Ақша-несие саясатының негізгі құралдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 12:56, курсовая работа

Описание работы

Осы бөлімде мемлекеттің ақша – несие саясатының қажеттілігінің мәні, мазмұны ашылады. Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Сонымен бірге, ақша – несие саясатының субъектілері мен объектілері анықталады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1-тарау. Ақша-несие саясатының мәні .................................................................5
1. 1. Ақша-несие саясатының мазмұны................................................................5
1. 2. Ақша-несие саясатының мақсаты.................................................................7
1. 3. Ақша-несие саясатының түрлері мен құралдары........................................8
2-тарау. Ақша-несие саясатының негізгі құралдары.........................................11
2. 1. Пайыз саясаты. Міндетті резервтер. Несиелік операциялар. Ашық нарықтағы операциялар........................................................................................11
2. 2. Ақша – несие саясатының табыстау механизмі және оның салық- бюджет, валюта саясаттарымен байланысы.......................................................15
3-тарау. ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты.............................................18
3. 1. ҚР ҰБ ақша-несие саясатының қалыптасу кезеңдері...............................18
3. 2. Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты......................................23
3. 3. Экономиканы ақша-несиелік реттеудің кейбір аспектілері......................27
Қорытынды............................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................34

Работа содержит 1 файл

Ақша-несие.doc

— 204.00 Кб (Скачать)

          1993 жылы 15 қарашада ҚР-да ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Қазақстанның Ұлттық Банкіне ақша-несие жүйесінің жұмыс істеу жауапкершілігі, оның бюджетпен және банктермен қарым-қатынастарында классикалық принциптерді енгізу, банктердің қызметін реттеудің жүйесін бекіту міндеттері жүктелді. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының — қазақстандық теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету — мемлекеттің орталық банкісі — Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі міндеттерінің біріне айналды.

          Орталық банктердің тиімді қызметі  ұлттық дәстүр тұрғысынан оны  ұйымдастыру мен басқара білуге  көп байланысты болады. 1995 жылғы 30 наурызда шыққан ҚР Президентінің Заң күші бар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Жарлығы Казақстан Республикасы Ұлттық Банкінің міндеттерін, қызмет принципін, құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктерін, оның мемлекеттік банк жүйесіндегі рөлі мен орнын айқындап берді. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясының кабылдануына байланысты заңнамаға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

          Ақшаның кұнсыздануын төменгі деңгейде ұстап, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-несие саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бірден-бір орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.

          Ақша-несие саясаты:

  • қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін;
  • ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелер деңгейлерін;
  • ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін;
  • ерекше жағдайларда, операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулерді белгілеу жолымен жүзеге асырылады.

          Қазақстан Ұлттық Банкі қайта  қаржыландырудың ресми мөлшерлемесіне  сәйкес коммерциялық вексельдерді  қайта есепке алуды жүргізеді.

          Қайта қаржыландырудың ресми  мөлшерлемесі ақша-несие саясатының негізгі операциялары үшін сыйақы мөлшерлемелері бойынша бағдар болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі қайта каржыландырудың ресми мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жай-күйіне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне және инфляциялық болжауларға қарай белгілейді.

          Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие  саясатын жүзеге асыратын шеңбердегі қаржы нарығында сыйақының нарықтык мөлшерлемелеріне  әсер ету мақсатында ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақының мөлшерлемесін белгілейді.

          Резервтік талаптар нормативі  банктер алдындағы міндеттемелерді  кеміту есебінен міндеттемелердің  жалпы сомасынан пайыз есебінде есептеледі және 40 пайыздан артық емес мөлшерде белгіленеді.

          Қазақстан Ұлттық Банкі айрықша жағдайларда міндеттемелердің өсуіне резервтік талаптар енгізуге құқылы. Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін өзгерту осындай шешім қабылданған күннен бастап бір айдан ерте қолданысқа енгізілмейді.

          Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заң актілерімен Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген мөлшерде айыппұл салынып, ендіріліп алынады.

          Қазақстан Ұлттық Банкі тікелей  сандық шектеуді айрықша жағдайларда  ғана белгілейді. Қазақстан Ұлттық Банкінің тікелей сандык шектеулері дегеніміз операциялар мен мәмілелердің жекелеген түрлері бойынша мөлшерлемелердің ең жоғарғы деңгейі, несиелендіруді тікелей шектеу, сыйақының мөлшерлемесін ұстап тұру, жекелеген салалардың дамуын ынталандыру немесе тежеу мақсатында несиенің нақты түрлерін реттеу болып табылады.

          Қазақстан Ұлттық Банкі тікелей  сандық шектеуді ақша-несиемен  реттеудің жанама әдістерімен  инфляциялық үрдістерді тоқтату мүмкін болмаған жағдайда қолдануға құқылы.

          Ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі мынадай операция түрлерін жүзеге асырады:

1) қарыздар беру;

2) депозиттер қабылдау;

3) валюталық интервенциялар;

4) Қазақстан  Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару;

5) мемлекеттік және басқа да бағалы кағаздарды сатып алу және сату;

6) коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу;

7) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша басқа да операциялар.

          Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие  саясатының қабылданған бағдарларына  сәйкес банктердің қарыз алуының жалпы көлемін реттейді.

          Банктерге берілетін қарыздарды  беру мен өтеу тәртібін, талаптарын, түрлерін, мерзімдерін және лимиттерін Қазақстан Ұлттық Банкі айқындайды.

          Депозиттерді тарту мен өтеу  тәртібін, талаптарын, мерзімдерін және тарту лимиттерін Қазақстан Ұлттық Банкі айқындайды. Қазақстан Ұлттық Банкі Ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де депозиттер тартуға құқылы.

          Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие  саясаты мақсатында қысқа мерзімді  ноталарды ұлттық та, шетелдік те валюталарда шығаруға құқылы.

          Қысқа мерзімді ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу тәртібі мен талаптарын Қазақстан Ұлттық Банкі айқындайды. Қазақстан Ұлттық банкінің қысқа мерзімді ноталары - Қазақстан Ұлттық Банкі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар.

          Қазақстан Ұлттық Банкі коммерциялық  вексельдерді қайта есепке алу  тәртібін және Қазақстан Ұлттық  Банкінің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алуға қабылдауы үшін қойылатын талаптарды белгілейді.

          Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық  интервенциясы жалпы ақша-несие шеңберінде жүргізіледі. Валюталық нарықта интервенцияны Қазақстан Ұлттық Банкі кез келген банктер мен валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілелерді пайдаланумен дербес жүзеге асырады.

          Қазақстан Ұлттық Банкі Ұлттық  валютаның тұрақтылығын қамтамасыз  ету мақсатында банктерге несие беру тәрізді ақша-несие саясатының құралын да пайдалануға құқылы. 
 

     3. 3. Экономиканы ақша-несиелік реттеудің кейбір аспектілері 

     Ақша-несие  саясаты елден макроэкономикалық  тұрақтылыққа қол жеткізуге және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар  жасауға бағытталған мемлекеттің  экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі болып табылады. Ақша-несие саясаты - бұл ақша айналысын реттеу мақсаты мен мемлекеттіК ақша-несие саласында пайдаланылатын өзара байланысты шаралар жиынтығы.

     Қазіргі жағдайдағы қазақстандық экономикада  ақша-несиелік реттеу сұрақтарының өзектілігі белгілі бір деңгейде ақша-несие саясатын жасау кезінде талдау және болжау әдістерін, сонымен бірге оны іске асыру механизмдерін жетілдіру қажеттіліктерімен анықталады.

     Ұлттық  банктің пайыздық саясаты нарықта сапалы параметрді белгілеу жолымен ақша айналысын реттеудің маңызды құралы қызметін атқарады. Банктік несиелер құнын реттеу арқылы ақша айналымына тез және адекваттық әсер етуге қол жеткізуге болады. Ұлттық банктің несие құнына әсер ету мүмкіндігі оның соңғы сатыдағы кредитор қызметін қамтамасыз етеді.

     Несие бойынша сыйақы ставкалары ақша-несие саясатын бір құралы ретінде нарықтық сыйақы ставкаларына әсер ету үшін пайдаланылады. Осы құрал Қазақстанның Ұлттық банкісінің белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкаларынан және оның іске асыратын операциялары бойынша тағы басқа сыйақы ставкаларынан тұрады. Ресми сыйақы ставкалары несие бойынша сұраныс пен ұсыныстан құралатын нарықтың жалпы жағдайына, инфляция деңгейіне тәуелді. Қазіргі кезде ресми сыйақы ставкаларының төмендеу тенденциясы байқалуда.

     Позитивті пайыздық ставканы Қазақстанның экономикасын және қаржысын сауықтырудың кепілі деп жиі айтылатынын атап еткен жөн. Шынында да позитивті пайыздық ставка инфляцияға қарсы қызметті орындауға қабілетті, себебі ол жинақтарды ынталандыру нәтижесінде пайда болатын сұранысты тежейді және несиені қымбаттату арқылы инвестициялық салымдарды шектейді.

     ҚР-дағы экономикалық реформалар жылдарында қайта қаржыландыру ставкасын пайдалану қолайсыз болды. Тек 1994 жылдың екінші жартысынан бастап қана Ұлттық банк жанжақты сынға қарамастан позитивті ставканы белгілеуге көшті. Қайта қаржыландыру ставкасын 270 % -тен 300 %-ке дейін жоғарылату есебінен сұраныс инфляциясы төмендетілді, содан кейін бір айдан соң 340%-ке жоғарлатылды. Ставкалардың нақты мәні және оның нарықтық ставкамен сәйкестілігі несиелік ресурстар аукционында анықталды. Осындай өзгерістердің нәтижесінде валюталык операциялар бойынша табыстылық пен салыстырғанда несиелік операциялар бойынша табыстылықтың жоғарылауы байқалды. Соның нәтижесінде шетел валюталарына деген сұраныс пен валюта бағамының тұрақтылығы байқала бастады. Қайта қаржыландырудың жоғарғы ставкасын ұзақ мерзімге ұстап отыру тиімді болып табылды және қайта қаржыландыру ставкасын 340% деп белгілеген кезден соң бір айдан кейін, яғни қыркүйек айынан бастап Ұлттық банк жылдың соңына дейін оның мөлшерін 230% ке дейін төмендетті. Осындай шараны инфляция деңгейінің төмендеуі және айырбас бағамының тұрақтануы байқалғаннан кейін іске асыру мүмкіндігі туды.

     1995 жылы қайта қаржыландыру ставкасын одан әрі қарай 45% ке дейін төмендету осы жылдың қараша айында оның деңгейін 52,5% ке дейін жоғарлатуға өтті, соның нәтижесінде инфляция деңгейі 2,4%-тен 4,4%-ке дейін өсті.

     Мемлекеттік қазыналық міндеттемелері, Ұлттық банктің  ноталарының және банкаралық несиелер бойынша пайыздық ставкалардың мөлшері  олардың нарықтық мөлшерімен сәйкес келіп отырды. 1994-1995 жылдары аралығында нақты нарықтық пайыздық ставкалар оң нәтиже, ал валюталық спекулятивті операциялар бойынша табыстылық теріс нәтиже берді.

     1996 жылы ҚҰБ позитивті пайыздық ставканы белгілеуді жалғастырды. Тек қана 1996 жылдың ішінде қайта қаржыландыру ставкасы он рет өзгерді және жылдың басымен салыстырғанда 24 пунктке, ломбарттық несиелер бойынша пайыздық ставка 31 пунктке төмендеді.

     Енді  пайыздық ставкалардың пөзитивтілігін анықтайық. Дәстүрлі анықтамаға сәйкес ол инфляция деңгейін ескеретін нарықтық пайыздық ставканы білдіреді.

     Яғни, мұндағы, позитивті пайыздық ставка

- бұрын болған пайыздық ставка

- инфляция қарқыны.

     Инфляция кезінде несие бағасынан және кредитордың табыс мөлшерінен басқа.пайыздық став-кара несиенің капиталдану құнын сақтау қызметі де кіреді.

     Несиенің  капиталдану құнын құнсызданудан сақтаудың пайыздық схемасының альтернативті әдістемесі болатынын атап еткен жөн. Бұл жағдайда берілген ссудалардан түсетін табысты көбейту міндеті екіге бөлінеді. Біріншісі — капиталдану құнын сақтау, екіншісі — табыс алу. Осындай әдістеме пайыздық схема кезіндегі кездесетін мәселелерден аулақ болуға мүмкіндік беруі мүмкін. Сонымен бірге, схема бойынша пайыздарды алу индекс есебін көрсететін индекстеуге қарағанда техникалык, жағынан қолайлы. Сонымен қатар, индекстеу кезектілік тәртіппен іске асырылады және соған байланысты біле тұра уақыттық интервалдың пайда болуына әкеледі. Бұл кезде нақтылық жоғарылайды, бірақ интервалдың әсерінен схема тиімділігі төмендейді, яғни төлеу уақыты басталғанша, инфляция оған тиісті құнның бір бөлігін жоюға үлгереді.

     Инфляциялық күтілімдерді ескере отырып ставканы анықтауға негізделген пайыздық схема кезінде нақтылық төмен болады. Бұл жағдайда   болашақтағы   инфляция деңгейін жеткілікті мөлшерде бағаламау арқылы кредитор немесе оны артық бағалау арқылы қарыз алушы үтылады. Индекстік әдіс арқылы мәселелерді жартылай шешу уақыттық интервалды төмендетуі мүмкін. Біздің ойымызша, жоғары инфляция жағдайында экономикалық саясаттың бір міндеті оптималды пайыздық ставканы іздестіру болуы мүмкін. Яғни бұл жағдайда тиімсіз инвестицияны істен алуға және бір уақытта ставкалардың кері әсер етуінен  экономиканы   қорғауға мүмкіндік беретін деңгей деп түсіну қажет. Осы құралдың іске асырылуын қайта қаржыландыру ставкаларының мөлшерінің өзгеруін мысалға ала отырып қарастырайық. Егер Ор-талық банктің мақсаты несиелік институттардың несиелік патенциалын азайту болса, онда ол қайта қаржыландыру ставкасын жоғарлатады. Ұлттық банк алға қойылған мақсатына қол жеткізу үшін ақша нарығына тағы басқа әдістер мен де әсер етуі қажет (ең төменгі резерв бойынша ставканы жоғарлату жолымен және т.б.). Қайта қаржыландыру ставкасын жоғарлатқан кезде коммерциялық банктер үшін қайта қаржыландыру қымбаттайды, яғни бұл жағдай елдегі несие қүнының өсуіне әкеледі. Бірақ кейбір ірі коммерциялық банктердің орталық банктің пайыздық ставкаларды жоғарлатуына қарамастан өздеріне неғүрлым көп клиенттер тарту үшін өздерінің пайыздық маржаларын төмендетуге мүмкіндіктері болады. Коммерциялық банктерді қаржыландырудың альтернативті әдісі орталық банкте вексельдерді қайта есепке алу болып табылады. Осы форманың тиімділігі бұл операция кезінде кепіл талап етілмейді, ал гарант ретінде вексель беруші болады.

Информация о работе Ақша-несие саясатының негізгі құралдары