Жұмыссыздық пен жұмысбастылық

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2012 в 14:22, курсовая работа

Описание работы

Жер бетіндегі тіршілік иелерінің ішіндегі ең саналысы адам екендігі ешкашан күмән тудырмайтын такырып. Санасының үздіксіз дамуы арқасында адам керемет жасампаз күш-қуатқа ие болды. Нәтижесінде адам табиғаттың жаратылысы бола отырып, оның билеушісіне, өзгертушісіне айналды. Қазіргі заманғы адам табиғаттан тәуелділігін айтарлықтай жұмсартып, өзі әлі де болса сол табиғаттың ажырамас бір бөлігі екендігіне қарамастан, ол табиғатты өзгерте алатындай дәрежеге жетті.

Содержание

КІРІСПЕ
I. Еңбек – негізгі өндірістік фактор ретінде
1.1 Еңбек - өндірістік факторы
1.2 Жұмыссыздық түрлері
1.3 Жұмыссыздық деңгейі және жұмыссыздық көрсеткіші
1.4 Жұмыссыздықты анықтау критерийлеріжәне санау әдіснамасы
II. ҚР жұмыспен қамту саясаты
2.1 Жұмыспен қамту еңбек рыногы және жұмысыздық
2.2 Толық жұмысбастылық және жалақының қатаңдығы
2.3 Өз бетінше жұмыспен қамтылған халықты анықтау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
2.4 Қазақстандағы өз бетінше жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халықтың санын аныктау
2.5 ҚР жұмыспен қамту,оны жетілдіру жолдары және статисталық көрсеткіш
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

Жұмыссыздык пен жумысбастылык.doc

— 281.50 Кб (Скачать)

Жұмыс нарығы

    Тәуелсіздік  алғалы бері елде еңбек рыногына  әсер ететін бірқатар факторар пайда болды. Соның бірі көлеңкелі экономика. Бұл салаға бастама берген негізінен жұмысшыға жасырылған ақы төлеп немесе еңбек етуге қолайлы жағдай туғызбағандықтан мемлекетке салық төлемейтін сектор жатады.

   Бұған  ең алдымен ел экономикасы көтерілгеннен бері елге ағылған босқындар, гасторбайтерлер жатады. Қазір нақты қанша көлемде мұндай жұмыссыздық түрі барлығын ешкім тап басып айта алмайды.

    Сонымен  бірге Қазақстан үшін жастар  арасындағы жұмыссыздық ең бір  бас ауыртар мәселе, елде оқымайтын және жұмыс жасамайтын жастар саны жалпы активті бөліктің сегізден бір бөлігін құрайды.

Ал әйелдер  ең бір активті топ болып табылады, бірақта онда да жұмыссыздық бар  және ол негізінен жасырын жұмыссыздық  қатарына жатқызуға болады.

Жұмыссыздықпен күрес

    Қазір  көптеген мекемелер әлдекашан  ұмытылған проблема жұмыс кадрларының  кажеттігіне ұшырады. Бұрын олар  өте көп болса, казір олар  әртүрлі салаға кетуіне, квалификациясы  төмендеуіне байланысты өте аз. Ал бар жұмыс іздеушілердің  квалификациясы жоқ немесе өте төмен. Сонда қоғам бір біріне қарама қарсы екі түрлі ауруға шалдығуы мүмкін:

1. кадр дефициті

2. жұмыссыздық.

   Университеттер, училишщелер, колледждер мен өндіріс  орындарының тіл табысуы бұл  мәселені шешуі мүмкін. Осы тұста  мемлекетке осы секторды басқару үшін белгілі бір стратегия қажет.

1. жұмысшыларды  мемлекеттен тыс әдіспен орналастыру,  бұл әдіс негізінен натуралды  шаруашылықтарға тән.

2. жұмыссыздық  әсерін төмендету, бөл жерде  жұмыс жасайтын сектор зардап  шегеді, себебі жұмыссыздарға берілетін өтемақы салық есебінен алынады.

3. Жұмыс орындарын  ашу. Бұған келісу қиын өйткені  ол кедей елдерден имигранттар  келуін көбейтпесе ашылған жұмыс  орындарға жергілікті жұмыссыздардың  бара қоюы екіталай.

    Жоғарыда  аталған әдістерден басқа қоғамдық  реттеу әдісі де бар. Ол коғамдағы басқа жұмыссыздыққа әсері бар факторлар:

1. білім беру

2. жұмыс табуға  көмек т.б

Бұл факторларды  қолдана отырып сыртқы жұмыс іздеп  келушілер мәселесін де еске алған  жөн

Қыркүйек  айындағы еңбек нарығындағы  жағдай

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, Республика экономикасында 2011 жылғы қыркүйекте (бағалау бойынша) 8,4 млн. адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы ұқсас кезеңге қарағанда олардың саны 274,5 мың адамға немесе 3,4%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,7 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 67,2%) құрады.

Ағымдағы жылғы  қыркүйекте жұмыссыздар саны, бағалау  бойынша, 472,5 мың адамды, жұмыссыздық  деңгейі 5,3% құрады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2011 жылғы қыркүйек айының соңына 78,7 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,9%-ын құрады (2010ж. қыркүйекте – 0,7%).

2011 жылғы қыркүйекте  бағалау бойынша жасырын жұмыссыздық  деңгейі экономикалық тұрғыдан  белсенді халықтың 0,3%-ын құрады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ҚОРЫТЫНДЫ 

    Еңбек рыногында да сұраныс пен ұсыныс заңдары әрекет етіп, жұмыс күшін  сатып алу жәие сату жетілген және жегілмеген бәсеке жағдайларында жүреді. Еңбек рыногында сұраныс пен ұсынысты тендестіретін ерекше “баға тепе-теңдігі” орнайды. Мемлекет пен кәсіподақтың еңбек рыногына әсері ерекше.

    Әуелі жұмыспен қамтудың классикалық концепциясын қыскаша қарайық. Классикалық теория (классиктер) деп маркстік емес әдебиеттегі, әлбетте ағылшын мен американдықтардың теориясын түсінеді. Олар Рикардодан Маршаллга, Пигу және тағы басқалары ортодоксальдық (алган бағыттан қайтпайтын) теорияларға табан тіреп, жалпы экономикалық теңдік теориясын жасауға бағыт ұстайды, жұмыспен қамтудың классикалық теориясы әлем деңгейінде еңбекке сұраныс және еңбекті  ұсыну қызметін құруға, оны жетілген бәсеке рынок жағдайында да пайдалануды ұсынды. Мұндай күрделі қызметтерді тек жекелеген кәсіпкерлер сұранысы мен жекелеген жұмыскердің ұсынысы қызметтерін біріктіру арқылы мүмкін. Еңбекке сұраныс жасайтын адам — кәсіпкер ғана. Бәсеке жетілдірілген рыноктарда кәсіпкерлер жалдайтын жұмысшылардың саны екі көрсеткішпен анықталады — нақты жалақы мен шекті енбек өнімінің құқы (оның ақшалай көрінісі). Жалданатын  жұмысшы санының артуымен шекті өнім құны төмендейді. Қосымша жұмыс күшін камту шектеулі өнім құны жалақы төмендеуімен теңдескенде ғана тоқталады.

    Статистикалық деректер үй шаруашылығына зерттеу  жүргізу негізінде жиналады. Анкета сұрақтарына байланысты, әрбір адам 3 түрлі санаттың біреуіне жатады. Жұмыс істейтін, жұмыссыз және жұмыс күшіне кірмейтіндер. Жұмыс істейтін адам деп - үй шаруасымен немесе оқумен шұғылданбайтын, апта бойы жұмыс істейтін адамдарды осы топқа кіргіземіз. Егерде азамат жаңа жұмысқа шығуды күтіп жұмыс істемесе, яғни уақытша босатылса немесе жұмыс іздеп жүрсе, онда ол - жұмыссыз деп саналады. Алғашқы екі санатқа жатпайтын азаматтар (мәселен, студенттер және үй шаруасындағы әйелдер), жұмыс күші құрамына кірмейді: олар жұмыс істемейді, іздемейді және жаңа жұмысқа көшу кезеңін күтпейді.

    Мамаңдық  дәрежесін көтеру. Үстіміздегі ғасырдың бірінші жартысында өндірісте жаппай конвейерлік және түйдек әдісті енгізу жоғары мамандығы бар жұмысшыларға сұранысты көбейтті (алдымен станокта істейтін, конвейер жанында тұратын). Соңғы 30 жылда күрделі автоматтан- дырылған жабдықтарды жөндейтін, өндіріске ендіретін, мамандық иелеріне деген қажеттілік күшейді.

   Жоғарыдағы  айтылғандардан екі түрлі қорытынды  шығады.

1. Бізде жұмыссыздық  бар, ол мәселе шешім күтеді.

2. Жұмыссыздық  қарама қайшылықтарға толы.

   Біздегі  жұмыссыздық, жалпы алғанда жұмыссыздық  жұмыс күштерін резервациялайтын  қойма рөлін атқарады. Әртүрлі  структуралық өзгерістерге ұшырау  салдарынан пайда болған артық  жұмыс күші, әрине, белгілі бір  уақыттан кейін басқа салаларды  меңгеру арқылы жұмыс табады. Бірақ ол үшін оларға мемлекет және қоғам тарапынан көмек қажет.

   Қарап  отырсақ, біздегі жұмыссыздық  екі түрлі қарама қайшылыққа  кездеседі. Біріншісі кадр тапшылығы  болса, екіншісі белгілі бір  салаларда оның артықтығы. Осы  мәселелер ең бір шешім қиын мәселелер, дегенмен, оны да жоғарыда айтылған үлкен қоғамдық өзгерістер шешеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Экономикалық теория негіздері   авторы: Я.Әубәкіров.

2. Макро-экономика авторлары:Н.Қ.Мамыров,М.Ә.Тілеужанова

3. Экономикалық теория:Нарматов С.Р.,Нарматова А.С.

4. Қазақстан -2030.  Барлық  қазақстандыктардың     өсіп- 
өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының   артуының 
стратегиясы: Ел басының Қазақстан халқына үндеуі. 
— Алматы: Білім, 1997

5. В. М. Гальперин, П. И. Гребников, А.'И. Леусский, Л. С. Макроэкономика

6. Халықаралық Еңбек Ұйымы, 1985ж.,  «Еңбек статистикасы туралы Конвенция» №160.

7. Халықаралық  Еңбек Ұйымы, 1985ж., «Еңбек статистикасы  бойынша ұсынымдар» №170.

8. Халықаралық  Еңбек Ұйымы, «Жұмыспен қамтылу, жұмыссыздық және толық емес жұмыспен қамтылу» әдіснамалық нұсқаулық.

9. Экономикалық  тұрғыдан белсенді халық, жұмыспен  қамтылу, жұмыссыздық  және  толық емес жұмыспен қамтылу  - Еңбек статистиктерінің 13-ші халықаралық  конференциясында қабылданған   Резолюциясы.

10. Кәсіптегі  жағдайы (жұмыспен қамтылудағы  мәртебесі) бойынша  халықаралық  жіктелім – Еңбек статистиктерінің 15-ші халықаралық конференциясында  қабылданған ЖҚМХЖ-93.

11. Экономическая теория под ред. В.Д. Камаева. М.: 1999ж

12. Общая теория денег и кредита: Учебник / Под ред. Б.Ф Жукова. - М: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1995ж

13. Статистика. Ю.К. Шоқаманов, Қ.Қ. Белгібаева, 2010ж

14. Менеджмент. К. Бердалиев, 2005ж  

15. С. Фишер, Р. Дорнбуш, Р. Шмалензи.   Экономика. — Дело. — Макроэкономика.

16. Мэнкью Н.Г. Макроэкономика. М.: МГУ аашайй, 1994

17. К. Маркс.  Капитал. Алматы, 1968

18. Ивашковский  С.И. Макроэкономика. М., «Дело», 2000

19. Тоқсанбай  С.Р. Толық экономикалық орысша-қазақша  сөздік. «Сөздік»,1999

20. М.С. Абротина. Нарықтық экономикадағы бағалық құрылым. Оқулық «Құжат және сервис» 2002 
 
 
 
 
 
 


Информация о работе Жұмыссыздық пен жұмысбастылық