Ақша-несие саясатының негізгі құралдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 12:56, курсовая работа

Описание работы

Осы бөлімде мемлекеттің ақша – несие саясатының қажеттілігінің мәні, мазмұны ашылады. Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Сонымен бірге, ақша – несие саясатының субъектілері мен объектілері анықталады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1-тарау. Ақша-несие саясатының мәні .................................................................5
1. 1. Ақша-несие саясатының мазмұны................................................................5
1. 2. Ақша-несие саясатының мақсаты.................................................................7
1. 3. Ақша-несие саясатының түрлері мен құралдары........................................8
2-тарау. Ақша-несие саясатының негізгі құралдары.........................................11
2. 1. Пайыз саясаты. Міндетті резервтер. Несиелік операциялар. Ашық нарықтағы операциялар........................................................................................11
2. 2. Ақша – несие саясатының табыстау механизмі және оның салық- бюджет, валюта саясаттарымен байланысы.......................................................15
3-тарау. ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты.............................................18
3. 1. ҚР ҰБ ақша-несие саясатының қалыптасу кезеңдері...............................18
3. 2. Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты......................................23
3. 3. Экономиканы ақша-несиелік реттеудің кейбір аспектілері......................27
Қорытынды............................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................34

Работа содержит 1 файл

Ақша-несие.doc

— 204.00 Кб (Скачать)

        «Овернайт» заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі — Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша колданылады.

         Күндізгі заемдар  бойынша сыйақы мөлшерлемелері — Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға қажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолданылады.

          Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты —инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Заңға сәйкес Ұлттық банк мынадай ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

     -    Сыйақы мөлшерлемелерін  белгілеу;

  • Ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу;
  • Мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сатуы бойынша ашық нарықтағы операцияларды жүргізу;
  • Банктерге және үкіметке несиелер беру;
  • Валюталық нарыққа интервенциялау;

          Қазіргі уақытта жоғарыда аталған  құралдардың ішінде іс жүзінде  қолданылып отырғандары: ресми  сыйақы мөлшерлемелері, қысқа мерзімді  ноталарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.

          Ақша-несие саясатының негізгі құралдарын мынадай етіп топтастыруға болады:

а) несие  берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін  тікелей реттеу;

ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі;

б) есептеу  мөлшерлемесінің өзгерісі;  

в) ашық нарықтағы операциялар.

          Тікелей (а) және жанама (ә, б, в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2-тарау.  Ақша-несие саясатының  құралдары 

     2. 1.   Пайыз саясаты. Міндетті резервтер. Несиелік операциялар. Ашық нарықтағы операциялар. 

          Пайыздық саясат. Ұлттық Банк өзінің пайыздық саясатын мемлекеттің ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында, нарықтың пайыздық мөлшерлемесіне әсер ету үшін қолданады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау кезінде Ұлттық Банк пайыздық мөлшерлемесін оң және нақты түрде ұстап тұру мүдделігін ескереді.

          Теңгені айналысқа енгізгеннен  кейінгі пайыздық саясаттың негізгі  мақсаты — теңгенің несиеге деген сұранысын азайтатын, ал оның артынан ақша массасының өсім қарқынын азайтатын, сәйкесінше инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер, дәлірек айтқанда, пайыздар үшін төлемдер — шығындарды құрайтындардың бірі. Яғни, жаңа пайыздық саясат өзінің нәтижесін қандай да бір анықталмаған болашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруі керек.

       ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.

     Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы — шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. Өткенге оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары несиелік нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Теңгенің айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен сыртқы құны арасыңдағы шекті қатынастың бұзылуы Ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті.

     Ұлттық  банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы ретінде қызмет етеді.

     Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді.

     Ұлттық  банктің ресми пайыздары, оның тікелей  бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар  нарығының шартына сай банктер  дербес белгілейтін нарықтық пайыз  мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал  етеді. Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мелшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне  байланысты  темендеп  отырған.

     Пайыздың  нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін әлуметтік ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті.

          Қаржы операцияларының барлық түрлері бойынша пайыздық мөлшерлемесінің деңгейі Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша индикативті анықталады. Сауданың түрлері бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер өзара кейбір негізгі себептермен ерекшеленеді. Олардың арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады: қарыз мерзімінің әртүрлілігі, пайызды төлемеуімен байланысты тәуекелдің деңгейі және пайыздық мөлшерлемесінің өзгеру мүмкіндігімен байланысты тәуекелдің  деңгейі.

       Міндетті резервтер. Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде банктерге берілетін несиелер көлемін  реттеу үшін, банктің өз міндеттемелері бойынша төлемсіздік тәуекелін төмендету және банктердің акционерлері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық Банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.

          Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ кезінде, коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация процесін реттеу қызметтерін атқарады.

       Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «ҚР коммерциялық-кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы» нұсқауға сәйкес міндетті резерв нормативі 18 — 20% мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 6%-ды құрайды. Банктердің резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің альтернативтік тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің пруденциалдық, нормативтерді орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінің төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.

         Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың пруденциалдық нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге мынадай екі тәсіл қолданады:

1. Міндетті резервтер;

2. Резервтеудің альтернативтік тәртібі.

         Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін әлсіретеді, себебі резервтердің  ең төменгі нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.

          Несие операциялары. Несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық Банк қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерді несиелеу тек қана олардың өтімділігін сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Бюджет тапшылығын жабу үшін Үкіметке несие беру бюджет саясаты аумағында, яғни Ұлттық Банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту мақсатында жүргізілді. Жеңілдікпен несие беру және кәсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауы қарастырылған жоқ.  Ұлттық Банк несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негізінде жүзеге асырылады.

          Ашық нарықтағы операциялар. Мұны Орталық банкпен екінші нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында бағалы қағаздарды сату-сатып алу операциялары ретінде түсінуге болады. Бұл айналыстағы, коммерциялық банктердің өтімділігіндегі және несиелік салымдардағы ақша массасын реттеудің ең икемді әдісі. Мұның мағынасы: Орталық банктің ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік экспансиясын шектеу мақсатында, нарықта бағалы қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Орталық банк кері операциясын жүргізеді — бағалы қағаздарды сатып алып, оның құнын банктердің  резервтік шотына аударады. Осылармен Орталық банк  ашық нарықтағы операцияларымен банк жүйесінде өзінің өтімділігін жоғарлату үшін жағымды жағдайлар жасайды немесе керісінше, сонымен бірге айналыстағы ақша массасының көлемін реттейді. 

2. 2.  Ақша-несие саясатының  табыстау механизмі және оның салық- 
      бюджет, валюта саясаттарымен байланысы
 

     Монетарлық  саясат өте күрделі табыстау механизмінен тұрады. Жалпы саясаттың тиімділігі әр бөліктің сапалы жұмысына тәуелді. Ақша-несие саясатының 4 түрлі табыстау механизмін қарастыруға болады:

1) Орталық банк саясатының салдарынан нақты ақша ұсынысының мәнінің өзгеруі;

2) Ақша нарығындағы пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі;

3) Пайыз мөлшерлемесінің динамикасына байланысты жиынтық шығындардың (әсіресе инвестициялық шығындардың) реакциясы;

4) Жиынтық  сұраныстың   өзгеруіне   байланысты өнім көлемінің өзгерісі.

     Ақша  ұсынысының өзгерісі мен жиынтық  ұсыныс реакциясының арасында тағы екі  аралық баспалдақ жатыр, осы жағдайлар соңғы нәтижеге көп ықпал етеді.

     Нарықтық  пайыз мөлшерлемесінің өзгерісі экономикалық агенттердің қоржын активтерінің құрылымының өзгеруіне байланысты болады, ал бұл өзгерістер Орталық  банктің ақша саясатын кеңейтуінің салдары. Мұндай саясаттың салдары ретінде активтің басқа түрлерін сатып алу, несиесінің арзандауы, нәтижесінде пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі байқалады.

     Ақша  нарығының реакциясы Ld қисығының тікшелеу болуынан ақшаға сұраныстың сипатына, түріне тәуелді болады.

     Ақшаға  сұраныс пайыз мөлшерлемесінің  өзгеруіне байланысты сезімтал болса, онда ақша жиынының өсуіне, пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгеруі әсер етеді. Және керісінше, ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне әлсіз әсер етсе, онда ақша ұсынысының өсуі пайыз мөлшерлемесінің едәуір төмендеуіне алып келеді.

     Келесі  қадам, пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне байланысты жиынтық сұранысты түзету болады. Әдетте пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық шығындар әсер етеді деп есептеледі. Егерде ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің едәуір өзгерісі болды деп жорамалдасақ, онда пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық сұраныстың сезімталдығы байқалады. Басқа жағдайлар тұрақты болса, онда осы шарттан жиынтық табыстың мультипликаторлык мәнінің кеңейуі пайда болады.

     Табыстау  механизмі қадамдарының бұзылуына байланысты ақша саясатының төмендеуі немесе мүлдем нәтижесіз болуы мүмкін.

     Мысалы, ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің  болымсыз өзгерісі немесе пайыз мөлшерлемесіне жиынтық сұраныс реакциясының болмауы, онім көлемі мен ақша жиынының арасындағы байланысты үзеді. Мүңдай құбылыс нарықтық экономикаға көшіп жатқан мемлекеттерде байқалады. Ақша саясатын жүргізуде табыстау механизмінің сапалы жұмысынан басқа да қиындықтар кездеседі. Орталық банктің пайыз мөлшерлемесін өзгертуі экономикаға өр уақытта дүрыс әсер ете бермейді, сондықтан да Орталық банк пайыз мелшерлемесін бір тұрақты деңгейде ұстап тұру арқылы инвестицияны тұрақтандырады, демек мультипликатор арқылы өнім көлеміне әсер етеді. Егер экономикада өрлеу болса және жалпы Ұлттық өнім өссе, оңда ақшаға трансакциялық сұраныс өседі. Нақты ЖҮӨ ақшаға сұраныстың бір параметрі:

Информация о работе Ақша-несие саясатының негізгі құралдары