Лекция сабақтарының негізгі мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 18:26, лекция

Описание работы

Экология. Популяциялар. Биоценоз. Биоценология. Табиғи орта. Абиотикалық фактор. Антропогендік фактор. Экожүйелер. Биосфера. Микро және макроэкожүйелер. Табиғат ресурстары. Экологиялық мониторинг. Адам экологиясы. Қолданбалы экология. Геоэкология.
Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриялды дамуы табиғи рессурстарды пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерін еселеп өсіре түсуде.

Работа содержит 1 файл

5-Лекция сабақтарының негізгі мазмұны-Экология (1).docx

— 126.79 Кб (Скачать)

 

Қазіргі замандағы ғаламдық экологиялық проблемалар

Климаттың өзгеруі “Қызу әсерінің” салдарынан болатын климаттың өзгеруі жалпы әлемдік көлемдегі проблема болып табылады және қоршаған ортаның жай-күйіне барынша ықтимал қатер төндіреді.

Қазақстан 1995ж  климаттың өзгеру жөніндегі БҰҰ  үлгілі Конвенциясын бекітті ал 1999ж  осы Конвенцияға Киото хаттамасына  қол қойды.

Аталған хаттаманы  бекіткен және ол күшіне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелерді  өзіне жүктей отырып, І қосымшаның Тарапы болады.

Қазақстанның  Киото хаттамасының бекітуінің мақсатқа сайлылығын айқындау үшін 2004 ж барысында  қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелердің Қазақстанның экономикасына әсері  мәселелері бойынша зерттеулер жүргізілу  қажет.

Талассыз  экологиялық тиімділігінен басқа  Киота хаттамасын бекіту біздің ел үшін халықаралық инвестицияларды  тарту, басқа елдердің экономикасына  активтерді орналастыру мүмкіндігімен  инвестор роліндегі бірлескен жүзеге асыру жобаларына және “Таза даму”  процестеріне қатысу, өндірістің энергия  тиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды  қолдану, сыртқы энергетикалық рынокта  елдің экономикалық мүдделерін қорғау үшін көміртегі кредиттерін шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына  квоталар сату жөніндегі перспективаларды ашады.

Киота хаттамасы  бекіткеннен кейін нақты жобалар  мен іс-шараларды іске асыруды  көздейтін Қазақстан Республикасында  қызған газдардың шығарындыларын азайту жөніндегі 2015 ж дейінгі бағдарлама әзірленетін болады.

Озон  қабатының бұзылуы. Жердің озон қабатының бұзылуы адам, жануарла, өсімдіктер мен микроорганизмдер тіршілігі үшін ықтимал қатер болып табылады. 1973ж бергі байқаулар Қазақстанның үстіндегі озон қабатының қалыңдығы 5-7 пайызға азайғанын көрсетті.

Біздің ел озон қабатын сақтау туралы халықаралық  келісімдерге 1998ж қосылды.

Жердің  шөлейттенуі және тозуы. Қазақстанның көп бөлігі күн аймақта орналасқан, аумағының 66 пайызы түрлі деңгейде шөлейіттену процестеріне бейім.

       Биоәртүрлілікті сақтау. Қазақстан экожүйесі Орталық Азияда  және тұтастай алғанда континентте биологиялық әртүрлілік бірегейлілігімен ерекшеленеді. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жоғалуы генетикалық деңгейдегі әртүрлілігі жоғалтуға және экожүйелердегі тиісті өзгерістерге әкеледі. Биоәртүрлілікті іс жүзінде жоғалтудың негізгі себебі өмір сүру ортасының жойылуы және тозуы, ең бастысы ормандарды жою, топырақтың эрозиясын, ішкі және су айдындарының ластануы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тым көп тұтыну болып табылады.

 

Табиғат пен қоғамның қарым  қатынасындағы әлеуметті экологиялық  проблемалары

Адамзат қоғамы мен қоршаған орта арасындағы қатынастарды, өндірістік қызметтің қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттеріне тікелей және жанама әсерін, антропогенді факторлардың адамның  денсаулығы мен адам популяциаларының гендік қорына экологиялық әсерін әлеуметтік экология зерттейді. Ол табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық негізі болып  табылады.

Қолданбалы  экология қоршаған ортаның практикалық  мәселелерін шешу жақтарын қарастырады(қоршаған ортаны ластанудан қорғау, табиғат  рессурстарын тиімді пайдалану, әр түрлі  салаларындағы технологияларды  жетілдіру). Қолданбалы экологияда өнеркәсіптік, ауылшаруашылық химиялық, медициналық  және т.б. бағыттары дами бастады. Олай болса классикалық экологияда абиотикалық және биотикалық факторларға және олардың табиғи экожүйелердегі әсеріне көп көңіл бөлінеді. Ал әлеуметтік және қолданбалы экологияда ең алдымен антропогенді факторлар, олардың табиғи және әлеуметтік жүйелердегі әсері қарастырылады.

Ұлттық  экологиялық проблемалар

Табиғи экологиялық  жүйелердің бұзылуы, флора мен фаунаның тозу орын алған және қолайсыз экологиялық  ахуал салдарынан халықтың денсаулығына елеулі зиян келтірілген Арал және Семей экологиялық апат аймақтары  болып жариаланды. Экологиялық апат аймақтары елдің ішкі қауіпсіздігіне нақты қатер болып табылады . Қазіргі  уақытта  бұрынғы Семей полигонына шектес аудандардан (71,9 мың халқы  бар 85 елді мекен) онкологиялық ауруларыдың, адам өлімінің, адамдар қан айналымы жүйесі ауруларының, жаңа туған сәбилер  арасындағы кеселдердің және ерте қартайуы көрінісінің жоғары деңгейі байқалуда.

Арал өңірі  экологиялық апат аймағында (186,3 мың  халқы бар 178 елді мекен) әсіресе  әйелдер және балалар арасында асқазан-ішек аурулары мен қан аздығы, балалардың шетінеуі мен туа біткен потологияның жоғары деңгейі байқалуда.

Елдің ішкі қауіпсіздігіне қатерді жою мақсатында экологиялық апат аймақтарында халықтың тууының әлеуметтік-экономикалық және жағдайын кешенді талдау жөнінде  іс-шаралар жүргізу, оның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуіне баға беру, экологиялық талаптарды әзірлеу  және аумақтарды экологиялық бағалау  мен ядролық сынақтар мен өзге де факторлардың халықтың денсаулығына, қоршаған ортаға әсерінің салдарын ескере отырып, сауықтыру –оңалту іс шараларын  жүзеге асыру қажет. 2007ж дейін  халықтың ішкі көшу-қону және экологиялық  апат аймақтарының аумақтарын шаруашылыққа пайдалану бағдарламасы  әзірлену  қажет.

 

Табиғи ортаның сапасы және ластануы

! Қоршаған ортаның  сапасы. Зиянды химиялық заттар. Ластағыш заттар. Ластану көздері. Зиянды заттардың шекті мөлшері. Химиялық ластану. Радиактивті ластану. Биологиялық ластану. Улы заттар. Зиянды қалдықтар. Сауле ақ-қан аурулары.

Қазіргі кезеңдегі  шиеленісіп отырған экологиялық проблемаларға байланысты табиғи ортаның сапасын жақсарту көкейкесті мәселе болып отыр. Табиғат ресурстарын барынша пайдалану оның қорларын азайтумен қатар сапалық күйін де нашарлата түсті. Нәтижесінде жер шарының кейбір аймақтарында қайтымсыз табиғат өзгерістері мен апаттар көрініс береді. Оның мысалы ретінде топырақ құнарлығының азаюына байланысты ауыл шаруашылығы өнімдерінің төмендеуі, шөлге айналған экожүйелер, өзен мен көлдердің тартылуы, климаттағы өзгерістер мен апаттар көрініс береді. Оның мысалы ретінде топырақ құнарлығының азаюына байланысты ауыл шаруашылығы өнімдерінің төмендеуі, шөлге айналған экожүйелер, өзен мен көлдердің тартылуы, климаттағы өзгерістер,  қуаңшылық, фауна мен флораның сиреуі т.б. көптеген табиғат факторларын келтіруге болады.

Табиғи ортаның  сапасы ұғымын қалай түсінуге болады? Қоршаған орта не себептен сапасы нашарлап  жарамсызданады немесе ластанады?

Бізді қоршаған табиғи орта ертеректе таза болған. Кейіннен адам баласының іс-әрекетінен табиғатқа зат айналымына түспей қордаланып қалатын зиянды химиялық әртүрлі заттар шығарыла бастады. Ластағыш заттар қатты, сұйық, синтетикалық, газ күйінде табиғатқа шығарылып су, ауа, топырақтың сапасын төмендетеді. Зиянды заттар адам тіршілігіне қажетті азық-түлік, су, т.б. заттардың құрамында қалыпты мөлшерден асып кетеді. Нәтижесінде, адам баласы, табиғат зардап шегеді. Осыған байланысты шет елдерде және біздің елімізге су, ауа, топырақтың сапасына бақылау жасап ондағы зиянды заттардың мөлшеріне шек қойылған. Яғни, зиянды заттың мөлшері сол шектен аспауы керек. Мәселен, азық-түліктің құрамында қорғасын 0,001 мг/л аспауы тиіс. Осы шектен асқан жағдайда азық-түлік жарамсыз немесе денсаулыққа қауіпті деп есептелінеді. Сондықтан адам баласы жұмыс істейтін орындардың ауасы, азық-түліктің құрамы, су, көкөністер мен ауылшаруашылық өнімдерінің сапасы мүмкіндігінше ұдайы тексеріліп отыруы тиіс.

Қоршаған  орта сапасы негізінен адам денсаулығымен  бағаланады.

 

Табиғи ортаны ластаушы заттар негізінен 3 топқа жіктеледі

Ластаушы заттар

 

Радиоактивтік   химиялық   биологиялық

жылу    аэрозолдар   бактериялар

шу, жарық   химиялық заттар  микробтар

электромагниттік  ауыр металдар  паразиттер

сәулелер            пестицидтер  құрттар т.б.

 

Схемада көрсетілген зиянды заттардың бәрі тірі ағзалар мен адамдар үшін әртүрлі деңгейде әсер етеді. Зиянды заттардың мөлшеріне, улылығына қарай тірі ағзалар жеңіл немесе ауыр зардап шегуі мүмкін. Айталық адам ағзасына улы заттардың аздаған мөлшерінің түсуі басты айналдырып, құстырып, естен тандыруы мүмкін. Ал, осындай зиянды заттардың шектен тыс мөлшері түссе өлімге душар етуі әбден мүмкін.

Қоршаған  ортаны ластаушы ретінде химиялық заттар тіршілікке өте қауіпті. Оны –  химиялық ластану деп атайды. Қазіргі  кезде ауаны ластаушы улы заттардың 150-ден астам түрі белгілі.

Химиялық  ластаушы заттар өнеркәсіп, зауыт, жылу қазандықтары, автокөліктер, ұшақтар  жұмыс істегенде бөлініп отырады. Олар қатты, сұйық, газ күйінде болуы  мүмкін. Улы заттардың химиялық құрамын  сендер 8-сыныптан бастап толық танысасыздар. Ал қазіргі ескеретін жағдай ашық өзен, көлдерден суды қайнатпай ішуге, жеміс-жидекті жумай жауге болмайды. Әсіресе, ірі қалалар, өнеркәсібі дамыған  жерлерде, зауыт, фабрикалар маңы жоғарыда аталған зиянды заттарға толы болады. Сондықтан, химиялық заттармен улану  бұл жерлерде жиі байқалады. Өйткені, улы заттар адам ағзасына түсіп бүкіл  денеге тарайды да адамды бей-жәй  қылып тез шаршатады, жұмыс қабілеті нашарлайды, тәбеті төмендеп ұйқы басып  тұрады. Одан әрі ағзамыз уланып ішкі мүшелердің қабынуына, жүйкенің жұқарып  естен тану немесе өкпе-тыныс жолдарының ентікпе, жүрек қан қысымы, аллергия, қатерлі ісік ауруларына шалдығады.

Улы заттардың  қатарына темекі мен есірткі заттары  да жатады. Темекіні жиі тарту (әсіресе балалар) өкпе мен қолқаның созылмалы ауруына, тіптен еріннің, өкпе жолдарының қатерлі ісік ауруын тудыратыны медицинада белгілі. Есірткі заттары да қолқа, өкпенің қатерлі ісік ауруларын туғызады.

Қоршаған  ортаның химиялық ластануы жер шары бойынша әлемдік экологиялық  проблемаларға жатады. Оны өздерің естіп жүрген «Жылу эффектісің, «Озонның жұқаруың, «қышқыл жауындарң, «фотохимиялық улы тұмандарң деп аталатын бүгінгі күннің қатерлі құбылыстары. Олар туралы жоғары сыныптарда толық мәлімет беріледі.

Табиғи ортаның  радиациялық ластануы да бүгінгі таңдағы өзекті проблемалардың бірі. Оның химиялық ластанудан өзіндік ерекшелігі бар. Радиациялық ластану процесін жоғарғы сыныптарда толық оқып білесіңдер. Жалпы радиациялық ластану көздері дегеніміз – адам баласы өзі ойлап тапқан атом қаруларын сынаған кезде кейібр химиялық элементтерден зиянды сәулелердің бөлінуі. Ол сәулелер көзге көрінбейді, бірақ тірі ағзалардың ішкі клеткаларына өтіп оны зақымдап қанның құрамын бұзып тоқтаусыз дамиды. Мұндай қауіпті сәулелер көбінесе ядролық сынақтар жасаған полигондарда, ғарышқа ұшатын айлақтарда, ірі кешенді өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда жиі болады. Оның қарапайым мысалы кәдімгі рентген аппараты. Адам баласы рентгенге түскенде радиациялық сәуленің шекті мөлшерін ғана алады. Оның зияны болмайды.

Ал, рентгенді  жиі алу зиян. Сол үшін рентгенге  түсуді дәрігерлер реттеп отырады.

Ірі өнеркәсіп, атом реакторларының қалдықтары, космос корабльдерінің сынақтары бәріде зиянды сәулелер шығарады.

Сәуле, ақ қан, қатерлі ісік аурулары радиактивті  заттардың әсерінен болатыны әлдеқашан  дәлелденген. Сәуле ауруымен әсіресе  қарттар мен жас сәбилер жиі  ауырады. Оның негізгі белгілері: әлсіздік, бас айналу, көздің бұлдырауы, жүректің айнуы, құсу, іш өту, терінің бозаруы, қан қысымының ауытқуы, естен айыру болып табылады. Мұндай жағдайда адамдар тез арада дәрігерге көрінген жөн.

Жер шары бойынша  адам баласы бірнеше  таризи радиациялық  апаттардың куәсі болып зардап шекті. Мәселен, 1945 жылғы АҚШ мемлекетінің Жапон елінің Хиросима, Нагасаки қалаларына атом бомбасын тастауы. Нәтижесінде бүгінгі күнге дейін мыңдаған адамдар сәуле ауруының азабын көруде. Одан кейінгі жылдары атом қаруларын суда, жер астында және атмосферада сынау басталды. Сол сияқты ірі елдерде атом электр станциялары, мұз жарғыш кемелер, ядролық қондырғылары бар сүңгір кемелер кең түрде пайдалана бастады. Әрине атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану өте тиімді әрі арзанға түседі. Ал, атом станциялары мен кемелерде авария болған жағдайда қоршаған орта өте қауіпті. Оның мысалы – Чернобыль ядролық апаты. Апат кезінде атмосфераға радиоактивті заттар шығарылып ауданы 3000 км жерге тарады. Ең бастысы Еуропаның барлық елдері зардап шекті.

Біздің республикамызда 40 жылдан астам уақыт бойы Семей  өңірінде, сол сияқты Тайсойған, Азғыр, Нарын жерлерінде 500-ден астам ядролық сынақ жасалғаны мәлім. Оның әрбіреуінің қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан кем болмады. Оның тигізіп отырған зардабы еліміздің әрбір тұрғыны жақсы сезініп одан сауығудың жолын іздестіруде.

Табиғи ортаның  биологиялық ластануы да ерекше орын алады. Биологиялық ластаушыларға ауру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар, қарапайымдылар жатады. Олар ауа, су, топырақ, тірі ағзалардың денесінде, адам ағзасында кездеседі. Тек қана адам ағзасында 500-дей паразитті ағзалар тіршілік етеді. Олар сыртқы және ішкі паразиттер болып жіктеліп түрлі ауруларға душар етеді. Мәселен, бүрге, маса, сүлік, кенелер адам денесін уақытша пайдалана отырып безгек, тырысқақ, қотыр, сүзек, оба ауруларын таратып отырады.

Аталған аурулардың көбі жұқпалы әрі тез таралады. Ауру адамнан сау адамға ауру түрлері бірнеше жолдармен жұғады. Мәселен, тұмау, қызылша, күл, шешек аурулары адам түшкіргенде, жөтелгенде ауа арқылы жұғады. Кейбір ауру түрлері – адамның ауыз қуысы арқылы азық-түлікпен таралады. Оларға – қантышқақ, тырысқақ, сальмонелез, полимелит т.б. аурулар жатады.

Информация о работе Лекция сабақтарының негізгі мазмұны