Қаржы ресурстарын басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2012 в 08:04, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

I Бөлім. Қазақстан Республиканың қаржы ресурстарының ұғымы, мәні ..........................................................................................................................5
1.1 Мемлекттеік қаржы ресурстарының құрылымы................................5
1.2 Мемлекеттік қаржы ресурстарын ұйымдастыру қағидалары........12

II Бөлім. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының қаржы ресурстарының ахуалдары .............................................................................16
2.1 Қазақстан Республикасының қаржы ресурстарының статистикалық көрсеткіштері ........................................................................16
2.2 Қазақстан Республикасының қаржылық ресурстарына талдау...22
2.3 Қазқстан Республикасының қаржы қатынастары................................25

III Бөлім. Қаржы ресурстарының даму жолдары ....................................28
3.1 Қаржы ресурстарының қазіргі кездегі экономикалық дамудағы ерекшеліктері ......................................................................................................28

Қорытынды .........................................................................................................34

Қолданылған әдебиеттер................................................................................. 36

Работа содержит 1 файл

kursovka.docx

— 507.94 Кб (Скачать)

Бюджеттік қарым-қатынас мемлекеттік  қаржы құрамында маңызды рөл  атқарады. Бюджеттік өзара байланыс арқылы ақша қаражаттары қайта бөлінеді, яғни шаруашылық мекемелерден мемлекеттік  пайдасына және керісінше.

Мемлекеттік басқару деңгейі бойынша экономикалық және әлеуметтік салада мемлекеттік  қаржылар республикалық және жергілікті болып бөлінеді.

Республикалық бюджеттің рөлі.  Оның қорлары жалпы мемлекеттік іс-шараларды жүзеге асыруға арналған. Республикалық бюджеттің көмегі арқылы экономиканың тұрақтылығы, бюджет теңгерімділігі мәселелері шешіледі.

Жергілікті  бюджет.  Бұл экономикалық процесті реттеу үшін өндірістік күштерді орнатуы, территориялық инфрақұрылымның дамуы үшін қолданылады. Әлеуметтік шығындарды қаржыландыру барысында үлкен рөлді жергілікті бюджет атқарады.

Бюджеттен тыс қорлар.  Бұл жеке мақсатты іс-шараларды аударымдармен және басқа да дерек көздермен қаржыландыру.

Мемлекеттік несие.  Мұнда қарым-қатынастар мекеменің уақытша бос ақша-қаражаттарын мобилизациялаумен байланысты, оларды мемлекеттік мекемеден берілуі мемлекеттің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін керек.

Мемлекеттік қаржылар меншіктің жіктелу тұрғысынан қарағанда мемлекеттік заңды тұлғаның меншігі және мемлекеттік қазына болып табылады.

Мемлекеттік заңды тұлғаның бөлігі заңды түрде  жеке дара болып табылады және мемлекеттік  қаржылардың негізін құрайды.

Осыдан  барып мемлекеттік қаржылардың  рөлі бөлінеді, яғни мемлекеттік қаржылар – әр анықталған тіршілік ету кезеңінде үкіметтің экономикалық функциялардың орындалуын және қоғамның дамуының мақсаты мен міндеттерін жүзеге асырудың негізі болып табылады.

Мемлекеттік қаржылардың негізгі 2 функциясы бар:

1)    үйлестірім;

2)    бақылау.

Қайта өндіру концепцияларын жақтаушылар  қаржылардың 3 функциясын атап өтеді:

1)        ақша қорлары мен кірістердің пайда болуы;

2)        ақша қорлары мен кірістердің пайдалануы;

3)        бақылау функциясы.

Қоғамдық тауарларды өндіруден және оларды қамтамасыз етудегі қаржының рөлі. Тауарларды, игіліктерді, қызметтер көрсетуді өндіретін, қамтамасыз ететін салаларды қаржыландыруға мемлекеттің тікелей қатысуының басқа да нұсқаулары болуы мүмкін. Олар әлеуметтік және қоғамдық деп аталады.   

 Қоғамдық тауарлар рыноктік  тауарлардан айырмашылығы: олар бөлінбейді және шығарып тастау қағидатының іс- әрекетіне ұшырамайды.

Бөлінгіштік жеке сатып алушының тауарға қол жетушілігін, оның өзіне қежетті  сатып алу мүмкіндігін қажет етеді. Оның өзі сатып алушының егемендігін анықтайды.

Шығарып тастау қағидаты тұтынушыны егер ол тауардйң нарықтық бағасын толей алиаса немесе төлегісі келмесе осы тауардан болатын пацдадан аластауды білдіреді.

Қоғамдық тауарлар бөлінбейді, өйткені  олар жеке сатып алушыларға  бөлшектіп сатылмайды. Бұл жерде шығарып қағидаты тастау  жұмыс істемейді. Рыноктік тауарлардан алынған пайда оларды сатып алу кезінде,  ал қоғамдық тауарлардан алынған пайда өндіру кезінде  жүзеге асады.

Бірқатар қыметтер  көрсету шығарып тастау қағидатының ықпалына түсіп кетеді. Мысалы медициналық қызметтер,білім деңгейін көтеру, бұл қағидат бойынша  қызметтерді көрсету мемлекет белгіленген кепілдіктіминиумнан жорағы қамтасыз етіледі. Мұнада мұражайлардың, кітапханалардың, қоғамдық телидидар  мен радиохабарын тарату қызметтері, жол желісі және т. б.

Мемлекет қаржысының іс әрекеті  кезінде өзара тығыз байланысты екі үдеріс пайда болады: мемлекеттік  құрылымдардың қарамағына қаржылық ресурстарды жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне пайдалану. Бұл үдерістердің алғашқысы  өзінің көрінісін мемлекеттің кірістері ұғымында, екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады.

Мемлекеттік кірістер  деп экономикалық қатынастардың жүйесін айтады, бұл қатынастардың үдерісінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады. Мемлекеттің кірістер құрамына мемлекеттік бюджеттің кірістерінен басқа мемлекеттік кәсіпорындардың,ұйымдардың, бірлестіктердің таза табыстары, мемлекеттік мүліктен алынатын табыс, салық түсімдері және т.с.с. кірсе, ал мемлекеттік бюджет кірістеріне олардың жұмылдырылған бөлігі ғана кіреді.

Мемлекеттік шығыстар бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақшалай шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру  мақсатында ішкі жалпы өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді. Мемлекеттік шығындардың құрамына мемлекеттік бюджеттің, бюджеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес салалардағы мекемелердің шығындары кіреді.

Мемлекеттік қаржы ұғымында жеке дара звенолардың  әрқайсысы спецификалық орын алады.

Мемлекеттік қаржылар құрамына кіретіндер:

  1. мемлекеттік бюджет;
  2. бюджеттік емес қорлар;
  3. мемлекеттік несие;
  4. мемлекеттік қоғамның қаржылары.

Мемлекеттік басқару деңгейі бойынша экономикалық және әлеуметтік салада мемлекеттік қаржылар республикалық және жергілікті болып бөлінеді.

Мемлекеттік қаржылар үшін мемлекеттік шығыстардың  өсуінің жалпы мемлекеттік өнімнің  өсуінен жоғары болуы сипатты  болып келеді және де бұл Вагнер заңы деп аталады.

Вагнер заңы 3 факторлармен байланысты:

  1. экономиканың өсуіне байланысты экономикалық өмірдің қиындауы және еңбек бөлінуінің тереңдеуі тиімді экономиканы қолдауды қажет етеді;
  2. техника және технологиялық дамулар үлкен мөлшерде капитал қажеттіліктерін қажет етеді. Оларды акционерлік қоғам мен мемлекеттік корпорациялар қамтамасыз етеді. Мемлекет техникалық шаралар арқылы монополиялық өнірістер пайда болатын жерде олардың қызметін реттеуші ретінде қатысуы керек;
  3. мемлекет білім беру және денсаулық саласында белсенділік танытады. Өйткені бұл салалардан түсетін пайда экономикалық бағалауда төзімді болып келеді.

Бюджеттік қарым-қатынас мемлекеттік қаржы құрамында маңызды рөл атқарады. Бюджеттік өзара байланыс арқылы ақша қаражаттары қайта бөлінеді, яғни шаруашылық мекемелерден мемлекеттік пайдасына және керісінше.

Республикалық бюджеттің рөлі

Оның қорлары жалпы мемлекеттік іс-шараларды жүзеге асыруға арналған. Республикалық бюджеттің көмегі арқылы экономиканың тұрақтылығы, бюджет теңгерімділігі мәселелері шешіледі.

Жергілікті бюджет

Бұл экономикалық процесті реттеу үшін өндірістік күштерді орнатуы, территориялық инфрақұрылымның дамуы үшін қолданылады. Әлеуметтік шығындарды қаржыландыру барысында үлкен рөлді жергілікті бюджет атқарады.

Бюджеттік емес қорлар

Бұл жеке мақсатты іс-шараларды аударымдармен және басқа да дерек көздермен қаржыландыру.

Мемлекеттік несие

Мұнда қарым-қатынастар мекеменің уақытша бос ақша-қаражаттарын мобилизациялаумен байланысты, оларды мемлекеттік мекемеден берілуі мемлекеттің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін керек.

Мемлекеттік қаржылар меншіктің жіктелу тұрғысынан қарағанда мемлекеттік заңды тұлғаның меншігі және мемлекеттік қазына болып табылады.

Мемлекеттік заңды тұлғаның бөлігі заңды түрде жеке дара болып табылады және мемлекеттік қаржылардың негізін құрайды.

Мемлекеттік қазына 2-ге бөлінеді:

  1. республикалық;
  2. жергілікті.

      Республикалық қазына жүйесі:

  1. республикалық бюджет қаражаттары;
  2. алтын валюта қорлары;
  3. тек қана мемлекеттік меншігіндегі мүліктер (жер, флора мен фауна, табиғи ресурстар);
  4. республикалық меншікке жататын жеке дара емес мүлік.

Жергілікті қазына жүйесі:

  1. жергілікті бюджет қаражаттары;
  2. коммуналдық меншікке жататын жеке дара емес мүлік.

Осыдан  барып мемлекеттік қаржылардың  рөлі бөлінеді, яғни мемлекеттік қаржылар – әр анықталған тіршілік ету кезеңінде үкіметтің экономикалық функциялардың орындалуын және қоғамның дамуының мақсаты мен міндеттерін жүзеге асырудың негізі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2  Мемлекеттік қаржы  ресурстарын  ұйымдастыру қағидалары.

 

Қоғамдық  өндіріс  процесінде  қаржы  ресурстары  неғұрлым  көп  жасалса,  соғұрлым  ол  тиімдірек  болады. Сонымен  бірге  бүкіл  ұдайы  өндірістін  тиімділігін  арттыру  проблемасын   шешу  және  экономикалық  өсудін  қарқынын   тездету  ұлттық  шаруашылықта  қаржы  ресурстарын  тиімді  пайдалануға  байланысты.

Қаржы  ресурстарының  қаржы  қорларынан  айырмашылығы  бар. Қаржы  қорлары (қорланым, босалқы  қор) – қаржылық  әдіспен  қалыптастырылған, белгілі  бір  қажеттіліктерді  қанағаттандыруға  пайдаланылатын  мақсатты  ақша  қаражаттары. Біріншіден, қаржы  ресурстары  деп  ақша  қаражаттарының  көздерін,  шаруашылық  органның  немесе  шаруашылық  жүргізуші  субъектінің  мұндай  қаражаттарды  жасау  мүмкіндіктерін   түсінеді. Екіншіден,  қаржы  ресурстары  - қорлардағы, яғни  ақша  қаражаттарының  мақсатты  босалқы  қорларындағы  «байланылған» қаражаттар, сондай-ақ  әлі  мақсатты  белгілі  бір  бағыттылығы  жоқ  қорлар 

бойынша  қалыптаспаған  ақша  қаражаттары. Мысалы, ақша  қаражаттарының  бір  бөлігінің  алғашқыда  қор  сипаты  болмайды – бұлар  шаруашылық  органдардың  олардың  шаруашылық   әріптестері  тарапынан  келісім  шарттарды, өзара  шарттарды  және  шаруашылық  жүргізудің  басқа  шарттарын  бұзғаны  үшін  алатын  айыппұлдары,  өсімдері, тұрақсыздық  төлемдері. Мұндай  қаражаттардың  түсуін  күні  бұрын  есепке  алу  мүмкін  емес. [12]

  1. Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған елдің елдің ортақтандырылған бюджет  қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын ақа қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджеке орталық және жергілікті бюджеттер кіреді.
  2. Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қамтылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың ерекше нысаны.

Оның негізгі қалыптасу көздері:

А) арнайы мақсатты салықтар, займдар;

Ә) бюджет субсидиялары;

Б) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;

В) ерікті түрдегі жарналар.

Бюджеттен тыс қорлар маңызды әлеуметтік шараларды уақтылы қаржыландыру және түскен қаржыларды мақсатты түрде  толық көлемде пайдалануға кепілдік береді; қаржы қиындықтары болған жағдайда мемлекттік биліктің  қаржы  резерві ролін атқарады.

  1. Мемлекеттік несие – мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы ақшалай қатынастар, оның ішінде мемлекеттік билік органдары қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін пайдалану.

 Қаржы  жүйесіне сақтандыруды да жатқызуға  болады, біраұқ көптеген ғалымдар  оны қаржымен байланысты дербес  категория деп тұжырымдайды.

Сақтандыру – сақтандыру оқиғаларына орай отбасы табыстарындағы шығындарды немесе шаруашылық жүргізуші субъектілерге тигізілуі мүмкін залалды мақсатты сақтандыру қорының ақшалай салымдары есебінен жабуды оның қатысушылары арасында жабық қайта бөлу қатынастарының жиынтығы.

Сақтандыру  өзінің әлеуметтік сақтандыру (барлық әдістер), жеке сақтандыру, мүлікті  сақтандыру, жауапкршілікті сақтандыру және т.б. тәрізді негізгі звенолары  бар ерекше сала.

 

 

 

Шаруашылық жүргізуді субъектілердің қаржысы.

 

 

Материалдық өндіріс саласында

Материалдық емес өндіріс саласында

1) алғашқы табыстардың құрылуымен, материалдық өндірістің шаруашылық  бөлімшерінде ішкі шаруашылық  мақсаттағы жарғылық қорды қолдау  қорларын құрумен және пайдалануымен  байланысты. Олардың бірі өндірістік  қажеттілікті, екіншісі тұтынушылар  қажеттігін қанағаттандыруға пайдаланады;

1) саланың немесе мекеменің бюджетпен  арақатынасы. Осының негізінде  бюджет қаржылары есебінен денсаулық  сақтау, мәдениет, ағарту және т.б.  салалық қаржылар қалыптасады;

2) айырбас жүргізбейтін, қайта бөлу  сипатына ие шаруашылық жүргізуші  субъектілер арасында пайда болады; мұнда қаржы ресурстарының ағымы  қордан тыс түрде жүргізіледі  (айыппүлтөлеу және алу, жарна  төлеу, қаражаттарды басқа кәсіпорындардың  акция, облигацияларына салу, т.б.);

2) басқарудың салалық ұйымдары, ведомствоішілік және ұйымішілік  арасында. Олар шаруашылық жүргізуші  субъектілер иелігіндегі салалық  мақсатты ақша қаражаттарын (еңбекақы  төлеу, күрделі жөндеу және  т.б.) пайдаланумен сипатталады. Мекеме, ұйым ішінде қаржы қатынастары  еңбекақы және экономикалық ынталандыру  қорларын құрумен байланысты  туындайды; арнайы мақсатты ақша  қаражаттарын қайта бөлумен байланысты;

3) шаруашылық жүргізуші субъектілер  мен сақтандыру ұйымдарының арасында  сақтандыру қорларын құру және  пайдалануға байланысты туындайтын  қаржы;

3) әр түрлі саладағы шаруашылық  жүргізуші субъектілер арасында, оның ішінде әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы және т.б. бюджеттен  тыс қорларды құру және бөлумен  байланысты ақша қатынастары;

4) шаруашылық жүргізуші субъект  және банк арасындағы ссуда алуға, оларды өтеуге пайыз төлеуге, банктерге уақытша бос ақша қаражаттарын беруге байланысты пайда болатын қаржылар;

4) шаруашылық жүргізуші субъектілердің  тұтынушылармен және демеушілермен арасында ақша қатынастары. Оның негізінде өндірістік емес саладағы мекемелер мен ұйымдардың қаржы көздері құрылады.

5) орталықтандырылған қорларды  құру және пайдалануға байланысты  шаруашылық жүргізуші субъектілердің  мемлекетпен қатынасы;

 

6) шаруашылық жұргізуші субъект  және басқарудың жоғарғы құрылымы  арасындағы қаржылар (қаржы ресурстарын  сала ішінде қайта бөлу шегінде  «вертикалды өзара байланыс»).

 

Информация о работе Қаржы ресурстарын басқару