Кәсіпорын есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 13:21, отчет по практике

Описание работы

Кәсіпорынның құрылу,мақсаты; 2008-2010 жылдар аралығындағы қаржылық көрсеткіштері

Содержание

Кіріспе


1-бөлім. «Тамур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыру- экономикалық сипаттамасы
1.1 Кәсіпорынның құрылу тарихы

1.2 Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы

1.3 Кәсіпорын қызметін сипаттаушы негізгі экономикалық көрсеткіштер

2-бөлім. «Тамур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайын талдау және бағалау.
2.1 Кәсіпорынның балансының құрамы мен құрылымын талдау

2.2. Кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерін талдау

2.3. Кәсіпорынның төлемдік қабілеттілігін бағалау

Қоcымшалар

Работа содержит 1 файл

КІРІСПЕ.docx

— 103.91 Кб (Скачать)
 
 

Серіктестіктің  заңды мәртебесі.  

    Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен  күннен бастап заңды тұлғаның құқығын алады.

    Серіктестік өз аты жазылған мөрі, дербес балансы, банкіде есеп-шоты мен басқа да шоттары және атауы жазылған бланкілері бар.

    Серіктестік өзінің қызметін мақсатқа жеткізу үшін, өз атынан мәмілелер жасауға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденуге, міндеттерін орындауға, сотта талапкер және жауапкер болуына құқылы. Серіктестік  жалғыз тұлғадан тұратын басқа шаруашылық серіктестікті жалғыз қатысушы ретінде  ие қыла алмайды.  

    Қызмет  түрлері мен мақсаттары

    Серіктестік өз қызметінің негізгі мақсаты таза табыс шығару болып табылады. Көзделген  мақсатқа жету үшін серіктестік келесі қызмет түрлерін жүргізеді:

    • бағдарламалық қамтамасыз етуді техникалық қолдау, сату,дайындау, және еңгізу қызметтері;
    • операторлық, консалтинттік, уәкілдік, делдалдық, сонымен қатар, ақпараттық технология, ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстар, басқару және қаржы облысындағы қызметтер;
    • жабдықтардың импорты және экспорты (соның ішінде есептеу және коммуникациялық), бағдарламалық қамтамасыз етудің, материалдар шығынының, қордағы бөліктердің;
    • техникалық жабдықтарға қызмет көрсету және ұйымдастыру, соның ішінде компьютерлік, коммуникациялық және терминалдық жабдықтар;
    • сауда-делдалдық қызмет, транспорттық қызметтер;
    • Қазақстан Республикасының заңында тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері.

      Серіктестіктің  таза табысы мен шығындары

      Серіктестіктің  табысы бір жыл ішіндегі өз қызметінің нәтижелері бойынша қаржы есебі  негізінде анықталады.

      Серіктестіктің  табысы еңбек ақысын төлеуге шыққан шығынның орнын толтыру және шаруашылық іс-әрекеттің нәтижесінде түскен заттық түсімнен тұрады. Серіктестіктің негізгі бағытының нәтижесі табыс  түсіру болып табылады.

      Серіктестіктің  салық төлегеннен кейін, еңбекақы және бюджетке басқа да төлем (таза пайда) төленгеннен қалған пайда серіктестіктің меншігі болып саналады және оларға одан соңғы жұмыстары мен нығайтылуына бөлінеді. Серіктестік өндірісінің дамуы және жалпы мүдделері үшін бөлінгеннен кейін қалған таза табыстың бөөлігі серіктестіктің қатысушысының шешімі бойынша шектеледі. Таза табысты бөлу шешімі серіктестіктің тиісті жылдық қызметінің нәтижелерін бекітуге арналған серіктестіктің қатысушысымен қабылданады. Серіктестікті жарғылық капиталы толық төленгенге дейін табысты серіктестік бөлуге құқығы жоқ.  

1.2. Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы

      Кәсіпорынның  құрылымы – бұл олардың ішкі звеноларының цехтардың, бөлімдердің, зертханалардың және бірыңғай шаруашылық нысанын құрайтын басқа компоненттердің құрамы мен  қатынасы.

      Кәсіпорын құрылымы келесі негізгі факторлармен анықталады:

    • кәсіпорын өлшемімен (көлемімен);
    • өндіріс саласымен;
    • кәсіпорынның техникасы мен мамандану деңгейімен.

     Қандай   да   бір  стандартты   құрылым   болмасын,  ол  әрқашан  да   өндіріс  -  экономикалық    конъюктура,   ғылыми  техникалық   прогрес   және   әлеуметтік - экономикалық   процестер   әсерінен   түзіледі.

       Кәсіпорын құрылымы өндірістің  салалық технологиясының әрекеттесуімен  тікелей жинақталады. Технологиялық  процестің күрделілігі неғұрлым  жоғары болса, кәсіпорын құрылымының  соғұрлым көп түрлі болады.

      Технологиялық процестің күрделілігі төмендегілермен  анықталады:

- дайын  өнімді дайындау үшін қажет  еңбек заттарын әсер ету тәсілдерінің  көп түрлілігінен;

- өндіріс  процесінде бұйымдар тартынатын  технологиялық операциялардың санымен; 

- технологиялық  операцияларды орындаудың шекті  дәлдігінің деңгейімен.

      Жұмыс орны – кәсіпорынның бүкіл құрылымы құрылатын құрамынан оның масштабтары  анықталатын бастапқы звено. Ол техникалық және эргономикалық нормативтер  негізінде анықталады және жұмыскермен  нақты тапсырманың орындалуы  үшін қажет техникалық және басқа (өзге) құралдармен жабдықталады.

      Басқару – бұл басқару шешімдерін дайындайтын  әдістер мен құралдар синтезі  және оның орындалуын ұйымдастыру болып  табылады.

      Кәсіпорын қызметі табысты арттыруға бағытталғандықтан  басқару орындары келесі міндеттерді  орындауы тиіс.

  • Кәсіпорын ұзақ мерзімдік болашағына бағытталған қызметінің мақсаттарын, бағыттарын, тиімді стратегиялық курсын өңдеу және негіздеу.
  • Стратегиялық  курстық кезең бойынша іріленуі және оның ағымдық, оперативтік басқару деңгейіне дейін жетілдіруі.
  • Кәсіпорынның жалпы стратегиялық және ағымдық міндеттерінің нақтыланы, күнделікті функциялар деңгейіне дейін жетілдіріліп, кәсіпорын персоналына жеткізілуі.
  • Кадрларды жинақтау, орналастыру, профессионалдық құрамын реттеу, міндеттерін бөлу.
  • Бекітілген функцияларды орындауды ұйымдастыру.
  • Кәсіпорынның әрбір жұмыскерінің міндеттері мен тапсырмасын уақтылы, сапалы орындалу барысын әрдайым бақылауды ұйымдастыру.
  • Кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін оперативті және күнделікті реттеп отыру, кәсіпорын жұмысының тұрақты режимін бұзатын себептерді жою.

      Құрылтайшы  серіктестіктің жоғарғы органы болып  табылады. Серіктестіктің қызметіне  қатысушы өз алдына жеке басқарады  және осы жарғының құзыретіне қатысты  мәселелерді шешеді. Қатысушының  қабылдаған шешімі жазбаша түрде  толтырылады.

      Қатысушының ерекше құзыретіне жататын мәселелер:

  • серіктестіктің жарғылық капиталы мөлшерін, орналасқан жері мен фирмалық атауын өзгертуді қоса алғанда, оның жарғысын өзгерту немесе серіктестіктің жаңа редакциядағы жарғысын бекіту.;
  • серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестікті немесе оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау және осылай берудің шарттарын айқындау.
  • Серіктестіктің жылдық қаржылық есебін бекіту және таза пайда мен шығынды бөлу;
  • Серіктестіктің бақылаушы кеңесінің немесе тексеру комиссиясын немесе тексерушіні сайлау және олардың өкілеттерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің тексеру комиссиясының немесе тексерушісінің есептері мен қорытындыларын бекіту;
  • Серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін ішкі ережелерді, оларды қабылдау рәсімін және басқа да құжаттарды бекіту;
  • Серіктестіктің ішкі өзге шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы туралы шешім шығару;
  • Серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім шығару;
  • Тарату комиссиясын тағайындау және тарату баланстарын бекіту;
  • Серіктестіктің бүкіл мүлкін кепілге беру туралы бір ауыздан қабылданатын шешім шығару;
  • Қолданылатын заңдарға сәйкес серіктестік мүлкіне қосымша жарналарын енгізу туралы шешім шығару.

     Серіктестіктің  атқарушы органы – Директор болып  табылады, ол қатысушыға есеп береді және бұның шешімінің орындалуын ұйымдастырады. Қатысушы Директорды тағайындаған кезде  олардың еңбек қатынасы еңбек  заңына сәйкес келісім шарт негізінде  реттеледі. Директор:

     -бас  бухгалтерди  таңдауға;

     -бухгалтерлік есептің, салықтық есеп беру, сонымен қатар,Есептік саясатты қабылдайды;

     -ішкі  және сыртқы тәртіпті орнатады;

     -талаптарды  орындау мақсатында қабылданған  Есептік саясатпен қамтамасыз  ету.

      Бухгалтерлік  есепті жүргізетін тұлға-бас бухгалтер  б.т.

Бас бухгалтердің жауапкершіліктері келесідей:

-салықтарды  есептеу және бухгалтерлік есепті ортақ жүргізуге;

-«Бухгалтерлік  есеп» туралы Қ.Р.Заңын сақтауға, басқа да нормативтік актілерді,  сонымен қатар Есептік саясаттағы  талаптарды орындау.

     Бухгалтерлік  бөлім – кәсіпорындағы материалдық  және қаржылық ресурстардың кірісі мен  шығысын ескереді, кәсіпорын қызметі  жөнінде есептер дайындайды және оларды басшыларға жеткізеді.

Ақпараттың  ақиқаттылығына келесі тұлғалар жауап  береді:

1.Директор  Андосова Батес Агыбаевна

2. Бас  бухгалтер Абищаев Марина Адаевна

    1.3Кәсіпорын қызметін сипаттаушы негізгі экономикалық көрсеткіштер 

      Нарықтық  экономика жағдайына кәсіпорын  қызметін бағалау үшін қолданылатын негізгі көрсеткіштерге келесілер  жатады:

    • еңбек ресурстары;
    • өндірістік шығындар;
    • тауарлы өнім көлемі;
    • табыс;
    • негізгі өндірістік қорлар;
    • айналым қорлары;

    Кәсіпорынның  барлық ресурстары ішінде ең маңызды орынды еңбек ресурстары алады. Кәсіпорынның еңбек ресурстары дегеніміз – еңбекке жарамды адамдар.

    Кәсіпорындағы еңбек ресурстары – бұл кәсіпорын  басшылығы тарапынан тұрақты қамқорлық объектісі болып табылады.

      Тауарлы өнім дегеніміз – барлық өндірілген өнімнің сатуға түскен бөлігі.

      Кәсіпорын шығыны дегеніміз: - өнім өндірісіне қажетті  барлық факторлардың ақшалай бейнеленуі. Өнімнің өзіндік құнын құраушы шығын элементтеріне келесі көрсеткіштер жатады:

    • материалдық шығындар;
    • еңбекке ақы төлеу шығындары;
    • амортизациялық төлем шығындары;
    • әлеуметтік төлем шығындары;
    • басқа да шығындар.

      Кәсіпорынның  келесі көрсеткіші – бұл негізгі  қорлары. Кәсіпорынның негізгі қорлары  дегеніміз: өнім өндірісі процесінде ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын және өзінің құнын тозуына қарай дайын  өнімге бірте-бірте енгізетін өндіріс  құрал жабдығы.

      Айналым құралдары дегеніміз – жылдам қозғалыста болатын өзінің құнын  толығымен дайын өнімге ауыстыратын  кәсіпорын активі.

      Кәсіпорын табысы – бұл өнімді сатудан түскен табыстан өзіндік құнды алып тастағанға тең.

      Кәсіпорынның  тиімділік көрсеткіштеріне қор  қайтарымдылығы, қор сыйымдылығы, қор  жарақтандыру, табыстылық коэффициенттері  жатады.

      Қор қайтарымдылығы коэффициенті - өндірілген өнім көлемінің негізгі қорлар құнына қатынасы. Қор сыйымдылығы осы  көрсеткішке кері көрсеткіш.

      Қор жарақтандыру – негізгі қорлар құнының  жұмысшылар санына қатынасы.

      Кәсіпорынның  экономикалық жағдайын объективті бағалау  үшін негізгі техника-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізіледі. Кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау – бұл кәсіпорын  жұмысын талдаудың негізгі бағыты. 

      Кәсіпорынның  шаруашылық қызметінде оның қызметінің сапалық нәтижесін ғана емес, сонымен  бірге өнім көлемін шығаруға байланысты материалдық, еңбек және ақшалай  ресурстар шығындарын анықтауға  мүмкіндік беретін сандық көрсеткіштер де қолданылады.

      Нарықтық  қатынастар жағдайында тек кәсіпорын  деңгейінде ғана қоғамға қажетті  өнім өндіріліп, қажетті қызметтер  көрсетіледі. Кәсіпорындарда анағұрлым  білікті мамандар шоғырланған. Осы  кәсіпорында жөғары өнімді техника  мен технологияны пайдалану, ресурстарды  үнемді жұмсау мәселелері шешіледі. Тек  кәсіпорындарда өндіріс шығындарын ең аз деңгейге жеткізу мен өнімді өткізу жүзеге асырылады; бизнес-жоспар өңделіп, маркетинг қолданылады, тиімді пайдалану – менеджмент жүзеге асырылады.  
 
 

2-бөлім. «Тамур»  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігінің     қаржылық  жағдайын  талдау   және   бағалау. 

2.1. Кәсіпорынның  балансының  құрамы  мен   құрылымын  талдау

    Кәсіпорын    қаржылары  -   бұл   өнімді   өндіру   мен   өткізу процесінде;   басқа   да   қызмет   түрлерін   жүзеге   асыру   барысында   қалыптасатын   ақшалай   қатынастар   жүйесі   болып   табылады.  

    Кәсіпорынның   қаржылық   жағдайы  -  қаржылық   ресурстардың;   өнімді   өткізуден   түскен   ақшалай   қаржылар;   банк   несиелері   мен   уақытша   кірістірілген   қаражаттар;   жабдықтаушыларға   қарыздарын   және   басқа   несиелерге   қарыздарын,   арнайы   қорлардың   уақытша   бос   еркін   қаржыларын    құралуын,   орналасуы   мен   пайдалануымен   мазмұндалады.   Кәсіпорындардың   жұмыстың   нарықтық    жағдайларға   өтуімен   байланысты   оның   қаржылық   жағдайының   тұрақтылығы   жөнінде   мәселе   пайда   болады.

Информация о работе Кәсіпорын есебі