Анализ финансовой деятельности

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 13:43, реферат

Описание работы

Қазіргі кездегі ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда экономика мен экономикалық теория бүгінгі күндерде қоғамды дамытудың басты пәрменді күші болып отыр. Экономикалық құрылымы өте күрделі және экономика ғылымы эволюциялық жолмен дамып, болжамдарды жалғастырып келеді. Экономика соныменқатар қоғам өмірінің көптеген мәселелерін қамтиды. Әсіресе, соның ішінде баға, табыс, жұмыссыздық және тағы басқа құбылыстардың өзгерісімен тығыз байланысты. Қазіргі күндері экономиканы біріншіден - өндіріс, инфляция, табыстар қозғалысын түсіндіру және жазу үшін, екіншіден – экономикалық тәртіпті негіздеу үшін қолданылады

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................. 2

Ι Инфляцияның мәні, туу себептері.

1.1 Инфляцияның экономикадағы мәні............................................................3

1.2 Инфляцияның пайда болу себептері..........................................................5

1.3 Инфляцияның түрлері...................................................................................7

ΙΙ Инфляцияны ауыздықтау және тоқтату жолдары

2.1 Инфляцияның зардаптары және оны азайту іс-шаралары.....................14

2.2 Табыс – инфляциясымен күрестің басты құралы....................................17

ΙΙΙ Қазақстанда инфляцияның ерекшеліктері және инфляцияға қарсы саясат....................................................................................................................20

Қорытынды........................................................................................................23

Қолданылған әдебиеттер................................................................................24

Работа содержит 1 файл

Курсовая для Акылбаевой.doc

— 184.00 Кб (Скачать)

      «Ұлттық  валютаны» ішкі  тұрақтылығы инфляция  қарқынының  төмен болуының   сақталуымен, ал  сыртқы  тұрақтылық – айырбас  бағамының  тұрақтылығымен    сипатталады. Инфляцияның  төмендеуі  макроэкономикалық    тұрақтылыққа  қол  жеткізеді  және  сол  арқылы  экономикалық  өсуге  жағдай  жасайды.

    Айырбас  бағамының  тұрақтылығы  инфляциялық  күтулерге  және  ішкі  қаржы  рыноктарының    тұрақтылығына  оң  ықпалын  тигізеді.

    Экономикада  ақша  ұсынысының    сұраныстан  едәуір  артуы  бағалардың  өсуіне, яғни  инфляцияны  тездетуге  әсер  етеді. Сондықтан  Ұлттық  банк  ақша – кредит  саясатының  құралдарын  пайдалана  отырып, экономикаға  ақшаның  түсуін  реттейді. Мысалы, ақша  шамадан  тыс  көп  түскен  кезеңдерде     

    Ұлттық  банк  портфеліндегі  мемлекеттік  бағалы  қағаздардың  бір  бөлігін  сатып, ақша  ұсынысын  азайтады. Ақша  жеткіліксіз  көлемде  түскен  кезеңдерде   қайталама рынокта   айналыста жүрген  мемлекеттік бағалы  қағаздардың бір бөлігін сатып алып, ақша  ұсынысын  ұлғайтады.

    Қазіргі  кезде  инфляцияның    экономикаға  әсері  2  бағыт  бойынша  жүреді:

    Жалпы  өндіріс  көлемінен (макроэкономикалық  тиімділік)

    II.Ресурстарды  орналастырудың  экономикалық  тиімділігінен   көрінеді.

    Бірінші  бағытқа  тән  сипат, инфляция  жұмыспен  қамту  және  өндіріс  көлемі  жоғары  дәрежеде  болған  кезде  күшейеді  және  керісінше, инфляцияның  төмендеуі  өндірістің  құлдырауымен  жұмыссыздықтың  өсуіне  ілесе  жүреді. Алайда қазіргі макроэкономика мынаны куәландырады инфляция мен өндіріс көлемі, жұмыссыздың деңгейі арасындағы тікелей байланыс жоқ.

      Инфляция  зардаптарын  бейтараптандыру   мен  мақсатымен  мемлекет  инфляцияға  қарсы  саясат жүргізеді. Инфляцияға  қарсы саясатта  экономиканы  тұрақтандыру,сонымен  қатар  экономиканы  қадағалау  керек.

      Антиинфляциялық  саясаттың   маңызды  элементтерінің  бірі  қаржыны  сауықтыру  және  халық  шаруашылығын  тұрақтандыру, шығыны  көп  және  рентабельділігі  төмен  шаруашылық  субъектілерін  қысқарту   болып  табылады. Бұған  халық  тұтынатын  тауарларға  бағаны   өсіру  арқылы  емес,өндірістің  тиімділігін  арттыру  негізінде  жетуге  болады. Сондай – ақ  шет  елдік несиелерді  пайдалануда  маңызды.

        Бірсыпыра   шет  ел  мамандарының  пікірінше   Қазақстанда  жеңіл   өнеркәсіп  және  туризмді  дамытуда  инфляция  салдарын  баяулатуға  болады.Сондықтан   бұл  салалардың   дамуына   айырықша  көңіл  бөлінуі   керек. Сыртқы  сауда мен айналысатын кәсіпорындарды  толық   өзін - өзі   валюталық ақтауға кешіру, ұлттық  ақша  теңгені ендіру  толық қажет .Сонымен инфляцияның халықтың  әл – ауқатының деңгейіне теріс әсер  ететін  нәтижелерін азайту  керек.

      ″  Қазақстан Республикасының Ұлттық  банкі туралы" Заңға енгізілген  және  1 қаңтардан басатп  күшіне  енген соңғы өзгерістерге  сәйкес, Ұлттық  банктің негізгі мақсаты бағалардың  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету болып табылады. Сондықтан қазіргі  уақытта Ұлттық  банк  инфляция  бойынша бағдарларды белгілейді.Тиісінше,Ұлттық  банк  теңгенің  айырбас бағамы  бойынша бағдарларды белгілемейді  және  ішкі  валюта  рыногында теңгенің  айырбас бағамының алыпсатарлық  секірістерінің  алдын алу қажет болғанда  ғана  барынша аз  қатысатыны  болмаса, оны қалыптастыруға  араласпайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қорытынды 

          Адам  өмірі  өне  бойы  қозғалыста  болғандықтан, ондағы  қоғамдық  қатынастар  өзгеріп, жаңарып  отырады.

         Инфляция  қағаз  ақшалардың  алтынмен  салыстырғанда  құнының  төмендеп  кетуімен  туады  да, товарлар  бағасының  көтерілуіне  әкеп  соғады. Экономика  ілімінің  дүниеге  келуі  адамзат  қоғамының  аяқтан  тұруымен  қатар жүрді.

           Республикада  осы  өтпелі кезеңде ауыр  да  қарама-қайшы процестер болып отыр. Соның  бірі  инфляция  болып  отыр.

           Бүгінде  адамзат  өмірі  қай  жағынан  алып  қарасаңыз  да  әр  түрлі  мәселелермен  бетпе – бет  келіп  отыр,оның  бірі  экономиикалық  жағдайлар.Қазірде жер бетінде сол сауалдар  мен жағдайлар көп ескерілуде.

           Шынын айтсақ, ұлттық  валюта  енгізілгеннен кейін алғашқы екі жыл біздің  еліміз  үшін  өте қиын  жылдар  болды.Жалпы экономикалық  сипаттағы объективті  қиындықтар  ( бағларды ырықтандыруға және  өндірістің  құлдырауына байланысты  инфляцияның жоғарғы деңгейі, импорт  тауарларының  қанағаттандырмайтын сұраныстың  едәуір )  шет ел  валютасына  сұраныстың  өсуіне, ал  ізінше, бағамның  өсуіне  әкеп  соқты.Теңгені енгізуге қатысты есеп  айырысу жүргізген кезде ұлттық  валютаның тұрақтылығына ықпал ете алатын  барлық  негізгі факторлар есепке  алынған. Алғашқы кезде теңге бағамы  төмендейді деп күтілген  болатын.Алайда ,мысалы  1994  жылы  кәсіпорындардың сәтсіз  жүргізілген  өзара  шаруашылық  есеп  беруі  сияқты  өтінішті   экономикалық  жаңсақтықтар   алғашқы  айларда   теңге  айналысының  жағдайын   біршама  қиындатты. Енгізіген  кезден  бастап  алғашқы  жеті  айда  8  есе  құнсызданды.

         Ия, шынында теңгені  енгізгеннен  кейінгі  екі  үш  жылда  оның  бағамы  тұрақсыз  болды, инфляция  қарқыны  көбейгендігі  белгілі. Мұны  теңге  енгізілген  кезде  болжамдаған  болатын. Бірақ, міне  біз  өзіміз  көріп  отырғанымыздай  теңге  нарықта  тұрақтанды. Мүмкін оның  алғашқыда құлдырау  себебі,  біздің  елде  КСРО  құлағаннан  кейінгі қаржы жүйесінің біршама сақталынуы  және  өз  ұлттық  валютамызды бірінші рет нарық сахнасына енгізуінде, теңгеге нарықтың  әсері болуы шығар. Алайда,енді  біз сеніммен  теңгенің    аяғына  тік  тұрып   тұрақтанғанын 

          Қазіргі  кезде  біздің  елде  қаржы  саясаты   тұрақтанды  деп  айтуға  болады.Жоғарыда  айтылғандай  ұлттық  банк  бағдарды  инфляция  бойынша  ғана  белгілейтін   болады. Тағы  да  осы  тақырып  бойынша  айтатын  жаңалық  ол  2004  жылы  27   қаңтарда  Президентіміздің  ұлттық  банк  төрағасы  етіп  Сайденов А.Г  мырзаны   тағайындауы. Ол  ұлттық  банк  қызметінің  тікелей  ауысуына  байланысты  болар.Ендігі  кезде  бүкіл   халық, Президентіміз  жаңа  ұлттық  банк  төрағасына  сеніп ,әрі  қарай  еліміздің  экономикасына  тұрақтандыруға  сенуде.Халқымыз  үмітпен  " Іске сәт ″ демек.

                          Қолданылған  әдебиеттер   тізімі: 

    
  1. К. Маркс. Капитал. – М., 1967. – Т.1. – 79-б.
  2. Усов В.В. Деньги, денежное обращение, инфляция. – М., 1999. – С.142.
  3. Нурсеит Н.А. Определение критериев внутренней устойчивости национальных денег // Банки Казахстана, №5, 2005.
  4. Акишев Д.Т., Тутутушкин В.А. Некоторые аспекты измерения базовой инфляции. Экономическое обозрение, №4, 2003 г.
  5. Ослунд. Шоковая терапия в Восточной Европе и России. М., 1994.
  6. Ашимбаев Т. Экономика Казахстана на пути к рынку. Алматы: Казахстан, 1994. –С.6.
  7. Мамыров Н., Саханова А.Н., Ахметова Ш.С., Брузати Л. Государство и бизнес. - Алматы: Экономика, 2002. -Т.1. -С. 180.
  8. Сембаев Д. Экономические реформы в Казахстане: Управление в переходной период. Сб. докладов. - Алматы, 1996.
  9. Стагфляция [ағылшынша stagflation] - тоқыраудың немесе өндірістің кұлдырауының жұмыссыздықтың артуымен және бағаның үздіксіз өсуімен қатар келгендегі экономикадағы жағдай.
  10. ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша бағалау. Статистикалық жылнама. Алматы, 2004; Қысқаша статистикалық жылнама. – 2005.
  11. Агенство РК по статистике. Деятельность малых предприятий РК. — Алматы, 2004.
  12. Нурумов Н.Н. (Счетный комитет по контролю за исполнением республиканского бюджета). Вопросы налогово-бюджетного и кредитного обеспечения индустриально-инновационного развития // Ассоциация экономистов Казахстана, № 2(4), 2004
  13. Нурсеит Н.А. Обеспечение устойчивости национальной валюты. -. Алматы, 2004.- С.55
  14. Әубәкіров " Экономикалық  теория  негіздері " Алматы  1994 ж.
  15. Мәдешев Б " Нарықтық  экономика  теориясына  кіріспе " Алматы  1995
  16. Эдвин.Дж. Доллан " Макроэкономика" Москва 1995 ж
  17. Мельников В.Д " Экономика  Казахстана "              Алматы 1995 ж
  18. Тобаяқов  Б "Егемен  елдің  экономикасы " Алматы  1995 ж.

Информация о работе Анализ финансовой деятельности