Қаржы ресурстарын басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2012 в 08:04, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

I Бөлім. Қазақстан Республиканың қаржы ресурстарының ұғымы, мәні ..........................................................................................................................5
1.1 Мемлекттеік қаржы ресурстарының құрылымы................................5
1.2 Мемлекеттік қаржы ресурстарын ұйымдастыру қағидалары........12

II Бөлім. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының қаржы ресурстарының ахуалдары .............................................................................16
2.1 Қазақстан Республикасының қаржы ресурстарының статистикалық көрсеткіштері ........................................................................16
2.2 Қазақстан Республикасының қаржылық ресурстарына талдау...22
2.3 Қазқстан Республикасының қаржы қатынастары................................25

III Бөлім. Қаржы ресурстарының даму жолдары ....................................28
3.1 Қаржы ресурстарының қазіргі кездегі экономикалық дамудағы ерекшеліктері ......................................................................................................28

Қорытынды .........................................................................................................34

Қолданылған әдебиеттер................................................................................. 36

Работа содержит 1 файл

kursovka.docx

— 507.94 Кб (Скачать)

Қаржы  механизмі    мемлекет  белгілеген  қаржы  шараларын   атаулы, нақтылы  нәтижелерге  - қоғамдық – экономикалық  өмірдің  барлық  деңгейлері  мен  сфераларындағы   қоғамдық  өнімнің, материалдық  емес  игіліктердің,  қызметтер  көрсету  мен   құндылықтардың  толып   жатқан  барлық  элементтері  құнының   құрамына  кіретін   қаржы  ресурстарының   ұдайы  өндірілуіне   айналдырып,  іске  асырады.  Ұдайы    өндірістің  әр алуандылығы   өз   кезегінде  қаржы  механизмі  құрамды  және  ажырағысыз  бөлігі  болып  табылатын  экономикалық  (шаруашылық)  механизмнің  нысандары  мен  әдістерінің  тиісті  әр  алуандығын   тудырады.

Жаңа   қаржы  стратегиясы  меншіктің   әр  түрлі  нысандарын,  нарықтық  қатынастардың  дамуын, тауар  рыногінің  толық  құқықты  жұмыс  істеуін, жұмыс  күшін, капиталдарды  ескере  отырып  жасалуы  тиіс. Қоғам  өмірінің  экономикалық  және  әлеуметтік   салаларына  қаржымен  ықпал  жасаудың  негізгі  әдістері  мыналар: салық  салу, қаржы  ресурстарын  шебер  пайдалану,  қаржы  рыногі  және  басқалары. Дүниежүзілік  тәжірибе  мұндай  шаралардың  икемділігі  мен  тиімділігін  дәлелдеп  отыр.[15]

Қаржы  ресурстарының   көлеміне   белгіленген  және  жұмсалған   шығындардың  тікелей  тәуелділігі   жай  ғана  қаржы   саналылығының 

айғағы   болып  табылады  және  шаруашылық   жүргізудің  барлық  деңгейлерінде   қолдап  отырылуы  тиіс. Бұл  маңызды   талапты  сақтамау   бюджет  тапшылығының,  мемлекеттік  борыштың  пайда  болып, көбеюіне,  инфляциялық  процестерге  ұрындырады.

Қаржы  саясатының  мақсаты – қоғам  дамуының   аса  маңызды  қажеттіліктерін   қанағаттандыру  қажет  қаржы  ресурстарын   толық  жұмылдыру. Осыған   байланысты   қаржы  саясаты  кәсіпкерлік  қызметті  жандандыра  түсуге  қолайлы  жағдайлар  жасауға  шақырады. Мемлекет  пайдасына  кәсіпорындардың  табысын  алудың  ұтымды  нысндарын, сондай- ақ  қаржы  ресурстарын  қалыптастыруға   халықтың  қатысу  үлесін  анықтауға  көп  көңіл  бөлінеді. Қоғамдық   өндіріс  салалары  арасында  қаржы  ресурстарын  бөлу  жолымен    оларды   пайдаланудың  тиімділігін  арттыруға, сондай – ақ  оларды  экономикалық  және   әлеуметтік  дамудың  басты  бағыттарына  шоғырландыруға  үлкен  маңыз  беріледі.

Шаруашылық  және  қаржы  механизмдерінде  қаржы – экономикалық  нормативтер  мен  лимиттер  пайдаланылады. Нормативтер  - шығындардың  немесе  ресурстарды  бөлудің  есептік  түрде  негізделген  мөлшерлері,  лимиттер  - ресурстарды  пайдаланудың  шекті  мөлшерлері  (көлемдері)  қаржылық  жоспарлауда  пайдаланылады.

Олардың  көмегімен  жалпымемлекеттік, ұжымдық  және  жеке  мүдделердің  бөлгіштік  қатынастарындағы  оңтайлы  ұштасуы, экономикалық  және  әлеуметтік  дамудың  перспективалық  және  ағымдағы  жоспарларының  тапсырмаларын  іске  асыру  үшін  мемекеттің, аймақтың  басқарудың  салалық  және ведомстволық  органдарының  шаруашылық  құрылымдардың  ресурстарға  деген  қажеттіліктер  қамтамасыз  етіледі. [8]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазақстан  Республикасының  әр   қаржы   ресурстарына  тоқтала  отырып, біз  қаржы  ресурстары  мемлекеттік  бюджеттен  алынатынын  түсінеміз.  Қаржы  ресурстары  жалпы   қоғамдық   өнімнің,  яғни  материалдық  шығындардан,  қажетті  өнімдерден   және  қосымша  өнімдерден  тұрады. Біз  қаржы  ресурстарында  өзіндік  құн,  яғни  шығындарды  ,  ұлттық  табысты,   аморизациялық  аударымдарды,  айналымдағы  қаражаттарды,  материалдық  шығындар  құрамындағы  төлемдерді, әлеуметтік  қорларға  аударылатын  аударымдарды,   яғни   әлеуметтік  салықты,  таза  табысты (пайданы) ,  жанама   салықтарды  қарастырамыз.  Және  де  халықтан  алынатын     салықтар, қарыздар  мен  лотереялар, ерікті  жарналар  мөлшерлемелерін  мемлекеттік  бюджеттен  біле  аламыз.  Мемлекеттік  бюджет  қаржы ресурстарымен  өзара  байланысты   қаржы  жүйесі  болып  келеді. Қаржы  ресурстарына    сондай-ақ,  роялти,  бонустар, табиғи  ресурстар  үшін  төлемдер, баждар, лицензиялар  үшін  төлемдер,  тіркеу  алымдары, табиғатты  қорғау  қорына  төленетін  төлемдер, сыртқы  экономикалық  қызметтен  түсетін  түсімдер,  мемлекеттік  мүлікті   сатудан  (жекешелендіруден)  түсетін   төлемдер  (қарыздар, трансферттер,  гранттар)  жатады. Қорытындылап  келгенде,   Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  бюджетке  түсетін    салықтарды,  айналымдарды  және  міндетті  төлемдерді,  табыстарды, шығындарды    нақтылы  көрсетеді.

Мемлекет қаржысының іс әрекеті  кезінде өзара тығыз байланысты екі үдеріс пайда болады: мемлекеттік  құрылымдардың қарамағына қаржылық ресурстарды жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне пайдалану. Бұл үдерістердің алғашқысы  өзінің көрінісін мемлекеттің кірістері ұғымында, екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады.

Мемлекеттік кірістер  деп экономикалық қатынастардың жүйесін айтады, бұл қатынастардың үдерісінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады. Мемлекеттің кірістер құрамына мемлекеттік бюджеттің кірістерінен басқа мемлекеттік кәсіпорындардың,ұйымдардың, бірлестіктердің таза табыстары, мемлекеттік мүліктен алынатын табыс, салық түсімдері және т.с.с. кірсе, ал мемлекеттік бюджет кірістеріне олардың жұмылдырылған бөлігі ғана кіреді.

Мемлекеттік шығыстар бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақшалай шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру  мақсатында ішкі жалпы өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді. Мемлекеттік шығындардың құрамына мемлекеттік бюджеттің, бюджеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес салалардағы мекемелердің шығындары кіреді.

Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі жалпы ішкі өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі – ұлттық табысқа, макро және микроэкономика кәсіпорындарының, фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптеген жігінің хал-ахуалына айтарлықтай  ықпал жасайды.

Қоғамда істің жайы қаржы ахуалымен анықталады, сондықтан тұрақтану мен дамудың  бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділігін арттыру жөніндегі  жалпыэкономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс. Бұл шаралардың қатарыннда – өндірістік қатынастарды жетілдіру, экономиканы әлеуметтік қайта бағдарлау, ұлттық шаруашылықтың  құрылымын жаңғырту, ғылыми-техникалық прогресті тездету.

Сыртқы  экономикалық қызметті жандандыру, ішкі өндіріс есебінен тұтыну рыногын  толықтыру проблемасын шешу шаралары тұр. Қаржы шараларының ішінде иннвестицияларды оңтайластыру, басқару аппаратын  ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейінде үнемдеу режімін қатаңдандыру қажет: экономиканың төменгі деңгеінде  – залалдылықты болдырмау, коммерциялық есепті дамыту, қаржы жүйесінің барлық буындарында қаржылық өзара қарым-қатынастарды индикативтік реттеу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған   әдебиеттер

 

1. Қазақстан   Республикасының  Конституциясы.- Алматы: Қазақстан, 

2000 жыл.- 96 бет.

2. Қазақстан   Республикасы  Президентінің   және  Қазақстан  Республикасы  актілер  жинағы.

3. Салық   және  бюджетке  төленетін   басқа  да   міндетті  төлемдер  туралы  (салық  кодексі). –  Алматы: ЮРИСТ, 2002 ж. -230 бет.

4. Бюджет  жүйесі  туралы. Қазақстан  Рсепубликасының   заңы. Астана: 2001ж.-  37бет.

5. Берлин   С.И. Теория  финансов. Учебное   пособие. – Москва: Приор, 

2000 ж. –  256  стр.

6. Дробозина   Л.А. Финансы. Учебник  для   вузов. – Москва: ЮНИТИ, 

2000 ж. –  527стр.

7. Дюсембаев   К.Ш.  Анализ  финансового  положения   предприятия. Учебное  пособие. – Алматы: Экономика, 2008 г. – 184 стр.

8. Заяц  Н.Е., Фисенко  М.К., Бондарь  Т.Е.  и  др. Теория   финансов. Учебное   пособие.- Мн.: Высш.шк., 1998  г.- 368 стр.

9. Құлпыбаев  С. Қаржы. – Алматы: Мерей, 2009 жыл- 156 бет.

10. Құлпыбаев   С., Баязитова  Ш., Баязитова А.  Қаржы  тоериясы. Оқу  құралы. – Алматы: Мерей, 2007 ж.- 176 бет.

11. мельников   В.Д.,  Ильясов  К.К. Финансы.  Учебник  для  вузов. – Алматы: 2008г.- 512 стр. 

12.Мельников   В.Д., Ли В.Д. Общий  курс  финансов. Учебник. – Алматы: Институт  развития  Казахстана,  2001г. – 285 стр.

13. Радостовец  В.К., Радостовец  В.В., Шмидт  О.И.  Бухгалтерский  учет  на  предприятиях. – Алматы: Центраудит – Казахстан, 2002г.- 728 стр.

14. Финансы.  Учебник  для вузов. Под   ред. М.В. Романовского. – Москва.: Перспектива: ЮРАЙТ, 2001г. – 520 стр.

15.Финансы,  деньги, кредит. Учебник. Под  ред.  О.В.Соколовой.- Москва.:ЮРИСТ, 2001г. –  784 стр.

Қосымша                                                                                     

 


Информация о работе Қаржы ресурстарын басқару