Анализ финансовой деятельности

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 13:43, реферат

Описание работы

Қазіргі кездегі ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда экономика мен экономикалық теория бүгінгі күндерде қоғамды дамытудың басты пәрменді күші болып отыр. Экономикалық құрылымы өте күрделі және экономика ғылымы эволюциялық жолмен дамып, болжамдарды жалғастырып келеді. Экономика соныменқатар қоғам өмірінің көптеген мәселелерін қамтиды. Әсіресе, соның ішінде баға, табыс, жұмыссыздық және тағы басқа құбылыстардың өзгерісімен тығыз байланысты. Қазіргі күндері экономиканы біріншіден - өндіріс, инфляция, табыстар қозғалысын түсіндіру және жазу үшін, екіншіден – экономикалық тәртіпті негіздеу үшін қолданылады

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................. 2

Ι Инфляцияның мәні, туу себептері.

1.1 Инфляцияның экономикадағы мәні............................................................3

1.2 Инфляцияның пайда болу себептері..........................................................5

1.3 Инфляцияның түрлері...................................................................................7

ΙΙ Инфляцияны ауыздықтау және тоқтату жолдары

2.1 Инфляцияның зардаптары және оны азайту іс-шаралары.....................14

2.2 Табыс – инфляциясымен күрестің басты құралы....................................17

ΙΙΙ Қазақстанда инфляцияның ерекшеліктері және инфляцияға қарсы саясат....................................................................................................................20

Қорытынды........................................................................................................23

Қолданылған әдебиеттер................................................................................24

Работа содержит 1 файл

Курсовая для Акылбаевой.doc

— 184.00 Кб (Скачать)

    Екінші, ақша  жүйесінің  кейбір  элементтерін  өзгерту, яғни  жаңа  ақша өлшемін    енгізу, баға  масштабының , ақша  түрлерін  өзгерту.

    Соғыс  және  революциядан  кейінгі  жылдары  көптеген  мемлекеттер  ақша  айналысын  тұрақтандыру  мен  экономиканы  қалпына  келтірудің  ең  бір  қажетті  жолы  ретінде  мына  әдістерді  қолданады : нуллификация, рестврация ( ревальвация ), девальвация  және  деноминация.              

    
  • Нуллификация  –ол  құнсызданған  ақшаны  жойып, орнына  жаңа  валютаны  енгізу  әдісі.
  • Реставрация- ол  ақша  өлшемінің  бұрынғы   алтын  ақша  өлшемінің  бұрынғы  алтын құрамын  қалпына  келтіру  әдісі.
  • Девальвация- ол  ақша  өлшемінің  алтын  құрамын  төмендтету.
  • Деноминация- ол ″ нольдерді  сызу ″ әдісі, яғни  баға  масштабын  ірілендіру.

    Қазақстанда  өндірісті  дамытуға  бағытталған  экономикадағы  сәйкәссіздіктерді  біртіндеп  жоймай  инфляцияға  қарсы  саясатты  құру  мүмкін  емес, осылай  инфляцияны бәсеңдетуге болады.

      Инфляция   кезінде  баға  мен  жалақы  қозғалысы  бірдей  қарқын   алмағандықтан :

     

  1. түрлі талаптардың  арасында  табыс  пен  байлық  қайта  бөлінеді
  2. бүкіл  экономика  деңгейінде  баға  мен  түрлі  тауарларды   шығару  көлемі  және  жұмыспен  қамту  қозғалысы  әр  түрлі  бағытта  жүреді . 
 

    Инфляция  бекітілген  номиналды  деңгейінде болған  кезде, процент  иелерінің  актив   табыстарын  бермек  төлемдері  үшін  бекітілген  номиналды  процент  ставкасы  бойынша  қайта  бөлуде   немесе  бөледі.Мұны  мысалы – тұрғын  үй  құрылысына  арнаған  процент  дефляция  жағдайында  төлемділік  болады.

    Инфляцияны  1%  төмендету  үшін  жұмыссыздық  жыл  бойына  өзінің  табиғи  деңгейінен  2 %  жоғары  болуы  керек.

    Инфляцияны  жұмыссыздықтың  есебінен  төмендету  әр  түрлі  шешіледі. 

    Инфляцияны  тауар  тапшылығының  басты  себебі  бола  тұрып  тауар  мен  азық – түлікті  белгіленген  норма  бойынша  бөлуге  мәжбүр  етеді.

    Инфляция  кешенді  себептердің  негізінде  пайда  болады  және  оның  маңыздылары  ьолып : мемлекеттік  бюджеттің  тапшылығы.Оны  азайту  мақсатында  мемлекеттік   бағалы   қағаздар  немесе  жай  қағаз   ақшалар  шығарылады.

                  
 

    2.2 Табыс – инфляциясымен   күрестің  басты   құралы. 

    Инфляциямен  күрестің  басты  құралы – табыс туралы  мемлекеттік саясат  енгізу  және  соны саналы  түрде жүргізу. Ол  бағаның тұрақтылығымен  жұмыспен  қамтамасыз  ету, арасындағы  иілінушіліктің  жағымсыз  салдарынан   жұмсартады.

    Әлемдік  практикада   инфляциямен  күрес  тек  қана  ақша  бюджеті  және  ақша – несие  саясатынан  күшті  әсер  бере  алмады. Сонымен  қатар  табыс  саясатына  да  қажетті  және  тиісті  еңбек  төлемінің   өсуімен  кәсіпкерліктің  барлық  түрінен  асыруға  болмайды.

    Ақша  – несие саясаты  инфляцияның  төмендеу  деңгейінің  бағыты  және  курстық    айырбастау  стабилизациясы  деңгейі  1994  жылдың  1 – ші  жарты  жылдығында  күтімді  нәтиже   бермеді.

    Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  статистикалық  комитеті  қаңтар – шілде  айларына  инфляция индексін 534,5 %- ден құрды. Сонда тұтыну  тауарлары 6 есе қымбаттады. Ақша  несие саясаты Қазақстан Республикасның

    Орталық  банкі  2-ші  жарты  жылдықта , жалпы    республикада  бірінші  рет инфляцияның  қарқыны  113,3 %  -тен  тамыздан  қыркүйекке  дейін  109 % -ке  түсті.Көптеген  елдерде тауарлар  мен өндірістік  емес  тауарлар   бағасы    бір   деңгейде   қалды, ал  кейбірінің  бағасы  түсті.

    Қазақстанның  табыс  саясаты  анық  емес  түрде, табыстың  шектелу  түрінде  жүрді. Мысалы  1996  жылы  жұмысшылар  мен  қызметкерлердің  еңбек  ақысы  4,7  есе  өсті, 1997  жылы  қаңтарда  92 %  шамасында  қолма – қол  ақша  көлемі  болды.

    Табыс  саясатындағы  өндірістік  шығын  еңбек  ақының  өсуімен  инфляция  шығынына  әкеліп  соғады.

    Экономикалық   саясаттың   негізгі  реттеушісі  болып   инфляциялық  факторлар  Қазақстанда  олар  инфляциялық  шығынды  анықтайды. Мұны  1992 – 1995  жылғы   өндірістің   құлдырауы   дәлелдейді.

    Инфляция  – ақша  жүйесінің  дағдарысты  жай – күйі.Ақшаның  құнсыздануына  мына  факторлар  әсер  себепші болады : 

    
  • айналысқа  артық  ақшаның  шығарылуы
  • қолайсыз  төлем балансы
  • үкіметке  сенімнің  жоғалуы
 

    Инфляция  әлемнің  көптеген  елдеріндей  экономиканың  қазіргі  дамуының  ең  өткір  проблемаларының    бірі болып  есептелді.

      Инфляцияның  көріну  нысандары : 

      -   тауарлар   мен  қызметтерге   бағаның  өсуі,оның  үстіне  бірқалыпты  емес  өсуі, мұның   өзі  ақшаның  құнсыздануына,оның   сатып  алу  жарамдылығының  төмендеуіне  ұрындырады;

      -   ұлттық  ақша  бірлігінің  шетелдік  ақша  бірлігіне  қатысты  бағамының  төмендеуі;

      -  ұлттық  ақша  бірлігінде  көрінетін  алтынның  бағамының   көтерілуі.

              

      Инфляцияның    ішкі  және  сыртқы  факторларын ( себептерін )

    айыра  білу  қажет. Ішкі  факторлардың   арасында  ақшаға  жатпайтын  және  ақшалай – монетарлық  факторларды  бөлуге  болады. Ақшаға  жатпайтындары – бұл  шаруашылық  сәйкестігінің  бұзылуы; экономикалық  циклдің  дамуы, өндірістің  монополизациялануы , инвестициялардың  теңгерімсіздігі. Ақшалай  факторларға  мемлекеттік  қаржының  дағдарысы – бюджет  тапшылығы, мемлекеттік  борыштың  өсуі, ақша  эмиссиясы, кредит  жүйесінің  кеңеюі.

      Дүниежүзілік  құрылымдық  дағдарыстар  ( шикізат , энергетика, валюта  дағдарыстары ), басқа  елдерге  инфляцияны  экспортқа  шығаруға  бағытталған  мемлекеттік валюта  саясаты, алтында, валютаны   жасырын   экспортқа  шығару  инфляцияның  сыртқы  факторлары  болып  табылады. 

      Инфляция  кезінде  мемлекет  іс- қимылын екі  нұсқасы   болады : 

    
  1. Бейімделу саясатын  жүргізу  немесе  инфляцияға  бейімделу, бұл  кезде  салықтарды , жалақыны , пайыздық  мөлшерлемелерді, инвестицияларды  индекстеу  жөнінде  шаралар  қолданылады, компаниялар  мен  фирмалар  қысқа  мерзімді  жобаларды  өткізеді, жеке  тұлғалар  табыстың  қосымша  көздерін  іздестіреді  және  тағы  сол  сияқты ;
  2. Инфляцияны  төмендету  немесе  басу  жөнінде инфляцияға  қарсы  шаралардың  кешенін  жүргізу. Инфляцияға  қарсы  саясат – инфляциямен  күреске  бағытталған  экономиканы  мемлекеттік  реттеу   жөніндегі  шаралар  кешені. Мұндай  саясаттың  екі  негізгі  жалпы  белгіленген : дефляциялық  саясат  және  кірістер  саясаты.

      Дефляциялық  саясат – мемлекеттің   шығындарды   азайту, кредит  үшін  пайыздық  мөлшерлемелерді  арттыру,  салық  ауыртпалығын  күшейту,  ақша  массасын  шектеу  жолымен ақша – кредит және  салық  механизмі  арқылы  ақша  сұранымын   реттеуді  қарастырады.Бұл  саясат  экономиканың  өсуін  тежейді.

      Кірістер  саясаты – бағаға  және  жалақыға  оларды  толықтай    матау  немесе  олардың  өсу   шегін  белгілеу  жолымен   параллельді  бақылау  жүргізуді  қажет  етеді.Оны  жүзеге  асыру  әлеуметтік  қайшылықтарды  қоздыруы  мүмкін.

      Салық  саясаты  инфляция  жағдайында  екі  өзара  байланысты,бірақ   қайшылықты  міндеттерді  шешуі   тиіс :

      Біріншіде, мемлекеттік  бюджеттің   теңдестігіне  жету  және  тапшылығын  жою  үшін  оның  кірістерінің  деңгейін  көтеру  керек;

    Екіншіден, экономиканың  бастапқы  буындарында - өндіріспен  айырбас  сферасында  экономикалық  белсенділікті  жандандыру  қажет.

    Өршімелі  инфляция  кезінде  бірқатар  елдер  пайдаланған  инфляциямен  күрестің  айырықша   нысаны – естен  тандыру  терапиясы. Оның  мәні – нарықтық  қатынастарды   дамытуды  көтермелеуде, еркін  бағаларды  белгілеуде, бағаларды  реттеуден  бас  тартуда  және  осылардың  нәтижесі  ретінде – халықтың  тұрмыс  дәрежесінің  төмендеуінде  болады.

               
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    
  1. Қазақстанда  инфляцияның  ерекшеліктері  және  инфляцияға  қарсы  саясат.
 

    КСРО  құлағаннан  кейін  Қазақстан  және  де  басқа  тәуелсіздік  алған  мемлекеттерде  қаржы  жүйесі  сақталынып  қалды. Реформа  бөліктеп  либерализациядан  басталды . өндірістік  бағаларға  90 –шы  жылдардың  аяғында, ал әмбебаптық  өндіріске  1991  жылдың  сәурінен  басталған  болатын. Бекітілген  бағалардың  саны  тез  қысқарды, еркін  бағалаулы  баға  енгізілді, яғни  мұнда  максималды   түрде  пайда  алу  көзделді.

      Қазақстанның  1993  жылдың  қазанына  дейін  Ресейдің  рубльдік  аймағында  болып  келгені   белгілі. Сондықтан  Ресейдің  экономикасында  болып  жатқан  дағдарыспен  инфляцияны күшейтуші  жағдайлар  Қазақстанның  экономикасына  тікелей  баралды. Оның  үстіне, көрші  елдердің  Ұлттық  валюталарын  енгізгендері, Ресейдің  1961 – 1992  жылдарда  шығарылған  ақшасын   жаңа, 1993  жылғы  ақша  белгілеріне  айырбасталуының  салдарынан  Қазақстанға  жан – жақты  миллиардтаған   ескі, айналымда  жоқ , Кеңес  және  Ресей  ақша  белгілері  құйыла  бастады.

          Ресей үкіметі мен рублдік аймақты қайта құру  жөніндегі жүргізілген келіссөздер ешқандай  нәтиже  бермеді. Олардың  қойған  шарттарын  қабылдаған  күнде  Қазақстан  іс  жүзінде, өзінің  егемендігін    жоғалтатын  болды. Осындай  қиын  жағдайдан  шығу  үшін Қазақстан  Үкіметі  ұлттық  ақша – теңгені  айналымға   шығаруды  жөн  деп  тапты. Шынында  да  бұл  қиындықтан  шығудың  бірден – бір  жолы  еді. Бір жақсысы  үкімет  ұлттық  ақша  шығаруға  алдын  ала  дайындалған  болатын. Ең  маңыздысы  жеткілікті  мөлшерде  теңге  басылып, әкелініп, енді  айналымға  шығуға  дайын  болатын. Сөйтіп, Қазақстанның  ұлттық ақшасы ( валютасы ) – теңге дүниеге келді.

    Ұлттық  валюта  енгізу - әр  елдің тарихында  бір – ақ  рет  болатын  оқиға. Қазақстанда  осындай  есте  қаларлық  қуанышты  сәтті  бұдан  11  жыл  бұрын  1993  жылы  15  қарашада  бастан  өткерді. Ұлттық  валютаның  теңгенің  енгізілуі  мен  Қазақстан  мемлекетінің  қалыптасуы  мен  дамуының  жаңа  шын  мәніндегі  өзгерістер  кезеңі  басталды .

    Мемлекеттік  маңызды  теңге  шығару  тапсырысы  барынша  қысқа  мерзімде  және  жоғары  полиграфиялық  деңгейде   орындалды. Теңгенің  алғашқы  банкноттарын  полиграфиялық  дайындауды " Харрисон және  ұлдары"  фирмасы  жоғары  деңгейде  жүзеге  асырды.

    Жалпы  теңгенің  тарихын  мынадай  кезеңдерге  бөлуге  болады :

  1. – кезең. Инфляцияны  ауыздықтау,  ұлттық  валютаның  және  қаржы рыноктарының    қалыптасуы ( 1993 – 1996 жылдар)  1995  жылдың  аяғында 8,2  %  болған  ЖІӨ өсу қарқыны төмендеуінің   сақталуына  қарамастан, осы кезеңнің   аяғында инфляцияның деңгейін 60,3 %-ға  дейін   төмендетуге   қол жетті. /1994 ж ( Р4) -1258 % /
  2. –кезең.Экономиканы  тұрақтандыруға  қол  жеткізу  және  банк  жүйесін  жедел  түрде  реформалау  / 1997 – 1999/.Экономикалық  реформаларды   жалғастыру   нәтижесі  1999  жылы  ЖІӨ - нің  2,7 %  өсуі, инфляция  деңгейінің  17,8 % -ке  төмендеуі  және  нақты  жалақының  индексінің  13,1 %   жоғарлауы  болды. / Р6  1996 – 28,7; Р7  1997 – 11,2 %, р8  1998 -1,7% /.
  3. –кезең. Экономиканың  тұрақты  өсуі, қаржы  секторын  қарқынды  дамыту  және  барлық  қаржы  секторының  халықаралық  стандарттарға    көше  бастауы ( 2000  жылдан  бастап ).

      ЖІӨ - нің  жиынтық  өсуі   соңғы  3  жылда  33%-ға  жуық  болды, бұл  Қазақстанның  экономикалық  даму  қарқыны  жағынан  әлемдік   лидерлердің  бірі  болуына    мүмкіндік  жасады. 2000  жылдың  9  айында экономикалық  өсу  8,6 %  болды. / Р10  2000  жылы  инфляция  9,8 %, Р11  2001  жыл – 5,5 %, Р12  2002  жыл – 3,25 %, Р13  2003   жыл  - 2,1 %  болды /.

Информация о работе Анализ финансовой деятельности