Анализ финансовой деятельности

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 13:43, реферат

Описание работы

Қазіргі кездегі ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда экономика мен экономикалық теория бүгінгі күндерде қоғамды дамытудың басты пәрменді күші болып отыр. Экономикалық құрылымы өте күрделі және экономика ғылымы эволюциялық жолмен дамып, болжамдарды жалғастырып келеді. Экономика соныменқатар қоғам өмірінің көптеген мәселелерін қамтиды. Әсіресе, соның ішінде баға, табыс, жұмыссыздық және тағы басқа құбылыстардың өзгерісімен тығыз байланысты. Қазіргі күндері экономиканы біріншіден - өндіріс, инфляция, табыстар қозғалысын түсіндіру және жазу үшін, екіншіден – экономикалық тәртіпті негіздеу үшін қолданылады

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................. 2

Ι Инфляцияның мәні, туу себептері.

1.1 Инфляцияның экономикадағы мәні............................................................3

1.2 Инфляцияның пайда болу себептері..........................................................5

1.3 Инфляцияның түрлері...................................................................................7

ΙΙ Инфляцияны ауыздықтау және тоқтату жолдары

2.1 Инфляцияның зардаптары және оны азайту іс-шаралары.....................14

2.2 Табыс – инфляциясымен күрестің басты құралы....................................17

ΙΙΙ Қазақстанда инфляцияның ерекшеліктері және инфляцияға қарсы саясат....................................................................................................................20

Қорытынды........................................................................................................23

Қолданылған әдебиеттер................................................................................24

Работа содержит 1 файл

Курсовая для Акылбаевой.doc

— 184.00 Кб (Скачать)

    Жоспар 

Кіріспе.................................................................................................................. 2 

Ι Инфляцияның  мәні, туу  себептері. 

1.1 Инфляцияның   экономикадағы  мәні............................................................3

1.2 Инфляцияның   пайда  болу  себептері..........................................................5

1.3 Инфляцияның   түрлері...................................................................................7 

ΙΙ  Инфляцияны  ауыздықтау  және  тоқтату  жолдары 

2.1 Инфляцияның   зардаптары  және  оны  азайту  іс-шаралары.....................14

2.2 Табыс –  инфляциясымен  күрестің  басты   құралы....................................17 

ΙΙΙ Қазақстанда инфляцияның  ерекшеліктері  және  инфляцияға  қарсы  саясат....................................................................................................................20 

Қорытынды........................................................................................................23 

Қолданылған  әдебиеттер................................................................................24 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Кіріспе 

    Қазіргі  кездегі  ауқымды  өзгерістер  кезеңі  қоғам  өмірінің  барлық  саласын  жан-жақты  қамтуда экономика  мен  экономикалық  теория  бүгінгі күндерде  қоғамды дамытудың басты пәрменді  күші  болып отыр. Экономикалық  құрылымы  өте күрделі және  экономика ғылымы  эволюциялық    жолмен  дамып, болжамдарды жалғастырып келеді. Экономика соныменқатар  қоғам өмірінің  көптеген  мәселелерін  қамтиды. Әсіресе,  соның  ішінде  баға, табыс, жұмыссыздық  және  тағы  басқа  құбылыстардың  өзгерісімен тығыз  байланысты. Қазіргі  күндері  экономиканы  біріншіден - өндіріс, инфляция, табыстар қозғалысын  түсіндіру және  жазу  үшін, екіншіден – экономикалық  тәртіпті  негіздеу  үшін  қолданылады.

    Экономиканың  өзін  макроэкономика   және  микроэкономика  деп  екі  салада  қарастырамыз. Бұл екі  сала  өзара  бір – бірімен  тығыз  байланысты  болады. Міне, осы  макроэкономика  саласының  күрделі  мәселелерінің  бірі - инфляция  болып  табылады.

    Инфляция  адамзат  тарихында  жаңа  құбылыс  емес. Оның  бай  тарихы  бар 1775 – 1783  жылдары  Солтүстік  Америкада  тәуелсіздік  үшін  болған  соғыс  доллардың  құнсыздануына әкеліп  соқтырды. Франция 1789 – 1794  жылдары революция кезінде ендірілген  қағаз ақшалар 7  жылда 883  есе   құнсызданды. Алғашқы  рет  ″ инфляция ″  деген  ұғым  ақша  айналымына  қатысты  АҚШ – та  Азамат  соғысы  кезінде  / 1851 – 1865 ж.ж / орасан  зор  гривналар  /ақша  орнына  қолданылған  күміс  кесек  450  млн  доллар / шығарылуына байланысты  қолданыла  бастады, ал оның  төлем  қабілеті 2  жылдың  ішінде  60 %  -ке дейін  төмендеді.

     Инфляция  тек  қағаз  ақшаға  тән  және  ол  экономиканың  кез – келген  үлгісінде  орын  алады,  көбінесе  инфляция  айналымдағы  ақшаның   көбеюімен  бейнеленеді. Бірақ  кейде, инфляциялық  ахуал, айналымдағы  ақшаның  саны  бір  қалыпта  қалған  күнде – де  туады. Мысалы, егер  елде  тауар  өнімінің  көлемі  азайып  кетсе, онымен  тікелей  байланысты  тауар  айналымының  да  көлемі  азаяды. Олай  болса, оларға  жұмыс  жасайтын  ақшаның  да  саны  азаяды. Сөйтіп, дәл  осы  кезде  айналымда  жүрген  ақшаның  кейбір  бөлігі   артық  болып  шығуы  мүмкін. Тап  осындай  жағдай  ақша  айналымы  жеделдетілсе де  туады. Ақша  айналымын  жеделдету , басқа  жағдайлары  бірдей  болғанда, айналымға  қосымша  ақша  шығарғанмен  бірдей. Инфляция бүгінде әрбір мемлекеттің экономикалық саясатының күрделі мәселелерінің бірі болғандықтан, оның мәнін түсіну, талдап үйрету жоғары сапалы экономист-мамандар дайындауда маңызды орын алады. Инфляцияның шығу тегі адамзат қоғамының дамуына байланысты үнемі өзгеріп отыратыны, ал ХХ ғ. басынан бастап ол мемлекеттің, орталық банкінің, жалпы әр елдің экономикасының даму сатысын көрсететін процеске айналғаны көрсетіледі. Инфляция әрбір елдің экономикасында бар.  

    1.1. Инфляцияның экономикадағы мәні 

    Экономикалық  құбылыс ретінде әлем экономикасында, инфляция ұзақ уақыт бойы тарихи негізде  қалыптасып дамуда. Оның пайда болуын негізінен, ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі - inflatio – қампию, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылғы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбйіп кетуі процесін білдірген. Осы түсінік ХХ ғасырда Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кезінде көрінді. Ол қауырт жағдайларда мемлекеттік шығындарды қағаз ақша шығарумен қаржыландыру ақша айналымының күрт көтеріліп, қағаз ақшаның құнсыздануына әкеп соқтырады. Оны әр елдегі соғыс жылдарындағы ақша айналысынан байқауға болады. Мысалы, АҚШтың бостандық үшін 1775-1783 жылдардағы соғысы және 1861-1865 жылдардағы Азамат соғысы; ХІХ ғасырдың бас кезіндегі Англияның Наполеонға қарсы соғысы; 1789-1791 жылдарындағы Француз революциясы. Әсіресе, Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германияда инфляция жоғары қарқынға жетті, 1923 жылдың күзінде айналымдағы ақша массасы 496 квинтиллион (құрамында он бес нолі бар сан) рейхсмаркаға жетіп, ал ақша өлшемі триллион есе құнсызданады. Осы келтірілген тарихи мәліметтер инфляция бұрыннан келе жатқан феномен екенін дәлелдейді.

    Инфляция қазіргі нарықты экономикалық және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен шығынының үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез келген экономикалық формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салалары арасында, коммерциялық  құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.

    Инфляцияның әдеттегі жалпы анықтамасы – тауар  инфляциясының қажеттілігінен ақша массасының артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар  бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Бірақта инфляцияның бұл анықтамасын  толық деп есептеуге болмайды. Себебі, өткен ғасырдың 60-70-ші жылдарынан бастап инфляцияны көп факторлы процесс ретінде қарастыра бастады. Қазіргі кезеңде инфляция теориясын экономистердің көпшілігі ақша теориясы негізінде емес, баға теориясы арқылы, яғни бағаға әсер ететін факторлар негізінде түсіндіреді. Мұндай тұрғыда қарастыру сұраныс инфляциясының және ұсыныс инфляциясының концепцияларының негізін құрайды.

    Толығырақ айтқанда, инфляцияның мәні – ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының өсуі

    Демек, инфляцияның дәлірек анықтамасы – ол жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысының арақатынасының бұзылуын көрсететін процесс. Ол нарықтағы жеке бір тауардың емес, елдегі тауардың барлық бағаларының жалпы деңгейінің өскенін көрсетеді. Инфляция кезінде кейбір тауарлардың бағалары қайта төмендеуі мүмкін, оны дефляция деп атайды, ал кейбір бағалар тұрақты болуы мүмкін. Сонымен, инфляцияны күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс және қарама-қайшы процесс ретінде қарастыра отырып, екі жағдайды ескеру қажет: біріншіден, алтын ақшаға қарағанда, құнсыздануға тек қағаз ақшалар ғана ұшырайды. Екіншіден, жоғарыда көрсеткеніміздей инфляция елдегі бағалардың деңгейінің жалпы өскенінен байқалады, ал жеке тауар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының бұзылуы арақатынасының бұзылуы құн заңымен, реттеліп отырады.

    Инфляция  айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беруін айтады. Бұл әрине жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән «ғажайып құбылыс емес. Ол күрделі әлеуметтік-эконмикалық құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция, дүниежүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.

      Инфляцияның шығу тегі (мәні мен мағынасы). Медальдің екі жағы сияқты, ақша мен инфляция өзара байланысқан ұғымдар. Инфляцияны кредиттік ақшаның “сырқаты ” деп айтуға болады. Ерте заманда (алтын монетамен сауда-саттық кезінде) инфляция өте сирек кездесетін құбылыс болған (тосын жағдайларда, мысалға, соғыс кезінде немесе жоғарыда айтылғандай құндылығы төмен ақша айналымға түскен жағдайда), яғни бағалар ұзақ уақыт тұрақтылығын сақтаған.

      И.Фишердің айырбас теңдеуі MV = PQ инфляцияның “феноменін” бірінші рет түсіндіре бастады. Бұл теңдеу бойынша айналыстағы ақша массасы сатылған тауар көлеміне тең болуы тиіс. Алтын монеталық ақша айналымы кезінде бұл шарт “автоматты” түрде орындалады. Өйткені ол кезде айналымда тек қана сауда-саттық жүргізуге қажетті алтын ақша (монета) мөлшері болды. Тауар азайған уақытта артық ақша (алтын монеталар) “қазына” (байлық) ретінде жинақталып, “алтын сандықтарда” сақталды. Қажетті тауар көбейіп, ақшаға сұраныс түскенде, сақталған алтын ақшалар қайтадан айналысқа түсіп, тауар бағасының тұрақтылығын ұстады. Алтынға толық айырбасталатын қағаз ақша айналымында да осылай баға тұрақтылығы сақталып отырады.

     Алтын монеталық стандарт жойылғаннан  кейін ақша айналымында мүлдем басқа жағдайлар орын алады. Айналымға алтынға айырбасталмайтын қағаз ақшалар шығарылды. Бұл алтын монета айналымы кезіндегі И. Фишердің теңдеуі бойынша инфляцияға қарсы “автоматты ”механизмнің іс-әрекетін тоқтатуға әкелді. Қағаз ақшаларды қазына, байлық ретінде жинақтап бір жерде сақтаудың ешқандай мәні болмады. Ішкі тауар айналымында артық ақшалар айналымда сақталып қала берді, ақшалар ағымы мен тауар арасындағы тепе-теңдік бұзылды. Осының бәрі өз кезегінде экономикада инфляцияның орын алуына әкеліп соқты.

     К. Маркстің классикалық анықтамасы [1.   ] бойынша: “...ақша - тауардың айырбастық құны, ол тауардың өзіндік құнынан бөлінген, бірақ ол өз бетінше жеке тауар” деп айтқаны инфляцияның шығу тегін түсінуге шамалы болса да жарық түсіреді. Егер осы берілген анықтаманы негізге алатын болсақ, онда ақша (қағаз ақша) тауардың құнынан бөлініп шығуымен бірге, өзінің өзіндік құнынан айрылған тауар. Сондықтан бүгінгі таңдағы ақша алтын монеталық дәуірдегі ақша айналымы сияқты жинақталу немесе қайтадан айналымға түсіп, кеңею қасиеттерінен “автоматты” түрде айрылған. Сұраныстан жоғары мөлшердегі қағаз ақша тауар айналымын толтырып, өз кезегінде тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуіне әкеліп соғады. Бағаның өсуі инфляцияның алғашқы айқын көрінісі болып табылады. Қазіргі таңдағы инфляция феноменінің мән-мағынасын осылай түсіндіруге болады. 

    1.2.  Инфляцияның пайда болу себептері 

    Инфляция  ақша нарығында туады, сондықтан  оның негізгі себептерін ақша айналысындағы  келеңсіз өзгерістерден (деформация) байқауға болады. Олар мыналар:

  1. Мемлекеттің экономикаға араласуы және мемлекеттік сектордың өсуі. Бұның барлығы мемлекеттік бюджеттің тапшылығы өсуіне, яғни мемлекеттік шығындардың кірісінен асып түсуіне әкеліп соғады. Егер, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы айналысқа қосымша қағаз ақша шығару арқылы немесе Орталық банкінің несиесі есебінен қаржыландырылса, онда айналыстағы ақша массасы (көлемі) өседі. Осындай ұқсас құбылыстар ұлттық табысты тиімсіз пайдалану негізінде пайда болу мүмкін. Әскери шығындар тауармен қамтамасыз етілмеген қосымша сұранысты туғызады, оның нәтижесінде айналыстағы ақша массасы өседі.
  2. Инфляциялық процестердің дасуына монополиялар мен кәсіподақтар да ықпал етеді. Кез келген монополист немесе олигополист тапшылықты тудыруға ынталы болады (тауарларға деген ұсынысты және өндірісті кеміту негізінде). Бұл жағдайда олар бағаларды жоғары деңгейде ұстауына мүмкіндік алады. Кәсіподақтар да осындай ұқсас жағдайларда әрекет етеді. Олар өз мүшелерінің тіршілік деңгейін қолдау қажеттілігіне сүйену арқылы жалақыны өсіруді талап етеді. Сондықтан, монополиялар мен кәсіподақ бағалардың және жалақының өсуіне ықпал етеді.
  3. Дүние жүзілік экономиканың ғаламдық сипатының күшеюі жағдайында инфляцияның ауысуы ұлғаяды. Мысалы, кейбір тауарлардың дүние жүзілік бағаларының өсуі, елге импорттайтын тауарлардың бағаларын өсіреді. Мұндай инфляцияға қарсы қолданатын шаралар шектеулі болады.
  4. Қағаз ақшаның айналысқа жөнсіз шығарылуы және ақша массасына тиісті бақылаудың болмауы. Бұндай жағдайда нарықта тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасы пайда болады. Нәтижесінде , нарықтағы барлық тауарлардың бағалары өсу негізінде экономикада біртіндеп инфляция процестері дами бастайды.
  5. Инфляция «инфляцияны күту» нәтижесінде орын алады. Экономистердің көпшілігінің пікірлерінше, өндірушілер мен халықтың инфляцияны күту себептерін жою мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатының ең басты міндеті. Себебі, бағаның үнемі өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық бағаның ертең тағы да өсу мүмкіндігін ескере отырып, тауарларды көптеп алады. Сонымен қатар, өндірушілер алдағы иуақытта шикізаттардың материалдардың, қосалқы бөлшектердің бағаларының өсу мүмкіндігін ескере отырып, иөз өнімдеріне жоғары баға белгілейді.

Информация о работе Анализ финансовой деятельности