Анализ финансовой деятельности

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 13:43, реферат

Описание работы

Қазіргі кездегі ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда экономика мен экономикалық теория бүгінгі күндерде қоғамды дамытудың басты пәрменді күші болып отыр. Экономикалық құрылымы өте күрделі және экономика ғылымы эволюциялық жолмен дамып, болжамдарды жалғастырып келеді. Экономика соныменқатар қоғам өмірінің көптеген мәселелерін қамтиды. Әсіресе, соның ішінде баға, табыс, жұмыссыздық және тағы басқа құбылыстардың өзгерісімен тығыз байланысты. Қазіргі күндері экономиканы біріншіден - өндіріс, инфляция, табыстар қозғалысын түсіндіру және жазу үшін, екіншіден – экономикалық тәртіпті негіздеу үшін қолданылады

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................. 2

Ι Инфляцияның мәні, туу себептері.

1.1 Инфляцияның экономикадағы мәні............................................................3

1.2 Инфляцияның пайда болу себептері..........................................................5

1.3 Инфляцияның түрлері...................................................................................7

ΙΙ Инфляцияны ауыздықтау және тоқтату жолдары

2.1 Инфляцияның зардаптары және оны азайту іс-шаралары.....................14

2.2 Табыс – инфляциясымен күрестің басты құралы....................................17

ΙΙΙ Қазақстанда инфляцияның ерекшеліктері және инфляцияға қарсы саясат....................................................................................................................20

Қорытынды........................................................................................................23

Қолданылған әдебиеттер................................................................................24

Работа содержит 1 файл

Курсовая для Акылбаевой.doc

— 184.00 Кб (Скачать)

      1. Мемлекеттік бюджеттің аса үлкен  тапшылығы және оны өтеуге  үкіметтің қосымша ақша эмиссиясын  жүргізуі. Бюджет тапшылығының негізгі  себептері: мемлекеттік шығындардың тиімсіздігі, қоғамдық өндіріс салаларының арасындағы құрылымдық және сандық үйлесімсіздік, нарық шаруашылығындағы басқару жүйесінің жетілмеуі болып табылады. Бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын шектен тыс ақша эмиссиясы және халықтың ақшалай табыстарын индекстеу тұтынушылар сұранысының төлем қабілетінің ұлғаюына, соған орай нақты өнім көлемі мен қызметтердің бағасының өсуіне алып келеді. [2.   ]

     2. Еңбекақының өсуі еңбек өнімділігінің  артуына байланысты емес, керісінше  қоғамдық ұйымдардың бірлестіктер мен кәсіподақтардың үкіметке өздерінің талаптарымен қысым көрсету нәтижесінде болуы. Бір жағынан алып қарағанда жалпы адам мүддесіне бағытталған өте қажетті әділ шаралардың өзі, мысалы, трансферттік төлемдердің мөлшерін арттыру (зейнетақылар, жәрдемақылар, дотациялар және т.б.) сияқты шаралар сұраныс инфляциясының өсуіне әкеліп соғады.

     3. Мемлекеттік шығыстардың (әскери, әлеуметтік, т.б.) өсуі. Кейбір өнеркәсібі дамаған елдердің экономикасы көбінесе әскери-өнеркәсіп кешенін (ӘӨК) қаржыландыруға бағдарланған. Бұл экономика секторының өнімдері дәстүрлі өндіріс пен тұтынушылар сұраныстарының нысандарына жатпайды. Бірақ әскери тапсырыстарды орындауға (еңбекақы түрінде) кететін ақшалар тұтынушылар нарығына тараумен қамтамасыз етілмеген сұраныстарды арттырады. Одан басқа әскери шығыстардың өсуі қоғамдық өндірістің құрамын өзгертеді және инфляцияға басқа бағыттар бойынша әсер етеді. Ол мемлекеттік борыш пен мемлекеттік бюджеттің тапшылығын арттыруға әкеледі. Мысалға, мұндай жағдайда әскери және басқа мақсаттарға бөлінген ұлттық табыстың бір бөлігі орынсыз жұмсалады. Әлеуметтік тапсырыстарды орындауға байланысты мемлекеттік шығыстар: дотациялаудың, жеңілдіктердің алуан түрлері, әлеуметтік төлемдер мөлшерлерінің артуы нәтижесінде тұтынушылық сұраныстар өседі.

     Сұраныс инфляциясының басқа да себептері болуы мүмкін. Ол әр елдің экономикасының дамуына байланысты. Қазақстанда қазіргі кезде сұраныс инфляциясының негізгі көзі болып отырғандар: шетел волюталарының елге көп келуі (мұнай, газ, минералды шикізаттар сатудан), банк секторының, үлкен өндірістік бірлестіктердің сыртқы қарыздарды көп алуы, екінші деңгейдегі банкілердің шектен тыс волюта айырбасын жүргізуі (бұл айналымға қосымша ақша шығарумен бірдей) сияқты себептер. Бұл экономиканың біржақты, шикізат өндірумен дамып келе жатқандығының белгісі. Экономиканы әбтараптандырып қана келтірілген сұраныс инфляциясының себептерін жоюға болады.

     Шығын инфляциясы. Шығарылатын өнім мен көрсетілетін өнім өлшемінің (единица продукции) қымбаттауына байланысты тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуін шығын инфляциясы дейді. Шығын инфляциясы да әр елдің экономикасына байланысты, өз ерекшеліктерімен сипатталады. Қазақстанда болып өткен дағдарыс жылдары инфляцияның бұл түрінің негізгі себептерін былай деп тұжырымдауға болады;

     1. Кәсіподақтар және басқа қоғамдық бірлестіктердің талаптарын ескеріп, еңбекақы мен табыстарды үнемі индекстеу. Еңбекақыны ұлғайту өз кезегінде кәсіпкерлердің шығындарын жоғарылатады, өнімін қымбаттатады. Ал өнімнің қымбаттылығы өндірісті әрі қарай дамытып, оны ұлғайтуға мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде жалпы ұсыныс (тауарға, қызметтерге) қысқара бастайды, ал сұраныс сол қалпында қалады немесе өседі. Сондықтан өндірістен түсетін таза пайданы төмендетпеу үшін кәсіпкерлер шығатын өнімнің бағасын өсіреді. Айтылған процестер ақыр аяғында “инфляциялық спиральдің ” пайда болуына әкеледі (“инфляциялық спираль” теориясы бойынша): бағаның өсуі еңбекақыны ұлғайтуды талап етеді, ал еңбекақының өсуі өз кезегінде тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуіне алып келеді;

     2. Шығын инфляциясының өсуіне тағы  да мына себептер негіз болады: а) бюджет, салық салу, ақша-кредит  саясатындағы заңдар базасының  кемшіліктері, олардың жетілдірілмеуі; б) экономиканы реттеугеәкімшіліктің араласуы; в) құқықтық нормалардың жиі өзгеруі, заңдар түсініктемесінің көп жақтылығы, кәсіпкерлікке шектеулер қою, олардың заңдық күштері мерзімдерінің үнемі өзгеріп отыруы сияқты экономикадағы теріс факторлар. Айтылған себептер бағаның тұрақсыздануына, инфляциялық құбылыстардың күшеюіне әкеліп соғады;

     3. Қазіргі жағдайда шығын инфляциясының  көзі болып отырғандар: энергия  ресурстарының бағасының әлемдік  баға нарығында өсуі, кейбір тауар  нарығында монополист компаниялардың және делдал фирмалардың болуы, тұтынушылық тауарлардың ішінде импорттық тауарлардың үлесінің басымдығы.

     Инфляция  толық ауқымды қарқынмен дамып  отырған жағдайда, әдетте жоғарыда көрсетілген инфляцияның екі  типі де өзара шиеленісіп, бірін-бірі күшейтіп, байланысып кездесіп отырады. Осылайша ақша массасының шектен тыс көбеюі экономикада жоғары сұраныстар тудырады, ал осыған жауап ретінде тауарлар мен қызметтер нарығында баға өседі. Сұраныс инфляциясынан болған өндіріс шығынының өсуі экономиканың теңгерілмеген дамуын күшейтеді, ақша массасына қосымша сұраныс туғызып, нәтижесінде инфляцияның одан әрі тереңдеуіне алып келеді.

     Инфляцияның түрлері. Сұраныс және шығын инфляциясы экономиканың дамуына, әсіресе оның макро- және инфрақұрылымдарына, оларға ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларының тұрақтылығына (саяси, әлеуметтік және т.б.) байланысты түрлі жылдамдықпен дамиды. Бұл өз кезегінде инфляцины келесі үш негізгі түрге жіктеуге құқық береді: баяу, қарқынды және ұшқыр (гиперинфляция).

     Баяу  инфляция. Оған тұтыну бағасының орташа жылдық өсімі 8-10%-ға дейінгі инфляция жатады. Мұндай инфляция нарық экономикасы дамыған елдердің көбіне тән. Баяу инфляция ұзақ мерзімді қарқынмен өсіп келе жатқан экономиканың дамуына игі әсерін тигізеді деп есептеледі. Экономикадағы артық ақшалар ондағы құрылымдық өзгерістерді қаржыландырады, қосымша жұмыс орындарын ашуға жағдай туғызады және банкілердің кредиттік пайыздық ставкаларын төмендетеді деген тұжырымдар бар. Бірақ инфляция төменгі деңгейге жеткенде (1-%-дан төмен) экономикада ақша тапшылылығы туады, шаруашылықтың даму қарқыны бәсеңдейді және ондағы тиісті құрылымдық өзгерістер тоқтайды. Сондықтан көптеген дамыған елдерде (Англия, Канада, Швеция, ЕВС, Жаңа Зеландия) баяу инфляцияның деңгейін 1-2,5%-дан төмен түсірмейді.[3.   ]

     Қарқынды  инфляция. Бұл жағдайда бағаның орташа жылдық өсу қарқыны 10-нан 100%-ға дейін шектеледі. Инфляцияның бұл түріне бағаның қарқындап, бақылаусыз өсуі тән. Ақшалар өте тез құнсызданып, инфляцияны тізгінде ұстап, басқарып отыру өте қиынға түседі. Сауда-саттық келісімшарттары бағамы сенімді шетел валюталарымен жүргізілетін немесе тауардың бағасында болашақта инфляцияның өсу деңгейі ескеріледі.

     Ұшқыр инфляция (гиперинфляция). Әр елде ұшқыр инфляцияның (гиперинфляцияның) критерийі әр түрлі. Нарық экономикасы дамыған елдерде гиперинфляция деп бағаның жылына 1000%-дан жоғарылауын айтады. Ал экономикасы тұрақсыз, даму үстіндегі немесе өтпелі кезеңдегі елдер үшін гиперинфляцияның басталу деңгейі бұдан да жоғары. Мысалға Ресейде 1992 жылы инфляция қарқыны бір жылда 1353%-ға жетті, бірақ ресми түрде гиперинфляцияға жақын деп қана танылды. Дегенмен көптеген экономистер гиперинфляцияға жылына бағаның 1000% өскенін қабылдайды. ХВҚ (МВФ) айына бағаның өсу қарқыны 50%-дан асса, гиперинфляция деп есептейді. Бұл инфляция қарқынын жылға есептегенде 13000%-ды құрайды. Бұл жерде, инфляцияның ай сайынғы қарқыны жылдық күрделі пайыздар формуласы бойынша есептеледі , мұнда – ондық бөлшек түріндегі ай сайынғы инфляция қарқыны, n=12. Егер гиперинфляция қарқыны есепке алып отырған айдан бастап алдағы 12 айда 50%-дан аспаса, онда бұл инфляцияның ұшқырлығы жойылды, қарқыны инфляцияның төменгі сатыларына түсті деп есептеледі. Гиперинфляция – экономикадағы терең дағдарыстың белгісі. Ақшаның құнсыздануы сонша тез болатындығынан, бағалар күн сайын ғана емес, кейде тіпті күніне бірнеше рет қайта есептелуі мүмкін. Бағаны күн сайын бірнеше рет есептеудің классикалық мысалы: “Бұл инфляция кезінде болды. Мен айына 200 биллион марка алатын едім. Ақшаны күніне екі рет беретін еді де, доллардың жаңа бағамын жариялағанға дейін берген ақшаға бірдеңе сатып алу үшін үзіліс жасалатын-ды. Осы уақытты пайдаланып дүкендерге жүгіретін болдым, бағамды жариялаған соң, ақша жартылай құнсызданып отырды”.(Э.М. Ремарк. “Три товарища”).

    2. Инфляцияны  ауыздықтау  және  тоқтату   жолдары

    2.1 Инфляцияның  зардаптары  және  оны  азайту  іс-шаралары 
 

      Инфляция  елдің  әлеуметтік  – экономикалық  жағдайына   көп  зардабын  тигізеді . Олар : 

    
  • ақшаның  құнсыздануына  сәйкес  халықтың, шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің  және  мемлекеттің  барлық  қор  жинақтары   құнсызданады.
  • құнсызданған ақшадан  ″ қашу ″ басталады. Ел қолда  бар  ақшасын  тауарға  немесе  еркін  айырбасталатын  валютаға  ауыстыруға  тырысады. Ал, осындай жағдай, бұрынғы  қалыптасқан  тұтыну  сұрамдылығының  құрылысын   бұзады , тауардың  жетіспеушілігі  пайда  болады.
  • инвестициялық  белсенділік  төмендейді  .Ешкім  капиталын  өндірісті  дамытуға  салғысы  келмейді. Өндірістің көлемі  азаяды,соның салдарынан  жұмыссыздық көбйеді.
  • табысын  салық  салудан   жасыратын  бұқпантайшы экономика  дамиды
  • халықтың  арасында   бұрын болып көрмеген  байлар  мен кедейлер  тобына жіктелу пайда болады, ал бұл, өз кезегінде әлеуметтік  қайшылықтар  туғызуы  мүмкін.
 

    Сондықтан, кез – келген  үкімет, инфляцияға  қарсы  тиісті  шаралар   қолдануы  керек. Оның  ішінде, бірінші  қатардағы  міндет, өндірістің , оның  ішінде жоғары  және  орташа  табыскерліктің, дамуын  қамтамасыз ету, олардың  өндірген  тауарларының  сапасын  жоғарлатып , бәсекеге  жарамдылығын  арттыру   болып  табылады.Әсіресе, қолда  бар  заттай ,не  ақшалай   байлықтарды  үнемдеу, оның  тиімділігін  арттыру  қажет.

      Инфляция  кезінде  өндіріс   қарқыны    төмендейді, экономикалық   өсудің  пропорциясы  бұзылады . Ақша, несие, қаржы  және  валюта  механизмі  бүлінеді.

      Елде  әлеуметтік  экономикалық  тұрақсыздық  күшейеді. Инфляция   халықаралық   экономикалық  қарым  – қатынастарды  жұмыс  күшін   ұдайы  өндіру  шарттарын   бұзады, капиталды  экономиканың  ең  пайдалы  салаларына салуды  ынталандырады,  экономикалық  қылмыстар  мен  астыртын  экономиканың  дамуын  жедел  етеді.

    Инфляция  мен  жұмыссыздықтың   бірінен  - екіншісінің  туындап  отыратын, әдетте  бір – бірімен  тығыз  байланысты  процесті  - стагфляция  деп  атаймыз.

    Толық  жұмыспен  қамтамасыз  етілген  қоғамда  өндіріс  циклі  болмай, сұранысқа  уақытылы  жауап  бермей  немесе  сұраныстың   өсуі  тұрақты   және  ұзақ  уақытқа  бағаның  қымбаттауына  әкеледі. Мұнымен  бірге  толық  жұмыспен  қамтамасыз  ету  жағдайында  өндіріушілер   жұмыс   күші  үшін  өзара  бәсекеге  түсіп, ал  бұл  номналды  жалақыны өсіреді, ең соңында  инфляция – қымбаттылықты  күшейтеді.

    Өз  кезеңінде  инфляцияның  күшеюі  жалақыны  өсіріп еңбек нарығының тепе – теңдігін   бұзып тез арада жоғары  жұмыссыздықты тудырады.

    Жұмыспен  қамтамасыз  ету  нарығында  қиын  жағдай  қажетті  шаралардың  қабылдануын  талап  етеді. Оның  ішінде  ең  бастысы  қоғамдық  еңбекті  дұрыс  ұйымдастыру, уақытша  жұмыс  орындарын  ашып, кадрларды  қайта  оқытып, жаңа  мамандар  әзірлеу, жұмыспен  қамтамасыз  ету  қорларының  нормативін  көбейту керек.

      Көптеген  елдер  экономикасында  кейде  мынадай  жағдайлар   қалыптасады : бағаның  жалпы   деңгейінің  өсуі  өндіріс көлемінің қысқаруымен бір мезгілде  болады. Экономиканың  бұл жағдайын   стагфляция  деп атайды.

      Стагфляцияның  барынша  айқын   себебі : жиынтық  ұсынымның   азаюы, яғни  өндіріс шығындар   инфляциясы. Стагфляцияның болу  себебін   инфляцияның  күтумен  байланыстырады. Дағдарыстан  шығу  үшін  ақша  бірлігінің  балансы  мен  тұрақтылығы,  оған  деген  сенімді  нығайту  керек. Баға  деңгейі  және инфляцияға  келсек, баға  мен инфляцияның  өсуін  бірдей  қараймыз, теңдестіреміз.Бірақ  арасында  өзгешеліктер  бар.Бағаны   шектейтін мемлекеттік саясат  инфляцияны  тежейді, бірақ шығындар  азайса, осы кезде де  инфляция  өседі. Өндіріс көлемінің өсуін тежеу арқылы  мемлекет  инфляцияны  тоқтата алмайды. Өйткені баға  деңгейі бұрынғыдан  жоғары  болады.

      Инфляцияны  ауыздықтаудың   дәстүрлі  жолы  ақша  ұсынысы  мен   мемлекттік  шығындардың  өсуін   тоқтату.

      Инфляция  зардаптарын  бейтараптандыру   мақсатымен  мемлекет  инфляцияға  қарсы  саясат  жүргізеді. Мемлекеттің   инфляцияға  қарсы  саясатын  экономиканы тұрақтандыру, баға  мен жалақыны реттеу  қаржыны   сауықтандыру, несие экономикасын   тежеу, ақшаны  эмиссиялауды  қатал бақылауға алу сияқты  жалпы экономикалық  шараларды іске  асыру арқылы  жүргізеді. Ал аса төтенше жағдайда  ақша  реформасы  жасалады. Инфляция ″ экономикалық  аурудың ″  ерекше  түрі болып  саналады. Ол  бір  мезгілде  материалдық  қаржылық   сәйкессіздіктің  әрі  салдары, әрі  себептері  ретінде  көрінеді. Оны  бүкіл  шаруашылық  механизмімен  емдемей  жеңуге  болмайды, яғни  егер    инфляциялық  вирус  инфляцияға  қарсы  саясаттың   жүзеге асуын  қиындататын  болса, экономиканы  сауықтыру  нәтижесіз  болуы  мүмкін.

    Ақша  реформасын  жүргізудің  екі  формасы  бар  бірінші, жаңа  ақша  жүйесін  құру – ол алғашқыда металл  ақша  жүйесін құрғанда, сонымен   қатар   мемлекеттік құрылым өзгергенде, яғни  отаршылық   жүйе  құлап, оның  орнына  отаршылықтан  арылған   саяси тәуелсіз  мемлекеттер пайда болғанда  және  90  жылдардың басында КСРО – ның орнына  ТМД  елдері  құрылғанда бұл  елдердің  даму  ерекшеліктеріне  байланысты  өзіне  тән  жаңа  ақша  жүйесі  пайда  болды.

Информация о работе Анализ финансовой деятельности