Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2012 в 14:22, курсовая работа
Жер бетіндегі тіршілік иелерінің ішіндегі ең саналысы адам екендігі ешкашан күмән тудырмайтын такырып. Санасының үздіксіз дамуы арқасында адам керемет жасампаз күш-қуатқа ие болды. Нәтижесінде адам табиғаттың жаратылысы бола отырып, оның билеушісіне, өзгертушісіне айналды. Қазіргі заманғы адам табиғаттан тәуелділігін айтарлықтай жұмсартып, өзі әлі де болса сол табиғаттың ажырамас бір бөлігі екендігіне қарамастан, ол табиғатты өзгерте алатындай дәрежеге жетті.
КІРІСПЕ
I. Еңбек – негізгі өндірістік фактор ретінде
1.1 Еңбек - өндірістік факторы
1.2 Жұмыссыздық түрлері
1.3 Жұмыссыздық деңгейі және жұмыссыздық көрсеткіші
1.4 Жұмыссыздықты анықтау критерийлеріжәне санау әдіснамасы
II. ҚР жұмыспен қамту саясаты
2.1 Жұмыспен қамту еңбек рыногы және жұмысыздық
2.2 Толық жұмысбастылық және жалақының қатаңдығы
2.3 Өз бетінше жұмыспен қамтылған халықты анықтау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
2.4 Қазақстандағы өз бетінше жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халықтың санын аныктау
2.5 ҚР жұмыспен қамту,оны жетілдіру жолдары және статисталық көрсеткіш
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Технологиялық жұмыссыздық – өндірістің автоматтандырылуы және жаңа технологиялардың енгізілуімен байланысты жұмыс күшінің өндірістен ығыстырылуы себебі болып табылады.
Маусымдық жұмыссыздыққа – тек белгілі бір кезеңде жұмысы бар (мысалы, ауылшаруашылық жұмыстары кезінде), ал жылдың басқа мезгілінде жұмысы жоқ адамдар жатады.
Жасырын жұмыссыздық (амалсыздан толық емес жұмыспен қамтылу)- канша жұмыскер қысқартылған жұмыс аптасы режимінде немесе толық емес жұмыс күніне жұмыспен қамтылған, сондай-ақ жалақы сақтауынсыз немесе жартылай ақы төленетін әкімшілік демалыста екендігін көрсетеді.
Жұмыссыздық ұзақтығы - жұмыс іздеу уақытын және еңбек нарығындағы тоқырауды талдаудың немесе, керісінше осы саладағы іс-әрекеттерді жандандырудың ең маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Жүмыссыздықтың
орташа ұзақтығы – жұмыссыздық ұзақтығының
кезеңдері түрінде берілген, аралық
қатарында орташа салмақталған және
осы интервалдағы жұмыссыз тұлғалардың
санын есептеу арқылы анықталады. Есептеу
аралықтың орта мәндерін осы аралықтардағы
жұмыссыздар санына көбейту және сол қосындыны
жұмыссыздардың жалпы санына бөлумен
жүргізіледі.
II. ҚР жұмыспен қамту саясаты
2.1
Жұмыспен қамту еңбек
рыногы және жұмысыздық
Еңбек рыногында да сұраныс пен ұсыныс заңдары әрекет етіп, жұмыс күшін сатып алу жәие сату жетілген және жегілмеген бәсеке жағдайларында жүреді. Еңбек рыногында сұраныс пен ұсынысты тендестіретін ерекше “баға тепе-теңдігі” орнайды. Мемлекет пен кәсіподақтың еңбек рыногына әсері ерекше.
Әуелі жұмыспен қамтудың классикалық концепциясын қыскаша қарайық. Классикалық теория (классиктер) деп маркстік емес әдебиеттегі, әлбетте ағылшын мен американдықтардың теориясын түсінеді. Олар Рикардодан Маршаллга, Пигу және тағы басқалары ортодоксальдық (алган бағыттан қайтпайтын) теорияларға табан тіреп, жалпы экономикалық теңдік теориясын жасауға бағыт ұстайды, жұмыспен қамтудың классикалық теориясы әлем деңгейінде еңбекке сұраныс және еңбекті ұсыну қызметін құруға, оны жетілген бәсеке рынок жағдайында да пайдалануды ұсынды. Мұндай күрделі қызметтерді тек жекелеген кәсіпкерлер сұранысы мен жекелеген жұмыскердің ұсынысы қызметтерін біріктіру арқылы мүмкін. Еңбекке сұраныс жасайтын адам — кәсіпкер ғана. Бәсеке жетілдірілген рыноктарда кәсіпкерлер жалдайтын жұмысшылардың саны екі көрсеткішпен анықталады — нақты жалақы мен шекті енбек өнімінің құқы (оның ақшалай көрінісі). Жалданатын жұмысшы санының артуымен шекті өнім құны төмендейді. Қосымша жұмыс күшін камту шектеулі өнім құны жалақы төмендеуімен теңдескенде ғана тоқталады.
Жұмыс күшіне сұраныс жалақы көлеміне, керісінше, тәуелділікте, жалақы өскенде, басқа жағдайлар тең болғанда кәсіпкер теңдікті сақтау үшін еңбекке сұранысты азайтуға тиіс, ал жалақы төмендегенде еңбекке сұраныс та артады.
Қоғамдағы жиынтық еңбек П. Самуэльсонның (Экономика. М., 1964, 605-бет) пікірі бойынша төрт көрсеткішпен анықталады:
Тұрақты жұмыссыздар қатарының болуы бір нәрсені ғана куәландырады, еңбек рыногында бәсекеге катысы жоқ факторлар бар, олар жалақының тепе-теңдік жағдайынан жоғары көтерілуін қалайды, соған итермелейді. Жоғарыда айтылғандар осы кезде еңбекшілердін біраз бөлігі жұмыссыздықтарды көбейтеді. Мұндай бәсекеге қатысы жоқ факторлардың барлығы мынадан көрінеді: соңғы он жылдықта жұмыссыздыктың көбеюі жалақының өсуіне әкелмеді және толық жұмыспен қамту жағдайы да болмады.
Ал осы бәсекеден тыс факторларға нені жатқызуга болады? Алдымен, бұл мемлекет еңбек нарқын белсенді реттеп, заң арқылы жалақының рыноктық икемділігін жойды. Дамыған елдердегі мемлекет жалақының ең төменгі шартты кепілді деңгейін анықтайды. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының басқа да бағыттары көптеген жағдайда еңбек бағасының ауытқуын тежеп отыр. Жалақы деңгейінің еңбек бағасының тепе-теңдік жағдайынан жоғары өсуіне кәсіподақтар да өз үлесін қосады. Еңбек рыногының толық жұмыснен қамтудың ауытқуы тұрақты және ұзақ мерзімге созылады.
Ірі корпорациялар, әдетте, жалақы ставкасының уақыты жағынан тұрақты, стандартты болуын жақтайды, оларды еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты қайта қараудан бас тартады.Бұл тарауда жұмыспен, еңбекпен қамтамасыз етудің классикалық теориясының негізгі бағыттары қаралады. Дж. М. Кейнстің еңбектерінде бұл теория сынға ұшырап, ол біраз өзгертілді. Жұмыспен қамтамасыз ету теориясының өкілдерімен пікір таластыра отырып, ол жетілдірілген бәсеке тұсындагы ішкі бейімделгіш механизмге карсы болды. Бұл механизмнің нәтижесінде толық жұмыспен қамтылған кезде рынокта тепе-теңдік болады дегенге күмәнданады. Дж. М. Кейнсте еңбек қатынастарына мемлекеттің белсенді қатысуын жақтап, тек қатаң тұрақты жалақы ғана тепе-теңдік жағдайды қамтамасыз етеді деп есептеді. Мұнда да оның пікірінше жинақтық сұраныстың жеткіліксіздігінен амалсыз жұмыссыздық болады. Бірақ жетілдірілген бәсеке жүйесіне тән тұрақсыздық жойылады.Қазіргі неоконсерватизмнің жақтаушылары жаппай жұмыссыздықтың негізінде рыноктық бәсекеден тыс факторлардың әсерінен болатын жалақының қатаң жүйесін жояды. Жұмыссыздық оз еркімен де болуы мүмкін, жұмыс орны болса да жұмысшыға жалақы деңгейі ұнамайды, немесе еңбек сипаты көңілдегідей емес (ауыр, қызықты емес), еңбектің маңыздылығы төмен. Амалсыздан, болатын жұмыссыздық жалақы белгілеудегі рыноктық тепе- теңдіктің сатысын белгілеумен байланысты, мұнда жұмысшы күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арасында ал- шақтық болады,қазіргі экономикалық теория жұмыссыздықтың үш түрін ерекше бөледі.
Фрикциондық жұмыссыздык, жұмыс күшінің аймақтылық, кәсіптік және жасына қатысты қозғалысымен (жаңа орынға көшуі, басқа кәсіпке бейімделуі, оқуы, бала бағу) байланысты. Өзінің мазмұны жағынан фрикциондық жұмыссыздықты өз еркімен болатын жұмыссыздарға жатқызуға болады.
Құрылымдық жұмыссыздық жекелеген аймақтар мен халық шаруашылығы салаларының даму ерекшеліктерімен байланысты. Экономиканың бір секторындағы немесе аймақтағы жұмысшы күшінің артуы басқа жерде оның жеткіліксіз болуымен қатар жүреді.
Циклдық жұмыссыздық экономикалық конъюнктураның өзгеруімен анықталады. Ол циклдық өрлеу кезінде, азайып, дағдарыстар тұсында көбейіп отырады.
Құрылымдық және фрикциондық жұмыссыздықтар оның “табиғи” деңгейін білдіреді. Бұл жағдайда инфляция орташа көлемде жүреді. Циклдық факторлар жұмыссыздықты “табиғи” деңгейден жоғарылатады. Жалпы жұмыссыздардың табиғи деңгейі АҚШ-та XX ғасырдың 90-жыл- дарына 6—7% болса, баска экономикасы дамыған елдерде ол біршама төмен.
“Толық
жұмысбастылық" ұғымына анықтама
беру қиын. Оны бүкіл 100% халық жұмыспен
қамтамасыз етілген деп түсінуге болады.
Бірақ ол дұрыс емес. Белгілі бір жұмыссыздық
деңгейі болуға тиісті деп саналады.
2.2
Толық жұмысбастылық
және жалақының қатаңдығы
Толық жұмысбастылық жұмыссыздықтың мүлдем жоқтығы емес.
Экономистер уақытша және құрылымдық жұмыссыздықты болмай қоймайды деп санайды, осыдан толық жұмысбастылық ұғымы еңбек күшінің 100%-нан аз болігін қамтитын жұмысбастылық болып саналады. Дәлірек айтқанда, толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі уақытша және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлерінің қосындысына тең.
Басқа
сөзбен айтқанда, толық жұмысбастылық
кезінде жұмыссыздық деңгейі
циклдік жұмыссыздық нольге тең
болған жағдайға ғана жетеді. Толық
жұмысбастылық кезіндегі
“Табиғи” термині экономика жұмыссыздықтың табиғи деңгейінде жұмыс істеп, өзінің өндірістік мүмкіндігін қолданып жатыр деген ұғым бермейді. Біздің іскерлік циклдарды қысқаша шолуымызда экономикадағы жұмыс- сыздық деңгейі табиғи деңгейінен жоғары болады деп айтып кеттік. Бірақ кейде экономикадағы жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгейінен төмен де болуы мүмкін.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі өз алдына тұрақсыз көрсеткіш. Ол кезеңді түрде еңбек күші мен институционалдық өзгерістермен байланысты демографиялық қозғалыстар әсеріне түседі.
Күн сайын кейбір жұмысшылар жұмыстан шығады немесе оларды жұмыстан шығарады, ал кейбір жұмыссыз жаңа жұмыс табады. Бұл үздіксіз жұмыссыздар қатарына кіру және шығу жұмыссыздық жағдайдағы жұмыс күшінің үлесімен анықталады. Берілген бөлімде біз жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен анықталатын факторларды көрсететін жұмыс күші динамикасының үлгісін құрамыз.
L—
жұмыс күші, Е - жұмысшы саны, ал
U — жұмыссыздар саны болсын. Әрбір
жұмысқа жарамды адам не
L = Е+U
Ендеше, жұмыс күшінің жиыны жұмысшы мен жұмыссыздар санының қосындысын береді. Жұмыссыздық деңгейі U/L тең болады.
Жұмыссыздық деңгейін анықтайтын факторларға бар зейінді шоғырландыру үшін, жұмыс күшінің мөлшері өзгермеген деп есептейміз. S — жұмысшылардың жұмыстан шығу деңгейінің көрсеткіші болсын, яғни әр ай сайын жұмыс жоғалтқан жұмыс істейтіндер деңгейі, F — жұмысқа орналасу деңгейінің көрсеткіші, яғни әр ай сайын жұмыс табатын жұмыссыздар үлесі. Осы екі көрсеткіш тұрақты дейік және олар жұмыссыздық деңгейін қалай анықтайтынына көз жеткізейік.
Егер
жұмыссыздық деңгейі
FU = SЕ
Бұл теңдеуді түрлендіру арқылы жұмыссыздықтың тұрақты деңгейін табуымызға болады. Е = L-U, яғни жұмыс істейтіндер саны жұмыс күшінің жиынтығынан жұмыссыздар санын азайтқанға тең. Бұл FU= S (L-U) екенін білдіреді. Теңдіктің екі жағын да L-ге бөлеміз, сонда
F(U/L)= S (1- U/L) шығады.
Теңдеуді түрлендірсек,
U/L = S/S+F
Бұл
теңдеуU/L жұмыссыздық деңгейі жұмысқа
жалдану мен жұмыстан шығарылу деңгейлерінің
көрсеткіштеріне тәуелді
Мысал. Айталық, ай сайын 1% жұмыс жоғалтсын дейік (S = 0,01), ал жұмыс істейтіндер қатарында болудың орташа кезеңі 100 ай немесе 8 жыл шамасында болады. Шамамен 20% жұмыссыздар ай сайын жұмыс табатын болсын (F = 0,20). Бұл жұмыссыз болудың орташа деңгейі 5 айға созылатынын білдіреді. Берілген нақты жағдайда жұмыссыздықтың тұрақты деңгейі
U/L = 0,01/(0,01+0,20) = 0,0476
Демек, берілген мысалда жұмыссыздык 5% деңгейде болады.Жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің үлгісі қарапайым, бірақ маңызды қорытынды шығады. Кез келген жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендетуге негізделген экономикалық саясат не жұмыстан шығару дең- гейінің төмендеуіне, не жұмысқа орналасу деңгейінің артуына себепші болу керек. Осыған сәйкес көрсеткіштерге әсер ететін кез келген саясат жұмыссыздықтың табиғи деңгейін де ауыстырады.Бұл үлгі жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіші және жұмыстан шығару мен жұмысқа орналасу деңгейлерінің көрсеткіштері арасындағы байланысты көрсетсе де, ол негізгі сұраққа жауап бермейді: жұмыссыздық сияқты құбылыс неге орын алады? Егер адам кез келген уақытта тез жұмыс табатын болса, жұмысқа орналасу деңгейі өте жоғары, ал жұмыссыздық деңгейі нолге жақын болар еді. Жоғарыда келтірілген жұмыссыздық деңгейі жұмыс іздеу үрдісі қандай да бір уақытта жалғасатынын болжайды, бірақ неге екенін түсіндірмейді. Келесі екі бөлімде біз жұмыссыздық орын алуының екі негізгі себебін қарастырамыз, олар: жұмыс іздеу проблемалары мен жалақының қатаңдығы.
Нақты жалақының қатаңдыгы және жұмыссыздықты күту
Жұмыссыздықтың екінші себебі — жалақының қатаңдығы, яғни оның икемді өзгере алмайтындығынан. Тепе-теңдік еңбек нарығының үлгісіндегі нақты жалақы сұраныс пен ұсынысты теңестіруден өзгеріп тұрады. Бірақ шын мәнінде жалақы әрқашан икемді болмайды. Кейде нақты жалақы тепе-тендіктен жоғары деңгейде болады.Жалақы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігіне сай келетін деңгейден жоғары тұрғанда, нарықтағы еңбекке ұсыныс оған сұраныстан артық болады. Фирмалар тапшы орын санын барлық талапкерлер арасында таратуға мәжбүр болады. Сондықтан, нақты жалақының қатаңдығы жұмысқа орналасу ықтималдығының көрсеткішін төмендетеді және жұмыссыздық деңгейін жоғарылатады.Жалақының қатандығы салдарынан болатын жұмыссыздық және осыдан шығатын жұмыс орнының жетіспеушілігі жұмыссыздықты күту деп аталады. Жұмысшылар жұмыссыз болуының себебі олардың маманды- ғына сәйкес ең жоғары дәрежедегі жұмыс іздеуінен емес, берілген жалақы деңгейінде еңбек ұсынысынан фирмалар жағынан еңбек сұранысы артық болғандығынан. Жұмысшылар тек жұмыс алу мүмкіндігін күтеді.Жалақы қатаңдығы және жұмыссыздықты күту үғымын түсіну үшін, ең алдымен еңбек нарығы неге тепе - тендік жағдайға келмейтінін білу керек. Жалақының нақты деңгейі тепе-теңдік нүктесінен жоғары болғанда, ал еңбек ұсынысы сұраныстан көп болса, жұмыс берушілердің жалақыны төмендетулерін күтуге болатын еді. Жұмыссыздықты күту болуының себебі, еңбек ұсынысы артық болса да, фирмалардың жалақы деңгейін түсіре алмауынан.Енді жалақы қатандығының үш себебін қарастырайық: ең төмен жалақы туралы заң қабыддау, кәсіподақтарда монополиялық күштің болуы және фирмалардың ынталандыратын жалақы тағайындауы.