Лекция сабақтарының негізгі мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 18:26, лекция

Описание работы

Экология. Популяциялар. Биоценоз. Биоценология. Табиғи орта. Абиотикалық фактор. Антропогендік фактор. Экожүйелер. Биосфера. Микро және макроэкожүйелер. Табиғат ресурстары. Экологиялық мониторинг. Адам экологиясы. Қолданбалы экология. Геоэкология.
Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриялды дамуы табиғи рессурстарды пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерін еселеп өсіре түсуде.

Работа содержит 1 файл

5-Лекция сабақтарының негізгі мазмұны-Экология (1).docx

— 126.79 Кб (Скачать)

Оңтүстік  және Солтүстік региондардың демографиялық  сипаты бір-біріне ұқсамайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) болжамы бойынша  бұл айрымашылық күшейе түсуде. 2025 жылы халық санының өсуінің 95% Оңтүстік регионда тек 5% ғана, Солтүстік регионда жүреді. Қазір әрбір туылған 10 баланың 9-ы Оңтүстікте болса, 1-і солтүстікте. Енді 20 жылдан соң бұл көрсеткіш 20 : 1 қатынасындай болады.

 

Региондардағы демографиялық өзгешеліктердің  әлеуметтік-экологиялық себебі.

Дами  бастаған елдердегі халық санының  қарқынды өсуін «демографиялық қопарылысң деп атайды. Ол ХХғ. ІІ ж. басында  басталды.

Екінші  дүниежүзілік соғыстан кейін колониальды  елдердің көпшілігі тәуелсіздік  алды. Сол кезде құрылған халықаралық  ұйымдардың нәтижесінде тәуелсіздігін  алған елдерде халықтың тұрмысын жақсартуға арналған көптеген шаралар  жүргізілді. Дүниежүзілік денсаулық  қорғау ұйымдары (ДДҚҰ) бір-екі он жылдықта бұл елдердегі бала өлімін азайтып, адамдардың тіршілік ету ортасының  тазалығын ауыз судың сапасын  жақсартты. Азия және Латын Америкасындағы көптеген елдердің үеіметі БҰҰ азық-түлік  және ауыл шаруашылығы проблемалары бөлімінің қолдауымен ауылшаруашылық өнімдерін арттыруға байланысты «Жасы революцияң деген  атпен  көптеген жұмыстар жүргізді. БҰҰ білім, ғылым және мәдениет бөлімі (ЮНЕСКО) бұл дами бастаған  елдердің балаларын  оқыту мәселесін жолға қойды. Бұл үйлесімді әрекеттер өлімге әкелетін факторларды әлсіретті. Халықтың жағдайы біршама жақсарып, тіршілік ортасы кеңейді. Оңтүстік регионның  халқы қарқынды өсе бастады. Бұл  кезде Солтүстіктегі дамыған  елдерде туылып көбею мен өлім саны теңелуге жақындады. Халық санының  өсуі  баяулады. Нәтижесінде оңтүстік регион мен Солтүстік регионның халық санының өсу қарқынының айырмашылығы алшақтады. Халықтың жалпы санында да үлкен айырмашылық болды.

Дүние жүзі халық санының өсуінің  региональды ерекшеліктері және оның перспективасы

 

Дүние жүзі

Солтүс-тік регион

Оңтүстік регион

Халық саны (млрд адам)

1950

1970

1990

2000

2025

жыл сайын өсуі (%)

1950

1970

1990

2000

2025

 

2,5

3,7

5,3

6,8

8,5

 

1,7

2,0

1,7

1,6

1,2

 

0,8

1,0

1,2

1,8

1,3

 

1,3

1,0

0,5

0,4

0,2

 

1,7

2,7

4,1

5,0

7,2

 

1,9

2,5

2,1

1,7

1,3


 

 

Ірі елдердің халқының саны және өсуі туралы прогноз

 

 

1993 жыл

2025 жыл

Қытай

Үндістан

АҚШ

Индонезия

Ресей

Бразилия

Пакистан

Нигерия

Бангладеш

1200

900

260

190

148

150

120

120

120

1500

1400

320

280

?

220

260

290

220


 

 

Демографиялық перспектива

Демографиялық процестердің стихиялы дамуының дами бастаған, дамыған елдер үшін катастрофалық  әлеуметтік-экономикалық экологиялық  салдары болуы мүмкін. Оңтүстік регионда қазірдің өзінде біраз елдердің өздері өндірген азық-түлігі өздерін қамтамасыз ете алмайды. Халық саны осы қарқынмен өсе берсе ХХІ ғасырдың соңында Оңтүстік региондағы көптеген елдердің жағдайлары нашарлайды. Мысалы Нигерия мен Бангладеште 1 га жерден алынған өнімді ауыл шаруашылығы жолға қойылған Франция мен Голландиямен салыстырғанда 2-3 есе артық адам қорек етеді. Жыл сайын егін егіліп топырақ эрозияға ұшырайды, өнімділігі төмендейді. Ормандар қырқылып, егін егіледі, мал жайылады. Қарқынды шөлдену жүреді. Су қоймаларының суы тартылады. Сыртқы орта ластанады. Халық санының өсуі жалғасады. Азық-түліктің жетіспеуі жұмыссыздық әлеуметтік жағдайды төмендетеді.

Экологияның іргелі заңдылықтары бойынша белгілі  бір тіршілік ортасында популяция саны көбейіп кеткенде оның дараларының біразы басқа қорегі мол территорияға ауысады. Қазірдің өзінде бұл құбылыс жүруде. Дами бастаған Оңтүстік регионның дамыған елдеріне (АҚШ-қа, Еуропа елдеріне) миграция жасауда. Келешекте миграция ауқымды жүретін болады. Қазіргі демографиялық процестердің экологиялық және әлеуметтік-экологиялық салдары осылай.

Солтүстік регионда демографиялық құлдырау жалғасуда. Кейбір елдерде халқы санының өсуі өте баяу болса, кейбіреулерінде (Еуропа, Ресей) туылып көбеюден өлім саны жоғары болып отыр. Нәтижесінде олар өз елінде өздерінің саны төмендеп олардың орнын Оңтүстік регионнан келген эмигранттар басуы мүмкін. Біртіндеп кейін жергілікті халықты көшіп келушілер түгелдей ауыстыруы да мүмкін. Адам баласы тарихында мұндай жағдайлар болып тұрады.

Қазіргі демографиялық процестердің барысы Солтүстік және Оңтүстік региондардағы экологиялық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ете алмайды.

Жалпы жер бетіндегі тіршіліктің тарихи дамуына қысқаша тоқталып, оның келешегі қандай болады деген сұраққа жауап іздейтін болсақ. Бергі палеозой эрасының өзінде бауырымен жорғалаушылар шығып мезозоида олар алуан түрлі болып дамыды. Сондықтан мезозоиды бауырымен жорғалаушылар (динозавр, бронтозавр т.б.) эрасы деп те атайды. Қазіргі кайназой эрасында олар         мүлдем               жойылып       кетті де,  сол                бауырымен жорғалаушылар мен ортақ тектен басым алған құстар мен сүтқоректілер алуан түрлі болып дамыды. Қазір сүтқоректілердің 3500 дей түрі бар. Сол түрлердің бірі саналы адам, оның популяциясы қарқынды көбейіп, адам аяғы баспаған жерлерді игеруде. Қалалар, елді мекендер, тас, темір жолдар салып, ормандарды қырқып егін егіп, мал жайып, табиғи экожүйені бұзуда. Бұл ауқымды жүріп жатқан құбылыс сыртқы ортаның қалыпты жағдайын өзгертуде. Нәтижесінде парниктік эффект түзіп, климат жылынып, дүние жүзілік мәңгі мұздықтар еруде. Көптеген елдерде су тасқыны дауылдар етек алуда.

Жердің  келесі эволюциясының бағыты барлық құрлықтар 200 млн. жылдан соң қайта  қосылып ірі бір Пангей құрлығы  пайда болады. Бұрын да барлық құрлықтар  тұтас бір Гандван құрлығы  болған. Пангей құрлығының ауданы аса  ірі болып, мұхиттардан, теңіздерден  тым алыс құрлық орталығында тіршілік болмайды. Қазіргі түрлердің популяцияларының көпшілігі жойылып кетеді де, эволюция кезінде пайда болған жаңа түрлер тіршілік етеді.

Адам  баласы осы үлкен өзгерістерде табиғи сұрыптаудан немесе жасанды сұрыптаудан  өте ала ма? Тіршілік үшін күресте  сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына бейімделе ала ма? Әлде мезозоидағы  динозаврлар сияқты жойылып кете ме? Қазірдің өзінде өздерінің іс-әрекеттері нәтижесінде табиғи сұрыптаудың  нәтижесінде қалыптасқан табиғатты  өзгертіп, эволюцияны тездетуде. Әйтпесе  Қытай мемлекеті не себепті Яньцзы өзеніне жылда су тасып егістікті  басады. 286 млрд. доллар ақша бөліп «үш  шатқалң (биіктігі 186м., ұзындығы – 2 км) деп аталатын бұрын-соңды болмаған заңғар плотина сала ма? Шығыс Орталық Еуропадағы АҚШ-тың оңтүстігіндегі су тасқындары ше? Қазірдің өзінде дүниежүзілік мұхит деңгейі жағалығында 2 мм., ортасында 3 мм. Көтерілді. Осы құбылыстапрдың бәрі жер бетіндегі халық санының тым өсуіне байланысты болып отыр. Сол үшін не істеу керек?

 

Демографиялық процестерді  басқару

Демографиялық процестерді реттейтін кез келді. Оның негізгі жолын туылып көбеюді  реттеу.

Оңтүстік  региондағы дами бастаған елдер халық  санының қарқынды өсе бастағанын бірден байқады. Нәтижесінде  «жанұяны жоспарлауң бағдарламасы туындады. Оның негізгі мақсаты халық санының  қарқынды өсуінің деңгейін төмендету  еді. Қытай, Үндістан және басқа да елдерде  жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламаның  мәні көп балалы (5-10 бала) жанұяға  қарағанда 1-2 балалы жанұяның экономикалық артықшылығын ұрықтануға қарсы медициналық  тосқауыл қоюға уағыздау. Материалдық  моралдық көмек көрсету.

«Жанұяны  жоспарлауң бағдарламасы Қытай халқының санының қарқынды өсуін төмендетті. Индия және басқа елдерде де халық  санының қарқынды өсуі төмендеді. Бірақ  Қытайға қарағанда баяу болды. Жанұяны  жоспарлау политикасының нәтижесінде  Жер бетіндегі халық санын  реттеу арқылы демографиялық кризисті болдырмау мүмкіндігі туындады.

Көптеген  дами бастаған елдерде тіршілік ортасының  сиымдылығы әлі анықталмаған. Нәтижесінде  топырақ құнарсызданып, ормандар мен  көлдер жойылып, сыртқы орта ластанып, тіршілік сиымдылығы айрықша тарылады. Шешілуге тиісті мәселелер уақытылы шешілмесе кейін кеш болып  қалуы мүмкін.

Оңтүстік  регионға жататын Қазақстан да осы  мәселелер орын алған.

Егер  көптеген Оңтүстік региондағы елдер  халық санының қарқынды өсуін  баяулайтын политикасын ұстайтын болса, дамыған елдердің экологиялық таза технологиясын пайдаланып ауылшаруашылық өнімдерін екі-үш есе жоғарылататын  болса, дами бастаған елдердің әл-ауқаты артады. Оның жарқын  мысалы етіп Индия, Таиланд, Мексика, Филиппин елдерін  алуға болады. Сонымен бірге              Оңтүстік       регионның        елдері         глоболизацияға байланысты Солтүстік регионның  елдерінің дамуы тәжірибесін  қабылдануына болады.

Радио, телевидение, автоматты телефон  линиясы, компьютерлік жүйе арқылы ақпараттық байланыстар дүнйиежүзілік әлеуметтік-экономикалық, экологиялық демографиялық алдыңғы  қатардағы тәжірибелерді пайдалануға  мүмкіндік жасайды.

Солтүстік регионның экономикалық дамыған  елдері жалпы мақсатқа сәйкес халық  саны туралы белгіл бір саясат ұстамайды. Оның уақыты келген жоқ деп есептейді. Дегенмен 1990 жылдары басталған жергілікті тұрғындардың азаюы-депопуляциясы  кейбір Еуропа елдеріне ой салды.

 

Расалар. Расизмнің негізсіздігі

Жер бетіндегі адамдар еуропоидтықтар, монголоидтықтар, негроидтықтар болып  үш расаға бөлінеді. Бұл расалардағы  адамдар бір-бірінен бет әлпеті, терісінің, көзінің, шашының түсі, шашының  пішіні арқылы ажыратылады. Әрбір расаға жататын адамдардың шығу және орнығу тегі бар.

Еуропоитдты расаға Еуропаның, Оңтүстік Азияның, Солтүстік  Американың жергілікті тұрғындары жатады. Еуропоидтықтардың бет пішіні ұзындау, мұрны шығыңқы, шашы жұмсақ. Солтүстік еуропоидтықтардың терісінің түсі ақшыл, оңтүстіктегілердің терісі қоңырқай.

Монголоидтық  расаға Орталық, Шығыс Азияның, Индонезияның, Сібірдің жергілікті тұрғындары жатады. Монголоидтықтардың бет пішіні жалпақ, дөңгелек жүзді, қиықкөзді, шашы қайратты, тік, теріснің түсі қоңырқай.

Нергоидты раса африкалық және австралиялық болып  екі топқа бөлінеді. Терісінің  түсі қара, шашы бұйра, көзі қара, мұрны  кең және жалпақ.

Ертеректе негроидтықтарға терісінің түсінің  қара болуы, шашының бұйра болуы, басының айналысндағы ауа қабатын  түзіп, күн сәулесін сақтаған, ал монголоидтардың  бет пішіні және мұрын қуыстарының  кең болуы өкпеге түсетін ауаның жылынуына ықпалын тигізген.

Ақыл, ой ерекшеліктері барлық расаларға  жататын адамдарда бірдей болады. Мәдени деңгейінің әртүрлі болуы  биологиялық ерекшеліктеріне емес, қоғамның әлеуметтік даму жағдайларына байланысты.

Алғаш кейбір ғалымдар адамдардың әлеуметтік даму деңгейін биологиялық ерекшеліктерімен шатастырып, адамды малмен байланыстыратын  өтпелі формаларын іздеді. Бұл қателіктерді расистер пайдаланып бір расаның  сапасы кем, екінші бір расаға жататын  халықтың артықшылығы бар деп  алдыңғыларын аяусыз эксплуатация жасап  колониялы елдерге айналдырып тікелей  қырып жіберді. Жерлерін тартып алу  мақсатында соғыс өртін тұтандырды. Ақ расаны жоғарғы раса деп немістің жер майысқан қалың қолы (1941-1945) Еуропаны жаулап алып, өздерін арийстерміз  деп жариялап, пленге түскен халықты  концлагерде қырып жіберді. Расизм – реакцияшылдық (керітартпалық) идеология, адамды адамның қанауын ақтауға  бағытталған политика.

Расизмнің қанағаттандырлықсыздығын раса туралы ғылым саласы расоведение дәлелдеді. Расоведение адамдардың расалық  ерекшеліктерін, шығу тегін, қалыптасуын, адам расаларының тарихын зерттейді. Бұл ғылым саласының жинақталған  мәліметтері расаларды бөлек  биологиялық түрлер деп есептеуге  мүмкіндік бермейді. Расалардың араласуы әсіресе шекаралық ареалдарда жүреді, нәтижесінде аралық типтер шығып, расалардың арасындағы айырмашылық бәсеңдейді.

Түбі расалар сақталып қала ма? Расалардың қалыптасуының  негізгі шарттарының бірі оқшаулану. Азия, Африка, Еуропада оқшаулану әлі  сақталған. Ал қоныстанғанына көп болмаған Солтүстік және Оңтүстік Америкада  үш раса топтары араласа бастаған. Көптеген елдердегі қоғамдық көзқасақ расалар арасындағы некені қолдамағанымен келешек расалардың аралауы жүріп, ерте ме кеш пе саналы адам түрінің  гибридті популяциясы түзіледі.

Информация о работе Лекция сабақтарының негізгі мазмұны