Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 18:26, лекция
Экология. Популяциялар. Биоценоз. Биоценология. Табиғи орта. Абиотикалық фактор. Антропогендік фактор. Экожүйелер. Биосфера. Микро және макроэкожүйелер. Табиғат ресурстары. Экологиялық мониторинг. Адам экологиясы. Қолданбалы экология. Геоэкология.
Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриялды дамуы табиғи рессурстарды пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерін еселеп өсіре түсуде.
Протерозойдың
орнына келген полеозой заманының 360 миллион
жылында хайуанаттардың барлық типтері
мен кластары пайда болды, тек
құстар мен сүт қоректілер болмады.
Полеозойдың алғашқы үш кезеңінде
барлық өсімдіктер мен хайуанаттар
теңізді мекендеді, ал құрылықта, сірә,
өмір болмаса керек. Теңіздерде ұлулар,
тікен қабықты теңіз лилиясы
болды, бұлардың ұзын сабағының басында
жалбыраған шаштары бар әдемі
қауашақ болды. Осы заманғы маржандардың,
трилобиттердің, құртардың, медузалардың,
губкалардың, шаяндардың, шыбын-шіркейлердің
және басқа да омыртқасыз хайуанаттардың
арғы тектері саналуан болды. Ал өсімдіктер
арасында балдырлар үстемдік құрды.
Міне, дәл осы кезде тұңғыш омыртқалылар
пайда бола бастады, сөйтіп өсімдіктердің
құрлыққа шабуылы басталды. Палеозойдың
соңғы кезеңі – пермдік кезең
климат пен жер бедерінің шұғыл
өзгеруімен сипатталады. Бүкіл жер
шарында материктер көтерілді, ұсақ
теңіздер кеуіп кетті, бұлардан тұз
басқан шөл ғана қалды. Осы кезеңде
таулардың пайда болу процесі
жедел жүріп жатты. Антарктика жағынан
жайылған мұз жамылтқылары оңтүстік
жарты шардың көп бөлігін, экваторға
дейін басып қалды. Мұз басу климатты
өзгертті, климат салқын әрі құрғақ
болып кетті. Кейбір организмдер
шыдай алмай жойылып кетті. Судың
суығандығынан және ұсақ теңіздердің
суалып қалу нәтижесінде өмірге жарамды
кеңістіктердің азаюынан тіршіліктің
теңіздік формаларының көпшілігі қырылып
қалды. Соңғы тас-көмірлік және пермдік
ерте кезеңдерде қарапайым бүтін
бастылардан бауырымен
Мезозой дәуірінде бауырмен жорғалайтындары – динозаврлар мен терозаврлар, мозазаворлар, ихтиозаврлар және тағы сондай судағы және тіпті ауадағы өмір жағдайына икемделіп алды. Бұлардың көпшілігі үлкендігі адам айтқысыз болып ұзындығы 10 және тіпті 20 метр, салмағы бірнеше тоннаға жететін. Мезозой дәуірінде өсімдік дүниесі де едәуір өзгеріске ұшырады. Триастық кезеңде жалаңаш тұқымдылардың үстемдігі күйреуге бет ала бастады. Тұқымдық папоротниктер де құрыды. Тікенді жапырақтылар кең тарай бастады. Юрий кезеңінде жабық тұқымдылар көбінесе қос тұқымды жарнақтылар пайда болды. Кейінірек тұңғыш үйеңкі мен қара ағаш ормандары және қазіргі заманғы түрлерге ұқсағандар – смаковницалар, магнолиилер, пальмалар және басқалары пайда бола бастады. Осы кезде сүтқоректілер, құстар және сүйекті балықтар пайда бола бастады.
Мезозойдан кейінгі кайнозой дәуіріндегі сүтқоректі құстардың, құрт-құмырсқалардың және гүлді өсімдіктердің дамыған заманы болды, бұлардың арасында жоғары дәрежеде дамыған сүтқоректілер, соның ішінде тұяқтылар мен жыртқыштар ерекше қарқынмен өсті. Аяқ шенінде сүтқоректілер эволюциясының жоғары гүлденген кезі жетті және адамға ұқсаған маймылдар пайда болды. Адамның арғы тегі – адам тәрізді ірі маймылдар барлық басқа маймылдар сияқты, алғашында ағаш арасында, соңынан жерде өмір сүрді. Түрлі жолдармен дами отырып, маймылдар табыны және адам қоғамы өзара бір-бірінен ерекше өзгешелене түсті. Адамның санасы жетіле бастады, ол алғашында тіршілікпен, кейіннен аңшылықпен, егіншілікпен айналысты, жануарларды қолға үйретіп, үй малдарына айналдырды. Адам жоғары даму шегіне жете бастады. Адам жаңа сападағы әлеуметтік тіршілік иесі. Соның өзінде адам тірі табиғаттың бір бөлігі. Энгельстің айтуына қарағанда, адам жан-тәнімен, қанымен және ақыл-ойымен табиғатқа жатады және табиғат ортасында өмір сүреді, бірақ оның жануардан айырмашылығы табиғаттың заңын таниды, ол заңдарды дұрыс пайдалана біледі. Адам білім негізінде табиғаттың әміршісі болады, табиғатты өзінің мүддесіне қарай өзгерте алады.
Қазіргі биосфера барлық тірі организмдер мен олардың тіршілік ортасын қамтитын көптеген құрамды бөліктерден тұратын күрделі жүйені құрайды.
Биосфераның
пайда болуы және оның тарихи дамуы
– қазіргі жаратылыстану
1926 жылы В.
И. Вернадский Ленинградта, үш
жылдан соң Парижде және
Биосфера – Жер шарының осы бір айрықша қабығына қандай ерекшеліктер тән? Біріншіден, биосферада сұйық күйдегі судың мөлшері айтарлықтай көп. Екіншіден, оған Күн энергиясының тасқыны ықпал етеді. Үшіншіден, биосфера үшін сұйық, қатты және газ күйіндегі заттардың бөліну беттерінің болуы тән.
Жердегі энергия
көзі Күн болғандықтан, күллі тірі
организмдер жердің екі қабығы литосфера
мен гидросфераның жоғарғы
Литосфераға
тірі организмдер болмашы тереңдікте
ғана енеді. Олардың негізгі бөлігі
топырақтың жоғарғы, қалыңдығы ондаған
сантиметр қабатында
Тірі организмдер
литосфераның бетінен атмосфераның
төменгі, бірнеше сантиметрден бірнеше
метрге дейінгі биіктіктегі
Атмосфера мен литосферадай емес, гидросфера ең беткі қабатынан табанына дейін тіршілікке толы. Ғалымдардың зерттеу құралдары жете алған жерлердің барлығында тірі организмдер табылған. Бұдан, организмдердің таралуы үшін сұйық күйдегі су жарықтан гөрі маңызды шектеуші фактор болып табылады деген қорытынды жасауымызға болады. Айталық, әлемнің ең ыстық шөлдері формальді түрде биосферадан тысқары жатыр. Бірақ іс жүзінде оларды парабиосфералық аймақтар деп санауға болады, себебі ол жерде тіршілік аз да болса бар. Таулы жерлерде хлорофильді өсімдіктер 6200 м-ден жоғары биіктікте тіршілік ете алмайды. Бұдан да жоғары биіктіктерде кейбір жануарлар, мысалы, өрмекшілер кездеседі. Өрмекшілер аяққұйрықтылармен қоректенеді, ал олар өз кезегінде өсімдік тозаңшаларының түйіршіктерімен қанағаттанады. Биосфераның биік таулы бөлігін ЭОП аймағы деп атайды.
Қазіргі биосфераның қалыптасуы ғасырлар бойы орын алған эволюцияның нәтижесі. Биосфера эволюциясы дегеніміз түрлердің және олардың арақатынастарының үздіксіз бір мезгілде өзгеру және бір түрдің түсіп қалып, бұрын болмаған екінші бір түрлердің пайда болу құбылыстары. Биосфера эволюциясы биотодан бұрын болған, химиялық эволюция тіршіліктің пайда болуын дайындаған кезеңнен және дұрысын айтқанда биологиялық эволюциядан тұрады. Қалыптасқан көзқарастарға сәйкес олардың негізгі сатылары төменде келтірілген. Биоталық эволюциядан бұрынғы кезеңнің біртіндеп алмасып отырған сатылары:
Тарихи тұрғыдан қарайтын болсақ, адам пайда болып, биосфераға әсерін тигізе бастаған шақтан осы кезеңге дейінгі уақыт аралығында биосфераның өзгеруін бес сатыға бөлуге болады. Бұл сатылар:
Соңғы саты осыдан шамамен 300 жыл бұрын басталып, қазіргі кезге дейін келе жатыр. Срнымен, адамның іс-әрекетінің әсерімен биосферада болатын негізгі өзгерістер түрлеріне келесі жағдайлар жатады:
Орыс академигі В. И. Вернадский биосфералық қалыптасу және даму эволюциясындағы «тірі заттардыңң ролін өте жоғары бағалады. Әсіресе тірі организмдер оған қоса адам баласының іс-әрекетінің биосфера шегіндегі биогеохимиялық фактор ретіндегі ролін бағалай келіп, биосфера өзін-өзі реттеп отыратын табиғи жүйе екендігін дәлелдеді. Яғни, планетадағы ең жоғарғы сатыдағы дамыған тіршіліктің ұйытқысы түрлі организммен байланысты екенін баса айтты. Шын мәнінде тірі организмдер ғарыштық энергияны Жердегі химиялық энергияға айналдыра отырып, планетадағы тіршіліктің көптүрлілігіне әкелді. Осының бәрі биосферадағы химиялық элементтердің миграциясы болып табылады. Бұл процестер табиғаттағы зат және энергия айналымдарымен шектеліп, биосфера шегіндегі ғаламдық зат алмасулардың үздіксіз қозғаушы күшіне айналды. Ең басты мәселе биосферадағы айналымдардың қалдықсыз жүруі нәтижесінде биосфера деп аталатын үйімізде ешбір басы артық зиянды қосылыстар түзілмейді, бәрі де қайтадан айналымға түсіп, табиғаттың өзін-өзі тазартуы жүріп жатады. Ол процестердің ең басты қозғаушы күші – Күн екенін естен шығармауымыз керек.
В. И. Вернадский
табиғаттағы зат айналымдарының
тұрақты даму процесіндегі адамның
роліне ерекше мән берді. Тіптен, оның
дәлелдеуінше, адам баласы теңдесі
жоқ биосферадағы ең қуатты геологиялық
күш ретінде бағалады. Яғни, болашақтағы
биосфераның тағдыры адамзаттың
ақыл-ойының сапасында немесе деңгейінде
екенін болжай келе, өзінің өте маңызды
теорияларының бірін
Ноосфера - ақыл-ой
сферасы екенін одан әрі зерттеулер
жүргізген В. И. Вернадский, Э. Леруа,
Т. Шарден сынды ғалымдар: «...Адамның
ақыл-ой, мемлекеттер саясатты, ғылым
жетістігі, т.б. адамзаттың биік адами
деңгейі табиғат пен қоғамның
гармониялық дамуын жүзеге асыратын
ноосфераң - деген қорытындыға келген.
Бірақ та, планета тұрғындары ноосфера
идеясын айтушы ғұлама ақыл иелерінің
болжай айтқан шындығын бағалай білмеді.
Жұмыр жер адам баласының бұрын-соңды
болмаған небір зорлық-зомбылығына
ұшырады. Ғылыми техникалық прогресс қазіргі
биосфераның тағдырын басқаша шешті.
Небәрі соңғы 70-100 жыл ішінде адам баласының
іс-әрекеті мен ықпалы табиғаттың
геологиялық жылдар бойы қалыптасқан
ұсқынын мүлдем өзгертті. Жер шарында
тіршілік жоқ жерлер, тіршіліксіз
құмдар, шөлдер, тақырлар пайда болды.
Ауа райы өзгеріп, табиғат байлықтары
сарқыла бастады. Адам баласы табиғат
байлықтарын меңгеру былай
Академик В. И. Вернадский өзінің 1944 жылы жазған еңбегінде: «...Болашақ планетаның ұсқыны мен тыныс тіршілігі адам баласының ақыл-ойы мен парасатына байланысты дамиды және тәуелді болады. Ең бастысы адамзаттың санасыз ақыл-ойының нәтижесіне байланысты биосфера тағдыры шешіледің,- деген тамаша болжамын айтқан болатын. Шын мәнінде, қазіргі биосфераның тұрақтылығы тек адам баласының қолында екенін әрбір көзі ашық, көңілі сергек мүшесі түсініп отыр.