Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 18:48, курсовая работа
Қазақстан Республикасында қоғамның екі үлгісі – ашық және жабық үлгілері құрылды. Қоғам өзінің үлгісін акционерлердің жалпы жаиналысының шешімі бойынша осы Заңның талаптарын сақтай отырып өзгерте алады. Егер жабық қоғам акционерлерінің саны жүзден асса, ол қоғамның үлгісін ашық етіп өзгерту туралы шешім қабылдау үшін келесі үш айдың ішінде акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге міндетті. Егер қоғам акционерлерінің саны жүзден аспаса, акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша ашық қоғам жабық қоғам болып қайта құрылуға хақылы.
Кіріспе...............................................................................................................3
1 Акционерлік қоғамның коммерциялық шаруашылығы............................5
1.1 Акционерлік қоғамның мәні, қызметтері....................................5
1.2 Акционерлік қоғамның түрлері...................................................8
2 Акционерлік қоғам қаржысы.....................................................................12
2.1 Акционерлік қоғам қаржысының экономикалық мәні............12
2.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы.......................16
2.3 Акционерлік қоғамдардың акциялары......................................23
2.4 Акционерлік қоғамның облигациялары....................................29
Қорытынды.....................................................................................................34
Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................................................36
Егер акционерлік қоғам тиімді жұмыс істеп отырса, онда акционерлік капиталды ұлғайту үшін мүмкіндік жасалады. Бірақ акция иелері акционерлер санын ұлғайтуға ұмтылмайды, себебі әр акционердің жаңадан шығарылатын акцияларды сатып алуға құқықтары бар. Кез келген акционер өзінде бар “ескі” акциялар шамасына тең мөлшерде жаңа акциялар сатып ала алады.
Бағалы қағаздар нарығында, бірінші кезекте қор биржасында бір кәсіпорынның акциялары бір уақыт ішінде компанияның нақты қорларында ешқандайда өзгеріссіз қалуына қарамай – ақ әр түрлі бағаға ие болуы мүмкін. АҚ пайдасы келесідей түрде бөлінеді: оның бір бөлігі акционерлер арасында бөлінеді, екіншісі – акционерлік компанияның резервіне бағытталып және оның капиталын ұлғайту үшін немесе өндіріс құлдырауға не дағдарысқа ұшыраған кезде дивидент төлеуге қызмет етеді.
Әдетте-ақ, резервтер немесе “заемдық резервтер” деп аталатын қорды құру саясатын жүргізеді. Сөйтіп, жинақталған қор таусылғанда ғана акционерлік компания дивиденттерді қысқартады. Бұл акционерлік қоғамның жақын арадағы құлдырауы туралы белгісін білдіреді. Акцияны иеленушілер болса, аз дивидент әкелетін акциялардан құтылуға тырысады. Сөйтіп, барлығының сол қоғамның акцияларынан құтылуға тырысуы, акция бағамының төмендеуіне жол береді. Егер акционерлік қоғам қызметін толық тоқтатса, акция иелері акционерлік қоғамға қосқан қаражаттарын толығымен жоғалтып, акция ешкімге қажетсіз жай қағазға айналады.
Акционерлік қоғамның бірқалыпты жұмыс жасауы барысында акцияның иелері өздерінің акцияларына тиісті диведенттерді алады. Мысалға 50 теңгелік акцияның табысы 6 теңгені құрасын делік. 1 акцияға келетін 6 теңге дивидент бұл акционерлердің акциясы бойынша акциоенрлік қоғамның қалыптасуы негізінде сатылады. Бұл жағдайда табыстың нақты деңгейі (рендит) мына формула бойынша есептеледі:
Рендит = 100.
Егер де 50 теңгелік номиналдық құны бар акция 250 теңге бағамы бойыеша сатып алынса және ол бойынша 10 теңге дивидент төленетін болса, онда жылдық табыс көрсеткіші болады.
Бірақ бұл көрсетілген акция табысын салым иесі үшін тартымды деп айту қиын. Ол үшін акция бағасының өсуін тосу бұл маңызды себебі, ондай акцияны сату, ол акция бойынша біршама табысты (пайданы) қамтамасыз етуі мүмкін. Демек, екінші бірсәт – бұл акция бағаманың өсуін тосу, салымшыға ең күшті ықпал етеді.
Қор
биржасындағы және банктердегі акцияның
сатылу және сатып алу бағасы акцияның
бағамы деп аталады. Ол негізінен
екі факторға: дивидент мөлшеріне
және қарыздық пайыз деңгейіне байланысты.
Акция бойынша төленетін
Акцияны сатып ала отырып, қаражат
иесі одан алатын дивидент
бойынша табысты, өз
Демек, акция бағамының формуласын төмендегідей формула көмегімен анықтайды:
Акция бағамы = 100
Бұл шамалар мәнінде акция бағамы сұраныс пен ұсыныс арасындағы шекті қатынасты өзгерістерге байланысты бірқалыпты ауытқып отырады. Мұндай ауытқулар әсіресе өндіріс құлдырауы мен дағдарыс кезінде қатты байқклуы мүмкін. Дағдарыс кезінде, дивиденттердің мөлшерінің азайған кезінде қарыздық пайыз мөлшері өзінің жоғары шегіне жетіп акция бағамы күрт төмендейді. Осындай ауытқулар механизмін биржалық мәлімелер процесінде өндіріс активтерін иеленушілер кеңінен қолданады.
Акция бағамы әр түрлі бағыттардан туындайтын көптеген факторлардың әсер етуінен құралады. Бір жағынан, ол қарыздық пайыз шамасына тәуелді, себебі акционерлік қоғамның акциясын сатып алуға жұмсалған қаражаттың несиеге берілетін ақшалай қаражатпен өзара ұқсастығы бар. Сондықтан да пайыз нысанындағы сыйақы экономикалық негізделген болып саналады. Екінші жағынан, дивидент шамасына, сол акционерлік қоғамда түзілетін пайда сомасына тікелей тәуелді. Аталған акция бағамының шамасына әр түрлі бағытта әсер етеді.
Акция бағасына ықпал етуші факторлардың ішінде, акцияны ұстаушылардың арасында бөлінетін пайда шамасын және сол акционерлік қоғамға жататын кәсіпорындардың әр түрлі қорларын құруға бағытталған қаражат ретінде, акционерлік қоғамда қалатын пайданы бөліп қарауға болады.
Акция бағамының деңгейіне, сондай – ақ бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс сияқты қуатты факторлар да ықпал етеді. Мұнда дүрбелеңді сұраныс пен сұраныс пен ұсынысқа басқа түрлі ықпалдардың болуы мүмкін. Бұл жақтардың әрқайсысының артында тиісті “қаржылай” ой – пікірлерді қамтыған қоғам мүшелерінің көптеген тиімді және пайдалы іс әрекеттері тұрады.
Қазіргі тәжірибеде акцияның бастапқы құнын анықтау барысы дивидент деңгейіне ғана емес, бір акцияға есептелетін барлық таза пайда, оған бөлінген пайданы қосқандағы шамасына да сүйенеді. Акцияның нарықтық құны мұндай жағдайда мынандай формуламен анықталады: акция бағамы тең бір акцияға есептелетін таза пайда шамасы, көбейтілген бағам / бөлінген акцияға келетін таза пайданың орташа қатынасына.
Акционерлік
қоғам акционерлерге түрлі
Мәлімдеуші акциялар біршама қарапайым және сауда операцияларына өте қолайлы. Мұндай жағдайда компания оларды иеленушілердің аттарын білмейді. Бұл кезде ондай акцияны сату және сатып алу фирманың акционерлері, оның ішінде акционерлік қоғам құрылтайшылары үшін көзге көрінбейтін зардаптар мен әр түрлі қолайсыздықтарға әкелуі мүмкін.
Сондай
ақ, акциялар жай және артықшылығы
бар акцияларға бөлінеді. Жай акциялар
оны иеленушілерге
Өз
кезегінде артықшылығы бар
Артықшылығы бар акциялар үшін компаниялар оларды сатып алуда тұрақты баға қояды. Бұл жағдайда, олардың бұрынғы иелері биржадағы бағам бойынша акцияларды сату арқылы пайданы бөлуге қатынаса алмайды. Артықшылығы бар акциялар ішінде, яғни тұрақты табысты, басқа да шектеулі мөлшерде қосымша табыс әкелетін түрі де бар. Мысалға 10% деңгейінен асқан жай акциялардың дивидентінің әр пункты үшін артықшылығы бар акция бойынша 0,5%-дан дивидентің ең жоғары деңгейі 20%-ға дейінгі мөлшерде қосымша төленеді. Артықшылығы бар акцияны иеленушілердің келесі бір артықшылығы, ол акционерлік қоғам жойылу барысында, оның мүлкін бөлісуде артықшылық құқықтарды иелену мүмкіндігімен сипатталады.
Жай
акцияны өтеуден бұрын
2.4 Акционерлік қоғамдардың облигациялары
Шаруашылық жүйенің дамуы мен қоғамның және шаруашылық міндеттерінің біртіндеп қиындай түсуі, ұзақ мерзімді несиеге деген қажеттіліктің маңызын арттыра отырып, әр алуан шаруашылық ұйымдарда шығындарды қаржыландыру үшін және зайымдарды сату жолымен жүзеге асырылуы акциялар шығаруға қарағанда біршама тиімді.
Облигация өзінің заңды және қаржылық сипаты жағынан алғанда ұзақ мерзімді несие құралы ретінде қызмет етеді.
Оны шығару және сатудағы дербестігі, сондай – ақ қор биржасы арқылы кеңірек айналысы, облигацияны ұзақ мерзімді несиеге деген қажеттелікті қанағаттандыру және капитал жинақтаудың тартымды құралдарының біріне айналадырады. Облигацияны сатып алу барысында ақша жұмсайтын инвесторға сақтанудың керегі де шамалы, себебі, оған қаражат керек болған жағдайда; ол облигацияны пайдаланады. Мұндай жағдайда, оның облигацияны сату немесе кепілге беру мүмкіндігі болады. Сөйтіп, облигацияны сатып алуға кеткен капиталды қайтарып алады. Екінші жағынан, инвестордың қаражатқа деген мұқтаждығы болмаса, яғни оның ісі ойдағыдай болса, онда ол өзінде бар облигация бойынша ұзақ уақыт бойы пайыз түрінде белгілі бір мөлшерде немесе тұрақты табыс алып отыруға кепілдік береді. әрине, осы айтылғандар, инфляцияны қатаң бақылауға алған тұста ғана мүмкін болады.
Облигация мынадай басты элементтерден тұрады: облигация деген жазу; облигацияны шығарушы фирманың аты және орналысқан жері; фирма немесе сатып алушының аты немесе мәлімдеушілігі туралы жазу; номиналдық құны; пайыз мөлшері, егер де ол қарастырылса; қайтару және пайыз төлеу уақыты; шығарылған жері және күні; сол сияқты облигацияның сериясы мен нөмірі; эмитенттің өкілетті тұлғаларының қол қою үлгісі мен құқтары.
Мақсатты
облигациялардың міндетті түрдегі
реквизиті – бұл олардың
Негізгі бөлігінен басқа облигацияға пайыз төлеуде қолданатын купон қосылады.
Пайыз төлеуге арналған купон мынадай негізгі элементтерді қамтиды: пайыз төлейтің купонның реттік нөмірі; эмитенттің аты; пайыз төленетін жыл және облигация эмитентінің өкілетті тұлғаларының қол қою үлгілері.
Облигацияларды қамтамасыз ету әдістеріне немесе эмитенттері мен ұстаушыларына байланысты жіктеуге болады.
Қамтамасыз ету ету әдістеріне қарай облигацияларды қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген деп екіге бөледі.
Қамтамасыз етілген облигациялар заңды құжаттармен қамтамасыз етіледі. Ол құжаттар есеп айырысқанға дейін несие берушінің қолында болады.
Қамтамсыз етілеген облигацияларды шығаруда және оны ұстаушылардың мүдделерін қорғаушы делдалдарға үлкен роль беріледі.
Қамтамасыз етілмеген облигациялар – қоғам мүлкімен қамтамасыз етілмеген жай ғана қайтару туралы уәдені білдіреді.
Облигацияны эмитенттері мен ұстаушыларына берілген құқтарына байланысты облигацияны көптеген категорияларға бөледі.
Қайтарып алынатын облигациялар – эмитенттеріне номиналдық құнынан алатын бағада ертерек төлеуге құқық береді. Арнайы өтелу мерзіміне дейін аз уақыт қалса, соғұрлым “қайтару бағасы” төмен болып келеді. Соған сәйкес, мұндай облигациялар бойынша төленетін пайыз мөлшері тұрақты болмайды.
Жинақталған қор облигациялары – бұл пайдадан алынатын қаражаттарға сәйкес шығарылатын облигацияларды білдіреді. Мұндай бағалы қағаздарды сатып алу тең партиялармен сатылып жүргізілуімен қатар, олардың жоғары сапалылығын қамтамасыз етеді. Жинақталған қор бойынша жылдық төлемдерді аннуитет деп атайды. Аннуитет құрамына номиналдық құнның бір бөлігі және жылдық пайыз кіреді.