Анализ финансовой деятельности

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 13:43, реферат

Описание работы

Қазіргі кездегі ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда экономика мен экономикалық теория бүгінгі күндерде қоғамды дамытудың басты пәрменді күші болып отыр. Экономикалық құрылымы өте күрделі және экономика ғылымы эволюциялық жолмен дамып, болжамдарды жалғастырып келеді. Экономика соныменқатар қоғам өмірінің көптеген мәселелерін қамтиды. Әсіресе, соның ішінде баға, табыс, жұмыссыздық және тағы басқа құбылыстардың өзгерісімен тығыз байланысты. Қазіргі күндері экономиканы біріншіден - өндіріс, инфляция, табыстар қозғалысын түсіндіру және жазу үшін, екіншіден – экономикалық тәртіпті негіздеу үшін қолданылады

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................. 2

Ι Инфляцияның мәні, туу себептері.

1.1 Инфляцияның экономикадағы мәні............................................................3

1.2 Инфляцияның пайда болу себептері..........................................................5

1.3 Инфляцияның түрлері...................................................................................7

ΙΙ Инфляцияны ауыздықтау және тоқтату жолдары

2.1 Инфляцияның зардаптары және оны азайту іс-шаралары.....................14

2.2 Табыс – инфляциясымен күрестің басты құралы....................................17

ΙΙΙ Қазақстанда инфляцияның ерекшеліктері және инфляцияға қарсы саясат....................................................................................................................20

Қорытынды........................................................................................................23

Қолданылған әдебиеттер................................................................................24

Работа содержит 1 файл

Курсовая для Акылбаевой.doc

— 184.00 Кб (Скачать)

    Сөйтіп, инфляцияны күту жағдайында жиынтық  сұраныстың тез өсу және жиынтық  ұсыныстың баяу дамуы бағалардың жалпы өсуіне әкеліп соғады.

    Инфляция  процесі барлық елдерге тән құбылыс,бірақ  оны қоздыратын факторлардың түрлері  жеке елдің нақты экономикалық жағдайына  байланысты болады. Бұрынғы КСРОны алсақ жалпы заңдылықтармен қатар, соңғы жылдардағы инфляцияның себептеріне экономикадағы ерекше тепе-теңсіздік жатады. Ол әміршілдік-әкімшілдік жүйе салдары еді.

    Жоғарыда  атап өткен инфляцияның себептері сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасындағы тепе-теңдікке әсер етеді. Нәтижесінде, осы диспропорциялардың әсерінен, ең алдымен сұраныс жағынан тепе-теңдік бұзылады. Бұл жағдайда сұраныс инфляциясы пайда болады, яғни халықтың және шаруашылық субъектілердің ақшалай табыстары, тауар ұсынысына қарағанда тез өседі. Сұраныс жағынан сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе теңдіктің бұзылуы мемлекеттік тапсырыстардың ұлғаюы, барлық ресурстардың толық қамтылуы жағдайында өндіріс құрал жабдықтарына сұраныстың өсуі нәтижесінде болуы мүмкін. Егер қоғам барлық ресурстарын өндірісте толық пайдаланатын болса, онда өндірушілер артық төлей алатын сұранысқа бірдей (адекватный) жауап бере алмайды. Осының бәрі ақырында бағалардың жалпы өсуіне әкеп соғады.

    Ұсыныс  инфляциясы немесе шығындар инфляциясы жағдайында бағалардың жалпы өсуі өндіріс  шығындарының өсу нәтижесінде болады, яғни жалақының өсуі, шикізат, отын, энергия бағаларының өсу салдарынан кәсіпорындардың шығындары өседі. Өндірілген өнімдердің шығындары  өскен сайын кәсіпорындардың қызметтер мен тауарларды өндіруді өсіру үшін қажетті пайдасы кемиді. Нәтижесінде, тауарлар (өндіру) ұсынысы азаяды, соның салдарынан бағалар жалпы өсе бастайды. Практика жүзінде сұраныс инфляциясы мен ұсыныс инфляциясын бір-бірінен ажырату иқиынға соғады. Мысалы, жалақының өсуін, сұраныс инфляциясына немесе ұсыныс инфляциясына жатқызуға болады.

    Инфляцияның түбегейлі себептері тауар айналымы және тауар өндірісі аясында болғанымен, оған елдегі саяси жағдайлар да әсер етеді.

    Инфляцияға  әсер ететін екі фактор, яғни ақшалы факторлар мен ақшалы емес факторлар. Бірінші топтағы ақшалы фактор – ақшаға сұраныстың тауарлы ұсыныстан жоғары болуының нәтижесінде ақша айналысы заңы талаптарының бұзылуы, яғни бюджет тапшылығын жою мақсатында шамадан тыс ақша шығаруға байланысты айналыстағы ақша массасының көбеюі; халық шаруашылығындағы несие ақшаларының көптігі; ұлттық валютаның курсын бірқалыпты ұстау үшін үкіметтің қолданатын тәсілдері; ұлттық валютаның қозғалысын шектеу және тағы басқа факторлар.

    Екінші  топтағы ақшалы емес факторлар – қоғамдық ұдайы өндіріс құрылымының үйлеспеушілігі, шаруашылық механизмінің шығындылығы, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық және баға саясаты, сыртқы экономикалық  іс-шаралары және сол сияқты факторлар.

    Шын мәнінде екі топтағы факторлар  бірімен-бірі тығыз байланысып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтің бағасын  өсіріп, инфляцияға соқтырады.

    Инфляцияның өмірдегі көрінісі – тауар бағаларының  күрт өсуі. Осы көріністі американдық  ғалым және публицист Дж. Гелбрейт «ақшаның тауарды қууы» деп сипаттайды. Инфляцияның алғашқы себебі –  айналымдағы ақша массасы мен  сатылуға тиіс тауарлар массасы теңдігінің бұзылуы. Бұндай диспропорция, біріншіден, өндірістің кенет қысқаруынан, екіншіден, айналымдағы тауарлар массасының аздығына қарамастан, мемлекет өз шығындарын өтеу мақсатында қағаз ақшаны көп шығаруынан болады.

    Алайда, айналымдағы ақша массасы тұрақты болған кей жағдайларда да инфляция болуы мүмкін. Мысалы, 40-70-жылдарда АҚШта айналымдағы ақша массасы бір қалыпта болса да, айналымдағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтің көлемі қысқарып, инфляциялық процестер туындады. Бұл ақша айналымының шапшаңдылығын арттырудың нәтижесінен болған инфляция еді. Ақша айналымының шапшаңдығын арттыру өзінің экономикалық тиімділігі жөнінен, басқа жағдйлар өзгермесе, айналымға қосымша ақша массасын шығарғанға тең.

    Инфляция  кезінде капитал өндіріс аясынан  айналысқа құйылады, себебі айналым аясының жылдамдығы көптеген пайда түсіреді. Бірақ ол инфляция әсерін күшейтеді: несиені, өндіріске салынатын инвестицияны және тауарлар ұсынысын қысқартады. Сөйтіп, инфляция факторлары екі жақты – тауарларды шығаруға және сатуға; ақша массасын және айналым жылдамдығын өзгертуге - әсер етеді.

    Инфляция - өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі, әрі көп факторлы құбылыс. 

    1.3. Инфляцияның  деңгейі және түрлері. 

    Инфляция  бағаның өсу динамикасын анықтайтын баға индекстері арқылы өлшенеді. Дүние  жүзілік практикада олардың келесі түрлері пайдаланылады: көтерме  сауда баға индексі, бөлшек сауда (тұтыну) баға индексі, баға индекстері – ЖҰӨ дефляторы, экспорттық және импорттық бағалар индексі және басқалары.

    Көтерме сауда баға индексі – тауарлардың  үш тобынан – түпкі тауарлардан, аралық тауарлардан және өңдеу үшін дайындалған шикізаттардан құрылады. Ол құрылыс және өнеркәсіп кәсіпорындарының сату бағаларының орташа деңгейінің өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну (бөлшек сауда) бағалары индексі –  тұтыну қоржынына кіретін, қызметтер  мен товарлар үшін есептелінеді: 
 

    Тұтыну  бағалар    =     ағымдағы бағалар бойынша тұтыну қоржыны                     .      100%

          индексі                    базалық жылдың бағалары бойынша тұтыну қоржыны 
 

    ЖҰӨ дефляторы түпкі өнімнің маңызды  компоненттерінің нарық бағаларының  өзгеруін сипаттайтын индекстер  тобы болып табылады: 
 

    ЖҰӨ дефляторы  =  белгілі бір жылдың ағымды бағалар бойынша өндіріс көлемі  . 100%              

             индексі                 базалық жылдың бағалары бойынша белгілі бір жылдағы

                                                                                 өндіріс көлемі 

    Инфляцияның түрлерін анықтайтын үш белгі болады: 

    
  1. Баға индексі;
  2. Тауарлардың әр түрлі топтарының өзгеру дәрежесін көрсететін белгі;
  3. Күткен және күтпеген инфляция.
 

    Инфляцияның бірінші белгісі бойынша үш түрге  бөлінеді: қалыпты инфляция; жоғары қарқынды инфляция; шексіз инфляция.

    Инфляция  қарқынының жай, орташа жүруі кезінде  бағаның өсуі 10%-тен аспайды.  Экономикалық теория негізінде, даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық саясат жүргізуші субъект деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай, бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік береді.

    Жоғары  қарқынды инфляция тұсында бағаның  өсуі 20%-тен 200%-ке жетеді. Ал бұл экономика  үшін үлкен салмақ. Бірақ көптеген контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады.

    Аса зор, шексіз инфляция (гиперинфляция) айналымдағы  ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс  өсуін білдіреді. Мысалы, Никарагуада, азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300%-ке дейін жетеді. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляцияны басынан өткізген бірқатар елдерде бағалардың өсу қарқыны, айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болады.  Мұндай құбылыс, мысалы, 1945-1946 жылдары Венгрияда байқалады. Шаруашылық субъектілері ұлттық валютаға деген сенім жасалған кезде, қолдағы құнсызданған ақшадан құтылуға тырысып бағады. Нәтижесінде айналымдағы ақша айтарлықтай өсіп, ол оның санының көбеюіне тең  болады. Салдарында баға қаіпті шектерге дейін шарықтайды. Гиперинфляцияның басталуына инфляциялық күтудің де үлкен әсері болатындығын атап өту орынды. Басыңқы инфляция кезінде бағаның өсуі байқалмай қалады.

    50-60-шы жылдарда көптеген әлем елдерінде инфляция орташа, бір қалыпты қарқынмен жүрді. Ал 70-ші жылы  ол бақылаудан шыға бастады, ұдайы өндірістің қалыпты  жүрісін бұзды, қоғамдық өндірістің бірінші жауына айналды. Инфляциялық процестің ең қызған шағы 70-ші жылдырдың екінші жартысы. Мысалы, бөлшек сауда бағасының жылдың орташа өсуі АҚШта 1956-1965 жылы 1,7%, 1966-1974 жылы 51%,1975-1980  жылы 9,3% болды. Англияда осы кезде ол 3,1; 6,0  және 17,9%, Францияда  5,0 ; 5,9 және 10,9%. 80-ші жылдардың соңына қарай бағаның өсуі қарқынды төмендеп, орташа инфляцияның үлгісіне сәйкес келді. Мұны көптеген себептермен түсіндіруге болады, олардың ішіндегі негізгілері: мұнайға әлемдік бағаның төмендеуі, баға бәсекесінің артуы, жалақы өсуін тежеу шаралары.

    Бағалардың  өсуінің тепе-теңдік  дәрежесі бойынша инфляция балансталған (тепе-теңдік)  болуы мүмкін,  яғни  бағаның өсуі баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерге бірдей өседі; балансталмаған (тепе-теңдік емес) инфляция жағдайында тауарлардың бағалары әр түрлі пропорцияда тұрақты өзгеріп отырады.

    Яғни, инфляция  балансталған, тепе-теңдікті  болуы – бағаның өсуі баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерге  бірдей өседі. Мұндай жағдайда бағаның  жылдық өсуіне сәйкес ставка проценті көбейеді, бұл бағалардың тұрақтануы кезеңіндегі экономикалық ахуалды білдіреді.

    Инфляцияның үшінші белгісі бойынша – күткен және күтпеген инфляцияны айтуға болады. Күткен инфляцияны алдын-ала анықтауға  және алдын-ала шаралар қолдануға болады.  Күтпеген инфляция  стихиялы түрде пайда болады, алдын-ала болжау мүмкін емес, баға кенеттен өседі, ол ақша айналмына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді.

    Болжамды  күтпеген инфляцияны кенеттен өршитін  инфляциядан ажырата білу керек. Күткен инфляцияның  мерзімін анықтауға  болады, үкімет оны «жоспарлайды», мысал  бағаны Ресей федерациясының, Қазақстанның 1991 жылы бағаны ырықтандыру алдында жасаған бағаны жоғарылату  қарқынының бағдарламасын келтіруге болады.

    Кенеттен  болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен сипатталады, ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс  әсер етедіү егер экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысының құнсыздануынан қауіптенп артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет  көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді. Қоғамдағы шын қажеттілік бүркемеленеді, шаруашылықтың қалыпты жайы бұзылады. Бағаның тұтқиылдан шарықтауы инфляцияның  күтілуі  одан әрі арандатып, бағаның өсуін өршітеді. Егер бағаның тұтқиылдан өсуі «инфляцияны күту» басталмаған экономикада орын алса, онда халықтың, бағаның өсуіне көзқарасы өзгеше болады. Бағаның күрт өсуі қысқа мерзімді құбылыс, ол төмендейді деген үмітпен, тұтынушылар рынокқа сатып алу қабілеті бар сұраныс жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне, оны төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы да өзінің тепе-теңдік жағдайына келеді. Ибіз рыноктық шаруашылық қызметінің әсерін, оңды нәтижесін көрсеттік. Мұны Пигу эффектісі деп атайды.

    Инфляция  ашық түрде болуы мүмкін, яғни тауарлардың  бағалары әр түрлі факторлар әсерінен өсіп, ең жоғары деңгейге жетуі мүмкін. Басыңқы инфляция кезеңінде бағалардың өзгеруі байқалмайды. Бұл инфляция қызметтер мен тауарлар тапшылығы арқылы көрінеді. Инфляцияның бұл түрі  жабық экономикалық жүйеге тән құбылыс.

    Бағалардың  өсуі және артық ақшалардың пайда  болуы – бұл инфляцияның сырт  көрінісі, оның түпкі себептері экономикадағы тепе-теңдіктің бұзылуында.

     Экономикада инфляциялық құбылыстардың шығу себептерін және оларды дамытуға ықпалын  тигізетін барлық факторларды талдай отырып, экономистер инфляцияны сұраныс  инфляциясы және шығын инфляциясы деп екі типке бөледі. Экономикалық әдебиеттерде бұларды кейде инфляция түрлері, пайда болу тәсілдері, және т.б. атаулармен атайды. Бірақ сұраныс, шығын инфляциясы деген ұғымдар олардың мәнін, тегін толық ашады. Өйткені әрқайсысы экономикадағы инфляциялық құбылыстарды туғызатын факторлардың жиынтығы болып табылады. Сұраныс инфляциясы - өндірістің макроэкономикалық құрылымының жетілмеуінен, нарықтың аймақтық құрылым тараптарына сәйкес орналаспау салдарынан пайда болатын (нарық өндірісі, тұтыну өндірісі, ақша мен қамтамасыздандыру және т.б.) үрдіс. Шығын инфляциясы ХХ ғасырдағы барлық капитализм дәуіріне тән, бағаның шарықтауына және оның қалыптасуына олигополиялық орталықтардың әсерін, кәсіпорындардың пайда табу үшін бағаны өсіру үрдістерін көрсетеді.

     Кейде макроэкономикалық деңгейде инфляцияның  үш типі қарастырылады: классикалық, нарықтық және тепе-теңсіздік (дисбалансовый). Классикалық инфляция деп қағаз ақшалардың аса көп шығарылуына байланысты айналым саласында олардың шектен тыс көбеюін айтады; нарықтық инфляцияға шығарылған қағаз ақшалардың сомасы тұрақты болған жағдайда айналымдағы тауар массасының қысқаруы жатады; дисбаланстік инфляция типіне: экономикалық дамудың циклдық сипатынан шығатын макро және микродеңгейде қалыптасқан үйлесімсіздіктерден туатын баға деңгейінің өсуін жатқызады. Көріп отырсыздар, инфляцияның типтерін бұлай үшке бөлудің негізінде сұраныс және шығын инфляцияларының факторлары алынған.

     Сұраныс инфляциясы. Айналымдағы ақшаның шектен тыс көбеюінен тауарлар мен қызметтерге жалпы сұраныстың өсуін сұраныс инфляциясы деп атайды. Немесе кейбір оқулықтарда көп кездесетін сұраныс инфляциясының анықтамасы бойынша: “...шектен тыс көп ақшаның тым аз тауар санына (массасына) аңға шығуы”. Классикалық экономикалық теория оқулықтарында сұраныс инфляциясының себептерін былай деп тұжырымдайды.

Информация о работе Анализ финансовой деятельности