Ақша-несие саясатының негізгі құралдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 12:56, курсовая работа

Описание работы

Осы бөлімде мемлекеттің ақша – несие саясатының қажеттілігінің мәні, мазмұны ашылады. Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Сонымен бірге, ақша – несие саясатының субъектілері мен объектілері анықталады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1-тарау. Ақша-несие саясатының мәні .................................................................5
1. 1. Ақша-несие саясатының мазмұны................................................................5
1. 2. Ақша-несие саясатының мақсаты.................................................................7
1. 3. Ақша-несие саясатының түрлері мен құралдары........................................8
2-тарау. Ақша-несие саясатының негізгі құралдары.........................................11
2. 1. Пайыз саясаты. Міндетті резервтер. Несиелік операциялар. Ашық нарықтағы операциялар........................................................................................11
2. 2. Ақша – несие саясатының табыстау механизмі және оның салық- бюджет, валюта саясаттарымен байланысы.......................................................15
3-тарау. ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты.............................................18
3. 1. ҚР ҰБ ақша-несие саясатының қалыптасу кезеңдері...............................18
3. 2. Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты......................................23
3. 3. Экономиканы ақша-несиелік реттеудің кейбір аспектілері......................27
Қорытынды............................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................34

Работа содержит 1 файл

Ақша-несие.doc

— 204.00 Кб (Скачать)

Жоспар 

Кіріспе.......................................................................................................................3 

1-тарау.  Ақша-несие саясатының мәні .................................................................5

1. 1.  Ақша-несие саясатының мазмұны................................................................5

1. 2.  Ақша-несие саясатының мақсаты.................................................................7

1. 3.  Ақша-несие саясатының түрлері мен құралдары........................................8 

2-тарау.  Ақша-несие саясатының негізгі құралдары.........................................11

2. 1. Пайыз  саясаты. Міндетті резервтер.  Несиелік операциялар. Ашық                                                                                     нарықтағы операциялар........................................................................................11

2. 2. Ақша – несие саясатының табыстау механизмі және оның салық- бюджет, валюта саясаттарымен байланысы.......................................................15 

3-тарау.  ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие  саясаты.............................................18

3. 1.  ҚР ҰБ ақша-несие саясатының  қалыптасу кезеңдері...............................18

3. 2.  Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты......................................23

3. 3. Экономиканы ақша-несиелік реттеудің кейбір аспектілері......................27 

Қорытынды............................................................................................................32

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................34 
 

     Кіріспе 

          Бұл курстық жұмыстың тақырыбы  «Ақша-несие саясаты мен оның  құралдары» деп  аталады. Бұл  тақырыпты таңдауыма  басты   себеп оның  бүгінгі қоғамдағы, экономикамыздағы көкейкесті мәселелердің бірі болуында  және  макроэкономикадағы  өзектілігінде  болып отыр.     Кез-келген мемлекеттің экономикасында Орталық банктің жүргізетін саясаты орасан зор рөл атқарады, себебі барлық мемлекеттерде Орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Яғни, қарастырылып отырған ақша-несие саясаты — отандық нарықтық жүйе механизмінің негізгі құраушы бөлігі деп айтуға болады.

          Курстық жұмыстың мақсаты — ақша-несие немесе монетарлық саясаттың мәнін ашып, мақсаты, түрлері мен негізгі құралдарына тереңірек тоқталу. Сонымен бірге, ақша – несие саясатының табыстау механизмін қарастырып, ҚР Ұлттық Банкінің қазіргі ақша-несие саясатын талдау.

          Курстық жұмыстың алғашқы тарауында  ақша-несие саясатының экономикалық  мәні, мақсаты мен мазмұны қарастырылады,  сонымен қатар, ақша – несие саясатының түрлері мен құралдарына сипаттама беріледі. 

          Осы бөлімде мемлекеттің ақша – несие саясатының қажеттілігінің мәні, мазмұны ашылады. Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Сонымен бірге, ақша – несие саясатының субъектілері мен объектілері анықталады.

          Екінші тарауда, ақша-несие саясатының негізгі құралдары талдауға түседі. Яғни, пайыз саясаты,міндетті резервтер, несиелік операциялар, ашық нарықтағы операциялар жайлы айтылады. Осы бөлімде ақша – несие саясатының табыстау механизмі және оның салық - бюджет, валюта саясаттарымен байланысы көрсетіледі.

          Үшінші тарауда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының қалыптасу кезеңдері, Қазақстан Ұлттық Банкінің қазіргі ақша-несие саясатының құралдары көрсетіледі. Осы бөлімде Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатына талдау жасалып, негізгі көрсеткіштеріне баға беріледі, экономиканы ақша-несиелік реттеудің кейбір аспектілері қарастырылады.

           Курстық жұмыстың жазылу барысында және тақырыптың мазмұнын ашуда белгілі авторлардың оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдар, сондай-ақ газет-журналдарда жарияланған мақалалар, интернет желісінің ақпарат ресурстарының маңызды деректері, статистикалық көрсеткіштер жан-жақты пайдаланылып отыр. 
 
 
 
 
 

                                
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1-тарау.  Ақша-несие саясатының  мәні 

                           1. 1.     Ақша-несие  саясатының мазмұны 

         Нарық жағдайында банк жүйесі  екі деңгейде  болады: орталық банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы – несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді.

         Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің қызметін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады.

         Орталық банк   ақша ұсынысын  ақша базасына және мультипликаторға әсер ету арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.

          Ақша базасы — Ұлттық Банк шығаратын айналымдағы қолма-қол ақшалар, міндетті және артық резервтер. Айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшері банктердің корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық Банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының көлемін, яғни банктердің өтімділігін реттеу арқылы реттейді.

          Ол ақша-несие саясатының құралдарын  пайдаланумен іске асады. Бұл құралдар ақша базасының кеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының, ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді.

         Ақша мультипликаторы (m) – бұл ақша ұсынымының ақша базасына  қатынасы:

       Ақша мультипликаторын  қолма-қол ақша – депозиттер  cr (депондау коэффициенті) және резервтер-депозиттер rr (резервке салу  нормасы) қатынасы арқылы да көрсетуге болады. Ол үшін алдындағы теңдіктің сол жағы мен оң жағын   депозиттер D-ге бөлеміз, соның нәтижесінде табамыз :

        

     

      Жоғарыдағы  cr шамасы  тұрғылықты халықтың   тәртібімен белгіленеді, ол  қолма-қол ақшалар мен депозиттер қандай  пропорцияда болуын шешеді.  Ал  rr  қатынасы  Орталық банк  бекітетін  міндетті резервтер  нормасына  тәуелді және  коммерциялық банктер  қажетті сомадан артық  ұстап отыруға өздері ұйғарған  нормадан тыс резервтер. 

           Сонымен,  ақша ұсынымы ақша базасы мен ақша мультипликаторы   мөлшерлеріне  тікелей байланысты. Ақша мультипликаторы   ақша базасының  бірлікке  көбеюі ақша ұсынымының қаншалықты өзгеретіндігін көрсетеді.    Орталық банк  ақша ұсынымын   ақша базасына әсер ету арқылы   бақылай алады. Ақша базасының өзгеруі  өз кезегінен  ақша ұсынымына мультипликативті  әсер етеді.

           Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады. 
 

1. 2.   Ақша-несие саясатының  мақсаты 

          Ақша-несие саясатының басты мақсаты  — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендету, ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

          Соңғы мақсат:

  • экономиканың өсуі;   толық жұмысбастылық;  
  • бағаны тұрақтандыру;   төлем балансын тұрақтандыру.  

          Аралық мақсат:

    • ақша жиыны; 
    • пайыз мөлшерлемесі;
    • айырбас бағамы.

     Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа  да саясаттарды ескере отырып, ақша-несие саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.

     Аралық  мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей  орталық банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады.

     Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

  • қайта қаржыландыру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу;
  • ҚҰБ-те жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу;
  • мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;
  • банктерге және үкіметке несие беру;
  • валюталық нарықтағы басқыншылық;
  • ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.

1. 3.   Ақша-несие саясатының  түрлері мен құралдары 

          Шаруашылық жағдайына байланысты  ақша-несие саясатының екі түрі болады:

1) рестрикциялық ақша-несие саясаты;

2) экспансиялық ақша-несие саясаты.

          Рестрикциялық ( «тарылту» ) ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

          Экспансиялық ( «кеңейту» ) ақша-несие  саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады.

          Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:

  • ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;
  • ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі;
  • РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
  • «овернайт» заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
  • күндізгі заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.

          Ресми қайта қаржыландыру  мөлшерлемесі — ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық Банкінің заң актілері, ҚР Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.

         Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі — ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттың банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу операцияларында қолданылады. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме жылдық пайыздың мөлшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық вексельдерді қайта есептеуде қолданылады.

         РЕПО және кері  РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері — жылдық пайыздық мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлемесінен ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерді реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелердің елеулі ауытқуын болдырмау.

Информация о работе Ақша-несие саясатының негізгі құралдары