Қаржы ресурстарын басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2012 в 08:04, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

I Бөлім. Қазақстан Республиканың қаржы ресурстарының ұғымы, мәні ..........................................................................................................................5
1.1 Мемлекттеік қаржы ресурстарының құрылымы................................5
1.2 Мемлекеттік қаржы ресурстарын ұйымдастыру қағидалары........12

II Бөлім. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының қаржы ресурстарының ахуалдары .............................................................................16
2.1 Қазақстан Республикасының қаржы ресурстарының статистикалық көрсеткіштері ........................................................................16
2.2 Қазақстан Республикасының қаржылық ресурстарына талдау...22
2.3 Қазқстан Республикасының қаржы қатынастары................................25

III Бөлім. Қаржы ресурстарының даму жолдары ....................................28
3.1 Қаржы ресурстарының қазіргі кездегі экономикалық дамудағы ерекшеліктері ......................................................................................................28

Қорытынды .........................................................................................................34

Қолданылған әдебиеттер................................................................................. 36

Работа содержит 1 файл

kursovka.docx

— 507.94 Кб (Скачать)

 

Республикалық бюджет 1-ші ақпанға 2011 жылдың

                                                                                    Өлшем бірлігі: млн. теңге

Атауы

Кассалық атқарылуы

I. КІРІСТЕР

248 351,8

САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІ

212 789,5

Салықтық түсімдер

212 789,5

САЛЫҚТАН ТЫС ТҮСІМДЕР

28 504,3

Салықтық емес түсiмдер

28 504,3

НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫ САТУДАН ТҮСКЕН ТҮСІМДЕР

747,9

Негізгі капиталды сатудан түсетін  түсімдер

747,9

ТРАНСФЕРТТЕРДІҢ ТҮСІМДЕРІ

6 310,2

Трансферттердің түсімдері

6 310,2

II. ШЫҒЫНДАР

242 077,2

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

5 394,7

Қорғаныс

9 615,1

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

13 138,5

Бiлiм беру

3 793,9

Денсаулық сақтау

38 077,0

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк  қамсыздандыру

99 827,7

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

2 257,4

Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

231,0

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

779,0

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс  қызметі

270,2

Көлiк және коммуникация

4 354,7

Басқалар

860,1

Борышқа қызмет көрсету

5 415,6

Трансферттер

58 062,2

III. ТАЗА БЮДЖЕТТІК КРЕДИТ БЕРУ

2 459,9

БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕР

6 148,2

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

6 000,0

Басқалар

148,2

БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕРДІ ӨТЕУ

3 688,4

Бюджеттік кредиттерді өтеу

3 688,4

IV. ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРМЕН БОЛАТЫН  ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША САЛЬДО

-30,9

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРІН САТУДАН  ТҮСКЕН ТҮСІМДЕР

30,9

Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан  түсетін түсімдер

30,9

V. БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫ (ПРОФИЦИТІ)

3 845,7

VI. БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ (ПРОФИЦИТТІ ПАЙДАЛАНУ)

-3 845,7

ҚАРЫЗДАРДЫҢ ТҮСІМІ

19 072,0

Қарыздар түсімі

19 072,0

ҚАРЫЗДАРДЫ ӨТЕУ

12 969,7

Қарыздарды өтеу

12 969,7

БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАЛДЫҚТАРЫ

-9 948,1


 

2.2  Қазақстан  Республикасының   қаржылық  ресурстарына  талдау

 

Қаржы  ресурстарынын  құрамында  олардын  аса  маңызды  екі  бөлігін  бөліп  көрсетуге  болады:

  1. мемлекеттін  кірістері. Олар  республикалық  және  жергілікті   бюджеттерде  шоғырланады.  Мемлекеттін  кірістері  заннамалық  тәртіппен   бекітіледі  және  мемлекеттін  функцияларына  сәйкес  жұмсалынады. Мемлекеттін  кірістерін  жұмылдырудын  негізгі  әдістері  салықтар,  қарыздар  мен  лотереялар,  мемлекеттік  меншіктен  түсетін  түсімдер,  сыртқы  көздерден  түсетін  түсімдер.
  2. Бюджеттен  тыс  қаражаттар.  Олар  шаруашылық  жүргізуші  субъектілердін  қарамағында  болады. Олардың  пайда  болуы  мемлекеттің  мақсатты  шығыстарымен  байланысты. Бюджеттен  тыс  ресурстар  автономды  арнаулы  қорлар, арнаулы  қаржы  сметалары, қазынгашылық  шоттар  түрінде  болып  келеді.  Бұл  қорлардың  қаражаттары  экономиканы  мемлекеттік  реттеудін  мүмкіндіктерін  кенейтеді. Бюджеттен  тыс  қаражаттардың  оғаштығы  мемлекетке   қаржы  ресурстарының  жалпы  сомасын  жасыруға,  қаржылық  бақылауды  әлсіретуге,  нағыз  қаржылық  жағдайды  бұрмалауға  мүмкіндік  жасайды. Бюджеттен  тыс  қаражаттардың  жалпы  сомасын  анықтау  қиын, өйткені  ол  көптеген  қорлар  мен  сметалар  арасында  шашырап  кеткен.

Қаржы  ресурстарынын  көзі  жиынтық  қоғамдық  өнімнін  барлық  үш  элементі: «c», «v», «m»,  болып  табылады   (1.4  сызбаны  қараныз). Мысалы,  «C»   элементінен амортизациялық  аударымдар, табиғи ортамен минералдық  - шикізат базасын ұдайы өндірудін аударымдары,  кәсіпорындар  өнімнін өзіндік құнындағы материалдық шығындардын құрамына  кіретін төлемдер  және  басқалары   құрылады.  «V» элементі   халықтан  алынатын  мемлекеттік салықтар,  әлеуметтік  қажеттіліктердін  аударымдары,  заемдар   мен лотореялар  бойынша   түсімдер  сияқты   қаржы ресурстарынын көзі  болып табылады.  «M» элементі  пайданы (табысты),  жанама   салықтарды,  сыртқы  экономикалық  қызметтен түсетін табыстар  мен төлемдерді  (кеден баждарын,  кеден рәсімі  үшін  төленетін төлемді)  қамтиды. [макроэкономика  әдебиеті]

1.4  сызба.  Қаржы   ресурстары

Қаржы  ресурстарының  әр  ресурстарына  тоқтала  келсек, табиғи  ресурстар  дегеніміз  өндірісте  өндеусіз  табиғи  түрде  қолданылатын  барлық  заттар, мысалы:  құнарлы  жер, құрылысқа  арналған  бос  орындар, тоғайлар, минералдар  және  тағы  басқалары. Қаржы  ресурстары   бір-бірімен  тығыз  байланыста  болады,  қаржы  ресурсының  тағы  бір  бөлігі – ол  Ұлттық  табыс. Таза  ұлттық  өнімнен  жанама  салықтарды  алып  тастасақ, басқа  көрсеткіш  аламыз. Оның  атауы – ұлттық  табыс. Капиталдың  негізгі  тозу  құны  - бұл  өндіріске  кеткен  шығындар, сонда   жалпы  ұлттық  өнімнің  осы  құннан  айырмасы  экономикалық  қызметтің  таза  нәтижесін  сипаттайды. Осы  себептен,  көптеген  экономистердің  айтуынша, таза  ұлттық  өнім  көрсеткіші  жалпы  ұлттық  өнімге  қарағанда  экономика  жағдайын  жақсы  сипаттайды. Ұлттық  есеп  жүйесіндегі  келесі  көрсеткіш  фирмалардағы  жанама  салық  сомасына  жүргізіледі, мысалға, сату  салығы. Осындай  салықтар  таза  ұлттық өнімнің  10 %-ына  дейін  құрайды  және  тұтынушының  тауарға  бөлетін  бағасы  мен  фирманың  сату  бағасының   арасындағы  бір  бөлігі  болып  табылмайды. Ұлттық  табыс  барлық  экономика  агенттерінің  табыс  жиынтығын  көрсетеді. Ұлттық  есеп  жүйесінде   ұлттық  есеп  жүйесінде  ұлттық  табыс,  табыс  алу  тәсіліне  байланысты  бес  құрауышқа  бөлінеді. Осы  5  санат  (категория),  сонымен  бірге  әрқайсысының  ұлттық  табыстағы  үлесі  төменде  пайыз  түрінде  көрсетілген:

  1. Еңбекақы  (73 %). Жұмысшылардың  алатын  жалақысы  мен  сыйлығы.
  2. Жеке  меншік  табыстар ( 70 % ). Мәселен, кішігірім  дүкендер,  фермалар, т.б.
  3. Ренталық  табыс  (2 %). Жылжымайтын  мүлік  иелерінің  алатын  пайдасы, оған  қоса  өздері  өзіне  « төлемейді»  деп  есептелінген  жалдау  ақысы  жатады.
  4. Корпорация  пайдасы  (11 %). Жұмысшылар  мен  несие  берушілерге  төленген  төлемнен  қалған  корпорация  пайдасы.
  5. Таза  пайыз  (7 %). Белгілі  бір  елдің  кәсіпорын  төлемдерінің  пайызды  сома  мен  олар  арқылы  алынған  пайыздық   сома  елдердің  экономикалық  агенттерінен  түскен  пайыздық  соманы  қосқанға  тең. Осындай  түзетулердің  көмегімен  ұлттық  табыстан  жеке  табысқа  өтуге  болады, яғни  үй  шаруашылығы  мен  корпоративті  емес  кәсіпорындар  алатын  табыс. Осылардың  ішінде  3  ең  керекті  түзетулер  бар:

Біріншіден, өзінің  пайдалануына  қалдыратын  немесе  мемелекет  салығын  төлемеуге  бағыттайтын  корпорация  пайдасын  ұлттық  табыстан  алып  тастау  керек, бұл  үшін  ұлттық  табыс  көлемінен  корпорация  пайдасын  алып  тастайды  және  дивидендтер  сомасын  қосады.

Екіншіден,  ұлттық  табыс  көлеміне  трансферттік  төлемдердің  әлеуметтік  сақтандыу  үшін  мемлекетке  аударған  салымнан  алып  тастаған  сомасына  тең.

Үшіншіден, кәсіпорындардың  пайыздық  төлемдерінің  орнына  үй  шаруашылығының  пайыздық  түсімдерін  енгізу  керек, бұл  түзету  пайызы  түрінде  алынған  жеке  табыстың  қосылғанынан  және  таза  пайыз  көлемін  шегеріп  тастау  жолымен  жүзеге  асады.[7] 

Ресурстар  жұмыспен  толық  қамтылмаған  жағдайында да  тепе-теңдік  жағдай  қалыптаса  береді. Сондықтанда  пайда  болған  үзілісті  жою  үшін, экономиканы  мемлекет  тарапынан  реттеу 

құралдары  пайдаанылады. Олар  бюджетке  төленетін  салық  төлемі  мен мемлекеттік  шығындар  көлемінің  өзгеруі  арқылы  жүзеге  асырылады.

     Қаржы  ресурстарының  бір   бөлігі  кешенді  түрде  қоғамдық  өнімнің    бірнеше  элементтерінің  құрамында  қалыптасады. Мәселен,  шаруашылық         органдар  деңгейінде  өнім  (жұмыс,  қызметтер)  өндіруге  және  өткізуге  жұмсалынған  шығындарға  сай   келетін  «с»  және  «v»   элементтерінен  салықтар, алымдар   және  арнаулы   қорларға  төленетін   аударымдар, жер  қойнауын  пайдаланушылардың   төлемдері – роялти, бонустар, көлік   құралдарына  салынатын  салық,  мемлекеттік  баж,  ластаушы  заттардың  тасталындары  мен   қалдықтарды  орналастырғаны  үшін  төлемдер  және  басқалары   түріндегі  ресурстар  қалыптасады.  Ал  жекешеліндіруден  түсетін   түсімдер  сияқты  түрінің   көзі  ұлттық  байлық,  яғни  жинақталған  (қорланған)  ұлттық  табыс  ( v+m )  болып  есептеледі.

 

2.3 Қазқстан Республикасының қаржы қатынастары.

 

Қазақстан Республикасында макро- және микроэкономиканың  қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды.

Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:

  • мемлекеттің бюджет жүйесі;
  • арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
  • мемлекеттік несие;
  • жергілікті қаржы;
  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
  • халықтың қаржысы.

Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жапымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.

Жергілікті  қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік ролі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүтелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.

Жалпы, қаржылардың  бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке біріктіріледі:

мемлекеттік және муниципалдық қаржы;

шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржысы.

Мемлекеттің қаржысы қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекекттің негізгі қаржы жоспары ретінде мемлекеттік бюджетте, қоғамдық құжаттарды мақсатты қаржыландырудың қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік несиеде көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды.

Несие қатынастарының қаржы қатынастарынан айырмашылығы болғанымен мемлекеттік несие қаржы  жүйесіне қамтылады. Бірақ несиенің бұл түрі мемлекеттің бюджеттің  тапшылығын жабу мақсатына бағытталғандықтан, мемлекет қаржысының тұрақтылылығын қамтамасыз ететіндіктен, ол бойынша есеп айырысу  бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан  –  бұл буын қаржы жүйесіне де, сондай-ақ несие жүйесіне де жатады деп есептеуге болады.

Қаржы қатынастары  сфераларының әрқайсысының ішінде буындар  бөлінеді, оның үстіне қаржы қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша қорларының құрамы мен арналымына белгілі бір  әсер ететін субъектк қызметінің сипатына қарай жүргізіледі. Бұл белгі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы сферасында мынадай буындары бөлуге мүмкіндік береді: коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы.

Қаржы жүйесінің  әр буыны өз кезегінде буыншаларға(ондағы қаржының өзара байланысының ішкі құрылымына сәйкес) бөлінеді. Мәселен,  салалық бғыныштылығына қарай коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар (ұйымдар) қаржысының құармына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік, құрылыс және т.б. кәсіпорындарының қаржылары болып мүшеленеді. Мемлекет қаржысының құрамында буындар ішіндегі қаржы қатынастарын топтастыру, мемлекеттік басқарудың деңгейіне (республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге асырылады. Сақтық қатынастары сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың түрлеріне (жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру) бөлінеді.

Мемлекеттердің  көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың  қағидаты – фискалдық (қазыналық) федерализм қағидаты.

Қаржы жүйесінің  функциялық құрылысы мынадай негізгі  қағидаттарды қанағаттандыруды тиіс:

  біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша қатынастарының аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын «қаржыға» ғана тән қасиет;

екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір  нақты сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.

Қаржы жүйесін  құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:

Қаржы жүйесін  ұйымдастыруға централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілергі кең құқық пен дербестік берілген.

Бұл қағидат  жергілікті қаржы ограндарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы  қаржы органдарына екі жақты  бағынышты жүйесін алдын ала  айқындайды.

Салалық қаржыларды басқарудағы дамократиялық  негіз шаруашылық жүргізуші органдарға капипалды (негізгі және айналым  капиталдарын) бекітіп беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақша қорларын жасауға және оларды пайдалануға  құқық беріде көрінеді. Жоғары тұрған органдар өзінің құзыры шегінде салалық  қорлар мен резервтерге орналастырылатын қаражаттардың бір бөлігін қайта  бөлу туралы шешім қабылдайды, оларды мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды.

Кәсіпкерлік секторда қаржы дербестігі неғұрлым толық көрінеді: оның қатысушылары мемлекеттің қаржы жүйесі алдындағы  міндеттемелерді орындағаннан кейін  қаржы ресурстарын еркін иемденеді.

Ұлттық  және аймақтық мүдделерді сақтау. Аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сиялқы бұл қағидаттың талаптары қаржы қатынастарында ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесін құрыдағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымының ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аймақтық құрылымына сай келуі. Әрбір облыста, ауданда және қалада қыржы органдардың тиісті аппараты бар. Төменгі құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы мүмкін, онда олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады. Федеративтік құрылысы бар көпұлтты мемлекеттерде бұл қағидаттың маңызы аса артып отыр.

Информация о работе Қаржы ресурстарын басқару