Акционерлік қоғам қаржысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 18:48, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасында қоғамның екі үлгісі – ашық және жабық үлгілері құрылды. Қоғам өзінің үлгісін акционерлердің жалпы жаиналысының шешімі бойынша осы Заңның талаптарын сақтай отырып өзгерте алады. Егер жабық қоғам акционерлерінің саны жүзден асса, ол қоғамның үлгісін ашық етіп өзгерту туралы шешім қабылдау үшін келесі үш айдың ішінде акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге міндетті. Егер қоғам акционерлерінің саны жүзден аспаса, акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша ашық қоғам жабық қоғам болып қайта құрылуға хақылы.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3
1 Акционерлік қоғамның коммерциялық шаруашылығы............................5
1.1 Акционерлік қоғамның мәні, қызметтері....................................5
1.2 Акционерлік қоғамның түрлері...................................................8
2 Акционерлік қоғам қаржысы.....................................................................12
2.1 Акционерлік қоғам қаржысының экономикалық мәні............12
2.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы.......................16
2.3 Акционерлік қоғамдардың акциялары......................................23
2.4 Акционерлік қоғамның облигациялары....................................29
Қорытынды.....................................................................................................34
Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................................................36

Работа содержит 1 файл

Акц.қоғам.doc

— 183.50 Кб (Скачать)

    Табысты облигацияларға байланысты төлемдер сол  қаржылық жылдағы қоғамның пайдасына  тәуелді.

    Ұлғаймалы облигациялар оны ұстаушыларына  жоғары пайызбен өтелу мерзімін созуға құқық береді.

    Қысыңқы облигациялар ұстаушыларына белгіленген  шығару шартына байланысты облигацияны  тапсыруға құқық береді.

    Сериалды  облигациялар негізгі қарызды жыл  сайын төлеумен қатар, төленетін  пайызды жылдан жылға жоғарылауды  қамтамасыз етеді.

    Айырбасталатын  облигациялар – инвесторларды акционерлік  қоғамға бекіту мақсатында шығарылатын  және жай немесе артықшылығы бар  акцияларға айналдыруға құқық беретін  облигацияны шығаруды білдіреді. Ережеге  сәйкес, облигацияны ұстаушы оны  акцияға шығарудың белгіленген шартындағы мерзімді алдын ала тұрақты бағамен айырбастауға тиіс. Айырбастау жағдайында кейде ұстаушы аз ғана сыйақы алады.

    Ордерлі облигациялар (жыртылатын талонмен) –  жаңа облигацияларды немесе акцияларды тұрақты бағада сатып алуға құқық  береді. Сондай – ақ облигациялар акциямен байланысты сатылуы мүмкін, мұнда саудының танымал қағидасы “жүктеме” қолданылады.

    Пайыз тұрақты болып табылмайтын, яғни белгілі бір ірі банктердің пайыз  мөлшеріне байланысты, бірақ алдын  ала белгіленген минумумнан төмендемейтін облигацияларды сатып алуға болады.

    Тұрақты табысты өнеркәсіптік облигациялардың  акциялардан айырмашылығы, олар номиналдық бағасымен төменгі бағамда сатылуы  мүмкін, мысалыға 100 теңгенің орнына 97 теңгеге. Облигация бағасының мұндай мөлшерде төмендеуін дизажио деп атайды. Оған қоса, облигацияның өтелуі кейде келісім бойынша номиналдық құнынан жоғары бағамда сатылуын, яғни 100 теңгенің орнына 104 теңгеге сатылуын айтуға болады. Мұндай үстеме ақыны ажио деп атайды. Ажио облигацияның өтелу мерзімі сәйкес келегнде, пайыздық төлемдермен қатар, қосымша табыс түрінде беріледі.

    Тұрақты табысты бағалы қағаздардың бағамы әр түрлі болады. Сондықтан да олар қор биржасында мүдделендіру құралы болып табылады. Мұндай бағалы қағаздардың  бағамының өзгеру себебі, әр уақыт кезеңіндегі ұлттық өндірісте жаңа облигациялардың шығуына, тұрақты табысы ұлғайған мөлшерде басқа да бағалы қағаздардың шығуына байланысты, соның нәтижесінде бұрын шығарылған бағалы қағаздардың бағамдары өзгереді. Төменгі пайыз мөлшеріндегі облигациялардан, олардың иелері тезірек құтылуға ұмытылып, олардың орнына тұрақты пайыз әкелетін бағалы қағаздар сатып алады. Мұндай бағалы қағаздардың бағамындағы өзгерістердің себебі осында. Тұрақты пайыздық облигациялар немесе басқа да бағалы қағаздары бар әрбір иеленуші мынадай міндеттерді шешеді: ескі үлгідегі облигацияны біршама төменгі бағада сатып алу барысында немесе ескі үлгідегі облигацияны сатып алудан, сондай – ақ жаңа үлгідегі біршама жоғары тұрақты табысы бар облигацияларды сатып алғаннан, ол не зиян шегеді немесе ұтады. [10] 

                 
 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

Қорытынды 

    Сонымен өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңи тұлға акционерлік қоғам деп танылатын болды. Осы қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді. Қоғамның барлық мүлкінің ақшалай баламасы қорлар түрінде тіркеледі, сондықтанда бұл үдеріс қорлану деп, ал оның ақшалай баламасын тең үлестерге немесе акцияларға бөлу акционерлендіру деп аталады. Осы операциялар арқылы жылжымайтын және бөлінбейтін мүлік икемді және бөлінгіш мүлікке айналады, бұл оған жаңа қасиет береді: мүлік иесізденген нысанда өткізілуі және қатысушылардың кез келген санына сатылуы мүмкін. Кәсіпорын-құрыдтайшылардан басқа, тікелей бұл өндіріске қатысты және қатысы жоқ заңи тұлғалар акцияларының иеленушілері бола алады. Акциялардың барлық саны бірден құрылтайшылар мен шақырылған акционерлер арасында бірден бөлінуі заңнамамен қарастырылған.

    Қазақстан Республикасында қоғамның екі үлгісі – ашық және жабық үлгілері құрылды. Қоғам өзінің үлгісін акционерлердің жалпы жаиналысының шешімі бойынша осы Заңның талаптарын сақтай отырып өзгерте алады. Егер жабық қоғам акционерлерінің саны жүзден асса, ол қоғамның үлгісін ашық етіп өзгерту туралы шешім қабылдау үшін келесі үш айдың ішінде акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге міндетті. Егер қоғам акционерлерінің саны жүзден аспаса, акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша ашық қоғам жабық қоғам болып қайта құрылуға хақылы. Қоғамның фирмалық атауы болады, онда қоғамның атауы, сондай-ақ қоғамның үлгісіне қарай, «ашық акционерлік қоғам» немесе «жабық акционерлік қоғам» деген сөздер немесе тиісінше «ААҚ» және «ЖАҚ» аббревиатурасы болуға тиіс. Қоғам осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс. 

    Акционерлік қоғамдардың қаржылық қатынастарының ерекшеліктері акцияны өндірістік және коммерциялық қажеттіліктерді қаржыландыру құралы ретінде акцияны пайдаланатындығында. Дамыған нарықтық жүйе акция есебінен қаржылық ресурстарды ұлғайтуды білдіреді.

    Қазақстанда меншік формаларының дамуы кәсіпорындардың  мынадай жаңа түрлерінің туындауына ықпал етті: жеке, кооперативтік, акционерлік, аралас, шетелдердің кәсіпорындарымен бірлескен кәсіпорындар және фирмалар, шаруашылық серіктестері. Әр түрлі меншік формаларындағы кәсіпорындар жаңа заңдық негізде дами келе, қаржы категориясына тікелей қатысты болады, себебі, олар ақша қорларын құрып, табыс табады.

    «Шаруашылық серіктестіктер туралы» Заңда шаруашылық серіктестікке мынадай анықтама беріледі: шаруашылық серіктестік дегеніміз  негізгі мақсаты пайда тауып, ары қарай ұдайы өндіріс процесінде оны қайта бөлу және пайдалану болып табылатын, жарғылық қоры құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарналарына (үлестеріне) бөлінетін заңды тұлға болып саналатын коммерциялық ұйым. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қолданылған әдебиеттер тізімі 

    1. Ильясов Қ.Қ., С.Құлпыбаев «Қаржы», Алматы 2005жыл.

    2. Мәдешов Б. «Нарықтық экономикаға  кіріспе» Алматы 1995жыл.

    3. Әубәкіров Я.Ө., «Экономикалық теория  негіздері»- Алматы, 1998жыл.

    4. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Сағындықов, Жүнісов Б.А., Комягин Б., «Жалпы  экономикалық теория» - Ақтөбе, 2004жыл.

    5. Қ.Н. Кеулімжанов, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов, А.Ә. Жантаева  «Қаржылық есеп», Алматы: «Экономика», 2001жыл.

    6. И.А. Рустенова «Финансы», Уральск 2004год.

    7. Қазақстан Республикасының Конституциясы.  –Алматы 2000 жыл.

    8. Әміржанов Р.Ә., Тұрғұлова А.Қ.  «Қаржы менеджменті» Оқу  құралы.- Алматы: 1995жыл.

    9. Бабич А.М., Павлов Л.Н. Финансы.  Учебник – М.2001

    10. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Алматы-2003жыл.

    11. ҚР Заңы. Акционерлік қоғамдар  туралы. – Алматы: Юрист, 2007жыл.

    12. ҚР Заңы. Акционерлік қоғамдар  туралы. –Алматы: Жеті жарғы 1998жыл.

    13.Үмбеталиева  А.Д. АҚ Кәсіпорын және кәсікерлік, Керімбек Ғ.Ғ., - Қазақстан әйелдері, -2007жыл N5.

    14. Балабанов И.Т., Балабанов А.И., Финансы.  Учебное пособие. Петербург. 2000год.

    15.  Құлпыбаев С. және басқалары.  Қаржы теориясы. Оқу құралы. Алматы: Мерей 2001жыл.

Информация о работе Акционерлік қоғам қаржысы