму қарқыны) сақталды.  Бірінші жарты жылда экономикаға несиелер 47% жуық, резиденттердің  банк жүйесіне депозиттері 24% ұлғайды.

           2007 жылғы тамызда АҚШ ипотекалық заемдар нарығындағы 2007 жылдың басында туындаған дағдарыс әлемдік қаржы нарықтарындағы ахуалға айтарлықтай ықпал ете отырып,  жергілікті сипаттан ауқымды сипатқа ұласты. Әлемдік нарықтар өтімділіктің жетіспеуін бастан кешірді.

          Алдыңғы кезеңде айтарлықтай көлемде сыртқы қарыз алған қазақстандық банктер бірқатар қиындықтарды бастан кешірді. 2007 жылы қазақстандық экономикаға сондай-ақ әлемдік азық-түлік нарықтарындағы сілкініс теріс ықпал етуімен жағдай күрделене түсті. Мәселен, дәнді дақылдарды негізгі өндіруші елдерде өнімнің төмен болуының, өсімдік шикізаты (биоэтанол) түріндегі отынның балама түрлерін әлемдік өндірудің өсуі нәтижесінде астықтың, күнбағыс майының әлемдік бағасы өсті. Осының барлығы елдегі инфляциялық қысымның өсуіне себепші болды.

          Өтімділікті қолдау жөнінде тиісті шаралар қабылдау банк жүйесінің тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік жасады. Дегенмен, олар 2008 жылға арналған инфляция бойынша болжамды бағдарлардың орындалмауына әкеліп соқтырды.

          Қорыта келгенде, Қазақстанның соңғы 15 жылдағы экономикалық дамуының табыстары біршама деңгейде Ұлттық Банктің қаржы секторын дамыту жөніндегі қызметіне және атап айтқанда бағаны тұрақтандыруға бағытталған ақша-несие саясатына байланысты болғанын тағы да атап айтқымыз келеді. 
 
 
 

3. 2.  Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты 

          1993 жылы 13 сәуірде ҚР Жоғарғы Кеңесінің оныншы сессиясында ҚР «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңы қабылданды, ол ҚР Ұлттық Банкінің міндеттерін, қызмет принципін, құқықтық мәртебесі мен өкілеттігін, оның банк жүйесіңдегі рөлі мен орнын, мемлекеттік билік органдарымен өзара қарым-қатынасын айқындап берді. Заң ҚР ақшалай және заемдық қаражаттарға деген сұранысын қамтамасыз етуде, салым салушылардың мүддесі мен мемлекеттік несие саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етуде кепілдікті қарастырды. Заң Ұлттық Банктің негізгі міндеттерін айқындап берді: ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысуларды ұйымдастыру және валюталық қатынастар саласында мемлекеттің саясатын әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысу; несие берушілер мен банктің салымшыларының, несиелік, есеп айырысу мекемелерінің, сондай-ақ валютаны сатып алу, сату және айырбастау бойынша операцияларды жүзеге асыратын мекемелердің клиенттерінің мүдделерін қорғау, банктік және басқа несие мекемелерінің қызметін реттейтін ережелерді жасау негізінде оны сақтауға бақылау жасау; ҚРақша-несие саясатын жүзеге асыру саласында мүдделерін қорғау.

Информация о работе Ақша-несие саясатының негізгі құралдары