Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 13:21, отчет по практике
Кәсіпорынның құрылу,мақсаты; 2008-2010 жылдар аралығындағы қаржылық көрсеткіштері
Кіріспе
1-бөлім. «Тамур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыру- экономикалық сипаттамасы
1.1 Кәсіпорынның құрылу тарихы
1.2 Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы
1.3 Кәсіпорын қызметін сипаттаушы негізгі экономикалық көрсеткіштер
2-бөлім. «Тамур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайын талдау және бағалау.
2.1 Кәсіпорынның балансының құрамы мен құрылымын талдау
2.2. Кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерін талдау
2.3. Кәсіпорынның төлемдік қабілеттілігін бағалау
Қоcымшалар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуі мен оларды тиімді орналастыру мен пайдаланумен, басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық өзара қатынастарымен, төлемдік қабілеті мен және қаржылық тұрақтылығымен сипатталады. Кәсіпорынның өз уақытында төлемдерін жүргізіп отыру қабілеті оның қаржылық жағдайының жақсы екендігіне дәлел болады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы өндірістік, коммерциялық, қаржылық қызмет нәтижелеріне байланысты. Үздіксіз өнім шығысы мен жоғарғы сапалы өнімді өткізу кәсіпорынның қаржылық жағдайына тиімді әсер етеді. Ал өндірістік процестегі үзілістер, өнім сапасының төмендеуі, оның өткізумен байланысты қиындықтар кәсіпорынның есеп – шотына түсетін қаржылардың түсетін көлемінің азаюына әкеледі. Нәтижесінде оның төлемдік қабілеті төмендейді.
Ақшалай
қаржылардың болмауы
Кәсіпорынның практикалық жұмысында жақсы жұмыс істейтін кәсіпорындарда да қаржылық ресурстарды тиімді орналастыру мен пайдалану жеткіліксіздігімен байланысты қаржылық қиындықтар болуы мүмкін. Сондықтан қаржылық қызметі қаржылық ресурстардың тиімді пайдалануы мен жүйелі түсімін қамтамасыз етуге, есептік және несиелік тәртіп сақтауға, өзіндік және қарыздық қаржылардың тиімді қатынасына әкетуге, кәсіпорынның - тиімді жұмыс жасау мақсатында қаржылық тұрақтылыққа бағытталуы тиіс.
Сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайы тек өндірістік- экономикалық факторлар жиынтығы ғана емес, сондай–ақ оның қаржылық қатынастарының барлық элементтерінің өзара іс-әрекет жасау нәтижесі болып табылады.
Қаржылық жағдай - ағымдық және перспективалық төлемдік қабілеті, айналымдылық, өзіндік және қарыздық қаржылар мөлшері, оларды пайдалану тиімділігі және тағы басқалар сияқты көрсеткіштер жүйесін сипаттайды.
Қаржылық жағдайдың ішкі және сыртқы талдауын бөліп айтамыз. Ішкі талдау - кәсіпорынды басқару қажеттері үшін жүзеге асырылады. Оның нәтижелері қаржылық жағдайды жоспарлау, бақылау мен болжамдау үшін пайдаланылады. Сыртқы талдау - жарияланатын информацияны пайдаланушы талдау субъектілерінің барлығымен жүргізіледі. Бұл талдау мазмұны қаржылық ресурстар меншік иелері мен бақылаушы органдар көзқарастарымен анықталады.
Ішкі және сыртқы талдаудың негізгі міндеттері ретінде есептелінеді:
Бұл міндеттерді шешу үшін келесіні зерттеу қажет:
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау үшін информацияның негізгі көзі ретінде бухгалтерлік баланс есептеледі. Қазіргі кезде пайдаланылатын кәсіпорын балансы нарықтық экономика жағдайында өз мазмұны бойынша мемлекеттік отандық стандарттарға жақындатылған.
3.1.1 кестеде «Тамур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржы құрамы мен құрылымын талдау деректері берілген.
Кесте деректері
бойынша кәсіпорынның
жалпы қаржы көлемі 2008
жылы 90 609 мың теңгеден
2009 жылы 98 767 мың
теңгеге дейін өсті. 2008
жыл мен 2009 жылдарды салыстырсақ,
онда 8 158 мың теңгеге,
яғни 9% - ға өскенін байқаймыз.
Ұзақ мерзімді активтер
сомасы өткен жылмен
салыстырғанда 4 201 мың теңгеге
өскен. Ағымдық активтер
3 956 мың теңгеге, 4,4 %- ға
өсіп отыр.
2.2 Кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерін талдау
Кәсіпорын негізгі, айналым қорларын және материалдық емес активтерін меншіктік және қарыздық (кірістірілген) қаржы көздері есебінен алады. Оларды бағалау үшін баланс пассивіндегі деректері пайдаланылады.
Меншіктік айналым қаржылары - бұл кәсіпорын қарамағындағы және өзіндік ресурстар (пайда және тағы басқа) есебінен құралатын қаржылар. Меншіктік айналым қаржыларының қозғалысы процесінде олар өзіндік қаржылардың бір бөлігі ретінде авансіленген еңбек ақы, бірақ уақытша бос жүрген қаржылармен берілуі мүмкін.
Бұл қаржыларды меншіктік қаржыларға теңестірілген немесе тұрақты пассивтар деп атайды.
Қарыздың айналым қаржыларына - банк несиелері, кредиторлық қарызы (коммерциялық кредит және басқа пассивтер жатады.
Кәсіпорынның тиімді жұмысы - бұл минимальды шығындармен максимум нәтижелерге жету болып табылады. Шығындарды минимализациялау - бұл ең алдымен кәсіпорынның айналым қаржыларының қалыптасу көздерінің құрылымын оптимизациялау есептеледі, яғни өзіндік және қарыздық ресурстардың тиімді сапалы түрде үйлесуі есептеледі.
Кәсіпорынның айналым құралдары үнемі қозғалыста болады және айналым жасап отырады. Айналым сферасынан олар өндіріс сферасына өтеді, содан кейін өндіріс сферасынан қайтадан айналым сферасына өтеді.
Ақша
қаржылардың айналысы
кәсіпорынның өзінің
материалдық ресурстарын
және басқа элементтерін
сатып алу сәтінен
басталады және
осы шығындардың өнімді
өткізуден түскен
түсімі түрінде
қайтарылады. Содан
соң ақшалай қаражаттар
қайтадан кәсіпорынмен
материалдық ресурстарды
сатып алу үшін
және оны өндіріске
еңгізу үшін пайдаланылады.
Кесте 3.2.1
Меншіктік және қарыздық қаржы көздерінің құрамы мен
құрылымына
талдау
Көрсеткіштер | 2008жыл | 2009жыл | Ауытқу
2008/2009 | |||
мың
теңге |
% | мың
теңге |
% | мың
теңге |
% | |
1. Барлық кәсіпорын қаржысы, оның ішінде | 133759 | 100 | 155230 | 100 | 21 471 | 16 |
1.1. Меншікті капитал | 31653 | 23,71 | 40998 | 26,4 | 9 345 | 29,5 |
1.1.1. Жарғылық қор | 82 | 0,08 | 2480 | 1,6 | 2 398 | - |
1.1.2. Қосымша төленбеген капитал | 107738 | 79,07 | 107738 | 68,1 | - | - |
1.1.3. Бөлінбеген табыс (зиян) | -74167 | -55,4 | -67220 | -43,3 | - | - |
1.2. Қарыздық капитал | 102108 | 76,29 | 114232 | 73,6 | 12 126 | 11,8 |
1.2.1.Ұзақ
мерзімді
несиелер |
- | - | - | - | - | - |
1.2.2.Қысқа мерзімді несиелер | 2525 | 1,9 | 2070 | 1,3 | -475 | -18,8 |
1.2.3.Кредиторлық қарыз | 99581 | 74,39 | 112182 | 72,3 | 12 601 | 12,6 |
Кәсіпорынның
меншіктік және қарыздық
қаржы көздерінің
құрамы мен құрылымына
талдау жасайтын болсақ
3.2.1. кестенің
мәліметтері бойынша талданушы
мерзім ішінде кәсіпорынның барлық
қаржы көлемі 16,
% -ға өсіп отыр,
оның ішінде меншікті
капитал көлемі
29,5%-ға, қарыздық капитал
көлемі 11,8 %- ға өсіп отырғанын
байқаймыз. Меншікті капитал
құрамында жарғылық қор көлемі 82
мың тенгеден 2008 жылы 2480 мың теңгеге
дейін 2009 жылы өскен. Бұл кәсіпорынның
өндіріс ауқымын ұлғайту
Меншіктік
көздердің оның жалпы сомасына қатынасы
меншік коэффициенті деп
аталады. Бұл коэффициент кәсіпорынның
меншік иелері мен акциялар,
қарыз берушілер, кредитор иелері
арасындағы көзқарастар қатынасын
сипаттайды.
Км
= МК / ЖК
мұндағы: МК-меншікті капитал;
ЖК- жалпы капитал.
2008 жылы Км =31653 : 133759 = 0,23
2009
жылы Км
=40998 : 155230 =
0,26
Талданушы кәсіпорында бұл көрсеткіштің мәнi соңғы екі жыл ішінде кішкене өскенмен, бұл шама өте төмен болып табылады. Оның тиімді мәнісі 50 пайыздан жоғары болуы тиіс. Ал біздің кәсіпорында оның шамасы өте төмен, яғни бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлығы жөнінде, қаржылық тұрақтылығының төменгі дәрежесі жөнінде дәлел болады.