Жұмыссыздық пен жұмысбастылық

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2012 в 14:22, курсовая работа

Описание работы

Жер бетіндегі тіршілік иелерінің ішіндегі ең саналысы адам екендігі ешкашан күмән тудырмайтын такырып. Санасының үздіксіз дамуы арқасында адам керемет жасампаз күш-қуатқа ие болды. Нәтижесінде адам табиғаттың жаратылысы бола отырып, оның билеушісіне, өзгертушісіне айналды. Қазіргі заманғы адам табиғаттан тәуелділігін айтарлықтай жұмсартып, өзі әлі де болса сол табиғаттың ажырамас бір бөлігі екендігіне қарамастан, ол табиғатты өзгерте алатындай дәрежеге жетті.

Содержание

КІРІСПЕ
I. Еңбек – негізгі өндірістік фактор ретінде
1.1 Еңбек - өндірістік факторы
1.2 Жұмыссыздық түрлері
1.3 Жұмыссыздық деңгейі және жұмыссыздық көрсеткіші
1.4 Жұмыссыздықты анықтау критерийлеріжәне санау әдіснамасы
II. ҚР жұмыспен қамту саясаты
2.1 Жұмыспен қамту еңбек рыногы және жұмысыздық
2.2 Толық жұмысбастылық және жалақының қатаңдығы
2.3 Өз бетінше жұмыспен қамтылған халықты анықтау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
2.4 Қазақстандағы өз бетінше жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халықтың санын аныктау
2.5 ҚР жұмыспен қамту,оны жетілдіру жолдары және статисталық көрсеткіш
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

Жұмыссыздык пен жумысбастылык.doc

— 281.50 Кб (Скачать)

    Уақытша және құрылымдық жұмыссыздық арасындағы айырмашылық анық емес. Уақытша жұмыссыздарда “сатуға” болатын тәжірибе бар, ал құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқу курсын өтуі керек, ал кейде тұрғын жерін де ауыстыруы керек. Уақытша жұмыссыздық қысқа мерзімді, ал құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді, сондықтан ол қауіпті болып саналады.

    Циклдік жұмыссыздық

    Циклдік жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындардың  жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде  пайда болады. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде “сұраныс тапшылығына байланысты жүмыссыздық” деп атайды.

    Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Экономикалық әдебиеттерде кез келген қоғамдағы жұмыссыздық құбылыстары сипатына байланысты фрикциялық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, циклдік Жұмыссыздық болып ажыратылады. Фрикциялық жұмыссыздық – қызметкерлердің жұмыс орнын ерікті түрде ауыстыруымен және жұмыстан уақытша босау кезеңдерімен байланысты (қызметкерлердің бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысқан кездегі уақытша жұмыспен қамтылмауы) құбылыс. Құрылымдық жұмыссыздық – елдегі тұтыну тауарларына сұранымның құрылымында және өндіріс технологиясында болатын өзгерістер салдарынан пайда болатын құбылыс. Бұл жағдайда қызметкер не өзінің кәсібіне (мамандығына) сұранымның жоқтығы салдарынан‚ не жұмыс алу үшін жеткілікті біліктілігінің жоқтығы салдарынан жұмыссыз қалады.

    Кез келген қоғамдағы экономикалық даму барысында тұтыну тауарларының сұранымы құрылымында және өндіріс технологиясында  маңызды өзгерістер болады. Бұл өзгерістер өз кезегінде жұмыс күшіне жалпы  сұранымның құрылымын да өзгертеді. Осындай өзгерістерге байланысты кәсіптердің кейбір түрлері азаяды не қысқарады‚ ал басқа бір түрлері көбейеді. Қоғамдағы жұмыссыздықтың пайда болу себебі жұмыс күшінің осы өзгерістерге баяу ыңғайланатындығына және оның құрылымының нақты жұмыс орнына сай келмейтіндігіне байланысты болады. Фрикциялық жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздық арасындағы елеулі ерекшелік мынада: бірінші жағдайда жұмыссыздарда еңбек нарығында ұсынуына болатын дағды‚ машық бар‚ ал екінші жағдайда олар қайта даярланбайынша‚ қосымша оқып біліктілігін арттырмайынша‚ тіпті тұрғылықты жерін ауыстырмайынша жұмыс таба алмайды. Фрикциялық жұмыссыздық неғұрлым қысқа мерзімді сипатта болады‚ ал құрылымдық жұмыссыздық неғұрлым ұзақ мерзімді сипатта болады‚ сондықтан ол қоғамдағы неғұрлым елеулі жұмыссыздық болып табылады. Циклдік жұмыссыздық – елдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жиынтық сұранымның күрт азаюы салдарынан болатын құбылыс. Осы себептен оны кейде сұранымның тапшылығына байланысты жұмыссыздық деп те атайды. Циклдік жұмыссыздық – кез келген қоғам үшін экономикалық және әлеуметтік дағдарыс болып саналады. Экономикалық дағдарыс (экономикалық дамудың құлдырауы‚ тоқырау) елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың елеулі бөлігінің бостан босқа уақыт өткізуіне әкеліп соғады‚ ал мұндай жағдай олардың біліктілігінің жоғалуына‚ адамгершілік қадір-қасиеттің азғындауына‚ әлеуметтік және саяси жанжалдарға апарып соқтырады. Жұмыссыздық – барлық қоғамда болып тұратын құбылыс. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде‚ мысалы‚ АҚШ-та‚ еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы жұмыссыздық мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Фрикциялық және құрылымдық жұмыссыздық болмай қоймайды деп есептеледі. Демек, елдегі тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы – ол елде циклдік жұмыссыздықтың жоқтығын білдіреді. Жұмыспен толық қамтылу кезіндегі жұмыссыздық деңгейі оның табиғи деңгейі болып саналады. Мұндай жағдай елдегі жұмыс күшінің рыноктары теңдестірілгенде, яғни жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орындарының санына тең болғанда пайда болады. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі қоғамдағы оң құбылыс болып есептеледі. Өйткені “фрикциялық” жұмыссыздарға бос жұмыс орнын табу үшін әрқашан уақыт керек‚ “құрылымдық” жұмыссыздарға да біліктілігін жетілдіру, жаңа мамандық алу үшін немесе жұмыс табу мақсатымен басқа жерге көшу үшін уақыт керек. Егер жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орнынан асып түссе‚ онда жұмыс күші рыногінің тең болмағаны. Екінші жағынан‚ жиынтық сұраным молайған жағдайда жұмыс күшінің “жетіспеушілігі” сезіледі‚ яғни бос жұмыс орындарының саны жұмысқа мұқтаждардың санынан асып түседі. Қазақстанда нарықтық экономикаға өту кезеңінде бұрынғы тиімсіз кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық мекемелерінің жұмысын уақытша тоқтатып, жабылуына, банкротқа ұшырауына, жекешелендіріліп, қайта құрылуына байланысты құрылымдық жұмыссыздық құбылысы байқалды. 2000 жылы елдегі жұмыссыздар саны 1997 жылғы деңгеймен салыстырғанда біршама (0,2%-ке) төмендеді. Елдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформалар барысында жаңа жұмыс орындары ашылуына, ішкі, сыртқы инвестициялар көмегімен, бірқатар өндіріс ошақтары мен ауыл шаруашылығының жандануына орай, ауылды қайта өркендетудің 3 жылдық бағдарламасына байланысты жұмыссыздық деңгейі де біртіндеп табиғи деңгейге түсе бастады. 

    1.3 Жұмыссыздық деңгейі және жұмыссыздық көрсеткіші 

    Экономика ресурстардың қаншалықты жақсы қолданылатынына  байланысты сипатталады. Негізгі экономикалық ресурс жұмысбастылықты қолдайтын  жұмыс күші болады - бұл экономикалық саясаттың маңызды мақсаты.

    Жұмыссыздық деңгейі - бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының ішінде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші (пайыз түрінде). Статистика агенттігі ай сайын жұмыссыздық деңгейі мен экономикалық саясаттағы еңбек нарығының жағдайын бағалайды.

    Статистикалық деректер үй шаруашылығына зерттеу жүргізу негізінде жиналады. Анкета сұрақтарына байланысты, әрбір адам 3 түрлі санаттың біреуіне жатады. Жұмыс істейтін, жұмыссыз және жұмыс күшіне кірмейтіндер. Жұмыс істейтін адам деп - үй шаруасымен немесе оқумен шұғылданбайтын, апта бойы жұмыс істейтін адамдарды осы топқа кіргіземіз. Егерде азамат жаңа жұмысқа шығуды күтіп жұмыс істемесе, яғни уақытша босатылса немесе жұмыс іздеп жүрсе, онда ол - жұмыссыз деп саналады. Алғашқы екі санатқа жатпайтын азаматтар (мәселен, студенттер және үй шаруасындағы әйелдер), жұмыс күші құрамына кірмейді: олар жұмыс істемейді, іздемейді және жаңа жұмысқа көшу кезеңін күтпейді.

    Жұмыс күші - жұмыссыздар мен жұмыс істейтіндердің жиынтығы, ал жұмыссыздық деңгейі -бұл  жұмыс күшінің жалпы санындағы  жұмыссыздардың пайыз түріндегі анықталуы. Демек,

    Жұмыс күші = жұмыс істейтіндер саны +  жұмыссыздар саны. 

                Жұмыссыздық деңгейі =   

    Статистика  агенттігі есептейтін тағы бір статистикалық көрсеткіш, бұл пайыз түріндегі, жасы үлкен тұрғындар санының жалпы жұмыс күшіндегі үлесі: 

    Жасы  үлкен түрғындар санының үлесі  =  

    Бұл статистикалық көрсеткіш барлық тұрғындар үшін есептеледі, сонымен қатар жеке топтар үшін де қолданылады, ерлер мен әйелдер үшін, кәрі және жас адамдар үшін де есептеледі.

    Мысалы: 1989 жылғы 3 санатқа бөлінген тұрғын халық саны.Бұл жылы көрсеткіштер мынандай болды:

  • Жұмыс күшінің жалпы саны   —    119,0+6,5=125,5 млн.
  • Жұмыссыздық деңгейі    —    (6,5/125,5) х 100 = 5,2%
  • Жасы үлкен тұрғын халықтың жалпы санының жұмыс күші үлесі = (125,5/188,1) х 100 = 66,7%. Сол себепті жасы үлкен тұрғындардың бөлігі жұмыс күші құрамына кіреді, ал жұмыс күшінің 5%-ға жуығы жұмыссыздықты құрайды.

    Тұрғын  халық — 188,1 млн. (16 жас және одан жоғары)

    Жұмыссыздык көрсеткіші. Жұмыссыздык ұзактығы

    Енді  жұмыссыздық сипаттайтын кейбір қосымша мәліметтерге жүгінейік. Олар жоғарыда қарастырылған жұмыссыздық теориясын және оны қысқартуына бағытталған мемлекеттік саясаттың шараларын бағалауға көмектеседі.

    Айталық, сіз жұмысты жоғалттыңыз деп есептейік, сіздің ұзақ уақыт бойы жұмыссыз болуыңыздың ықтималдығы қанша? Жауабы өте маңызды, өйткені ол жұмыссыздық себептерін және мемлекеттік саясаттың лайықты шараларын көрсетеді. Бір жағынан, егер жұыссыздық қысқа мерзімді сипатта болса, оның уақытылы және мүмкін шарасыз болуын болжауға бөлады. Адамдарға мамандығына және тілегіне жоғары дәрежеде сай келе- тін жаңа жұмысты табу үшін уақыт керек етеді. Басқа жағынан, ұзақ мерзімді сипат алатын жұмыссыздық — өзге құбылыс, себебі лайықты жұмыс табу үрдісі ұзаққа созылмауы керек еді. Ұзақ мерзімді жұмыссыздық көбінесе жұмыссыздықты күту болады. Осыдан, жұмыссыз- дық ұзақтығы туралы мәліметтер біздің оның себептері туралы көзқарасымызға ықпал етуі мүмкін.

    Жоғарыда  қойылған сұрақтың жауабы оңай емес. Мәліметтер бойынша, көп адамдарға жұмыссыз отыру кезеңі ұзаққа созылмайды, алайда сол кезде жұмыссыздықтың жинақталған ұзақтылығына ең үлкен үлесті ұзақ уақыт бойы жұмыссыз отырғандар қосады. Мысалы, 1974 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,6% болған кезде жұмыссыздардың 60%-ы 1 ай ішінде өздеріне жұмыс тапты. Сол жылы жұмыссыздықтың жинақталған ұзақтылығынан 69%-ы 2 немесе одан көп айға созылған жұмыссыз отыру кезендеріне жатады.

    Неге  осы фактілер бір-біріне қайшы келетінін түсіну үшін, келесі мысалды қарастырайық. Айталық, 14 адам берілген жылдың кейбір бөлігінде жұмыссыз болады. Оның ішінен 12-сі бір ай ішінде жұмыс табады, ал екеуі жыл бойы жұмыс істемейді. Сонда, осы адамдар жалпы қосқанда 36 ай жұмыс істемеген болып шығады. Берілген мысалда жұмыссыздардың көп бөлігі қысқа мерзім ішінде жұмыссыз жүрді. 14 адамның ішінде 12-сі немесе 86% үшін жұмыссыздық бір ай шамасына созылады. Дегенмен, жұмыссыздықтың жиынтық ұзақтылығының көп бөлігі ұзақ уақыт бойы 36 ай ішінде 24 ай жұмыс істемеген 67% жыл бойы жұмыс істемеген екі адамға келді. Талқылау заты не болатынына қарай — жұмыссыз отырудың жеке мерзімдері ме немесе жұмыссыздықтың жиынтық  ұзақтылығы ма, жұмыссыздық не қысқа мерзімді, не ұзақ мерзімді болады.

    Жұмыссыздықтың ұзақтығы туралы мәліметтердің мемлекеттік саясатты жетілдіру үшін маңызды мәні бар. Егер мақсат жұмыссыздық деңгейін қысқарту болса, онда ұзақ мерзімді жұмыссыздық жалпы жұмыссыздық ұзақтылығына үлкен әсерін тигізеді. Алайда бұндай саясат өте дәл бағытталған, өйткені ұзақ мерзім бойы жұмыссыз отыратындар барлық жұмыссыздар арасында азшылықты құрайды. Жұмыссыз қалған адамдардың көп бөлігі жұмысты жеткілікті түрде тез табады.

1.4 Жұмыссыздықты анықтау критерийлері

және  санау әдіснамасы

 

     Жұмыссыздықтың  халықаралық стандартты анықтамасы бір мезгілде орындалуы тиіс үш критерийге негізделеді. Осы анықтамаға сәйкес жұмыссыздар есепті кезең ішінде:    

     «жұмыссыз», яғни жұмыспен қамтылудың халықаралық анықтамасымен көзделгендей табыс табу мақсатында жалдау бойынша немесе меншік кәсіпорында төлем үшін жұмыс істемегендер;

     «жұмыс  іздеу үстінде», яғни  жалдай немесе меншікті кәсіпорнында төленетін жұмыс табу мақсатымен нақты қадамдар жасағандар;

     «қазіргі  сәтте жұмысқа кірісуге дайындар», яғни  есепті кезең ішінде жалдау бойынша немесе меншікті кәсіпорнында төлем үшін жұмыс бастауға дайын болған экономикалық белсенді халықты өлшеу үшін белгіленген жастан жоғары барлық тұлғаларды қамтиды.

      Халыққа жұмыспен қамтылу мәселелері  бойынша  зерттеу жүргізу (жұмыс күшін  зерттеу) және жұмыссыздықты өлшеу кезінде жұмыстың болмауы критерийі зерттелетін аптаға жатады, жұмыс іздеу критерийі зерттелетін аптаның алдындағы төрт аптаға бөлінеді, жұмысқа кірісуге дайындығы критерийі жақын арадағы уақытқа жатады (бір /екі аптаға). Әр критерийдің өзіндік уақыттық шектерінің болуына қарамастан, жұмыссыздық көрсеткіші зерттелетін аптаға жатады.

     Дайындық  критерийі қабілеттілік және жұмыс  істеу ынтасына жатады, егерде сондай мүмкіндік болса.  Жұмыс іздеу  критерийі туралы айтатын болсақ, тек қана  жалданбалы жұмыс іздеп жатқандарды емес, сондай-ақ меншікті іс ашуға талпынғандарды қамту маңызды.

     Жұмыссыздықтың  стандартты анықтамасы жұмыс іздеуді  жалғастыруына қармастан жұмысы жоқ және жұмысқа кірісуге дайын, есепті кезеңнен кейін жұмысқа шығуы  немесе өз кәсіпорнын ашуы туралы келісіп қойған тұлғаларға қатысты.

     Жұмыссыздықты анықтау үшін  халықаралық стандарттар  бойынша бір сағаттан кем емес уақыт аралығында  «белгілі жұмысы» бағаланатын «бір сағаттық  критерийінің»  принциптік мәні бар.

     Бұл дегеніміз, экономикалық қызмет саласында бір сағат ішіндегі жұмыс индивидті жұмыспен қамтылғандар санына жатқызу үшін  жеткілікті болып табылады.

    «Жұмыссыз»  критерийін  жұмыстың  мүлде жоқтығы  және де белгілі кезеңде  жұмыспен қамтылмағанды  білдіреді.  Мысалы, егер мүлде жұмыс істемесе (күніне бір сағат аралығында) немесе жұмыста уақытша болмаса индивид   «жұмыссыз» деп саналады. Кейдейсоқ жұмысы бар тұлғалар (тым болмаса күніне бір сағат ішінде) және жұмысты іздеуді жалғастырғандар жұмыс іздеумен айналысқанына қарамастан жұмыспен қамтылғандарға жатады. Бұл ереже Жұмыс күші концепциясындағы басымдық ережелеріне сәйкес келеді – жұмыссыздарға қарағанда жұмыспен қамтылғандарға артықшылық көрсетіледі және жұмыс күшінен тыс адамдарға қарағанда жұмыссыздарға артықшылық көрсетіледі.

     Жұмыссыздықты жұмыспен қамтылмаған себебінен  халықтың жалақысы төмен болғандықтан, жұмыс істегілері келмегендіктен ерікті жұмыссыздық деп айырады,  ал егер  еңбек ақы төлеуі жоғары болса  жұмыс күшіне сұраныс көбейеді, сондықтан  жұмыс орны жетіспеушілік туындайды.

     Оқушылар, студенттер, зейнеткерлер  мен мүгедектер жұмыс іздеумен айналысып және жұмысқа  кірісуге дайын болса  жұмыссыздарға  жатады.

     Еңбек нарығын қалыптастыру оны бөлуге алып келеді, яғни сегментке бөлу: жұмыс  күшіне сұраныс пен ұсыныс балансы едәуір дифференциациясы бар әйелдердің, жастардың, ауылдық елді мекендегі және өңірдегі еңбек нарығы.

     Жұмыссыздықтың  масштабын анықтау үшін жұмыссыздықтың нысандары мен түрлерін ескеру қажет.

     Талдау  мақсатында жұмыссыздықтың келесі түрлері  айырмаланады:

     Уақытша жұмыссыздық – халықтың бір өңірден басқа өңірге тұрақты қозғалысын, кәсіптен кәсіпке, сонымен қатар адам өмірінің кезеңінің өзгеруіне байланысты.  Уақытша жұмыссыздық үнемі бар және кадрлардың қозғалысына (тұрақтамауына)  байланысты болады.

     Ескерту. Көптеген экономистер нарықтық экономикада  уақытша жұмыссыздықтың белгілі  деңгейі әрдайым болуы шарасыз, және де белгілі мөлшерде дұрыс факт деп есептейді өйткені осы  өтпелі кезең мен  қызметкерге  жоғары жалақы алу мәселесі шешілуі, ал қауымға еңбек ресурстарын ұтымды бөлу байланысты.

     Құрылымдық  жұмыссыздық -  жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігінің нәтижесі.  Оның  жұмыс күші құрылымының салалар, кәсіптер, біліктілік  бос жұмыс орын құрылымына орны бар.

     Ескерту. Құрылымдық жұмыссыздық уақытшадан «уақытша» жұмысcыздардың олар сата алатын білімдері болуымен, ал «құрылымдық» жұмыссыздар қосымша кәсіби оқыту мен қайта даярлаусыз бірден жұмыс ала алмайтынымен ерекшеленеді. Осыған  байланысты құрылымдық жұмыссыздық неғұрлым ұзақ жасайтын және байыпты болып есептеледі.

     Циклдік жұмыссыздық – жұмыс күшіне барлық салада және өңірлерде төмен сұраныстың туындауына байланысты. Бұл жұмыссыздық көптеген салаларда өндірістің күрт қысқаруы және бір уақытта жұмыс күшінің жаппай босатылуы болған кезде нарықтың экономикалық жағдайында өндірістің циклдік сипатымен байланысты.

     Классикалық жұмыссыздық – жұмыскерлердің қалған бөлігіне  жалақыны көтеру мақсатында жұмыс күшін туындайды. Бұл жұмыссыздық ұғымын босатылған жұмыс орнының жауапкершілігін жалақысын көтеру үшін тілек білдірген жұмыскерлерге жүктеп қойғысы келген жағдайда  жиі қолданатындығын назарға алу қажет.

Информация о работе Жұмыссыздық пен жұмысбастылық