Жұмыспен қамтылудың мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 08:08, курсовая работа

Описание работы

Жұмыссыздық ресми мойындалған талассыз құбылыс ретінде тоқсаныншы жылдардың басында нарыққа өту кезеңінде өндірістің құлдырауына, басқару жүйесін қайта құруға, қорғаныс кешенін конверсиялауға және басқа да себептерге байланысты пайда болады. Тұрақсыз өтпелі экономикалы жағдайында тұрғындардың материалдық жағдайы күрт төмендеп кетті. Бұл жаңа қалыптаса бастаған еңбек рыногында жұмыс күші ұсынысын өсуіне әкеп соқты, ол жерге бұрын еш жерде жұмыс істемеген, алғаш рет жұмыс істеуге құлық көрсеткен адамдар келді. Олар негізінен жұмыссыз әйелдер мен жастар болады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
1 ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...............5
1.1 Жұмыспен қамтылудың мәні...............................................................................5
1.2 Жұмыссыздыққа сипаттама және оның түрлері................................................9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ..............................................13
2.1 Жұмыссыздыққа әсер ететін факторлар және оның Қазақстандағы шешу жолдары.....................................................................................................................13
2.2 Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту жағдайын талдау.............17
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................23
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................

Работа содержит 1 файл

Жұмыссыздық курсовой.doc

— 286.00 Кб (Скачать)

                                             ҚОРЫТЫНДЫ 
 

    Еңбек нарығының ҚР-да қалыптасуының ерекшеліктері бұл біздің мемлекетімізде нарықтық экономикаға өткенімізге көп болмағаны, және де біздегі көптеген жұмыс орындары жабылып қалды, соның салдарынан мемлекет өз қарамағына алды және де ол жұмыссыз адамдарды еңбек биржасына тіркеп оларға ай-сайын әлеуметтік көмек ретінде жалақы беріп отырды.

  Жоғарыда  айтылғандарға мән беріп қарасақ осы үлгі Кейнсшілдік үлгіні жүргізген дұрыс деп ойлаймын.

  Талқыланып  отырған есепті жұмыссыздардың материалдық жағдайы және оны қайтіп жақсартуға болатыны туралы аз айтылған. Есептің авторлары жұмыссыздықпен күрестің негізгі бағыты - жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру деп санайды. Әрине, жұмысқа орналастыру еңбек нарығының барлық заңы бойынша ол жағдайдан шығудың жолы екені рас, бірақ та қала экономикасының талдауы мен сауалнама-сұрақ таяу мерзім ішінде барлық жұмыссыздар ақы төленетін жұмыс алады дегенді дәлелдемейді. Сондықтан да, менің ойымша қалада жұмыспен қамту қызметін нығайту қажет және қоғамдық жұмыстарды дамытумен жұмыссыздарды кәсіпкерлік дағдыға үйрету мен шағын несиені дайындаумен, бизнес инкубатор кұрумен байланысты жұмыссыздықпен күрестің белсенді түрлерін жүргізу қажет. Сонымен қатар, жұмыссыз азаматтарға материалдық көмек көрсетуте жекеше қарау керек. Әсіресе, жасы зейнеткерлікке толмаған адамдарға олардың жұмысқа орналасуға мүмкіндігінің жоқтығын және материалдық жағдайының ауыр екендігін ескеріп, жергілікті бюджет мүмкіндігі көтергенше көмек жасау қажет. Мемлекет материалдык көмектің тек төменгі шегінің бір есептік көрсеткіш көлемінде белгілегендіктен аймақ деңгейінде оны көбейтуге болады, тек оған жекеше түрде қарау керек, ол үшін бар қаржы мүмкіндігін тиімді пайдалануға болады.

  1990 жылы жұмыспен қамтамасыз ету туралы заң қабылданды.Ал бұның алдында жұмыссыз мәселесі тек теоретикалық тұрғыдан, батыс елдер тәжірибесіне сілтеп, негативтік түрде қарастылады. Шынында, жұмыссыздық жеке адам және қоғам үшін көптеген әлеуметтік–экономикалық мәселелерді өзімен алып келеді. Жеке адам үшін ол өндірістен кету деген сөз, қызметкер еңбек табысы көзінен айырылып, көтеріңкі психикалық жүк көтереді.

  Жұмыссыздық мәселелері көптен бері зерттелуде, бірақ  жұмыссыз қатарына кімді жатқызу  керек, жұмыссыздық көрсеткіштері, жұмыссыздық деңгейіне әсер ететін факторлар және т.б сұрақтар осы уақытқа дейін талқыланып жатыр. Қазақстан жағдайына бұл мәселелер шиеленісе түсті, өйткені экономикалық дағдарыс және әлеуметтік еңбек қатынастары күрт өзгеруіне байланысты адам қылықтарына елеулі өзгешеліктер енді.

  Жұмыспен  қамту және жұмыссыздықтың шын күйін  бағалау өте қиын.Мысалы, көптеген адамдар жұмыссыз қатарына жатқызатын арлық критерийлерге сәйкес келеді, бірақ объективті және субъективті  себеппен жұмыспен қамту жөніндегі қызмет орындарының жұмысқа орналастыратын мүмкіншілігіне сенбеу, алыс жерде тұруы, азаматтардың өз құқыларын білмеуі жіне т.с.с. Екінші жағынан, халықтың жұмыспен қамтылуын көрсететін сандар әртүрлі себеппен бұрмаланады: олар демалыста болуы мүмкін, ауырып жұмысқа көпке дейін шықпайды, кәсіпорын әкімшілігінің ынтасымен өндіріс біраз уақыт тұрып қалады және т.с.с.

  Жұмыссыз  туралы көптеген анықтамаларды жинақтап, қорытсақ, оған келесідей анықтама беруге болады: жұмыссыз – ол қазіргі  жалақы мен еңбек жағдайындағы жұмысы жоқ, бірақ жұмыс істей алады және жұмыс іздеп жүрген адам. Ал жұмыссыздықты- экономикалық белсенді халықтың бір бөлігін жұмыссыздар құрайтын экономикадағы құбылыс деп білеміз. Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) анықтамасы бойынша жұмыссыз деп табыс әкелетін жұмысы жоқ, жұмыс істеуге дайын және соңғы төрт ай ішінде жұмысты әр жолмен іздеген адам танылады.

    Мен мынандай сұрақ қойғым келеді-жұмыссыздар бүгін немесе ертең не 
істейді?Осыдан кейбір мағлұмат алу керек. Нарықта сұраныс табатын қандай 
жұмыстар бар?Сенбі күні құрылыс жұмыстарын атқаратын адамдарды алып 
қарайық. Оларды жұмысқа жалдап алушылардың зорлық-зомбылығынан кім 
қорғайды?Ешкім де. Кім тәртіп орнатады?Ешкім де .Алматыдағы Сейфуллин

атындағы  көшеге барып көріңіз. Онда кез келген мамандықтың жұмысшысын 
табасыз, олардың ішінде жақсы мамандар да бар. Осы көлеңкелі экономиканы 
ашық экономика орнауына көшіру үшін қамқорлық жасау керек.

  Қала  экономикасының нақтылы секторы кәсіпорындарының тұтас алғанда аккумулятор батареяларын, электро-техникалық бұйымдар мен сүт өнімдерін

өндіруді ұлғайтуға әлеуметік мүмкіндіктер бар.Электор  насостарын, кабель

және тігін  бұйымдарын шығаратын кәсіпорындарды алсақ , нарықтағы сатып

алу     сұранысының     төмен     болуына    байланысты     олардың     әлеуметтік 
мүмкіндіктері   бірақ  шектеулі
 күйде.   Сауалнама кәсіпорын   басшылары   өз

кәсіпорындарында  шығаралатын өнімнің бәсекелестік қабілетін жоғары деңгейі және менеджментті ұйымдастырушылығы төмен екені байқалады.

Қорыта  келе, жұмыспен қамту мен жұмыссыздық еңбек нарығының бөлінбес элементі болғандықтан, Қазақстан Республикасында еңбек нарығын мемлекет тарапынан реттеуі қажет деп ойлаймын, және де біздің мемлекетімізде жаңа өндіріс ошақтары ашылуда соның салдарынан жұмыссыздар саны азайып, экономикамыздың жылдан-жылға  көтерілуін байқалады. 

                    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

  1. )"Еңбек  нарығы экономикасы"׀Оқулық. 2005 ж,37 бет
  2. “Қазақстандағы адам дамуы”.Оқулық.Алматы-2008 жыл. 45,53 беттер
  3. Егемен Қазақстан, 2009 жыл 30 мамы 11-12 беттер
  4. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы Заңы".Егемен Қазақстан.2001 ж.

5) "Халықты еңбекпен қамту."Труд в Казахстане.№2(110).2008 ж.

6) "Нарықтық экономиканың негіздері".Оқу методологиялық құралы.2003 ж.54-64 беттер

 7) "Кедейлік, жұмыссыздық бір қасірет" Ақиқат- 2007ж.№3,18-23бет.

  1. Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңы.Соңғы өзгертулер:Алматы: Жеті Жарғы,2007ж.120бет.
  2. “Қазақстан Республикасындағы еңбек рыногының дамуы.”Егемен Қазақстан.2008 ж.23 бет

10) Нарықтық экономидағы қаржы қаражатпен қамтамасыз етілуі.226 
бет,2006ж.

11) Сэлімбаева Б.Қ., Досхожаев Д.Т. Еңбекті мөлшерлеу оқу құралы - Алматы:Экономика .2009ж,120-бет.

12) “Күн тәртібінде кедейшілікпен күрес”.Дала мен Қала.2008 ж. 37  бет                                                        13) "Жұмысыздық осылай азаяды".Заң газеті,2008 ж 18 сәуір.43 бет

14) Қазақстан Республикасы Президентінің Халыққа 2009 жылғы Жолдауынан.

 15) "Еңбек нарығы және жұмыспен қамту" Ақикат 2008 ж.№7, 33-4 
 
 

Информация о работе Жұмыспен қамтылудың мәні