Қаржы ресурстарын басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2012 в 08:04, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

I Бөлім. Қазақстан Республиканың қаржы ресурстарының ұғымы, мәні ..........................................................................................................................5
1.1 Мемлекттеік қаржы ресурстарының құрылымы................................5
1.2 Мемлекеттік қаржы ресурстарын ұйымдастыру қағидалары........12

II Бөлім. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының қаржы ресурстарының ахуалдары .............................................................................16
2.1 Қазақстан Республикасының қаржы ресурстарының статистикалық көрсеткіштері ........................................................................16
2.2 Қазақстан Республикасының қаржылық ресурстарына талдау...22
2.3 Қазқстан Республикасының қаржы қатынастары................................25

III Бөлім. Қаржы ресурстарының даму жолдары ....................................28
3.1 Қаржы ресурстарының қазіргі кездегі экономикалық дамудағы ерекшеліктері ......................................................................................................28

Қорытынды .........................................................................................................34

Қолданылған әдебиеттер................................................................................. 36

Работа содержит 1 файл

kursovka.docx

— 507.94 Кб (Скачать)

Нарықтық  қатынастарға көшу барысында қаржы  жүйесінің ролі мен маңызы шұғыл  артады. Қаржы-несие нарықтық мехенизмдердің неғұлрым тиімді жұмыс істейтін секторларының  біріне айналыу тиіс.

Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі жалпы ішкі өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі – ұлттық табысқа, макро және микроэкономика кәсіпорындарының, фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптеген жігінің хал-ахуалына айтарлықтай  ықпал жасайды.

Қоғамда істің жайы қаржы ахуалымен анықталады, сондықтан тұрақтану мен дамудың  бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділігін арттыру жөніндегі  жалпыэкономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс.

 

 

 

 

 

III Бөлім.  Қаржы  ресурстарының   даму  жолдары.

3.1  Қаржы  ресурстарының  қазіргі   кездегі  экономикалық  дамудағы  ерекшеліктері.

 

Сондай  –ақ  мемлекеттік  кредит  жолымен  тартылған  қаражаттар  да мемлекеттің  қаржы  ресурстарының   көзі  болып  табылады. Қазақстан  Республикасының  қаржы  ресуртарының  құрамында  ең   үлкен  үлес  салмақты  табыс  (пайда)  алатынын  айта  кеткен  жөн.

Қаржы  ресурстарын  өсірудің  маңызды  факторы  қоғамдық  еңбек  өнімділігін  арттыру  болып  табылады, бұл  ұдайы  өндіріс  процесінде  ұлттық  табыстың  артуын  білдіреді, сондай-ақ  экономикалық  қызметтің  қаржылық  нәтижесінің  өсуіне  жеткізеді. Еңбек  өнімділігімен  қоғамдық  өндіріс  тиімділігінің  басқа  көрсеткіші  - қор  қайтарымы  (капитал  қайтарымы)  тығыз  байланысты. Қор  қайтарымын  арттыру  қаржы  ресурстарын  қалыптастыруға,  атап  айтқанда, олардың  негізгі  көзі  -  таза  табыстан  өсіміне  сөзсіз  әсер  етеді, ол  өнім  өндіру  ауқымы  өсімінің, сондай- ақ  ағымдағы  шығындарды  (ең  алдымен  жалақы  мен  амортизациялық  аударымдарды)  үнемдеудің  нәтижесінде  артады. Және, керісінше,қор  қайтарымының  төмендеуі  қаржы  ресурстарын  азайтады. [5]

Екінші  фактор – бұл  материалдық  шығындардың  орнын  толтыру  қоры  мен  өндірілген  ұлттық  табысқа  жалпы  қоғамдық  өнімнің  бөліну  үйлесімдері. Жиынтық  қоғамдық  өнімдегі  материалдық  шығындардың  үлесін – материал  сиымдылығын  төмендету  өндірілген  ұлттық  табысты 

-  қаржы   ресурстарының  негізгі  көзін  - арттыруға  мүмкіндік  беретін   фактор  болып  табылады.

Қаржы  ресурстарына  өсуіне  сонымен  қатар  жалпы  алғанда  қоғамдық  өндірістің,  сондай – ақ  өнеркәсіп  өндірісінің   материалдық- заттық  құрылымы  да  әсер  етеді.

Қаржы  ресурстары  орталықтандырылған  және  орталықтандырылмаған  тәртіппен  қалыптасады. Орталықтандырылған  тәртіппен  мемлекеттік  бюджеттен,  зейнетақы   қорының, бюджеттен  тыс  қорлардың  ресурстары  жасалады. Орталықтандырылмаған  әдіспен  материалдық  өндіріс  сферасы  шаруашылық  жүргізуші   субъектілерінің  тұтыну  қорлары,  амортизациялық  аударымдардың  қорлары, қаржы  резервтері  мен  валюта  қорлары,  шаруашылық  органдардың  басқа  қорлары  қалыптасады. Әрі  таза  табыстың   бір  бөлігі   есебінен  жасалатын  орталықтандырылмаған   қаржы  ресурстары   жиынтық  қоғамдық  өнімнің  екінші  элементінің  - жұмыс  күшінің  (v)  ұлғаймалы  ұдайы  өндірісінің  көзі  болып  табылады. Орталықтандырылмаған  қаржы  ресурстары  есебінен  жасалатын  ақша  қорлары  қызметкерлерді  әлеуметтік   қамсыздандыруға,  қосымша  материалды  жағынан  ынталандыруға,  жаңа  күрделі  жұмсалымға, айналыс  қаражаттарын  көбейтуге, ғылыми-техникалық   процесті  қаржыландыруға, табиғатты  қорғау  шараларын  жүргізуге  және  тағы  басқаларына   бағытталады.[8]

Бұл   шығындарды    орталықтандырылмаған  қаржы  ресурстарын  пайдалану  есебінен  жүзеге  асыру  микродеңгейдегі   ұлғаймалы  ұдайы  өндіріс  процесін  ақша  қаражаттарымен   қамтамасыз  етуге  мүмкіндік   береді. Ұдайы  өндірістік  процесті  жүзеге  асырудың  мұндай  тәртібі  объективті   және  меншік  нысандарына   тәуелсіз  болып  табылады.

Таза  табытың  басқа  бөлігі  қаржының  мәніне  сәйкес  макроэкономикалық   деңгейді  қамтып  көрсететін   жалпы  мемлекеттік  қажеттіліктерді  қаржымен   қамтамасыз  етудің  негізі  болып  есептелетін  орталықтандырылған   қаржы  ресурстарын  қалыптастырудың  негізгі  көзі  болып  табылады.

Егер   орталықтандырылмаған   қаржы  ресурстары  тікелей шаруашылық   жүргізуші  суъектілердің    ұлғаймалы  ұдайы   өндірісін  қамтамасыз  етудің   басты  нысаны  болса,  орталықтандырылан   қаржы  ресурстары, атап  айтқанда  таза  табысты  салық  және  салыққа  жатпайтын  төлемдер  мен  аударымдар  арқылы  қайта  бөлудің  нәтижесі  болып  табылады. Тап  таза  табыстың, оның  көрінісінің  негізгі  нысанындағы  пайданың  өсуі  қаржы  ресурстары  өсуіні  жоғарғы  немесе  төменгі   қарқынын  қамтамасыз  етеді.

Перспективада  ақша  қорланымдары  (табыс, қосылған  құнға  салынатын  салық, акциздер), сыртқы   экономикалық   қызметтен  түсетін  түсімдер  қаржы  ресурстарының  негізгі  көздері  болып   қалады.[5]

Жекешелендіруден,  мемлекет  меншігін  сатудан  түсетін  түсімдер  сияқты  уақытша  көздер  болып  табылатын  қаржы  ресурстары  олардың  таусылуына  қарай  азаятын  болады. Көздері  жер  қойнауын  пайдаланушылардың  салықтары  мен  арнаулы  төлемдері – роялти,  бонустар  болып  келетін  қаржы  ресурстары  артады.

Еңбекке  ақы  төлеудің,  тұтыну  қорларының  одан  әрі  қаржы  ресурстарының  құрамына  тартылатын  халық  қаржыларының  мөлшерінің  өсуіне  жеткізеді.

Материалдық   өндірісті  және  өндірістік  емес  сфераны  қаржыландыру  бөлімі  бекітілген  бюджетке  сәйкес   тиісті  бағыныштағы  кәсіпорындарды, ұйымдарды  және   мекемелерді  бюджеттен  қаржыландыруды  жүзеге  асырады  және  олардың  өндірістік  және  қаржы  болжамдарының,  жоспарларының  және  көрсеткіштерінің  орындалуына  қарай  бюджет  қаражаттарын  үнемді    және  мақсатқа  сай  жұмсалуына   алдын  ала,  ағымдағы  және  кейінгі  (келесі)  бақылау  жүргізеді.

Қаржы  ресурстарының   тағы  бір  ресурсы  ретінде - әлеуметтік  салық. Әлеуметтік  салық  - мемлекетте  алынатын  салықтардың  бірі. Ол  1999 жылдан  бері  бұған  дейін  қолданылып  келген  әлеуметтік  қорларға: зейнетақы, мемлекеттік  әлеуметтік  сақтандыру, міндетті  медициналық  сақтандыру, халықты  жұмыспен  қамту  қорларына  аударылатын  сақтық  жарналары  аударымдарының  орнына  енгізілген.Аударымдардың  жиынтық  мөлшерлемесі  еңбекке  ақы  төлеу  қорының  28 %  мөлшерінде  белгіленді, ал  төленетін  жарналардың  сомасы  өндіріс  шығындарына  жатқызылды.

Әлеуметтік  салықтан  түсетін  түсімдер  мемлекеттік  бюджетте  17 % алады.[3]

Айналым  қаражаттарына  келетін  болсақ,  айналым  қаражаттарының  өсімі  кәсіпорындардың  меншікті  немесе  оған  теңестірілген   қаражаттары  есебінен  қаржыландырылады.  Олар  жетіспеген  кезде  негізінде  жаңа  кәсіпорындар  үшін  бюджет  қаражаттары  бөлінеді  немесе  кейін  өтелетін  кредит  беріледі. Бұдан    басқа,  меншікті айналым  қаражаттарының   жетімсіздігін  жабуға  мақсатты  қаржыландырудың  қаражаттары  бағытталады.

Дамыған   нарықтық  экономикасы  бар  елде  биліктің  жергілікті  органдарының  бюджеттері  мемлекеттің  бүкіл  қаржы  ресурстарының  30  пайыздан  60 пайызға  дейінін  қайта  бөледі  (Англия, АҚШ, Жапония, Германия  және  т.т.)  және  аймақтың  өндіргіш  күштерін,  бүкіл  әлеуметтік  сферасын  дамытуда, нарықтық  инфрақұрылым   құрып, кеңейтуде  маңызды  рөл  атқарады:  олар  арқылы  өндірістік  сфераны  қаржыландыруға  жұмсалатын  шығындардың   үлкен  бөлігі  өтеді  (жергілікті  өнеркәсіпті,  ауыл  шаруашылығын,  су  шаруашылығын, көлікті  және  басқаларын  қаржыландыруға  жұмсалады.

Жергілікті  бюджеттер  билік  пен  басқаудың  жергілікті  органдарының   сан  қырлы  қызметінің  негізгі  қаржы  базасы  бола  отырып, олардың  экономикалық  дербестігін   нығайтады,  шаруашылық   қызметін  жандандырады,  ведомствоға  қарасты  аумақтарда   оларға  инфрақұрылымды  дамытуға,  аумақтың   экономикалық  әлеуетін  кеңейуге,  қаржы  ресурстарының  резервтерін  ашып,  пайдалануға  мүмкіндік  жасайды.

Қазіргі  кезде  жергілікті  бюджеттерге  түсетін  салықтар, алымдар  және  міндетті  төлемдер  мыналрды  қатиды: 

Астана  қаласының  аумағында  салық  төлеушілер  ретінде  тіркелген  тұлғалар  өндірген   тауарларға,  көрсеткен  қызметтерге  салынатын  қосылған  құн салығы;

Спирттік  ішімдіктерге,  ойын  бизнесіне  салынатын  акциздер;

Жеке  табыс  салығы;

әлеуметтік  салық;

жер  салығы;

көлік   құралдарына  салынатын  салық;

жасалған  келісімшарттарға  орай  жергілікті  бюджетке  түсетін  бөлігінде  өнім  бөлу  бойынша   Қазақстан  Республикасының  үлесі;

алымдар, төлемдер, баждар  (бағалы  қағаздар  эмиссиясын  тіркегені  үшін  алымды  қоспағанда).

Жергілікті  бюджеттерге  түсетін  салыққа  жатпайтын түсімдер  мынларды  қамтиды:

  • Коммуналдық  мемлекеттік  кәсіпорындар  табысының   ( пайдасының )  үлесі;
  • Коммуналдық  меншік  болып  табылатын  акциялардың  пакеттерінен  алынатын   дивидендтердің  түсімі;
  • Жергілікті  өкілді   органдардың   шешімдері  бойынша   өткізілетін  мемлекеттік   лотереялардан   алынатын  кірістердің  түсімі;
  • Жергілікті  бюджеттен  кредиттер  бергені  үшін  алынған  сыйақылар  (мүдделер);
  • Жергілікті органдарға  қатысты  мүлікті  студан  түсетін  түсімдер;
  • Жергілікті  бюджеттен  қаржыланатын  мемлекеттік  мекемелер  көрсететін  қызметтерді   өткізуден  түсетін    түсімдер;
  • Коммуналдық  меншік  мүлігін  жалға  беруден  түсетін  түсім;
  • Жер  учаскелерін  жалға  беруден  түсетін  түсім;
  • Қоршаған  ортаны  ластағаны  үшін  50 %  мөлшерінде  төленетін  төлемдер;
  • Басқа  әкімшілік  алымдар;
  • Жергілікті  атқарушы  органдарға  бағынышты  мемлекеттік   мекемелер  өндіріп  алатын  әкімшілік   айыппұлдар  мен  санкциялар;
  • Қазақстан  Республикасының  заңдарымен  қарастырылған  өзге  де  түсімдер;
  • Мемлекеттік  баж  және  басқалары.

Дамудың  қазіргі  кезеңінде  Қазақстан  Республикасының   жергілікті   бюджеттері  кірістерінің  негізін  аумақтағы  шаруашылық  жүргізуші  суъектілер  мен  халықтың  салықтық  түсімдері  (2001-ші  жылдағы  көрсеткіші  - 82,4 %)  құрап  отыр.

Түсімдердің  екінші  көзі  республикалық  бюджеттен  берілетін  трансферттер  болып  табылады. Әйтседе, орта   есеппен, олар  түсімдердің  14 %  құрғанымен, бірқатар  субвенциялық  облыстардың  бюджеттерінде  әлеуметтік- экономикалық  қажеттіліктерді  қаржыландырудың  қолайлы  деңгейіне  жету  үшін  меншікті  салықтық  және  басқа  түсімдердің   жетіспейтіндігінен  бұл  түсім  көзі  50 % -ға  дейін  барады. Бұл  мұндай  облыстардың  салық   базасының  нашарлығымен  байланысты. Бұл  жағдайда  республикалық  бюджет  арқылы  бюджеттік  алынымдар  мен  субвенциялр  тетігінің  көмегімен  түсімдерді  қайта  бөлу  проблемасы  көкейтесті  болып  табылады, яғни   бұл  тетік  объективті  негізделген  жетілдіруді  қажет  етеді. [4]

Жергілікті  бюджеттердің  шығыстарында  әлеуметтік  инфрақұрылымдарды- білім  беруді, денсаулық  сақтауды, халықты  әлеуметтік  қорғауды  қаржыландыру  (45,4 %), экономикалық  салалардан  - көлік  және  бйланысқа  жұмсалған  шығыстар  басым болып  отыр.Ресми  трансферттерге – жоғарғы  тұрған  бюджетке 

( бұл   жерде республикалық  бюджетке)  беру  үшін  жергілікті  бюджеттерден  қаражаттарды  алуға  жұмсалынған   шығыстардың  үлес  салмағы   айтарлықтай  жоғары.

Кез  келген  субъектінің  қаржы  ресурстарына  қажеттілігі  және  оны  қанағаттандырудың  нақты  көздерімен  тура  келмеуі  қаржы  рыногінің  жұмыс  істеуінің   объективті  алғышарты  болып  табылады.

Қаржы  рыногінің   жұмыс  істеуінің  негізгі  алғышарттарына  мыналар  жатады:

1) бәсекені  дамыту  мен  монополизмді  шектеу  мақсатындағы  материалдық   өндіріс   сферасының   бастапқы   шаруашылық  буындарының   - меншіктің  

барлық  нысандары  кәсіпорындарының, соның   ішінде   мемлекеттік   сектордың   да  кең  дербестігі;

2) қаржы   ресурстарын  қайта  бөлудегі  мемлекет  рөлінің  қысқаруы: өндірістік  күрделі  жұмсалымдарды  орталықтан  қаржыландырудың, 

қаражаттарды   кәсіпорындар  арасында  ішківедомстволық  қайта  бөлудің  азаюы;

3) шаруашылық  жүргізуші  субъектілер  мен   халықтың  бағалы  қағаздарға  және  басқа активтерге  инвестицияланатын   ақшалай  табыстарының   өсуі;

4) бюджет  тапшылықтарын  қаржыландыру  үшін  несие  қорын  пайдалнуды  тоқтату; республикалық,  сондай-ақ  жергілікті  бюджеттердің  тапшылықтары    мемлекетік  қарыздарды   шығару  арқылы  жабылуы  тиіс.

Қаржы  тактикасы қаржы  байланыстарын  ұйымдстыруды  дер  кезінде  өзгертіп  отыру, қаржы  ресурстарын  қайта  топтастыру  арқылы  қоғамды  дамытудың  нақтылы   кезеңінің    мәселелерін  шешуге  бағытталған.[4]

Информация о работе Қаржы ресурстарын басқару