Жұмыссыздық пен жұмысбастылық

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2012 в 14:22, курсовая работа

Описание работы

Жер бетіндегі тіршілік иелерінің ішіндегі ең саналысы адам екендігі ешкашан күмән тудырмайтын такырып. Санасының үздіксіз дамуы арқасында адам керемет жасампаз күш-қуатқа ие болды. Нәтижесінде адам табиғаттың жаратылысы бола отырып, оның билеушісіне, өзгертушісіне айналды. Қазіргі заманғы адам табиғаттан тәуелділігін айтарлықтай жұмсартып, өзі әлі де болса сол табиғаттың ажырамас бір бөлігі екендігіне қарамастан, ол табиғатты өзгерте алатындай дәрежеге жетті.

Содержание

КІРІСПЕ
I. Еңбек – негізгі өндірістік фактор ретінде
1.1 Еңбек - өндірістік факторы
1.2 Жұмыссыздық түрлері
1.3 Жұмыссыздық деңгейі және жұмыссыздық көрсеткіші
1.4 Жұмыссыздықты анықтау критерийлеріжәне санау әдіснамасы
II. ҚР жұмыспен қамту саясаты
2.1 Жұмыспен қамту еңбек рыногы және жұмысыздық
2.2 Толық жұмысбастылық және жалақының қатаңдығы
2.3 Өз бетінше жұмыспен қамтылған халықты анықтау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
2.4 Қазақстандағы өз бетінше жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халықтың санын аныктау
2.5 ҚР жұмыспен қамту,оны жетілдіру жолдары және статисталық көрсеткіш
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

Жұмыссыздык пен жумысбастылык.doc

— 281.50 Кб (Скачать)

    КІРІСПЕ 

    Жер бетіндегі тіршілік иелерінің ішіндегі ең саналысы адам екендігі ешкашан күмән тудырмайтын такырып. Санасының үздіксіз дамуы арқасында адам керемет жасампаз күш-қуатқа ие болды. Нәтижесінде адам табиғаттың жаратылысы бола отырып, оның билеушісіне, өзгертушісіне айналды. Қазіргі заманғы адам табиғаттан тәуелділігін айтарлықтай жұмсартып, өзі әлі де болса сол табиғаттың ажырамас бір бөлігі екендігіне қарамастан, ол табиғатты өзгерте алатындай дәрежеге жетті. Сондай күш-куат адамда қайдан және қалай пайда болды деген сұраққа бір ғана жауап бар - ол құдыретті Еңбек! Классиктер айтқандай, адам өзінің қажырлы да мақсатты енбегінің арқасында жануарлар дүниесінен бөлініп шығып, қарапайым биологиялық  тіршілік иесі болудан қалды. Адамның барлық жетістіктерінің қайнар көзі ақыр соңында еңбекке келіп тіреледі

    Неліктен адам еңбек етуге мәжбүр? Күнделікті қарапайым өмірде жиі кездесіп жүрген “еңбек”, “өндіріс”, “энономика” деген ұғымдар нені білдіреді?

    - Олар  бір мағыналы ұғымдар ма, яғни синонимдер ме?

    Бұл ұғымдар ұқсас болғанымен, мағынасы әртүрлі ұғымдар. Еңбек дегеніміз адамдардың саналы және мақсатгы іс-әрекеті. Адам еңбекке кірісер алдында алдымен әрекеттерін ойластырып алып, максаттар жүйесін құрып алып, содан кейін сол мақсаттарға жетуге нақты қадамдар жасайды, яғни қажет нәрселерді өндіруге кіріседі.

    Қарапайым ой тұрғысында адамдардың шаруашылық қызметін білдіретін «өндіріс» деген термин «экономика» деп айтылып жүр. Батыстың және ТМД елдерінде баспадан шыққан кейбір экономикалық әдебиеттерде де «экономика» мен «өндіріс» деген ұғымдар синоним ретінде қолданылып, ұғымдарды шатастырушылық орын алып отыр. Бұл екі ұғымды шатастыруға болмайды.

    Өндіріс-адамдардың шаруашылық қызметі. Ол қажетті материалдық және материалдық емес игіліктердің процесі ретінде көне заманнан бастап орын алды. Ол заман «алғашқы кауымдық қоғам» деген атпен тарихтан орын алды.

     Жұмыссыз  және өз бетінше жұмыспен қамтылған  халықтың санын анықтау жөніндегі  әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі  – Әдістемелік ұсынымдар) Қазақстан  Республикасының еңбек нарығында жұмыссыз және өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың статистикалық көрсеткіштерін қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

     Әдістемелік ұсынымдар жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық мәселелері бойынша  Халықаралық Еңбек Ұйымының (бұдан  әрі - ХЕҰ) ұсынымдары мен стандарттарына және Еңбек Статистиктерінің Халықаралық Конференциясында (бұдан әрі - ЕСХК) қабылданған қарарларға негізделген.

     Әдістемелік ұсынымдар жұмыссыздық және өз бетінше  жұмыспен қамтылуды анықтаудың халықаралық  стандарттарын және критерийлерін және оларды Қазақстан статистикалық тәжірибесінде колдануды камтиды.

     Дүниежүзілік  бірлестіктің көптеген елдерінде еңбек  нарығы бойынша ақпарат алу үшін халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу  деректері негіз болып  табылады. Статистикалық тәжірибеде әрбір тұлғаны жұмыспен қамтылған немесе қамтылмаған халықка жатқызу үшін  ХЕҰ және Еуростат әдістемелік ұсынымдары колданылады.

     Әлемдік статистикалық тәжірибеде қолданылатын жұмыс күшін іріктемелі зерттеуді  ұйымдастыру, көрсеткіштерді есепке алу  мен  қалыптастыру критерийлерінің әдіснамалық негізі: 

    «Жұмыспен қамту, жұмыссыздар  және толық емес жұмыспен қамту»  ХЕҰ әдіснамалық басшылығы («Surveys of economically active population, employment, unemployment, and underemployment»);

    «Еңбек нарығының негізгі индикаторлары» жүйесі («Key Indicator of the Labor Market» KILM) және 1999 жылы Женевада ХЕҰ-мен әзірленген KILM индикаторлар жүйесін қолдану бойынша басшылық;

     Кәсіптегі жағдайы (жұмыспен қамтылудағы  мәртебесі) бойынша  15-ші  ЕСХК  қабылданған халықаралық  жіктелім – ЖКМХЖ (International Classification by Status in Employment, ICSE-93) болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    I.Еңбек – негізгі өндірістік фактор ретінде

    1.1 Еңбек - өндіріс факторы 

    Еңбек адамның мақсатқа сай қызметі, еңбектің көмегімен адам өз кажетін өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді. Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. Адамды адам еткен еңбек деп айтудың өзі де жайдан-жай емес. Адам еңбек арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне пайдаланды, еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу-өнер, ғылымды игерді.Еңбек туралы айта отырып, еңбек өнімділігі мен еңбек қарқындылағы деген ұғымдарга да тоқталған дұрыс болар. Еңбек қарқындылығы — белгілі бір уақыт ішінде жұмсалған еңбектің мөлшері мен еңбек пәрменділігі. Конвейерлі (тізбекті) жұмыс әдісін шапшаңдатқанда, бір мезгілде жұмыс істейтін жабдықтарды көбейткенде, уакыт ұтып еңбек қарқындылыгын арттыруға болады. Ғылыми-техникалық революция жағдайында, өңдірісті кешенді механизациялау және автоматтаңдырумен байланысты жұмысшының дене күшін жұмсауы азаяды, есесіне ой — ми энергиясын жұмсауы ұлғаяды. Жұмыс күнінің ұзақтығы қысқартылса, еңбек карқындылығы артады, керісінше, жұмыс күнінің ұзақтығы артатын болса, еңбек қарқындылығы төмендеуі мүмкін. Ғылыми-техникалық революция еңбек сипатын өзгертті. Еңбектің мамандық дәрежесі өсті, кадрларды кәсіптік жағынан даярлауга кететін уақыт көбейді, өндірісте күрделі машиналар мен механизмдерді пайдаланумен байланысты адамдардың дене еңбегінің үлесі барган сайын азаюда, жұмысшы технологиялық процестің мәнін ұғынып, қымбат та күрделі жабдықтармен жұмыс істей алатын, өздігінен бастама көрсететін дәрежеге көтерілді. Жұмыс күні бойынша еңбек қажетті және косымша болып бөлінеді. Жұмысшы жұмыс уақытының бір бөлігін өзіне қажетті өнімдерді өндіруге жұмсайды. Бұл уакыт ішінде жұмсалган еңбек қажетті еңбек болып табылады. Алайда жұмысшы тек осындай көлемде өнім өндірумен шектелсе, қоғам одан әрі дами алмаған болар еді. Өндіріс көлемін ұлғайту және барған сайын жетілдіру, ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету, еңбекке жарамсыз адамдарға көмек көрсету, материалдық емес өндіріс салалары қызметкерлерінің кажеттіліктерін өтеу қоғамның міндеті. Сондықтан жұмысшыға қажетті жұмыс уақытынан тыс еңбек етуге де тура келеді. Мұндай уақыт ішінде жұмсалган еңбек — қосымша еңбек деп аталады. Бір ескеретін жәйт еңбектің қажетті және қосымша болып бөлінуі маркстік әдебиеттерге ғана тән, ал қазіргі батыстық экономикалық әдебиеттерде бұл жоқ.

    Жұмыс іздеу және уақытша жұмыссыздық

    Жұмыссыздық себептерінің біріне жұмыс күші құрылымы мен бос жұмыс орындары арасындағы сәйкестікті орнату үшін белгілі уақыт кезеңінің қажеттілігі жатады. Бесінші тарауда қарастырылған еңбек нарығының тепе-тендік үлгісі жұмысшылар деңгейінің бос жұмыс орындарына сәйкестігін болжайды, жұмысшы кез келген жұмыс орнына лайықты. Егер ол шынында солай болса, еңбек нарығы тепе-тендік жағдайда болып, онда жұмыс орнын жоғалту жұмыссыздықты тудырмайтын еді: еңбек нарығына шығарылғандар тез арада нарықта белгіленген жалақысы бар жаңа жұмыс табар еді.

    Уақытша жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі әрқашан ауысып тұратын нарықтық экономиканың жағдайында шарасыз. Әр түрлі тауарларға деген сұраныс ұдайы тербелісте, ал ол осы тауарларды өндіретін жұмысшылар еңбегіне деген сұраныстың тұрақсыздығын білдіреді. Мысалы, дербес компьютерді енгізу жазу машиналарына сұранысты қысқартты, ал ол жазу машинкаларын шығаратын өндірістегі еңбекке сұранысты төмендетті. Сол уақытта электронды өнеркәсіптегі еңбекке сұраныс өсті. Онан кейін, әр аймақ  әр түрлі тауар  өндіретіндіктен, еңбекке сұраныс бір уақытта елдің бір бөлігінде өсіп, ал екіншісінде қысқаруы мүмкін. Мысалы, мұнай бағасының өсуі Атырау сияқты мұнай өндіретін жерлерде жұмыс күшіне сұранысты арттырады. Экономистер осындай аймақтар мен салалар бойынша еңбекке сұраныс құрылымындағы өзгерістерді құрылымдық ығысу деп атайды.

    Құрылымдық  ығысу ұдайы болғандықтан  және жұмысшыларға жұмыс ауыстыру үшін белгілі уақыт қажеттігінен уақытша жұмыссыздық тұрақты сипатта болады.

    Құрылымдық ығыстырулар жұмысшылардың ұдайы босатылуы мен уақытша жұмыссыздықтың жалғыз себебі емес. Одан басқа егер фирма банкротқа түссе, егер олардың жұмысының сапасы қанағаттандырмаған жағдайда немесе олардың нақты мамандығы қажет етілмесе жұмысшылар аяқ астынан жұмыстан шығарылады. Жұмысшылар өздерінің мамандық қызығушылығын өзгерткен жағдайда немесе елдің басқа ауданына көшкен кезде өз тілегімен жұмыстан шығады. Еңбек нарығында фирмалар арасындағы сұраныс пен ұсыныстың тұрақсыздығынан уақытша жұмыссыздық әрқашан болады.

    Мемлекеттік саясат және уақытша жұмыссыздық

    Уақытша жұмыссыздықты түсіру жолымен жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендету көптеген мемлекеттік бағдарламалардың мақсаты болып табылады. Мемлекеттік жұмыс қызметі жұмыспен қамтылмаған еңбекке жарамды халықты жұмыспен қамтуда тиімділікті көтеру үшін бос орындар туралы хабарлама таратады. Мамандықты ауыстыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар жұмысшылардың кейбір салалардан тез өсетіндерге өтуін жеңілдетуте бағытталған. Бұл бағдарламалар жұмысқа орналасу деңгейінің өсуіне қаншалықты мүмкіндік туғызса, соншалықты олар жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендетеді.

    Керісінше, жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесі жұмыссыздардың санын үлғайтатын мемлекеттік бағдарлама болып табылады. Осы бағдарлама бойынша жұмысын жоғалтқан жұмыссыздар белгілі уақытта шамалап жалақы алуы мүмкін. Бірақ жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеудің нақты шарты жылдан жылға өзгеріп отыратындықтан жұмыссыздықтан сақтандыру бағдарламасымен қамтылған жұмысшылар әр түрлі жалақы алады.

    Жұмыссыздықтан  сақтандыру жұмысты жоғалтудың экономикалық зардаптарын жеңілдетіп, бір уақытта жұмыссыздардың санын ұлғайтады және жұмыссыздықтың табиғи деңгейін көтереді. Жәрдем алатын жұмыс- сыздар жұмысты белсенді іздемейді және олар көбінесе жалдау қарқынының көрсеткішін түсіретін көзқарасы бойынша ұнамсыз ұсыныстарды қабылдамайды. Одан кейін жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесінің болуы кәсіпкерлердің жұмысшыларды жұмыстан шығару ше- шімін тез қабылдауына әсер етеді, ал ол жұмыстан босату қарқыны көрсеткішінің өсуіне әкеледі.Жұмыссыздықтан сақтандыру деңгейінің көтерілуі туралы факт, бұл саясаттың қажетсіздігін білдірмейді. Оның жағымды жағы — жұмысшыларда нақты табыс алатындығына сенім тудырады. Одан кейін жұмысшылардың ұнамсыз жұмысқа қарсы болуына жағдай жасап, бұл саясат мүмкін жұмыс күші мен жұмыс орындары құрылымының сипаттамасы арасындағы тура сәйкестікті орнатуға жағдай тудырады. Салыстырмалы нәтижелілік пен жұмыссыздықтан сақтандырудың әр түрлі жүйелерінің құнын бағалау қиын проблема.

    Жұмыссыздықтан сақтандыру мәселесін зерттейтін экономистер, көбінесе жұмысшылар санын қысқарту үшін бұл жүйені реформалау жолдарын ұсынады. Сондай ұсыныстардың бірі жұмысшыны жұмыстан шығаратын фирмаға жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақыны толық көлемде төлетуді ұсынады. Бұндай жүйе жүз пайыздық өтем жүйесі деп аталады, себебі әр фирманың жұмыссыздықтан сақтандырудағы жарнасы жұмыссыздықтың масштабын бейнелейді. Қолданыстағы бағдарламалардың көбі ішінара өтем жүйесіне негізделген. Осыған сәйкес жұмысшыны жұмыстан шығаратын фирмадан осы жұмысшыға жұмыссыздығы үшін берілетін жәрдемнің тек бір бөлігі ғана алынады. Фирмаға жұмыстан босатылған жұмысшылардың өмір сүру деңгейін сақтау шығынының бір бөлігі түсетіндіктен, оған уақытша сұраныстың төмендеуі кезінде артық жұмысшылардан құтылу пайдалы. Өтемақының өсетіндігі көбінесе уақытша жұмыстан босатуды шектеуге мүмкіндік туғызады.

    1.2 Жұмыссыздық түрлері 

    Толық жұмысбастылық ұғымына анықтама берудің алдында біз жұмыссыздықтың 3 түрімен танысуымыз керек: уақытша, құрылымдық және циклдік.

    Уақытша жұмыссыздық

    Кейбір  адамдар өз мамандықтары бойынша  қызмет түрлерін тандау мүмкіншіліктері  бар кезде “жұмысаралық” жағдайда қалады. Кейбіреулерін жұмыстан шығарып  жіберіп, олар басқа жұмыс орнын іздеп жүреді. Басқа біреулер тұрақты жұмысын жоғалтқандықтан уақытша жұмыссыз болады (мысалы, құрылыстағы қолайсыз ауа райы жағдайы). Сонымен қатар жастар арасында алғаш рет жұмыс іздеп жүрген адамдар санаты болады.

    Осы жұмыссыз адамдар жаңа жұмыс орнына немесе уақытша жоғалтқан жұмысқа қайтып келген кезде, олардың орнын басқа жұмыссыздар басады. Сондықтан, әр түрлі себептермен жұмыссыз қалған адамдар санаты құрамын өзгертсе де, осы жұмыссыздық типі қала береді. Жұмыс іздеп жүрген немесе жұмыс орнын алуын күтіп отырған адамдарға экономистер “уақытша жұмыссыздар” деген термин қолданады (Ол жұмыстың қайта жаңғыруымен немесе іздеумен байланысты).

    Уақытша деген анықтама бұл құбылыс мәнін  нақты көрсетеді: еңбек нарығында  жұмыс орны мен жұмыс күші арасында сәйкестілік орнамайды. Уақытша жұмыссыздар еңбек нарығына ұсынатын “білімдері” бар деп есептелінеді.

    Уақытша жұмыссыздық міндетті және ерікті болып  болінеді. Жұмысшылардың көпшілігі  жұмысаралық жағдайға өз еркімен  түседі, олар — оздерінің төмен  жалақылы жұмыстарын жоғары төлемақылы жұмысқа ауыстырады. Бұл жұмысшылардың өздеріне үлкен табыс әкеледі және еңбек ресурстарының ұтымды пайдасын арттыру дегенді білдіреді. Яғни, жалпы экономикадағы нақты өндіріс көлемінің ұлғаюы.

    Құрылымдық  жұмыссыздық

    Уақытша жұмыссыздық ақырындап “Құрылымдық жұмыссыздық” деп аталатын екінші санатқа ауысады. Экономистер “құрылымдық” терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлде жойылады. Басқа мамандықтарға, соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес келмейтініне көздері  жетеді; олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп, керексіз болып қалады. Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп тұрады. Бұған соңғы 10 жылда байқалған жұмыс орындарының “қысқы белдеуден” — “жазғы белдеуге” миграциясы мысал бола алады.

Информация о работе Жұмыссыздық пен жұмысбастылық