Жұмыспен қамтылудың мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 08:08, курсовая работа

Описание работы

Жұмыссыздық ресми мойындалған талассыз құбылыс ретінде тоқсаныншы жылдардың басында нарыққа өту кезеңінде өндірістің құлдырауына, басқару жүйесін қайта құруға, қорғаныс кешенін конверсиялауға және басқа да себептерге байланысты пайда болады. Тұрақсыз өтпелі экономикалы жағдайында тұрғындардың материалдық жағдайы күрт төмендеп кетті. Бұл жаңа қалыптаса бастаған еңбек рыногында жұмыс күші ұсынысын өсуіне әкеп соқты, ол жерге бұрын еш жерде жұмыс істемеген, алғаш рет жұмыс істеуге құлық көрсеткен адамдар келді. Олар негізінен жұмыссыз әйелдер мен жастар болады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
1 ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...............5
1.1 Жұмыспен қамтылудың мәні...............................................................................5
1.2 Жұмыссыздыққа сипаттама және оның түрлері................................................9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ..............................................13
2.1 Жұмыссыздыққа әсер ететін факторлар және оның Қазақстандағы шешу жолдары.....................................................................................................................13
2.2 Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту жағдайын талдау.............17
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................23
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................

Работа содержит 1 файл

Жұмыссыздық курсовой.doc

— 286.00 Кб (Скачать)

 

     2.1 Жұмыссыздыққа әсер ететін факторлар 

    Еңбек нарығындағы басты мәселелер халықты жұмыспен қамту,жұмыссыздықпен күресу болып табылады.Бұл жөнінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің Халыққа жолдауында да нақты айтылған.Онда халықтың тұрмыс деңгейі көтеру мәселесі қаралғанда халықты жұмыспен қамту да,жұмыскерлердің жалақысын көтеру туралы және т.бт маңызды мәселелер қаралды.Онда былай делінген:

    “Мемлекеттің әлеуметтік саясаты жұмыс органдарын ашуға және еңбекке қабілетті халықты ел экономикасына тартуға бағдарланған жағдайда ғана тиімді бола алады”-,дей келе Елбасымыз “Нұр Отан” партясының бес жылға арналған сайлауалды тұғырнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту,жұмыссыздық деңгейін төмендету шаралар,жұмысшылар жалақысын,зейнетақысын,жәрдемақысын көтеру жөніндегі мәселелер жөнінде де атап көрсетті.Осылар жөнінде Елбасымыз жаңа үшжылдық бюджетті ұсынды.

     Үкіметтің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасымен танысып шықтым.Онда еліміздің экономикасын тұрақты дамыта отырып,бәсекелестік деңгейін көтерудегі стратегиялық міндеттер баса көрсетілген.Соның ішінде маман-кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру жергілікті мамандарды қайта даярлау саясаты әрі қарай жалғасын табады.Бұған қоса алдағы уақытта бюджеттік сала қызметкерлерінің жұмыс сапасын көтеріп,олардың тиімді жұмыс істеуі үшін еңбекке ақы төлеу жүйесін жетілдіру шаралары жалғасады.Яғни,мұнда да еңбекпен қамтылу,жұмыссыздықпен күрес шаралары анық көрсетілген.Осы мәселелерді шешу үшін ең алдымен еңбек нарығын жүйелі түрде талдап, сонан соң ондағы болып жатқан өзгерістерді бағалап, әрбір аймақтың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру қажет.

      Экономикалық-әлеуметтік дамуы. Осы дамудың деңгейі мен қарқыны нарыққа өту кезеңінде жіберіліп жатқан кемшіліктер мен қателіктердің арқасына оңды сипатқа және нәтижелерге әлі де болса қолымыз жетпей тұр. Экономикалық өмірдің ауыр салмағы халыққа оңай тиіп жатқан жоқ. Экономиканы толық тұрақтандыру күн тәртібіне өткір қойылып отыр. Халықтың күн көріс әрекеті сырғақ бағытқа ие болды, әлеуметтік қорғау шараларының жүзеге асуы өте баяу, заман талабынан әлде қайда төмен жатыр. Республикамыздағы нарықтық инфрақұрылымдардың дамуы қандай да бір жеңіл-желпі сынды көтере алмайды. Осы жағдайлар еңбек нарығының дамуына белгілі дәрежеде тосқауыл болуда.

      Демографиялық ахуал. Бұл бағыттың алғаш өзгерістерімен өзіне тән ерекшеліктері бар. Атап айтқанда, өмірге келетін сәбилердің деңгейі біршама төмендейді, өлім көбейді, өмір сүру жасының ұзақтығы аздап та болса азайды, жасы ұлғайған адамдардың үлес салмағы өсті және он жеті жасқа дейінгі жас өспірімдердің үлес салмағының деңгейі салыстырмалы түрде жоғары. Қорыта айтқанда, Қазақстан  Республикасының халқының ұдайы өсімі (демографиялық процесс) прогрессивті типте. Демек, экономикалық және мәдени дамуға қажетті еңбек ресурстарымен қамтамасыз етеді.[11, б. 12]

Ағымдағы  жылғы еліміздегі халық саны ағымдағы деректер бойынша 15639,9 мың адамды құрады.Халық өлімі себептерінің негізгі топтарының арасында ең көп үлес қосқан қан айналымы жүйе аурулары, тиесілі жазатай оқиғалардан, улану мен жарақаттану, жаңа өскіндер құрайды.

    Қазақстан Республикасында еңбек нарығын дамытуда аймақтық ерекшеліктер бар. Тұрғындардың көпшілігі ауылдық жерде тұрады, үй шаруашылығымен айналысатындардың үлес салмағы жоғары. Оңтүстік Қазақстан аймағында еңбекке жарамды адамдардың 28,5% пайызы үй шаруашылығында жұмыс істейді. Кейбір жекелеген облыстар мен аудандарда бұл көрсеткіш біршама жоғары. Үй шаруашылығында жұмыс істейтіндердің кәсіби білімі және біліктілігі қажеттілікпен көбі төмен екендігін еске алсақ еңбек нарығының дұрыс қалыптасуына жеке ілгері дамып кетуі қалыптасуына және ілгері дамып кетуіне тигізіп отырған әсерін аңғару қиын емес.

      Жұмыссыздықтың негізгі себебі өндірістің бүтіндей немесе жартылай тоқтап қалуы.  Өндірістен қол үзіп босап қалу, сөйтіп жұмыссыздар армиясының қатарын молайуы жөнінде айта кететін ақиқат бар. Ол-нарықтық қатынас жағдайында осы процестің үнемі және үздіксіз болып түратындығына. Демек, жүмыссыздық нарықтық қатынастан туындайтын объективті процесс, бұдан планетамыздағы ешбір мемлекет қашып қүтылған емес. Экономикалық өмір шынысының тағы бір шындығы бар. Ол - жүмыссыздықтың деңгейі (көлемі мен шегі). Бүл жөнінде осы мәселені арнайы зерттеушілер бір пікірге келе алмай отыр. Біздің пікірімізше, жұмыссыздықтың көлемі мен шегі мәңгілік емес, өзгермелі шама, барлық мемлекетте бірдей болуын армандау қиялдың ғана жемісі. Әрбір жеке мемлекеттің   өркендеу   белестеріне   және   ерекшеліктеріне   сәйкес   келетін жұмыссыздықтың оптималды деңгейі болуы қажетті және шартты жағдай. Мақсат - тиімді жэне оңтайлы дәрежеге ұмтылу және оны қалыптастыру. [13, б. 43]

      Қазіргі кезде Қазақстандағы жастардың еңбек нарығындағы жағдайы, соңғы жылдары едәуір шиеленісіп нашарлауда. Қазіргі кезде жастар арасындағы жүмыссыздық көлемі өсіп бара жатыр. Соған орай, жас адамдардың мүмкіндіктері шектеулі, бәсеке қабілетіліктері төмен басқа халық категориясымен салыстырғанда.Деректерге сүйенсек,Қазақстандағы жастардың жалпы саны 2008 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша 4.5 млн-ға жуықтаған.Қазіргі заманғы қазақстандық қоғамның құрылымында жас азаматтардың жастық категориясы республика халқының жалпы санының 27.8 %-ын құрайды.Тағы бір дәйек, Қазақстадағы жұмыссыздардың 20 пайызын жастар құрайды.

  Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметі бойынша 15-24 жастағылар арасындағы жұмыссыздар үлесінің жалпы саны 18.5 %,яғни 107.3 адамды құрайды екен.Бұл әрине,2006 жылға қарағанда 30.9 мың адамға немесе 26.6 %-ға төмен.Сонымен қатар,Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек,2007 жылы жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасуға көмек сұрап 70.1 мың адам өтініш білдірген, ол жұмыссыз ретінде 66.5 мың адам тіркелген болса,кейін олардың

61.7 мыңы  жұмысқа орналасқан.Бұл өткен  жылдың еншісінде қалған мағлұмат.Ал  жаңа деректе осы министрлік  2008 жылдың наурыз айында Республика бойынша тіркелген жұмыссыздар саны 62 мың болған.Ал мұны пайыздық өлшемге шағатын болсақ,0.8 пайызды көрсетеді.Енді аймақтық тұрғыда қарастырсақ,жұмыссыздардың ең көп үлесі Павлодар облысына тиесілі.Мұнда халықтың  1.3 пайызы жұмыссыз.Шығыс Қазақстан облысы мен Батыс Қазақстанда адамдардың 1.1 %-ы жұмыссыз.Бұлардан кейінгі орында 1 %-дық көрсеткішпен Атырау облысы мен Солтүстік Қазақстан облысы тұр.Ал Астана мен Алматы қалаларында сәйкесінше халықтың  0.6 ж\е 0.5 пайызы жұмыссыз ретінде тіркелген.Бұл тек ресми тіркелген жұмыссыздар ғана. [14, б. 36-37]

          Жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін елімізде жасалып жатқан шаралар өте көп, солардың бірі Европаның даму және реканструкция банкінің қаржыландыруымен жасалған шараның басты себептері:

  1. Жүмыссыздық деңгейін төмендету;
  2. Кедейшілікпен күрес;
  3. Орта және шағын бизнесті дамыту;
  4. Ауылды жерлерде түратын адамдардың элеуметтік жағдайын көтеру;
  5. Жалпы үлттық өнімді көтеру;

Жоғарыда  айтылғандар Қазақстанның алты облысына жасалды, осы облыстарда жүмыссыздық  деңгейі  оте жоғары  еді.  Бүл облыстар Оңтүстік Қазакстан облысы, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанда, Алматы, Шығыс Қазақстан осы облыстарға жасалды. Бүл былай жүрді, "шағын кредит" беру арқылы, ал шағын кредит сол жергілікті "Еңбек биржасында" түратын азаматтарға берілді. Ал шағын кредиттің мөлшері үш түрге бөлінді:

  1. 400 доллардан 800 долларға дейін берілді.
  2. 800 доллардан 3000 долларға дейін берілді.
  3. 3000 доллардан 15000 долларға дейін берілді.

  Осы аталған соманы уақытысында бірінші  мөлшерді әкелгендерге, екінші және үшінші мөлшерлі кредит беріліп отырды. Ал кредит берілуінің мерзімі белгіленген болды, бірінші молшерлі кредиттің мерзімі алған күннен бастап, келесі жылдың сол күніне дейін берілді, ал екінші мөлшерлі кредиттің мерзімі бір жылдан, үш жылға дейін берілді, ал үшінші мөлшерлі кредиттің мерзімі үш жылдан, бес жылға дейін берілді. Бұл берілген кредитті уақытысында қайтарғандарға, және бизнес көлемінің ұлғаюына байланысты беріліп отырды. Осының салдарынан шағын бизнестің дамуы байқала бастады, жүмыссыздық деңгейі 30% пайызға төмендеді, ал жалпы ұлттық өнімнің көрсеткіші 8-15% пайызға дейін көтерілді. Осы аталған шаралар оңды нәтижеге көрсеткеннен кейін, ол Қазақстанның басқа да облыстарында жасала бастады, осындай шаралар әлі күнге дейін белсенді түрде жасалып жатыр, бұл шаралар мемлекетіміздің "Даму бағдарламасына" сәйкес жасалған, осы шараларды қаржыландырушылар жылдан-жылға көбейіп бара жатыр. [15, б. 33-45]

  Елбасы  әр деңгейдегі әкімдерге жұмыссыздықпен және кедейшілікпен күресті үнемі тапсырып келеді.Әсіресе жергілікті жастардың,жұмыссыздардың кәсіби білігін жетілдірудің,сөйтіп,оларды тұрақты жұмысқа тартудың маңыздылығын Нұрсылтан Назарбаев 2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауда былай түйіндеп айты:

  “....Біз  өзіміздің отандық жұмысшыларды тәрбиелеп,олардың біліктілігі мен кәсіпқойлылығын арттыруды естен шығармауға тиіспіз.”Жалпы бұл мәселенің өткірлігі Үкіметтің кеңейтілген отырыстарында да қадағалап жүр.

  2008 жылы ақпанда жұмыссыздар саны(табысты жұмысы болмаған,оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге әзір 15 жастағы және одан асқан адамдар ) 603,1 мың адамды құрап,өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 22,2 мың адамға қысқарды.Жұмыссыздық деңгейі 7,2% (2007 жылғы ақпанда  -7,7%) болды.

  2008 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша түрлі себептерге байланысты 15 кәсіпорын өндірісті толық тоқтатты, 73 кәсіпорын – жартылай тоқтатты,9 кәсіпорын-толық емес жұмыс уақыты режиміне толықтай көшті, 39 кәсіпорын- толық емес жұмыс уақыты режимінде жарым- жартылай жұмыс істеді.Ағымдағы жылғы ақпанда демалысқа шығуға мәжбүр 7,9 мың адам  (ағымдағы жылғы қаңтарда -7 мың адам) құрады.

    Кесте 1-2007 – 2008 ж.ж.Қазақстан Республикасындағы жалдамалы қызметкерлер 

  2007 ж. 2008 ж.
  І тоқсан ІІ тоқсан ІІІ тоқсан IV тоқсан І тоқсан ІІ тоқсан
Жалдамалы                                  4896,2         4953,4         5009,7             5035,8           5138,3            5186,0

 қызметкерлер  саны,

мың адам

жұмыспен  қамтылғандар 65,4            64,8                64,9                65,6               66,2                   65,9

 санындағы  үлесі,%

  1. кесте.  2007 – 2008 ж.ж.Қазақстан Республикасындағы жалдамалы қызметкерлер
 

 2008 жылғы шілдеде жалдамалы қызметкерлер саны 5.1 млн. адамды құрады . Бұл өткен жылғы тиісті айдағыдан 203.5  мың адамға  көп.

Түрлі себептерге байланысты 2008 жылғы II тоқсанда 232 мың адам жұмыстан шықты, оның ішінде тұрақтамаушылық себептері бойынша – 190.8 мың адам.Тұрақтамаушылық коэффициенті- 6.5%-ды  құрайды. Жұмыстан шыққан қызметкерлердіің үлесі өнркәсіпте олардың жалпы санының 27.4%-ын,құрылыста-18.1%, жылжымайтын мүлікпен жасаслатын операциялар саласында-9.5% , саудада-9.2%, көлік және байланыста-8.0% құрады.(1-кесте)      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша 2008 жылғы мамырда жұмыссыздар саны 568,9 мың адамды құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 24,9 мың адамға қысқарды.Жұмыссыздық деңгейі 6,7 % болды.

  Жұмыспен  қамту органдарында жұмыссыздар  ретінде тіркелген азаматтардың саны 2008 жылғы ақпанның соңында 64,4 мың  адамды құрады,бұл ағымдағы жылғы  қаңтарға қарағанда 3,9 мың адамға (6,4%-ға)  көп, ал 2007 жылғы ақпанмен салыстырғанда  15,9 мың адамға( 19,8%-ға) аз.Тіркелген жұмыссыздардың санында әйелдер басым бөлікті-43,4 мың адамды (67,4%) құрады.Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі ағымдағы жылғы ақпанда  0,8%  (2007 жылғы ақпанда – 1,0%) құрады. [14, б. 36-39] 
 

     2.2 Қазақстандағы жұмыспен қамту жағдайын талдау 

     Еңбек нарқының негізгі мақсаты - еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамту аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Нарыққа бет алған сайын бұл мәселе экономикалық өмір тіршілігінде өткір және батыл қойылған саяси экономикалық және әлеуметтік мақсаттарға жетудің шартты жағдайларының бірі. Жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту, демек еңбек нарқын қалыптастыру өндірістік қатынас негізінен туындаған оның ерекшеліктерінен бейнелейтін сапа белгісі. Жұмыспен тиімді қамту әрбір елдің, нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жүмысқа жарамды адамдарды үнемді және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылық сфералары мен салалары және территория бойынша бөлудің және қайта бөлудің оптималды тепе-теңдік үлесімділігіне жету.

         Аталмыш ахуал еңбекпен қамтамасыз ету саясатын жүзеге асыруга керекті басты бағыттарды анықтап берді:

  • Еңбекпен қамтамасыз етуде альтернативті, экономикалық сектордың мемлекеттен тысқарғыларын дамытудың жағдайын жасау мен кеңейту;
  • Еңбекпен босанған қызметшілерді санкциялау шаралары мен босатылғандарды әлеуметтік қорғау үшін кәсіпорындарды реабилитациялау жолдарын біріктіре отырып реттеу;
  • Еңбек етуге жарамды тұрғындардың кәсіпкерлік жинақтауларына жұмыссыз азаматтар мен еңбекпен қамтамасыз етілмеген тұрғындарды кәсіптік оқып - үйретудің тиімділігін арттыру мен көлемін кеңейту жолымен көмектесу, босатылған қызметшілермен жеделдетіп үйрету және қайта даярлықтан өткізуді іске асыру;
  • Еңбек нарықтың нормативті - құқықтық инфрақұрылымын дамыту;
  • Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауды мемелекеттік кепілдік пен нормативтердің жүйесінің дамуының әр кезеңінде қабылданған шектерді қамтамасыз ету [5, б. 10-11]
  • Еңбек нарығының жедел жүйесінің мониторингін жасау.

Информация о работе Жұмыспен қамтылудың мәні