Жұмыспен қамтылудың мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 08:08, курсовая работа

Описание работы

Жұмыссыздық ресми мойындалған талассыз құбылыс ретінде тоқсаныншы жылдардың басында нарыққа өту кезеңінде өндірістің құлдырауына, басқару жүйесін қайта құруға, қорғаныс кешенін конверсиялауға және басқа да себептерге байланысты пайда болады. Тұрақсыз өтпелі экономикалы жағдайында тұрғындардың материалдық жағдайы күрт төмендеп кетті. Бұл жаңа қалыптаса бастаған еңбек рыногында жұмыс күші ұсынысын өсуіне әкеп соқты, ол жерге бұрын еш жерде жұмыс істемеген, алғаш рет жұмыс істеуге құлық көрсеткен адамдар келді. Олар негізінен жұмыссыз әйелдер мен жастар болады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
1 ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...............5
1.1 Жұмыспен қамтылудың мәні...............................................................................5
1.2 Жұмыссыздыққа сипаттама және оның түрлері................................................9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ..............................................13
2.1 Жұмыссыздыққа әсер ететін факторлар және оның Қазақстандағы шешу жолдары.....................................................................................................................13
2.2 Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту жағдайын талдау.............17
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................23
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................

Работа содержит 1 файл

Жұмыссыздық курсовой.doc

— 286.00 Кб (Скачать)
  1. Шаблондық (ескішілдік) өндіріс пен қызметтер: бұл категорияға қолмен жасалатын жұмыс, сондай-ақ, арнайы ережелер мен белгілі бір қаржылық операциялар процесі (чектер, несие беру карталары бойынша төлем жасау), аурухана шоттары, әлеуметтік операциялар (жалақыны белгілеу, денсаулықты сақтандыру) және т.б. сияқты, компьютерлік қызметті қолдану мен оны қадағалау бойынша шаблондық тапсырмалар үшін жауапты орта немесе ірі басқаруға сүйенген қызмет жатады.
  2. Сол сияқты, жұмысшымен көрсетілген қызметтер де шаблондық жұмыста қамтиды, бірақ бұл жағдайда ол тұтынушылармен, пациенттермен және барлық ұсынылатын қызметтерді алушылармен тіке байланыста болатын қызметкерл ері, шаштараз, аурухана қызметкерлері, пациенттермен, жинаушылар және т.б. жатады.

3)Шығармашылық жұмыс белгілі бір инженерлермен, жұртшылықпен 
байланыс жасау бойынша сарапшылармен, заңгерлермен, менеджерлермен, 
дизайнерлермен және жобалаушыларымен, қаржыландырушылармен, 
авторлармен, журналисттермен және тағы басқалармен жасалатын жұмыс 
болып табылады. Бұл категорияға шаблондыққа жатпайтын қызметпен 
айналысатын, күнделікті болмыстан өз ойларының абстракциялау қабілетіне 
байланысты өздерін қорғай алатын және белгілі бір мәселелерді тиімділеу 
шешуге мүмкіндік береді. Шығармашылық әрекеттерді идеялар, көзқарастар, 
дыбыстар мен материалдарды әр түрлі қолдану арқылы жасай алатын адамдар жатады. Бұл салымдар энергияны сақтау мен ғарышты зерттеу арасында жататын, соның ішінде каржылық теориялар, шығармашылық жұмыс,музыкалық шығармалар, жаңа бағдарламалық жабдықтар немесе теледидар өндірісінің дамуына қатысты аралық қызметті қамтиды. Бұл шығармашылық салымдар халықаралық сипаты күшейіп келе жатқан тораптар арқылы, иерархиялық командалық жұмыс негізінде, кездесулерге, ресми және бейресми каналдар бойынша  телекоммуникация  мен   дыбыстан   жылдам    авиация шешімдерді теңдестіруге және дәйекті схемалармен және стратегияларды жүзеге асыру үшін жұмсалады, бұл қызмет ең жоғарғы қосылған кұнның деңгейіне сәйкес келеді. [7, б. 18-23]

    "Шығармашылық көмекке оқыту" дегеніміз мәселелерді түсініп, шешімдер қабылдауға көмектесетін білім мен тәжірибені алуға жастар мен ересектерді оқыту процесі. Төрт түрлі қабілетті дамыту керек: абстракция, үнемі ойлау эксперименттеу және басқалармен араласу (тіл, технологиялар , т.б. арқылы)

    Ескішілдік және қайталанатын жұмыс құлдырау үстінде екені анық. Ескішілдік өндіріс пен қызмет көрсету аясын таңдаған жұмысшыға қауіп төнеді, бір жағынан - автоматтандырудан, екінші жағынан -- буындыру арқылы жалақысы төмен және төменгі төлем мен төменірек еңбек жағдайға бағытталған өндірістердің ауысып жатқан елдер тарапынан бәсекелестіктен.

    Ескішілдік жұмыстардың құлдырауын алдын ала болжауға болады, орта деңгейдегі ескішіл менеджерге де қауіп бар. Еңбек ақысы құнының күрт өсу тенденциясын тоқтату үшін тәртіп керек, орташалап қысқарту жақсы деген жағдайдың өзінде құлдырау жылдамдығын азайтады.

       Жекелеп көрсетілетін қызметтер жағдайы сәл ғана жоғары. Бүл жерде де автоматтандырудың маңызы зор (телефон, теледидар арқылы, компьютер арқылы, зат сату, театр мен үшақтарға билет сату, банктің қызметтері, қонақ үйлердегі антоматтандырылған тіркеу және т.б.). Өзінің ескішілдік жұмыстарын жоғалтқан жұмысшылар тарапынан да, иммиграннтар тарапынан да, күшейіп келе жатқан бәсекелестік еңбек ақыларының төмендеуін күшейтеді. Бұған қосымша, көп қызметтердің алушылары ретінде ақшалары аз адамдар болған жағдайда (мүгедектер, аурулар, қарттар және т.б.), кейбір жұмыстар тек жартылай жүмыс істеуге ғана немесе күнін зорға керетіндегі төмен жалақы алуға (уақытша жалақы) мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау және т.б. бюджеттері   қысқартылған.   Нарықтық  емес   секторда   ол  кішігрім    жұмыс орындарын ашу шектері бар, бірақ қорлар әлі жеткілікті деңгейге қол жеткізетіндей емес.

  Шығармашылық  жұмысшылар ғана шын мәнінде өркендеу үстінде. Олар өз шығармашылық қызметтерін әлемдік нарықта ұсынуға қабілетті. Тек, шынымен, алып күш саналатын жэне сол үшін мадақталатын адамдар шығармашылық жұмысшы болады.

 Жұмыспен қамтудың классикалық концепциясын қысқаша қарайық. 
Классикалық теория деп Маркстік емес әдебиетті әлбетте ағылшын мен 
американдықтардың теориясын түсінеді. Олар Рикардодан Маршалга, Пигу 
және тағы басқалары ортодоксальдық (алған бағыттан қайтпайтын) теорияларға табан тіреп, жалпы экономикалық теңдік теориясын жасауға бағыт ұстайды,жұмыспен қамтудың классикалық теориясы әлем деңгейінде еңбекке сұраныс және еңбекі ұсыну қызметін құруга, оны жетілген бәсеке нарық жағдайында пайдалануды да
 ұсынады .Мұндай   күрделі     қызметтерді     тек    жекелеген  жұмыскер ұсынысы қызметтерін біріктіру арқылы мүмкін. Еңбекке сұраныс жасайтын адам-кәсіпкер ғана. Бәсеке жетілдірілген нарықтарда кәсіпкерлер жалдайтын жұмысшылардың  саны  екі  көрсеткішпен  анықталады - нақты жалақы мен  шекті еңбек өнімінің құны (онын ақшалай көрінісі). Жалданатын жұмысшы санының артуымен шекті өнім кұны жалақы төмендеуімен теңдескенде ғана  тоқтатылады.Қазіргі жұмысшыға талаптың өзгеруі оның кәсіптік мамандық дәрежесінің артуы, жиынтық жұмысшы шеңберінің кеңеюі жұмысшы күшін үздіксіз оқыту проблемасьн қояды, сөйтіп оның сапасын ғылыми-техникалық эволюция талабына сәйкестендіреді [ 8, б. 12] 
 

   1.2.Жұмыссыздыққа сипаттама және оның түрлері. 

    Жұмыссыздық дегеніміз экономикада экономикалық белсенді халықтың бір бөлігін жұмыссыздар құрайтын кездегі болатын құбылыс.

Жұмыссыздық-еңбек нарығының бөлінбес элементі болып табылады.Жұмысшы күші бар ересек адамдар еңбек нарығына қатынасуына байланысты бірнеше негізгі категорияларға бөлінеді.

Жұмыссыздық деңгейін (и) жұмыссыздар санын (U) бүкіл экономикалық белсенді халық санына (L) бөлу арқылы табады және ол пайызбен көрсетіледі:

                                    и= ,                                                       (1) 

Мұндағы: Е-жұмыс істеушілер саны.

Ол халықаралық  еңбек ұйымының әдісі бойынша  және әр мемлекеттің арнайы заң нормаларымен есептеледі.

Жұмыспен  қамту және жұмыссыздықтың болмысын мына көрсеткіштер арқылы сипаттайды:

  • Институционалдық емес адамдар (Чни);
  • Жұмыс істеушілердің саны (Чз)
  • Жұмыссыздар саны(Чб)
  • Жұмысшы күшінің құрамына кірмейтін адамдардың саны(Чнрс)

 Осы  көрсеткіштердің арасында мынадай байланыстар бар:

  • Жұмысшы күшінің саны Чни=Чз + Чб
  • Институционалдық емес адамдар Чни=Чз+Чб+Чнрс
  • Халықтың жұмыспен қамтылу дәрежесі Уз=Чз +Чни
  • Жұмыссыздықтың нормасы Nб ═Чб\Чз  + Чб*100%
  • Халықтың жұмысшы күші құрамына тартылу дәрежесі Yврс =Чз  +    Чб\Чни
 
 

Жұмыссыздықты тудыратын экономикалық себеп бойынша  жұмыссыздықты төрт түрге бөлуге болады :

  • фрикциондық жұмыссыздық қызметкер бір жұмыс орнынан екіншісіне ауысқанда болады;
  • құрылымдық жұмыссыздық экономика құрылымында ұзақ уақыт бойы өзгерістер болуынан туады:нәтижесінде қызметкер мен жұмыс орын арасында біліктілік деңгейі және маман түрі бойынша сәйкестіксіз пайда болады;
  • циклдік не сұраныс тапшы жұмыссыздық түрі тұтас сұраныс жеткіліксіз жағдайында туады;
  • маусымдық жұмыссыздық кейбір салаларда экономикалық белсенділігінің жыл бойында теңселуімен байланысты болады.

Осымен  қатар,нақты және жалған жұмыссыздық  болады.Бірінші жағдайда,адамның  еңбекке қабілеті және ықыласы болады,бірақ  еңбек нарығындағы түрлі жағдайларға  байланысты ол жұмыс таба алмайды.Екінші-әр түрлі себептермен еңбекпен айналысқысы келмейтін адамдарды сипаттайды.Жұмыссыздық ашық ж\е жасырынды,ұзақ мерзімді ж\е қысқа мерзімді болуы мүмкін.Ұзақ мерзімдікке циклдік және құрылымдық,ал қысқа мерзімдікке маусымдық ж\е фрикциондық жұмыссыздық жатады.

Қазақстан жағдайында жасырын жұмыссыздық  көкейкесті мәселе ретінде қарастырылады.Оған жұмыс істемейтін,бірақ еңбек  қатынасын кәсіпорынмен ресми түрде  үзбеген ж\е мөлшерленген жұмыс  уақытында жартылай жұмыс істейтін адамдар жатады.Ал халықаралық тәжірибеде бұл жәйтті толық жұмыс істемеушілік деп атайды [ 9, б. 23]

     Еркін жұмыссыздық-бұл жұмыскерлердің белгілі бір бөлшегінің еңбек нарығынан шығуы ж\е әр түрлі себептермен “өз еркімен” жұмыссыздарға айналуы(ұжымдық келісім-шартқа сәйкес немесе өзінің жұмыс күшінің қолайлы еңбек шартын ж\е жақсы төлем табуды көздеп).Осыдан басқа,еңбек нарығын талдап зерттегенде қайталанып келетін жұмыссыздықтың ж\е жұмыс табудан күдер үзіп,жұмысшы күші есебінен шығып кеткен адамдарды есепке алатын,тоқыраулы жұмыссыздықта бар.

Жаппай  жұмыссыздық әлеуметтік экономикалық мәселелердің ең ауырына жатады ж\е ол қоғам өмірі мен адамдар арасындағы өркениеттік   

қатынастар  формаларына нақты қауіп тудырады.

      Қазақстан жағдайында жасырын жұмыссыздық көкейкесті мәселе ретінде қарастырылады. Оған жұмыс істемейтін, бірақ еңбек қатынасын кәсіпорынмен ресми түрде үзбеген және мөлшерленген жұмыс уақытында жартылай жұмыс істейтін адамдар жатады. Ал халықаралық тәжірибеде бұл жәйтті толық жұмыс істемеушілік деп атайды.

Жұмыссыздықтың  негізгі себептерінің бірі–жұмыс іздеу  проблемалары.Уақытша жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі әрқашан  ауысып тұратын нарықтық экономиканың жағдайында шарасыз.Әр түрлі тауарларға деген сұраныс ұдайы тербелісте, ал осы тауарларды өндіретін жұмысшылар еңбегіне деген сұраныстың тұрақсыздығын білдіреді.Онан кейін, әр аймақ  әр түрлі тауар өндіретіндіктен, еңбекке сұраныс бір уақытта елдің бір бөлігінде өсіп, ал екіншісінде қысқаруы мүмкін.Мұндай аймақтар мен салалар бойынша еңбекке сұраныс құрылымындағы өзгерістерді құрылымдық ығысу деп атайды.

           Жұмыссыздықтың келесі себебі жалақының қатаңдығы, яғни оның икемді өзгере алмайтындығынан.Жалақы сұраныс пен ұсыныс тепе–теңдігіне сай келетін деңгейден жоғары тұрғанда, нарықтағы еңбекке ұсыныс оған сұраныстан артық болады. Сондықтан, нақты жалақының қатаңдығы жұмысқа орналасу ықтималдығының көрсеткішін төмендетеді және жұмыссыздық деңгейін жоғарылатады.

Жалақының қатаңдағы салдарынан болатын жұмыссыздық  және осыдан шығатын жұмыс орнының жетіспеуушілігі жұмыссыздықты күту деп аталады.

   Жалақы қатаңдығының үш себебі:

–ең төмен  жалақы туралы  заң қабылдау;

–кәсіподақтарда монополиялық  күштің болуы;

–фирмалардың  ынталандыратын жалақы тағайындауы.

Үкімет  жалақы қатаңдығын сақтауды, оны тепе–теңдік деңгейге дейін түсіруге кедергі жасауға мүмкіндік туғазады.Ең төмен жалақы туралы заң барлық фирмалар үшін міндетті болатын еңбекақының ең төмен мөлшерін белгілейді.Жалақыны көтеруді жақтаушылар оны әл-ауқаты төмен отбасылардағы табысты жоғарлатудың тәсілі етіп қарастырады.Ал  төмен жалақыны көтерудің қарсыластары мұндай тәсілді еңбекақы төлеуге кететін шығындардың өсуі жұмыссыздықтың көбеюіне әкелер еді, кейіннен көмек арналғандарға тимес еді дейді.

Жалақы  қатаңдығының екінші себебіне келетін болсақ,кәсіподақтармен немесе кәсіподақтарға бірігу қаупін тудыратын жұмыссыздық инсайдерлер (жоғары жалақылы жұмысын ұстауға тырысады) мен аутсайдерлер (инсайдерлер секілді жоғары жалақы алуға мүмкіндігі бар жұмыссыздар) арасындағы даудың салдары

Тиімді  жалақы теориялары жоғары жалақы жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттырады деген ұғымнан шығады.Бұл туралы бірнеше теориялар бар:

  • нашар дамыған елдерде қолданылатыны-жалақының тамақтану әсері.Жоғары жалақы алатындардың жақсы тамақтана алады, ал денсаулығы жақсы жұмысшылардың өнімділігі жоғары болады;
  • жоғары жалақы жұмыс күшін қысқартады.Жұмысшыларға қанша есе жалақы көп төлесе, сонша есе олардың фирмаларда қалу ынтасы көбейеді;
  • қызметшілердің орташа сапасы олардың алатын жалақысына байланысты.Егер фирма жалақыны қысқартса,ең күшті жұмысшылар басқа жұмысқа ауысуы мүмкін, сонда фирмада тек нашар, баламасы жоқ жұмысшылар ғана қалады.Экономистер осындай сұрыптауды теріс селекция деп атайды;
  • жоғары жалақы жұмысшылардың ынтасын көтереді.Егер фирма жұмысшыларына жоғары жалақы төлейтін болса, барлық осы еңбекақыны тиімді төлеу теориялары бірыңғай болады, яғни жалақы деңгейін ұстап отыру кейде фирманың мүдделілігін талап етеді. Осындай түрдегі жалақы қатаңдығының салдары жұмыссыздықты күту болады. [10, б. 22]
 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ  

Информация о работе Жұмыспен қамтылудың мәні