Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2012 в 14:22, курсовая работа
Жер бетіндегі тіршілік иелерінің ішіндегі ең саналысы адам екендігі ешкашан күмән тудырмайтын такырып. Санасының үздіксіз дамуы арқасында адам керемет жасампаз күш-қуатқа ие болды. Нәтижесінде адам табиғаттың жаратылысы бола отырып, оның билеушісіне, өзгертушісіне айналды. Қазіргі заманғы адам табиғаттан тәуелділігін айтарлықтай жұмсартып, өзі әлі де болса сол табиғаттың ажырамас бір бөлігі екендігіне қарамастан, ол табиғатты өзгерте алатындай дәрежеге жетті.
КІРІСПЕ
I. Еңбек – негізгі өндірістік фактор ретінде
1.1 Еңбек - өндірістік факторы
1.2 Жұмыссыздық түрлері
1.3 Жұмыссыздық деңгейі және жұмыссыздық көрсеткіші
1.4 Жұмыссыздықты анықтау критерийлеріжәне санау әдіснамасы
II. ҚР жұмыспен қамту саясаты
2.1 Жұмыспен қамту еңбек рыногы және жұмысыздық
2.2 Толық жұмысбастылық және жалақының қатаңдығы
2.3 Өз бетінше жұмыспен қамтылған халықты анықтау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
2.4 Қазақстандағы өз бетінше жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халықтың санын аныктау
2.5 ҚР жұмыспен қамту,оны жетілдіру жолдары және статисталық көрсеткіш
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
.
2.4 Қазақстандағы өз бетінше жұмыспен қамтылған
және
жұмыссыз халықтың санын
аныктау
2001 жылдан бастап тоқсан сайынғы негізде Қазақстанда халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу жүргізіліп келеді. Зерттеу Республиканың барлық өңірінде жүргізіледі. Тоқсан сайын 21 мың үй шаруашылығы (бас жиынтықтан 0,5 % ) зерттеледі, бұл іріктеменің репрезентативтілігін өңірлік деңгейде қамтамасыз етеді. Байқау бірліктері үй шаруашылығы және онда тұратын 15 және одан жоғары жастағы адамдар болып табылады.
Халық пікіртерімі үй шаруашылығындағы әрбір мүшені сипаттайтын ақпараттан тұратын, халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеме зерттеу сауалдамасының көмегімен жыл бойы тоқсан сайын жүргізіледі. Сауалдама сұрақтардың логикалық тізбектілік принципі бойынша құрылған, соның негізінде жұмыспен қамтылғандар экономикалық тұргыдан белсенді немесе жұмыссыздар экономикалық тұрғыдан енжар денгейлері бойынша жіктеледі. Барлық жауаптар респонденттердің сөздерінен жазылады.
Белгілі адамды жұмыспен қамтылған халыққа жатқызу үшін, әр респондентке сұрақ қойылады: «Сіз заттай не ақшалай табыс табу үшін өткен аптада ең кемі 1 сағат болса да, белгілі бір жұмыс атқардыңыз ба немесе нендей бір кәсіппен (түрлі қызмет көрсетуді қоса) шұғылдандыңыз ба?».
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды жұмыспен қамтылу жағдайы бойынша (ЕХӘҚМ) бөлу, мына сұраққа берілген жауапқа сүйене отырып жүргізіледі: «Сіздің негізгі қызметіңіздің (жұмысыңыздың) мәртебесін төмендегі санаттардың қайсысы дұрыс сипаттай алады?»
- жұмыс беруші;
- өз бетінше жұмыспен қамтылу
(өз есебінен жұмыс
- отбасы қәсіпорнының қөмекші (ақы төленбейтін) жұмысшысы;
- кооперативтің мүшесі;
- жеке ауладағы жұмыс
Жұмыспен
қамтылғандардың осы санаттағы
негізгі үлесін «өз бетінше
жұмыспен қамтылған қызметкерлер»
құрайды. Бұл оларға ақшалай немесе
заттай нысанда табыс әкелетін, жеке
кәсіпкерлік қызметпен
Жеке негізде өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың санын анықтау үшін сауалнамада келесі арнайы сауалдар көзделген: «Сіз тауарларды өткізу мен қызмет көрсетуге (көлік, білім, медициналық, өзге де) байланысты қандай да бір жұмыс атқардыңыз ба, ең болмағанда аптасына 1 сағат?», сонымен бірге – «Сіздің кездейсоқ немесе уақытша табыстарыңыз болды ма (жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысты қосқанда)?».
Жеке ауласында өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың санын анықтау үшін барлық респондентерге арнайы сұрақтар: «Сіз жеке аулаңызда (үй іргесіндегі саяжай телімінде), ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге байланысты әйтеуір бір жұмыс атқардыңыз ба, ең болмағанда аптасына 1 сағат?», «Сіз жеке аулаңызда қанша уақыт жұмыс істедіңіз?» қойылады.
Бізге
белгілі, жеке ауладан алынған өнімдер
тек өзінің тұтынуына ғана емес,
сонымен қатар қосымша
а) тек меншікті тұтыну үшін;
б) жартылай тұтыну үшін, сондай-ақ айырбастау (сату) үшін.
Өткізілген өндімдердің үлесін анықтау үшін мынадай сұрақ көзделген: «Жеке ауладан (үй іргесіндегі учаскеден, саяжайдан) алынған заттай өнімдерге баға беріңіз, өзіңіздің тұтынып, пайдалану кезінде айырбастау мен сатуды қоса алғандағы пайдасы қандай»:
а) толық; б) 50% астам; в) 50% кем.
Өз бетінше жұмыспен қамтылған халық жөніндегі ақпарат жұмыспен қамтылу мәртебесі, білім деңгейі, жас тобы, экономикалық қызмет түрлері, тұрғылықты жері, жұмыс түрлері және өңірлер бөлінісінде қалыптастырылады.
Жұмыссыздық жөніндегі деректерді қалыптастыру үшін Зерттеу сауалнамасында мынадай сұрақтар берілген:
Яғни, егер де қаралып отырған кезеңде респондент жұмыссыз болғандығын, және оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын екендігі туралы жауап берген жағдайда онда ол жұмыссыздарға жатады.
Жұмыссыздық бойынша статистикалық деректер жынысы, жасы, білім деңгейі, тұрғылықты жері, жұмыс болмау уақытының ұзақтығы мен себебін, және де басқа белгілері бойынша қалыптастырылады.
Қазіргі
таңда жалпы жұмыссыздық
2.5
ҚР жұмыспен қамту,оны
жетілдіру жолдары және
статисталық көрсеткіш
Жалпы ұлттық өнім жұмысшылардың жиынтық қоғамдық еңбегімен жасалады. Бұған өндірістің метариалдық және материалдық емес салаларындағы қызметкерлер мен жұмысшылары да кіреді. Сонымен қатар бұл түсінікке қызмет көрсету мен рухани игіліктерді, әлеуметтік инф- рақұрылым және басқару саласындағылар да жатады.
Шаруашылық қызметінің интернационалдануы еңбек бөлінісінің тереңдеуі дүниежүзілік шаруашылықта жұмыс күшінің ауысуын жеңілдетіп, оның интеграциясына әкеледі.
Жиынтық жұмысшы құрылымында айтарлықтай өзгерістер үстіміздегі ғасырдың екінші жартысындағы ғылыми-техникалық революциямен (ҒТР) байланысты еді. ҒТР басты өндіргіш күшіне де әсер етеді, ең алдымен жұмысшы еңбегінің мазмұны өзгереді. Өндіріс процесінде енбек негізінен төрт қызмет атқарады; энергетикалық, технологиялық, бақылау-басқару және қисынды ойлау.
Машиналы өндіріс жағдайында бастапқы екі қызмет машинаға ауысады. Өндірісті автоматтандыру автоматты құрылымдарға үшінші қызметті де түгелдей болмағанымен көбін береді. ҒТР барысында адамның рөлі төмендей ме? деген сұракка жауап теріс болуы керек, өйткені өндіріс процесін механикаландыру мен автоматтандыру адамды ауыр, бір калыпты, қажытатын еңбектен босатып, жұмысшылардың шығармашылығын, интеллектуалдығын, алдыңғы қатарға шығарады. Өндірісте шығармашылық дамиды, шешімдер ықтималды сипат алады. ҒТР өндірістің динамикалық қозғалысын, қайта құрылысын жеделдетіп жұмысшының жауапкершілігін арттырады. Ол қысқа мерзімде өндірістік шешімдер кабылдауы тиіс, өйткені қымбат тұратын құрал-жабдықтардың қызметі жайбарақаттылықты көтермейді.
Өндірісте адам рөлінің күшеюі, қазіргі жұмысшының күшіне жаңа талаптар қояды.
Жалпы білім дәрежесін көтеру. Қазіргі өндірістің динамикасы кәсіптік мамандықты өзгертуді қажет етеді, бүгінгі мамандықтар 8—10 жылдан кейін ескіреді. Ал өзгерістің басты талабы жалпы білім деңгейінің өте жоғары болуын талап етеді. Бүгінде АҚШ-та орта жүмысшының мектепте оқу мерзімі бұдан 50 жылға карағанда екі есе ұзарды (бұрынгы 6 жылдық орнын 14,5). Екінші жағынан американ еңбекшілерінің үштен бірінің атқаратын кызметтері ондай жалпы білім дәрежесін қажет етпейді.
Мамаңдық дәрежесін көтеру. Үстіміздегі ғасырдың бірінші жартысында өндірісте жаппай конвейерлік және түйдек әдісті енгізу жоғары мамандығы бар жұмысшыларға сұранысты көбейтті (алдымен станокта істейтін, конвейер жанында тұратын). Соңғы 30 жылда күрделі автоматтан- дырылған жабдықтарды жөндейтін, өндіріске ендіретін, мамандық иелеріне деген қажеттілік күшейді.
Сонымен қатар робототехникада және басқа да қазіргі күрделі технологиялық жабдықтарда істей алатын мамандықтарға сұраныс артты. Осыған орай жоғары маман кадрлардың үлесі артып, мамандығы жоқ жұмысшылардың үлесі күрт төмендейді.
ҒТР инженер техникалық қызметкерлердің мамандығына ерекше талап қояды. Ғылымның жай эволюциялық даму кезінде, орта және жоғары техникалық білімдері бар маман соны технологияны оңай игеріп, зейнеткер жасына дейін істей береді. Бірақ бүгінде ғылыми білім көлемі әрбір 8 —10 жылда екі есе көбейіп, ал кейбір салаларды (мысалы злектроникада) әрбір 2—3 жылда жаңарған кезде бұрынғы алған білімінің ескіру процесі тездейді.
Халықтың өз бетінше жұмыспен қамтылуы жұмыс уақыты ұғымымен, яғни істеген уақыт мөлшерімен тікелей байланысты. Халықаралық стандарттарға сәйкес «белгілі бір жұмыс» есептік кезеңдегі «кем деген де бір сағат ішіндегі жұмыс» дегенді білдіреді. Көрсетілген «бір сағаттағы критерийі» бір апта немесе бір күнде есептік кезеңге қолданылады. Мұндай тәсіл жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздық көрсеткіштерінің халыкаралық салғастырымдылығын қамтамасыз ету мақсатында, нарықтық қайта құрылулар мен статистиканы реформалауды жузеге асырып жатқан елдер үшін бірыңғай болуы тиіс.
Өтпелі экономиканың негізгі көріністері
Өтпелі кезең - экономикалық жүйедегі түбегейлі езгерістер есебінен елдің экономикасы сапалы түрде жаңа түрге өтетін уақыт аралығы.
Мұндай
кезеңді ТМД елдерінің барлығы
өтті. Ел тұрғындырының нақты
табысының азаюы экономикалық
төмендеудің негізі болып
Бұл жағдайларды зерттеу арқылы біз осындай өтпелі процестерді реттеу механизмдерінің барлығын ескеру қажет. Механизмдер ретінде мынадай әдістерді қолданамыз: жалақыны мемлекет тарапынан реттеу, жұмыс берушімен мемлекеттен тәуелсіз кәсіподақтар ықпалымен жалақының өсуі.
Бірақ
та көбіне жалақыны жұмыс
1. теңсалмақты экономиканы құру, негізінен макроэкономикалық өзгерістер арқылы шешіледі, яғни нарықты әртүрлі ресурстарға толтыру.
2. жоғарыдағыдан
туатын нарықтық экономиканы
экономикалық прогрестің
Жұмыссыздыктың әлеуметтік-экономикалық салдары
Көбіне
жұмыссыздықтың экономикалық
Енді сол-салдарларға тоқталсақ.
Кері әсерлер:
1. Крименогенді жағдайдың өршуі
2. әлеуметтік кернеудің өршуі
3. физикалық және психологиялық аурулардың көбеюі
4. әлеуметтік дифференцияның өсуі
5. еңбек белсенділігінің төмеңдеуі
Пайдалы әсері:
1. Жұмыс орнының әлеуметтік маңызының артуы
2. Өз бос уақытының көбеюі
3. Жұмыс орнын таңдаудағы еркіндік
4. Әлеуметтің мән мен еңбек құндылығының артуы
Экономикалық салдарлар:
Кері әсерлер:
1. Алған білімнің құндылығын жоюы
2. Өндірістің төмендеуі
3. Жұмыссыздарға көмек шығындары
4. Квалификациясын жоғалту
5 Өмір сүру деңгейінің төмендеуі
6. Ұлттық табыстың төмендеуі
7. Салықтың аз жиналуы
Пайдалы әсері:
1. Экономиканы қайта жарақтауға жұмыс күшіің резервін жасақтау
2. Еңбекке бейімділігін өсіру мақсатында жұмысшылар арасында конкуренция
3. Білімін жоғарылату үшін уақыт
4. Еңбек өнімділігі
мең өндіріс интенсивтілігі