Акционерлік қоғам қаржысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 18:48, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасында қоғамның екі үлгісі – ашық және жабық үлгілері құрылды. Қоғам өзінің үлгісін акционерлердің жалпы жаиналысының шешімі бойынша осы Заңның талаптарын сақтай отырып өзгерте алады. Егер жабық қоғам акционерлерінің саны жүзден асса, ол қоғамның үлгісін ашық етіп өзгерту туралы шешім қабылдау үшін келесі үш айдың ішінде акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге міндетті. Егер қоғам акционерлерінің саны жүзден аспаса, акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша ашық қоғам жабық қоғам болып қайта құрылуға хақылы.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3
1 Акционерлік қоғамның коммерциялық шаруашылығы............................5
1.1 Акционерлік қоғамның мәні, қызметтері....................................5
1.2 Акционерлік қоғамның түрлері...................................................8
2 Акционерлік қоғам қаржысы.....................................................................12
2.1 Акционерлік қоғам қаржысының экономикалық мәні............12
2.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы.......................16
2.3 Акционерлік қоғамдардың акциялары......................................23
2.4 Акционерлік қоғамның облигациялары....................................29
Қорытынды.....................................................................................................34
Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................................................36

Работа содержит 1 файл

Акц.қоғам.doc

— 183.50 Кб (Скачать)

    Экономиканың  кооперативтік секторы біртұас  халық шаруашылығы кешенінің  звеноларының бірі болып табылады. Кооперация жүйесінде екі типтегі  коперативтер қызмет етеді: өндірістік және тұтыну. Өндірістік кооперативтер  кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелер мен азаматтарға ақылы қызмет көрсетеді, тауар, өнім өндіреді, ал тұтыну кооперациясы сауда және көтерме сауда қызметінде өз мүшелері мен басқа азаматтардың қажеттілігін қанағаттандырады. Қазақстан үшін ауылдық тұтыну коперациясының маңызы зор.

    Нарықтық  экономика жағдайында меншік иелерінің  көп болуы (мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік, кооперативтік т.б.), олдардың арасындағы бәсеке ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін және қоғамдық өндірістегі өзгерістерді тез қабылдай алатын, икемді динамикалық экономика құруға мүмкіндік береді. Меншік формаларының, шаруашылық субъектілерінің көп болуының өзі өндіріске, бөлу процестеріне қатысатын, қаржылық қатынастарға түсетін халықтың әр түрлі қатарының мүдделерін көрсете алады.

    Мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру жолымен басқа формаларға ауыстыру оның формаларының көбеюін қамтамасыз етеді. Солардың негізінде материалдық өндіріс және қызмет сферасында нақты шаруашылықтарды қалыптастырудың овъективті алғышарттарын құрайды, кәсіпкелік пен бәсекелестікті ынталандырады, жұмысшылардың еңбек нәтижесін артыруына жағдай жасайды.

    Мемлекет  иелігінен алу – бұл мемлекет меншгін басқа формаға ауыстыру. Егер мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорынды азаматтар жеке меншікке сатып алса немесе акционерлік қоғамдарға айналдырса, ол жекешелендіру болып табылады.

    Мемлекеттік меншікті жекешелендіру және қайта  құру бағдарламасына мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін сатудың екі түрі қарастырылған: аукциондық және тендерлік негізде  сауда сату; алушыға тікелей сату.

    Кәсіпорындар  мен ұйымдар қаржысы қаржының негізгі және материалдық өндіріспен байланысқан біртұтас қаржылық жүйенің  бөлігі болып саналады.

    Кәсіпорын қаржысы бөлу (онда қайта құрылған құн қайта бөлінеді) қатынастары  негізіндегі экономикалық өсім көзі болып табылады.

    Кәсіпорын қаржысының мәні – бұл оның ішкі мазмұны, онда құн, яғни өндірістік және бөлу қатынастарының өзара байланысында қайта құрылған құн жаңа ақша қорына айналады. Қаржының көріну формалары  қаржыға қатысушылардың өзара қатынасына қарай өзгереді, бірақ мәні солай қалады, дегенмен, арнайы әдебиеттерде оған қатысты әртүрлі пікірлер айтылады.

    Кәсіпорын қаржысы төмендегідей қызмет атқарады: 1) ұдай өндіру - өндірісті жаңарту  үшін құн жасалады; 2) бөлу – мемлекет алдында басқа қатысушылар қаржылық міндеттемелерін атқара отырып, әр түрлі ақша қорларын құрады; 3) бақылау – ақша қорларының қалыптасуы, оны бөлу және бақылауға толық есеп және бақылау жүріледі.

    Кәсіпорын қаржысын ұйымдастырудың негізгі қағыдалары төмендегідей:

  • коммерциялық есеп қағидасы кәсіпорын тұрақты қолдануға, оның қызметіне қажет, оның жарғылық қорын құратын негізгі және айналымдық қаражаттар (капитал) бөлетінін білдіреді және бұл қағида табыс (пайда) табуды мақсат тұтқан кәсіпкелік формасында жүзеге асырылады;
  • өзін-өзі өтеу және қаржыландыру коммерциялық есептің негізгі белгісі болып табылады, ол залалсыз қызметті және нормативтік пайда алуды білдіреді;
  • жоспарлылық қағидасы кәсіпорынның қаржылық қызметі алдын-ала өндіріс мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген әдістеріне, жету сатылары мен мерзімдеріне сай оның параметрлерін алдын-ала есептеу жолымен қарастырылатынын білдіреді;
  • кәсіпорындар мен ұйымдардың барлық меншік формаларының теңдік қағидасы, қатынастардың тұрақтылығына және меншік формаларының (мемлекеттік, жеке меншік, шет мемлекеттері мен заңды және жеке тұлғалардың, халықаралық ұйымдардың меншігі) дамуына мемлекет кепілдігі арқылы жүзеге асырылады;
  • басқарудың барлық деңгейлеріне қаржылық резервтердің (резервтік қор, тәуекелділік қоры) болуы.

    Коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар табыс таба отырып, оны пайдалануға және бөлуге көшеді. Кәсіпорынның барлық жиынтық табысы кәсіпорын шығындарының барлық көлеміне азаяды. Ережеге сай пайданы бөлу сызбасы: салық мемлекет бюджетіне төленетін жалпы баланстық пайда (салық салынатын пайда) есептеледі. Салық төленгеннен кейін қалған пайданы (таза пайданы) кәсіпорын әр түрлі қорларға бөледі: 1) өндірісті дамыту, 2) ұжымның әлеуметтік қажеттіліктері, 3) материалдық ынталандыру, 4) қаржылық резерв және тағы басқа құру.

    Шаруашылық-қаржылық қызметі процесінде кәсіпорындар мен  ұйымдар қаржылық қорлар қалыптастырады және ұйымдастырады. Қаржылық қорлар дегеніміз  белгілі мақсаттарға арналған ақша-қаржаттары. Олар жарғылық, резервтік, жинақтау қоры, тұтыну қоры, еңбек ақы қоры, валюталық, жөндеу қорларына бөлінеді. Кәсіпорынның дербестік жағдайында басқа да мақсатты қорлар құрылуы мүмкін. Мысалы, медициналық сақтандыру қоры, жекешелендіру қоры, өндірістік және әлеуметтік құрылымды дамытуға қатысудың үлестік қоры, т.б.

    Кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығына (рентабельділік, төлем қабілеттілік, несиелік қабілеттілік), нарықтағы оның жағдайын (бәсекелестік қабілет) сипаттау үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайына тьалдау жүргізу қажет. Талдауға қажет ақпараттар бухгалтерлік баланста, қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есепте (пайда мен залал туралы есепте), ақша-қаражаттары қозғалысы туралы есепте болады; сондай-ақ, оперативтік ақпарат та қолданылады. Бухгалтерлік баланс көрсеткіштерінде кәсіпорынның активтер мен пассивтері туралы мәліметтер болады және олар бағалы қағаздардың өтімділік, түсімділік деңгейін, кәсіпорынның ағымдағы және стратегиялық мүмкіндіктерін сипаттайтын қаржылық коэффициенттерді есептеуге мүмкіндік береді.

      Коммерциялық емес мекемелер мен ұйымдар әлеуметтік сипаттағы мынадай қызметтерді көрсетеді: басқару, қоғамдық тәртіпті қорғау, елдің қорғанысы, халықты әлеуметтік қорғау, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет және өнер, қайырымдылық және гуманитарлық ұйымдар құру.

    Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қызметінің материалдық негізі натуралы және ақшалай формадағы өндірістік емес бағыттағы қорлар. Натурал формадағы қорларды ұйымдар мен мекемелер белгілі бағаға сауда жасау тәртібімен тауар ретінде құрады және тұтыну процесінде  олар өз құнынан айырылады. Материалдық емес өнім және қызмет жасау процесіндегі өндірістік емес қорлар қозғалысының формалары, сондай-ақ, ұдайы өндіріс шарттары салалық сипатта болады.

    Коммерциялық  емес қызмет шаруашылығын жүргізу әдістері: көрсетілген қызметтер мен құндылықтар тегін болған жағдайда сметалық қаржыландыру, ал өтелетін болған жағдайда шаруашылық есеп айырысу және өзін-өзі өтеу негізінде жүріледі. Нарық жағдайында көптеген ұйымдар төмендегідей коммерциялық есеп айырысу түрлеріне көшіп келеді, яғни қызметтерді өзіне дамуға жететін қаржы жинақтау арқылы сұранс бағасымен көрсетіледі:

  1. сметалық қаржыландыру – меншікті кірісі жоқ ұйымдар мен мекемелер шығындарын жабу үшін мемлекеттік бюджеттен ақша- қаражаттарын беру (мұнда ақша-қаражаттары негізгі қорларды, материалдық  запастарды сатып алған кезде, қызмет ақысын төлегенде, еңбек ақы төлегенде, басқа шаруашылық қажеттіліктерге тұтынылады);
  2. шаруашылық жүргізудің шаруашылық есеп айырысу әдісі шығыстары материалдық емес қызметтер мен құндылықтар өткізуден түскен түсімдерден өтелетін мекемелер мен ұйымдарда қоладнылады (бұл әдісті коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шаруашылық ұйымдары қоладанады);
  3. шығындардың өзін-өзі өтеу әдісі шаруашылық қызметін жинақтамайтын шығындарға қатысты бағасы анықталатын төлем бойынша қызмет көрсетуді қарастырады.

    Қаржының  ұйымдастыру ерекшеліктері қоғамдық қайырымдылық және гуманитарлық ұйымдар  мен қорларға (қайырымдылық, балалар, табиғат, флора мен фаунаны қорғау және т.б. қорлар) тән. Олар бекітілген статус негізінде, автономды түрде қызмет етеді, төлемді штаттық персонолы бар басқару немесе міндетті ретінде тегін қызмет көрсететін орган болып табылады.

    Экономиканың  коммерциялық емес секторының мекемеларі мен ұйымдарының қаржылық ресурстары – бұл қызметтерін жүзеге асыру мен кеңейтудің әр түрлі көздеріне алынатын ақша-қаражаттары.

    Қаржылық  ресурстар көздері екі факторға (көрсетілетін қызмет түрлері және көрсетілетін қызмет сипатына) тәуелді  және олардың түрлері мынадай  болып келеді: 1) мемлекеттік бюджет қаражаттар (мемлекеттік басқару, құқықтық тәртіпті қорғау, білім беру, денсаулық сақтау); 2) меншікті қаражаттар (көрсетілген қызметтен, орындалған жұмыстан түсетін түсім, пайда); 3) басқадай мүліктерді пайдаланудан түскен кірістер (ұйым меншігіндегі мүліктерді, құралдарды жалға беру, мүлік пен ғимаратты кепілге қойып алған қаражаттар).

    Сонымен қатар қаржыландырудың төмендегідей көздері бар: материалдық өндіріс  сферасының кәсіпорындары мен ұйымдары тарапынан қайырымдылық мақсаттарға  аударған төлемдер; шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың гуманитарлық көмек; демеушілік қаржы, ғылыми зерттеулерге қаржы бөлу-гранттар. Коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелері мен ұйымдарын қанымдау және дамыту үшін қаражаттарды толықтырудың белгілі көздеріне оның коммерциялық және жинақ банктердегі депозиттеріндегі, сондай-ақ, қаржылық нарықтағы бағалы қағаздар мен алынған ресурстарының бір бөлігін бөлуден түскен табыстар жатады.

    Қаржыландырудың аударылған көздері пропорциясы  әр түрлі болып келетін коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелерінің ақшалай қаражаттарын қалыптастырады.

    Коммерциялық  емес ұйымдар мен мекемелер шығындары  ережеде, жарлық немесе басқадай бекітілген құжаттарда қарастырылған қызметті қамтамасыз етуге жұмсалады. Шығындар құрамы мен құрылымы ұйым немесе мекемеге қатысушылардың қызмет бағыттарының біріне қатысуы арқылы, сондай-ақ қызметті жүргізуге қолданылатын әдіспен анықталады.

    Бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен  мекемелер қызмет ету сметасын жасайды. Онда мекеменің  қызмет етуіне тән  көрсеткіштер және төмендегі статьялар бойынша қаражаттар бөлінісі көрсетіледі:

  • «Ағымдағы шығындарға» тауарлар мен қызмет көрсету шығындар жатады және олар мынадай ішкі топтардан тұрады: жалақы; жұмыс берушілер және т.б. төлемдері, ішкі топтар құрамында пайыз төлеу: ішкі займа және басқалары бойынша пайыз төлеу; ішкі топтар құрамындағы субсидиялар мен басқадай ағымдағы трансферттік төлемдер: қаржылық және қаржылық емес мекемелерге арналған залалдарға, тауар сату, қызмет көрсетумен байланысты залалдарға және коммерциялық емес ұйымдар, басқа кәсіпорындар залалдарын жабуға бөлінген субсидиялар;
  • «Капиталдық шығындарға» негізгі капитал сатып алу; негізгі капиталды құру; запас және басқаларды құруға тауар сатып алу сияқты ішкі топтар құрамында негізгі капитал сатып алу және құру жатады;
  • «Несие беру, үлесі арқылы қатысу және қаржыландыруға» ішкі несие беру, сыртқы несие беру, шетелдің мекемелерден акция сатып алусияқты ішкі топтар құрамында несие беру жатады;
  • «Қаржыландыруға» мынадай ішкі топтар жатады: Ұлттық банктің ішкі қарызын өтеу, ішкі қарызды және басқаларын өтеу, халықаралық қаржы ұйымдарының, коммерциялық банктер мен фирмалардың сыртқы қарыздарды өтеуі.

    Нарықтық  қатынастар жағдайында бюджеттік мекемелерді  қаржыландырған кезде қаржыландыру қызметті ұсыну бғдарламаларын конкурстық іріктеу негізінде ұйымдастырылуға тиіс екенін ескеру қажет. Ондай кезде бюджеттен қаржыландыру үшін айтарлықтай тиімді мекеме немесе ұйымның қызметі таңдалып алынады.[15]   
 

    2.3 Акционерлік қоғамның акциялары 

      Акция - акционерлікң қоғамның капиталына қаражат қосқандығын куәландыратын жазбаша куәлікті, меншік нысанын білдіретін бағалы қағаз.

    Акция өз кезегеінде, оның иесіне тиісті акция  сомасына сәйкес салынған капиталына белгілі бір девидент алуға құқық  береді. Акцияны иеленуші акционер деп аталады. Оның тұрақты табыс әкелетін бағалы қағаз иесінен айырмашылығы, ол акцияны сатып алу барысында қоғам капиталына қатысады, ал өнеркәсіптік облигацияны сатып алушысы болса, онда белгілі бір тұрақты пайыз төлеуге келісім – шарт жасайтын кредитор болып табылады. Акционер АҚ – ның несие берушісі болып саналмайды және сондықтан да ол қоғамнан өз акциясына тұрақты дивидент төлеуді және акция бағамы түскен жағдайда оны сатып алуды талап етуге құқысы болмайды. Акционерлердің жылдық табысының (девиденттері) шамасы баланста көрсетілетін пайдаға тәуелді. Акционерлердің  жалпы жиналысында бұл пайданың үлесін анықтау және төлеу сұрақтары шешіледі.

Информация о работе Акционерлік қоғам қаржысы